Болжамы. АБПС кезінде дамитын гирсутизм емделмеген жағдайда менопаузальды кезеңге дейін үдемелі дамып
АБПС кезінде дамитын гирсутизм емделмеген жағдайда менопаузальды кезеңге дейін үдемелі дамып, кейін спонтанды жоғала бастайды. АБПС-мен сырқаттанған науқастардың 15%-да кейін қант диабетінің 2 типі және жоғары жиілікпен артериялық гипертензия мен дислипидемия орын алады.
6 БӨЛІМ
ЕР ЖЫНЫСЫНЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ ЭНДОКРИНОЛОГИЯСЫ
6.1. ЕР АДАМНЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ ЖҮЙЕСІНІҢ АНАТОМИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Аталық бездер —ұзындығы 3,6–5,5 см, ені 2,1–3,2 см; әрқайсысының массасы 20 г болатын жұп мүше. Аталық бездер ұмада орналасқандықтан, олардың температурасы құрсақ қуысымен салыстырғанда 2–2,5 °С –қа төмен болады, бұл қалыпты сперматогенездің дамуына қолайлы жағдай болып табылады. Аталық без фиброзды перделермен бөлінген 250 пирамидалық бөліктерден тұрады. Аталық бездің әрбір бөлігінде шәуеттік ирек және тік түтікшелер болады, олар өзара қосылып ірі шығарушы түтікке айналады. Шәуеттік түтікшелер Сертоли жасушаларымен бірге эпителиальды сперматогенді қабатпен тысталған. Түтікшелер арасында Лейдиг жасушаларымен интерстициальды тін болады (6.1сурет). Шәуеттік түтікшелердің ұзындығы 70 см-ге дейін жетеді.
6.1 сурет. Аталық без құрылысы
6.1 сурет
Хвост придатка- Атабез қосалқысының құйрығы
Семявыносящий проток- шәует шығатын түтік
Тело придатка- Атабез қосалқысының денесі
Сеть яичка- Атабез өрімі
Семенные канальцы- Шәуеттік түтікшелер
Проток придатка- Атабез қосалқысының өзегі
Головка придатка- Атабез қосалқысының басы
Тубулярный просвет- Тубулярлы саңылау
Клетка Лейдига- Лейдиг жасушасы
Клетка Сертоли- Сертоли жасушасы
Сперматиды- Сперматидтер
Сперматогонии-Сперматогонилар
|
Аталық бездер қатарымен екі қызмет атқарады: репродуктивті және эндокринді. Лейдиг жасушаларында тестостерон синтезделеді. Аталық бездің репродуктивті қызметі-сперматозоидтарды түзуде. Сперматогенез үрдісі аталық без паренхимасының 85% көлемін алып жатқан иректелген түтікшелерде жүреді. Эндокринді қызметі еркек жыныс гормондарын (андрогендерді), соның ішінде барлық тіндерге дерлік биологиялық әсер көрсететін тестостеронды бөлуге негізделеді. Тестостеронның басты әсерлері:
• еркектік тип бойынша гипоталамус-гипофизарлы жүйе мен сыртқы, ішкі жыныс органдарының дифференцировкасы және стимуляциясы.
• бетте, қасағада, қолтық астында түктенуді ынталандырады.
• бойдың ұзына бойлы өсуін, азоттың ағзада ұсталуын, дене бұлшықеттерінің өсуін, көмей ұлғаюының индукциясын және дауыс байламдарының қалыңдауын ынталандырады.
• эритропоэз стимуляциясы және тері асты шел май қабатының андроидты тип бойынша таралуы.
• ФСГ-мен бірге сперматогенез активациясы.
• еркек психикасы мен сексуальдығын қалыптастыруды қамтамасыз ету.
Тестостерон секрециясы үнемі бірқалыпты болмайды, эпизодты түрде бөлінеді, сондықтан оның қандағы деңгейі ауытқып отырады. Тестостеронның ең көп бөлінетін кезі түнгі 02.00–06.00 сағат аралығында болады, ал ең аз бөлінетін кезі — шамамен күндізгі 13.00-де. Тек тестостеронның 2%-ы ғана қан арнасында бос күйінде айналымда болады, 30%-ы жыныс гормондарымен байланысатын глобулинмен (ЖГБГ), ал қалған 68%-ы альбумин және басқа да ақуыздармен байланысады.
Тестостерон стероидты гормон бола отырып, нысана-жасушаларға пассивті диффузия жолы арқылы енеді. Ол бас миында, гипофизде және бүйректе басты доминирлеуші ядроішілік андроген болып табылады. Басқа тіндерде тестостерон 5α-редуктаза ферменті арқылы белсендірек дигидротестостеронға айналады. Жасушаларда тестостерон мен дигидротестостерон андрогенді рецепторлармен байланысып, рецепторлы-стероидты кешен түзеді де, арнайы хроматин бөліктерімен байланысатын жасуша ядросына тасымалданады.
