Семіздіктің таралуы 1960-2000 жылдар аралығында батыс мемлекеттерінде 12%-дан 30%-ға дейін жоғарылады. РФ халқының 30% артық салмақ, 25% семіздік бар. Висцеральды семіздік дамыған науқастардың 95 %-да жүрек-қантамыр аурулары дамуына әкелетін жоғарғы қауіп түрткісі болып табылады. МС жалпы популяцияда таралу жиілігі 15 % -25 %. АҚШ-та 20–29 жас аралығында 7 % жағдайда, 60–69 жас аралығында — 43,5 % жағдайда, 70 жас және одан жоғары — 42 % жағдайда тіркелген.
Клиникалық көріністері
· Жүрек-қантамыр жүйесі: артериялық гипертензия, ЖИА және оның асқынулары, атерогенді дислипидемия, гиперкоагуляция, жүрек шамасыздығы.
· Қант диабетінің 2 типі (7.6 бөлімді қараңыз) және оның кеш асқынулары (7.8 бөлімді қараңыз) және көмірсуларға толеранттылықтың бұзылуы.
· Ұйқы кезіндегі апноэ синдромы (Пиквик синдромы), өкпелік жүрек.
· Асқорыту жүйесі: өт-тас ауруы,асқазанның төмен түсуі, созылмалы іш қатулар.
· Жыныс жүйесі: аналық без поликистозы синдромының қалыптасуы тән (5.5 бөлімді қараңыз).
· Несеп шығару жүйесі: гиперурикемия, несеп-тас ауруы.
· Жүйке жүйесі: апатия, ұйқышылдық, тез шаршағыштық. Семіздік жиі депрессиялық бұзылыстармен, қорқынышпен, әлеуметтік мәселелермен ұштасады. Қоғамда семіздікке ұшыраған адам түрлі дәрежедегі дискриминацияға тап болады, әсіресе бұл жасөспірімдерге қатысты. Науқастың өзін-өзі бағалауы төмендеп, әлеуметтік және жеке дамудың арасындағы табиғи тепе-теңдігі бұзылады.
· Онкологиялық патологияның жоғарғы даму қаупі (әйел адамдарда сүт безі мен эндометридің қатерлі ісіктері, ер адамдарда тоқ ішектің қатерлі ісіктері).