Салыстырмалы диагностикасы. Аш қарындағы гипогликемия көп жағдайда органикалық патологиямен байланысты дамиды
Аш қарындағы гипогликемия көп жағдайда органикалық патологиямен байланысты дамиды, постпрандиальды гипогликемия АІЖ мен вегетативті жүйке жүйесінің функционалды бұзылыстарынан туындайды.
Аш қарындағы гипогликемия
1. ҰБ аралшықтарының β жасушаларының диффузды
гиперплазиясы (Лангерганс аралшықтарының незидиобластозы және микроаденоматозы) —этиологиясы белгісіз, өзек эпителийінің β-жасушаларына трансформациясымен (ауысуымен) сипатталатын, аралшық жасушаларының диффузды немесе шашыранды пролиферациясы. Өте сирек кездеседі. Клиникалық түрде инсулинома тәрізді өтеді. Топикалық диагностикалау арқылы диагнозы қойылады. Ем ретінде ұйқыбездің үлкен бөлігін алып тастау қолданылады (90 %).
2. Уытты гипогликемия (инсулин, сульфонилмочевина дәрілері,
алкоголь, пентамидин, хинин, салицилаттар және т.б.). Инсулин енгізуінен кейін дамитын артифициальды гипогликемияға С-пептид деңгейінің төмендеуі тән. Сульфонилмочевина дәрілерін қабылдағаннан кейін дамитын артифициальды гипогликемия синдромын анықтау өте қиын, себебі бұл кезде С–пептид деңгейі жоғары болады. Мұндай жағдайда несепте сульфонилмочевина дәрілерінің метаболиттері анықталады.
3. Ауыр ағзалық жеткіліксіздік (бауыр, жүрек, бүйрек жеткіліксіздігі, сепсис).
4. Ірі β-жасушалық емес ісіктер (бауыр, бүйрек үсті безі қыртысының ісіктері, мезенхимомалар).
5. Постпрандиальды гипогликемиялық синдром: асқазан-ішек
жолдарына орындалған операциядан кейінгі жағдай (демпинг-синдром); идиопатиялық постпрандиальды гипогликемия қандайда бір себептер болмай-ақ көрініс береді, диагностикасы мен емі аса қиындық тудырады.
Емі
Хиругиялық: ісіктің энуклеациясы, ісікпен бірге ұйқыбез бөлігін резекциялау. Операция орындалмайтын ісіктерге гипогликемиялық жағдайлардың алдын-алу үшін диазоксид қолданады, метастаз берген инсулиномаларда химиотерапия (стрептозоцин) тағайындалады, себебі ол ұйқыбездің β-жасушаларына селективті уытты әсер етеді.
Дата добавления: 2015-07-25 | Просмотры: 629 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 | 84 | 85 | 86 | 87 | 88 | 89 | 90 | 91 | 92 | 93 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 | 101 | 102 | 103 | 104 | 105 | 106 | 107 | 108 | 109 | 110 | 111 | 112 | 113 | 114 | 115 | 116 | 117 | 118 | 119 | 120 | 121 | 122 | 123 | 124 | 125 | 126 | 127 | 128 | 129 | 130 | 131 | 132 | 133 | 134 | 135 | 136 | 137 | 138 | 139 | 140 | 141 | 142 | 143 | 144 | 145 | 146 | 147 | 148 | 149 | 150 | 151 | 152 | 153 | 154 | 155 | 156 | 157 | 158 | 159 | 160 | 161 | 162 | 163 | 164 | 165 | 166 | 167 | 168 | 169 | 170 | 171 | 172 | 173 | 174 | 175 | 176 | 177 | 178 | 179 | 180 | 181 | 182 | 183 | 184 | 185 | 186 | 187 | 188 | 189 | 190 | 191 |
|