Тестостерон бауырда белсенді емес сульфаттар мен глюкуронидтерге метаболизденіп, зәр және өтпен экскрецияланады.
Аталық бездердің қызметі гипоталамус-гипофиз жүйесі арқылы реттеледі. Гипоталамустан синтезделетін гонадотропин-рилизинг-гормоны (ГРГ) гипофизден гонадотропиндердің өндірілуін ынталандырады. Әйелдермен салыстырғанда ер адамдарда ГРГ секрециясының тоникалық орталығы үнемі қызмет атқарып отырады, ал әйелдерде ол циклді түрде секрецияланады. Гипоталамустың мұндай жыныстық дифференцировкасы құрсақ ішінде эмбриональды аталық без бөлетін тестостерон әсерінен өтеді.
ФСГ сперматогенезге белсенді әсер етіп, аталық без түтікшелерінің эпителийін ынталандырады. ЛГ ер адамдарда интерстициальды жасушалардың дамуы мен жетілуін, Лейдиг жасушалары мен тестостерон синтезіне әсер етеді. ЛГ-ның Лейдиг жасушаларын ынталандыруы, аталық безде тестостеронның жоғары мөлшерін қажет ететін, сперматогенездің ерте сатыларында маңызды рөл атқарады. Сперматозоидтардың жетілуіне ФСГ қажетті. Сертоли жасушалары да эндокринді қызметке ие және тестостерон секілді гипофиз ФСГ-нің өндірілуін тежейтін ингибинді бөледі (6.2 сурет).
Толығымен сперматогенез үрдісі 74 күнге созылады, ал 12–21 күн аралығында сперма аталық без қосалқысына тасымалданады.
6.2 сурет. Сперматогенездің реттелуі
6.2 сурет
Клетки Лейдига- Лейдиг жасушалары
Тестостерон- Тестостерон
Клетки Сертоли- Сертоли жасушалары
Сперматозоиды- Сперматозоидтар
ЛГ- ЛГ
ФСГ- ФСГ
Ингибин- Ингибин
Гипоталамус, ГРГ, Гипофиз- Гипоталамус, ГРГ, Гипофиз
|
6.2. АНДРОЛОГИЯДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
6.2.1. Физикалық зерттеу әдістері
Аталық без қызметі бұзылған науқастарды зерттеу соматикалық зерттеу мен жыныс мүшелерін қарап тексеруден басталады. Соматикалық зерттеуге қаңқа сүйегінің, бұлшықет жүйесінің, тері асты шел май қабатының ауруға тән даму белгілерін анықтау жатады. Екіншілік жыныстық белгілердің даму сипаты да маңызды болады. Сыртқы жыныс мүшелерін қарау барысында сыртқы жыныс ағзаларының құрылымы, жыныс мүшесінің үлкендігі, уретраның шығу орны (гипо- немесе эписпадия), ұманың қатпарлары мен пигментациясы, оның салбырау дәрежесі, қасағаның түктену сипаты бағаланады. Аталық бездің пальпациясы без қолдан сырғып шығып кетпеу үшін жылы қолмен жасалынады. Бұл кезде аталық без көлемі, консистенциясы, беткейінің сипаты, атабез қосалқыларына ерекше назар аударылады.
6.2.2. Зертханалық зерттеулер
Қанда тестостерон мөлшерін анықтау кезінде, оның таңертеңгі деңгейі кешкі уақыттағы деңгейімен салыстырғанда 30%-ға жоғары болатынын есте сақтаған жөн. Сау ер адамдарда тестостеронның қалыпты деңгейі тәуліктің бірінші жартысында 12–40 нмоль/л тең. Тестостерон деңгейінің 10 нмоль/л төмен болуы, гормон тапшылығын көрсетеді, сондықтан шекаралық мәліметтер (10 және 12 нмоль/л арасында) толық зерттеуді талап етеді.
Тестостеронның 2%-ы ғана қан арнасында бос күйінде болғандықтан, күнделікті клиникалық тәжірибеде бос тестостерон деңгейін анықтау бірқатар қиындықтар тудырады. Осыған орай, күмәнді жағдайларда анықталған тестостерон деңгейін интерпретациялауда, қан сары суындағы жыныс гормондарын байланыстырушы ақуыз (ЖГБА) деңгейін анықтау орынды. Ер адамдарда қалыпты жағдайда оның деңгейіі 18–50 нмоль/л және түрлі аурулар мен жағдайларда ауытқып отырады (6.1 кесте).
