АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Диагностикасы. Егер науқаста гипокалиемиямен бірге артериялық гипертензия көрініс берсе БГА анықтау үшін зерттеулер жүргізу қажет
Егер науқаста гипокалиемиямен бірге артериялық гипертензия көрініс берсе БГА анықтау үшін зерттеулер жүргізу қажет. Бірқатар жағдайларда, БГА кезінде калий мөлшері 3,5–3,6 ммоль/л-ден төмен болмайтынын естен шығармаған жөн. Науқасты зерттеуге басқа көрсеткіштерге қалыпты гипотензивті терапияға резистентті артериялық гипертензия мен/немесе 40 жасқа дейінгілер жатады. БГА-ның диагностикасы негізінде альдостерон, ренин деңгейі және олардың арақатынасы анықталады. БГА-ге альдостеронның жоғары мөлшері, плазмадағы ренин белсенділігінің (ПРБ) төмен болуы, альдостерон/ренин арақатынасының жоғары болуы тән. Альдостерон/ренин арақатынасы БГА-да қауіпті мәннен асып кетеді және төменде көрсетілген:
альдостерон (нг/дл)
> 50
ренин (нг/мл/сағ)
альдостерон (пмоль/л)
> 1400
ренин (нг/мл/сағ)
альдостерон (пг/мл)
> 140
ренин (нг/мл/сағ)
Плазма ренинінің белсенділігін (ПРБ) дұрыс анықтау үшін қанды алу барысында барлық ережелерді сақтау қажет: қан антикоагулянты бар түтікке жиналады, плазма центрифуга арқылы алынады. Анализді орындауға 6 аптаға дейін ААФ ингибиторлары, диуретиктер, β-блокаторлар және кальций каналдарының тосқауылдаушылары, верошпирон (спиронолактон) қабылдауды тоқтатады.
Егер альдостерон/ПРБ арасындағы қарым-қатынас көрсетілген межелі деңгейден жоғары болса, науқасқа марштық (ортостатикалық) сынақ жүргізу тағайындалады. Бұл сынақ, қалыпты жағдайда таңертең түнгі ұйқыдан кейін горизонтальды қалыпта альдостерон мен ПРБ вертикальды қалыпқа өткенге дейін 30%-ға төмен болатынына негізделеді. Альдостерон мөлшерін анықтау мақсатында, бірінші қан таңертең сағат 8-де төсектен тұрмай тұрып алынады. Осыдан кейін науқасқа 3–4 сағат вертикальды қалыпта жүруін өтініп, кейін қайталап қан алынады. Автономды альдостерон өндіретін аденома кезінде альдостерон гиперсекрециясы нәтижесінде дамитын БГА-де, ПРБ деңгейі бастапқыда төмен болады және ортостатикалық жүктемеден кейін жоғарыламайды. Альдостерон деңгейі бастапқыда жоғары болады, бірақ сынақтан кейін қалыпты жағдайдағыдай жоғарыламай, керісінше төмендейді. Бұл альдостерон секрециясының ангиотензин ІІ деңгейіне тәуелділігінің жоғалғанын көрсетеді және енді оның өндірілуі АКТГ секрециясына бағынады. Себебі, АКТГ секрециясы циркадты ырғақ бойынша түске қарай төмендейді.
Диагностикалаудың келесі сатысы КТ немесе МРТ көмегімен бүйрек үсті безін визиуализациялау болып табылады. Альдостерома бүйрек үсті безінде көлемді түзіліс болып көрінеді. Идиопатикалық БРГ кезінде бүйрек үсті безі өзгермейді немесе майда ошақты түзілістер дамиды. Зақымданудың латерализациялануы кезінде мысалы екі бүйрек үсті безінің көлемді түзілістерінде бүйрек үсті без көктамырының катетеризациясы орындалады және онымен қатар альдостерон және кортизол деңгейі оң және сол жақ бүйрек үсті безінде салыстырмалы түрде анықталады.
ЕГА жеке сырқат болып табылмайды және нақты диагностикалауды талап етпейді.
Дата добавления: 2015-07-25 | Просмотры: 685 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 | 84 | 85 | 86 | 87 | 88 | 89 | 90 | 91 | 92 | 93 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 | 101 | 102 | 103 | 104 | 105 | 106 | 107 | 108 | 109 | 110 | 111 | 112 | 113 | 114 | 115 | 116 | 117 | 118 | 119 | 120 | 121 | 122 | 123 | 124 | 125 | 126 | 127 | 128 | 129 | 130 | 131 | 132 | 133 | 134 | 135 | 136 | 137 | 138 | 139 | 140 | 141 | 142 | 143 | 144 | 145 | 146 | 147 | 148 | 149 | 150 | 151 | 152 | 153 | 154 | 155 | 156 | 157 | 158 | 159 | 160 | 161 | 162 | 163 | 164 | 165 | 166 | 167 | 168 | 169 | 170 | 171 | 172 | 173 | 174 | 175 | 176 | 177 | 178 | 179 | 180 | 181 | 182 | 183 | 184 | 185 | 186 | 187 | 188 | 189 | 190 | 191 |
|