АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Диагностикасы. 1.Жалпы қарау, салмақты өлшеу, дене массасының индексін анықтау (ДМИ)
1. Жалпы қарау, салмақты өлшеу, дене массасының индексін анықтау (ДМИ), саниметрлік лента арқылы бел мен бөксе айналымын өлшеу, олардың арақатынасын анықтау. ДМИ есептеу кезінде дене массасы килограммен, бойы метрмен, өлшем бірлігі шаршы метрмен (кг/м2) өлшенеді (11.3кесте).
11.3 кесте. Дене массасының индексін бағалау (ДДСҰ, 1997)
ДМИ(кг/м2)
| Дене массасы
| Қосымша патологияның даму қаупі
| < 18,5
| Дене массасының жеткіліксіздігі
| Төмен (басқа аурулардың даму қаупі жоғары)
| 18,5–24,9
| Қалыпты дене массасы
| Популяция үшін орташа
| 25,0–29,9
| Жоғарғы дене массасы
| Жоғарылаған
| 30,0–34,9
| Семіздіктің І дәрежесі
| Жоғары
| 35,0–39,9
| Семіздіктің ІІ дәрежесі
| Өте жоғары
| ≥40
| Семіздіктің ІІІ дәрежесі (морбидті)
| Тым жоғары
|
Бел айналымын (БА) өлшеу қабырға асты мен жамбас сүйектерінің ортасында ортаңғы қолтық сызығының бойымен өлшенеді. Қалыпты жағдайда БА әйел адамдарда 80 см артық емес, ал ер адамдарда — 94 см аспауы тиіс. Бөксе айналымы (БА) санның үлкен төмпесінен төмен өлшенеді. Егер БА/БА арақатынасы әйел адамдарда 0,85-тен, ер адамдарда 1,0-ден жоғары болса абдоминальды семіздік деп саналады.
2. Метаболикалық синдром соған тән өзгерістер кешені анықталғанда диагностикаланады. Диабеттің Халықаралық Федерациясы(IDF, 2005) критерийлеріне сәйкес МС диагнозы орталық семіздіктің (БА европалық ер адамдар үшін ≥94 см, әйелдер үшін ≥80 см) төменде көрсетілген төрт өзгерістердің екеуімен ұштасуы кезінде ғана қойылады:
— триглицеридтер (ТГ) деңгейінің жоғарылауы ≥ 150 мг/дл (1,7 ммоль/л) немесе сол бұзылысқа тән спецификалық ем.
— жоғарғы тығыздықты липопротеиндтер деңгейінің төмен болуы (ЖТЛП): < 40 мг/дл (1,03 ммоль/л) ер адамдар үшін, <50 мг/дл (1,29 ммоль/л) әйелдер үшін немесе сол бұзылысқа сәйкес спецификалық ем.
— жоғарылаған артериялық қан қысымы (АД): сиcтолалық АҚҚ ≥130 немесе диастолалық АҚҚ ≥85 мм сын.бағ. немесе артериялық гипертензияны ерте диагностикалау.
— қан сарысуында ашқарынға глюкоза деңгейінің жоғарылауы ≥5,6 ммоль/л немесе ерте диагностикаланған қант диабетінің 2 типі.
3. Тамақтану ерекшелігі (науқастан бірнеше күн бұрын жеген тамақтарының тізімін сұрау) мен физикалық белсенділігін мұқият зерттеу. Науқастар әдетте тамақты аз жейтініне сенімді, тіпті таңертең ештеңе жемейтінін айтады. Жұмыста науқастар аз-аздан тамақ жеп отырады, әдетте мұндай тағамдар жоғары калориялы болады. Кейде науқастар жұмыс барысында байқамай тамақ жеп қояды; толқу үстінде, түнде немесе ұйқы алдында тамақ жейді. Көп жағдайда кешкі ас мол тамақ қабылдаумен аяқталады. Көптеген науқастар ішімдіктердің калориясының жоғары екенін есепке алмайды.
4. Метаболикалық синдром асқынулары мен компоненттерін диагностикалау (гликемия деңгейі, липидтік спектр).
Дата добавления: 2015-07-25 | Просмотры: 802 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 | 84 | 85 | 86 | 87 | 88 | 89 | 90 | 91 | 92 | 93 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 | 101 | 102 | 103 | 104 | 105 | 106 | 107 | 108 | 109 | 110 | 111 | 112 | 113 | 114 | 115 | 116 | 117 | 118 | 119 | 120 | 121 | 122 | 123 | 124 | 125 | 126 | 127 | 128 | 129 | 130 | 131 | 132 | 133 | 134 | 135 | 136 | 137 | 138 | 139 | 140 | 141 | 142 | 143 | 144 | 145 | 146 | 147 | 148 | 149 | 150 | 151 | 152 | 153 | 154 | 155 | 156 | 157 | 158 | 159 | 160 | 161 | 162 | 163 | 164 | 165 | 166 | 167 | 168 | 169 | 170 | 171 | 172 | 173 | 174 | 175 | 176 | 177 | 178 | 179 | 180 | 181 | 182 | 183 | 184 | 185 | 186 | 187 | 188 | 189 | 190 | 191 |
|