Сондай-ақ, гипогонадизм түрлерін диагностикалауда ЛГ және ФСГ-нің базальды деңгейін анықтау жүргізіледі. Кей жағдайларда осы мақсатта стимуляциялаушы сынақтар орындалады. Хорионды гонадотропинмен сынақ жүргізу барысында симуляцияланған тестостерон деңгейі есептелінеді, қалыпты жағдайда оның мөлшері базальды деңгеймен салыстырғанда екі есе жоғары болады.
Екіншілік (гипофизарлы) және үшіншілік (гипоталамустық) гипогонадизмді салыстырмалы диагностикалау мақсатында гонадотропин-рилизинг-гормонмен сынақ орындалады. Үшіншілік гипогонадизм кезінде сынақтан кейін ФСГ мен ЛГ деңгейі жоғарылайды.
6.1 кесте. ЖГБА деңгейіне әсер ететін факторлар
ЖГБА деңгейінің жоғарылауы
| ЖГБА деңгейінің төмендеуі
| Андрогендер тапшылығы
Өсу гормонының тапшылығы
| Гиперинсулинемия
Семіздік
| Егде жас
Тиреотоксикоз
Гиперэстрогения
Бауыр циррозы
| Акромегалия
Андрогендермен терапия
Гипотиреоз
Кушинг синдромы, глюкокортикоидтармен терапия
Нефротикалық синдром
| Еркектік бедеулікті анықтау мақсатында, мастурбациялау арқылы алынатын шәует (эякулят) зерттелінеді. Шәует анализі 2-күннен кем және 7-күннен аспаған жыныстық қатынастан тартынудан кейін ғана зерттеледі (6.2 кесте).
6.2 кесте. Спермограмманың қалыпты жағдайдағы көрсеткіштері
Көрсеткіштері
| Мәні
| Көлемі
| 2 мл немесе одан көп
| Сперматозоидтар концентрациясы
| 20 млн/мл немесе одан да көп
| Белсенді қозғалатын сперматозоидтар
| > 25 %
| Баяу қозғалатын сперматозоидтар
| > 25 %
| Қозғалысы нашар сперматозоидтар
| 2 %
| Тірі сперматозоидтар
| 50 % және одан да көп
| Лейкоциттер
| 1 млн/мл дейін
| Қалыпты сперматозоидтар
| > 50 %
| Басының морфологиясы қалыптылары
| > 30 %
|
Спермограмма өзгерістерінің төмендегідей түрлерін ажыратуға болады:
•олигоспермия —шәует көлемінің 2 мл-ден аз болуы;
•олигозооспермия — шәуетте сперматозоидтар санының азаюы;
•азооспермия — шәуетте сперматозоидтардың болмауы;
•астенозооспермия —сперматозоидтар қозғалғыштығының төмендеуі;
•тератозооспермия — шәуетте 50%-дан астам патологиялық сперматозоидтардың болуы;
•некрозооспермия — шәуетте 50%-дан астам өлі сперматозоидтардың болуы.
6.2.3. Аспаптық зерттеу әдістері
Аспаптық зерттеу әдістерінің бірі аталық бездердің нақты көлемін анықтайтын аталық без УДЗ-сі болып табылады. Пубертатты кезеңге дейін аталық без ұзындығы шамамен 2 см, ал көлемі 2 мл. Жыныстық жетілу кезеңінде аталық без ұлғайып, 16 жаста көлемі ересек адамдардың аталық безінің көлеміндей болады: аталық без көлемі орташа 12–25 мл-ге тең.
Дата добавления: 2015-07-25 | Просмотры: 801 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 | 84 | 85 | 86 | 87 | 88 | 89 | 90 | 91 | 92 | 93 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 | 101 | 102 | 103 | 104 | 105 | 106 | 107 | 108 | 109 | 110 | 111 | 112 | 113 | 114 | 115 | 116 | 117 | 118 | 119 | 120 | 121 | 122 | 123 | 124 | 125 | 126 | 127 | 128 | 129 | 130 | 131 | 132 | 133 | 134 | 135 | 136 | 137 | 138 | 139 | 140 | 141 | 142 | 143 | 144 | 145 | 146 | 147 | 148 | 149 | 150 | 151 | 152 | 153 | 154 | 155 | 156 | 157 | 158 | 159 | 160 | 161 | 162 | 163 | 164 | 165 | 166 | 167 | 168 | 169 | 170 | 171 | 172 | 173 | 174 | 175 | 176 | 177 | 178 | 179 | 180 | 181 | 182 | 183 | 184 | 185 | 186 | 187 | 188 | 189 | 190 | 191 |
|