Диагностикасы. ҚД-мен сырқаттанған науқастың аяғын қарау әрбір дәрігерге келу барысында
ҚД-мен сырқаттанған науқастың аяғын қарау әрбір дәрігерге келу барысында, жарты жылда бір реттен кем емес орындалуы тиіс. ДТС-ның диагностикасы негізделеді: 
 • аяқты қарау; 
 • неврологиялық статусты бағалау— түрлі сезімталдық түрлерінде, сіңір рефлекстері, электромиография; 
 • артериялық қанайналым жағдайын бағалау — ангиография, доплерометрия, доплерография; 
 • табан мен тобық буындарының рентгенографиясы; 
 • жарадан бөлінген бөліндіні бактериологиялық зерттеу. 
   
					Салыстырмалы диагностикасы 
					Басқа генезді табанда дамитын жаралар, қантамырлардың басқа окклюзиялы аурулары, табан буынының басқа патологиялары, ДТС клиникалық түрлері арасында жүргізіледі (7.22 кесте). 
   
					Емі 
					ДТС-ның нейропатиялық-инфицирленген түрін емдеу келесі шаралардың кешенінен құралады: 
 — ҚД компенсациясын оңтайландыру, яғни инсулин мөлшерін жоғарылату, ал ҚД-2 кезінде— инсулинге ауыстыру; 
 — жүйелік антибиотикотерапия; 
 — табанға түсетін жүктемені азайту (бұл бірнеше апта ішінде ұзақ жылдар бойы сақталған ойық жараның жазылуына әкелуі мүмкін); 
 —гиперкератоз аймақтарын алып тастау мен жараны жергілікті өңдеу; 
 — аяқ күтімі, аяқ киімді таңдай білу және арнайы аяқ киімді кию. 
 Уақытында жүргізілген консервативті терапия 95% жағдайда оперативті араласусыз емдеуге мүмкіндік береді. 
   
 7.22 кесте. ДТС-ның клиникалық түрлерінің салыстырмалы диагностикасы 
   
   | Белгісі
 |  Нейропатикалық түрі
 |  Ишемиялық түрі
 |     | Орташа жасы
 |  Кез-келген, жиі 40 жаста
 |  55 жастан жоғары
 |     | ҚД ұзақтығы
 |  5 жылдан астам
 |  Кез-келген, жиі 1-3 жыл
 |     | Басқадай кеш асқынулар
 |  Жиі
 |  Айқын көрініс бермеуі мүмкін.
 |     | Қантамырлық патология
 |  Макроангиопатия дамымауы мүмкін
 |  Артериялық гипертензия, гиперхолестринемия, ЖИА
 |     | Анамнезіндегі табан ойық жаралары
 |  Жиі
 |  Сирек
 |     | Зақымданған аймақ жағдайы
 |  Әдетте ауырсынусыз. Түнде қатты ауыру сезімі мен парестезия мазалауы мүмкін («мазасыз аяқ» синдромы)
 |  Ауырсынумен. Аяқтың артериялық қанмен қамтамасыз етілуіне тест оң. Қосымша нейропатияның дамуы кезінде ауыспалы ақсақтық көрініс бермеуі мүмкін
 |     | Аяқ жағдайы
 |  Аяқтары жылы, қызғылт реңді. Терісі құрғақ, қамыр тәрізді, жарылған. Пульс анықталады, көктамырлары толыққанды
 |  Аяқтары ылғалды, суық, көгерген. Пульс әлсіреген немес пальпацияланбайды. Түктену жоқ
  
 |     | Ойық жара локализациясы
 |  Басым жағдайда табанда, башпай аралықтарында.
 |  Жиі башпайда, өкшеде (акральды некроздар)
 |     | Сезімталдығы
 |  Вибрациялық, ауыру және температуралық сезімталдықтың бұзылуы («шұлық» және «қолғап» типті бойынша),
 сонымен қатар тізе және өкше рефлекстерінің әлсіреуі, бұлшықет атрофиясы
 |  Сезімталдықтың айқын бұзылыстары әдеттер болмайды
 |     | Табан өзгерісі
 |  Жиі табан деформациясы мен остеоартропатия дамиды
 |  Сүйек өзгерістері сирек дамиды
 |     | Рентгенография
 |  Остеопения, остеолиз, табан буындарының спонтанды фрактурасы, табан күмбезі құрылымының өзгерісі
 |  Тізе мен тобық қантамырларының медиасклерозы (tunica media қантамырларының кальцификациясы)
  
 |        
 ДТС-ның ишемиялық түрінің емі негізделеді: 
 • ҚД компенсациясын оңтайландыру, яғни инсулин мөлшерін жоғарылату, ал ҚД-2 кезінде— инсулинге көшіру; 
 • ойық жара-некроздық зақымданулардың болмауы кезінде эрготерапия (коллатеральді айналымның қалыптасуы үшін тәулігіне 1–2-сағат жаяу жүру); 
 • зақымданған қантамырларға реваскуляризациялық операциялар; 
 • консервативті терапия: антикоагулянттар, қажет болғанда аспирин (100 мг/тәу) — фибринолитиктер, простагландин E1 және простациклин препараттары. 
 ДТС барлық түрінде кең таралған іріңді-некротикалық үрдіс кезінде ампутация жөнінде сұрақ қойылады. 
   
 Дата добавления: 2015-07-25 | Просмотры: 689 | Нарушение авторских прав 
   1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 | 84 | 85 | 86 | 87 | 88 | 89 | 90 | 91 | 92 | 93 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 | 101 | 102 | 103 | 104 | 105 | 106 | 107 | 108 | 109 | 110 | 111 | 112 | 113 | 114 | 115 | 116 | 117 | 118 | 119 | 120 | 121 | 122 | 123 | 124 | 125 | 126 | 127 | 128 | 129 | 130 | 131 | 132 | 133 | 134 | 135 | 136 | 137 | 138 | 139 | 140 | 141 | 142 | 143 | 144 | 145 | 146 | 147 | 148 | 149 | 150 | 151 | 152 | 153 | 154 | 155 | 156 | 157 | 158 | 159 | 160 | 161 | 162 | 163 | 164 | 165 | 166 | 167 | 168 | 169 | 170 | 171 | 172 | 173 | 174 | 175 | 176 | 177 | 178 | 179 | 180 | 181 | 182 | 183 | 184 | 185 | 186 | 187 | 188 | 189 | 190 | 191 |
 
  
 |