Гастринома — пептикалық ойық жаралар көрініс берген науқастардың 1%-да дамитын сирек сырқат. Жаңа жағдайлардың даму жиілігі жылына 1 млн халыққа 0,5 жағдай сәйкес келеді, көп жағдайда ер адамдар (60%) сырқаттанады.
Клиникалық көрінісі
· Қарапайым терапияға рефрактерлі қайталамалы пептикалық ойық жара.
· Диарея және стеаторея (50 % жағдайда).
· Қатерлі гастриноманың бауыр мен басқа мүшелерге метастаз беруі (60%).
9.4 кесте. Гастринома
Этиологиясы
90 % жағдайда қатерлі метастатикалық ісік, жиі (80 %) ұйқыбезінде орналасады, сирек жағдайда— онекі елі ішек қабырғасында (15%). 25 % жағдайда гастринома көптеген эндокринді неоплазия синдромының І типі шеңберінде кездеседі
Патогенезі
Бақыланбайтын гастрин өндірілуі париетальды жасушалардың гиперстимуляциясына, гиперплазиясына және тұз қышқылы өндірілуінің жоғарылауына әкеледі
Эпидемиологиясы
Пептикалық ойық жаралар көрініс берген науқастардың 1%-да дамиды. Жаңа жағдайлардың даму жиілігі жылына 1 млн халыққа 0,5 жағдай сәйкес келеді
Басты клиникалық көрінісі
· Қарапайым терапияға рефрактерлі рецидив беруші пептикалық ойық жара
· Диарея және стеаторея (50 % жағдайда)
· Қатерлі гастриноманың бауыр мен басқа мүшелерге метастаз беруі (60 %)
Диагностикасы
1. Гастрин деңгейі кем дегенде 3 есе жоғарылайды
2. Интакті асқазанда тұз қышқылы секрециясының базальды деңгейі 15 ммоль/сағ.дейін, ал резецирленген асқазанда деңгейі 5 ммоль/сағ. дейін жоғарылайды
3. Ісіктің топикалық диагностикасы
Салыстырмалы диагностикасы
Ойық жара ауруы
Емі
Ісік резекциясы, операция орындауға келмеген жағдайда —антипролиферативті (октреотид) және симптоматикалық (омепразол) терапия
Болжамы
5-жылдық өмір сүру көрсеткіші радикальды операцияланған науқастарда 90%-ды; ал метастаз бергенде — 20 %-ды құрайды