Салыстырмалы диагностикасы. 1. Аналық бездің андрогенөндіруші ісіктері өте сирек сырқат болып табылады
1. Аналық бездің андрогенөндіруші ісіктері өте сирек сырқат болып табылады. Оған тез үдемелі дамитын ауыр гирсутизм, вирилизация және тестостерон деңгейінің айқын жоғарылауы (> 5–10 нмоль/л) тән. Өте сирек кездесетін бүйрек үсті безінің андрогенөндіруші ісіктеріне жоғарыда аталған симптоматика мен ДЭА, андростендионның жоғарылауы тән.
2. Туа біткен бүйрек үсті бездері қыртысының дисфункциясы диагнозын жоққа шығару мақсатында (4.6 бөлімді қараңыз) 17-гидроксипрогестерон мен ДЭА анықтау, қажет болған жағдайда — 1-24АКТГ-мен сынама жүргізіледі.
3. Гиперпролактинемия ұқсас клиникалық көрініс беруі мүмкін (2.4 бөлімді қараңыз), сонымен қатар, АБПС-мен сырқаттанған әйелдердің 30%-да пролактин деңгейінің сәл жоғарылауы анықталады.
4. Идиопатиялық гирсутизм — өзгермеген етеккірлік цикл және сақталған фертильдік көрінісінде әйелдерде гирсутизм және гипертрихоздың дамуымен сипатталатын жағдай.
5. Басқа генезді бедеулік пен етеккірлік қызметтің бұзылуы.
Емі
1. Дене салмағын төмендету (семіздікті емдеу). Дене салмағын қалыптастырудың өзі ғана етеккірлік және овуляторлы қызметтің қалпына келуіне, сонымен қатар гирсутизмнің кері дамуына әкеледі.
2. Инсулин сенситайзерлерінің ішінде метформин өз әсерлігін көрсетті (7.6 бөлімді қараңыз). Клиникалық және зертханалық мәліметтер бойынша расталған инсулинрезистенттілік кезінде дәріні тәулігіне 1–2 граммнан тағайындауға болады, бірақ метфоринді жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.
3. Антиандрогенді терапия:
— оральды контрацептивтер. Олардың эстрогенді құрамы аналық бездерде андрогендердің өндірілуін тежеп, жыныс гормондарымен байланысатын ақуыздар деңгейін арттырады, ал гестагенді құрамы ЛГ синтезін төмендетеді. Жиі антиандрогендік белсенділікке ие ципротерон ацетаты мен этинилэстрадиолдың белгіленген комбинациясы тағайындалады.
— ципротерон ацетаты андрогенді рецепторлардың бөгеушісі болып табылады (эстрогендермен бірге циклдің екінші кезеңінде 25–100 мг).
— әлсіз антиандрогенді әсері бар спиронолактон (тәулігіне 50–200 мг мөлшерде тағайындауға болады);
— флутамид (тәулігіне 125 мг) айқын антиандрогендік қасиетке ие, бірақ ауыр жағымсыз әсерлерінің дамуына байланысты АБПС кезінде сирек қолданылады.
— финастерид (тәулігіне 5 мг) 5α-редуктазаның ингибиторы.
4. Бедеулікті емдеу:
— кломифен цитраты (25–150 мг 5 тәулік бойы етеккірлік циклдің 5-ші күнінен бастап тағайындалады) эстрогендердің гипофизге әсерін төмендетіп, фолликулалардың өсуін ынталандыратын ФСГ өндірілуін күшейтеді. Кломифен терапиясы көрінісінде науқастардың 80%-да овуляция дамып, 65%-да жүктілік болады;
— гонадотропин дәрілері (рекомбинантты адам ФСГ-ны) кломифен әсері болмағанда қолданылады. Овуляция 94% жағдайда көрініс беріп, дәріні бірнеше курс бойы енгізгенде ғана 40% жағдайда жүктілік дамиды;
— хирургиялық ем қатарына лапароскопиялық диатермия немесе лазерлі дриллинг жатады. Бұрын хирургиялық ем ретінде ашық секторальды аналық без резекциясы қаралатын. Мұндай операциялық араласулардан кейін овуляторлы қызметтің қайта қалыптасуы әлі күнге дейін түсініксіз. Операциядан кейін әйелдердің 90%-да овуляция қайта қалыптасып, 8 ай көлемінде науқастардың 80%-да жүктілік дамиды;
— экстракорпоральды ұрықтандыру.
Дата добавления: 2015-07-25 | Просмотры: 605 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 | 84 | 85 | 86 | 87 | 88 | 89 | 90 | 91 | 92 | 93 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 | 101 | 102 | 103 | 104 | 105 | 106 | 107 | 108 | 109 | 110 | 111 | 112 | 113 | 114 | 115 | 116 | 117 | 118 | 119 | 120 | 121 | 122 | 123 | 124 | 125 | 126 | 127 | 128 | 129 | 130 | 131 | 132 | 133 | 134 | 135 | 136 | 137 | 138 | 139 | 140 | 141 | 142 | 143 | 144 | 145 | 146 | 147 | 148 | 149 | 150 | 151 | 152 | 153 | 154 | 155 | 156 | 157 | 158 | 159 | 160 | 161 | 162 | 163 | 164 | 165 | 166 | 167 | 168 | 169 | 170 | 171 | 172 | 173 | 174 | 175 | 176 | 177 | 178 | 179 | 180 | 181 | 182 | 183 | 184 | 185 | 186 | 187 | 188 | 189 | 190 | 191 |
|