АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Патогенезі. Гипогликемия патогенезі қанға глюкоза түсуі мен оның утилизациясы және инсулин мен контринсулярлы гормондардың
Гипогликемия патогенезі қанға глюкоза түсуі мен оның утилизациясы және инсулин мен контринсулярлы гормондардың деңгейі арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуына негізделеді. Қалыпты жағдайда гликемия деңгейі 4,2–4,7 ммоль/л деңгейінде болғанда, β-жасушалардан инсулиннің бөлінуі тежеледі. Гликемия деңгейінің 3,9 ммоль/л-ден төмендеуі контринсулярлы гормондардың өндірілуін үстемелейді (глюкагон, кортизол, өсу гормоны, адреналин). Нейрогликопениялық симптоматика гликемия деңгейі 2,5–2,8 ммоль/л төмендегенде көрініс береді. Инсулин мен/немесе сульфонилмочевина дәрілерін шектен тыс қабылдағанда гипогликемия экзогенді немесе эндогенді гормондардың гипогликемиялық әсер етуінен туындайды. Сульфонилмочевина дәрілерін шектен тыс қабылдағанда гипогликемиялық симптоматика дәрілік заттың тәулік бойы немесе одан да көп әсер етуіне байланысты бірнеше рет қайталануы мүмкін. ҚДТП (метформин, тиазолидиндион) әдетте өздері гипогликемияны дамытпайды, бірақ науқас сульфонилмочевина немесе инсулинмен бірге қабылдағанда қант деңгейін төмендететін дәрілердің ағзада кумуляциялануына байланысты гипогликемияның себебі болуы мүмкін (7.15 кесте).
7.15 кесте. Гипогликемия
Этиологиясы
| — Инсулин және сульфонилмочевина дәрілерін шектен тыс қабылдау; жеткіліксіз мөлшерде тағам қабылдау; өзгермеген қант деңгейін төмендететін терапия барысында және/немесе косымша көмірсуларды қабылдамай физикалық жүктеме.
— Гастропарезбен автономды нейропатия, бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі, гипотиреоз, бауыр жеткіліксіздігі, қатерлі ісіктер.
— Инсулинді енгізу техникасының бұзылуы
— Артифициальды гипогликемия
| Патогенезі
| Гликемия деңгейінің 2,2–2,8 ммоль/л-ден төмен түсуі
| Эпидемиологиясы
| Қарқынды инсулинотерапиядағы бір науқасқа жылына ауыр гипогликемияның бір жағдайы тиесілі. ҚД-2-мен сырқаттанған инсулин қабылдайтын науқастардың 20 %-да және сульфонилмочевина дәрілерін қабылдайтын науқастардың 6%-да 10 жылда бір рет ауыр гипогликемия эпизоды болады
| Басты клиникалық көрінісі
| Адренергиялық симптомдар: тахикардия, мидриаз; мазасыздық, ашушаңдық; қалтырау, суық тер, парестезия; лоқсу, қатты ашығу, гиперсаливация; диарея, жиі кіші дәретке отыру.
Нейрогликопениялық симптомдар: астения, концентрацияның бұзылуы, бастың ауруы, қорқыныш сезімі, естің бұзылуы, дезориентация, әрекеттің бұзылуы, естің ауытқуы, құрысулар, өткінші салдану, кома
| Диагностикасы
| ҚД-мен сырқаттанған науқастарға тән симптоматика; экспресс талдау мәліметтері бойынша төмен гликемия деңгейі, көмірсуларды қабылдағанда немесе глюкозаны енгізгенде симптоматика тоқтайды
| Салыстырмалы диагностикасы
| ҚД-мен сырқаттанған науқастарда естен танудың және/немесе құрысу синдромына әкелетін басқа да себептер. Гипогликемия себептерінің салыстырмалы диагностикасы (төмен комплаенттілік, қосымша сырқаттар, кеш асқынулардың үдемелі дамуы)
| Емі
| Жеңіл гипогликемия кезінде көмірсуларды ішке қабылдау (тәтті сусындар), ауыр гипогликемия кезінде: 50 мл 40 % глюкоза ерітіндісін көктамырға енгізу және/немесе глюкагон ерітіндісін (бұлшықетке немесе тері астына)
| Болжамы
| Арнайы оқытылған науқастарда сырқаттың жақсы компенсациясы көрінісіндегі жеңіл гипогликемиянының болжамы оңтайлы. Жиі гипогликемиялар – ҚД нашар компенсациясының белгісі. Егде науқастарда – қантамырлық асқынуларды провокациялау қаупі (миокард инфаркті, инсульт, қасаң қабыққа қан құйылу)
|
Алкогольді қабылдау нәтижесінде бауырда глюконеогенез тежеледі, бұл гипогликемияға әкелетін басты түрткі болып табылады. Физикалық жүктемелер глюкозаның инсулинге тәуелсіз утилизациясына әкеледі, нәтижесінде қант деңгейін төмендететін терапия барысында және/немесе қосымша көмірсуларды қабылдамағанда гипогликемияға әкелетін себепке айналады.
Дата добавления: 2015-07-25 | Просмотры: 720 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 | 84 | 85 | 86 | 87 | 88 | 89 | 90 | 91 | 92 | 93 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 | 101 | 102 | 103 | 104 | 105 | 106 | 107 | 108 | 109 | 110 | 111 | 112 | 113 | 114 | 115 | 116 | 117 | 118 | 119 | 120 | 121 | 122 | 123 | 124 | 125 | 126 | 127 | 128 | 129 | 130 | 131 | 132 | 133 | 134 | 135 | 136 | 137 | 138 | 139 | 140 | 141 | 142 | 143 | 144 | 145 | 146 | 147 | 148 | 149 | 150 | 151 | 152 | 153 | 154 | 155 | 156 | 157 | 158 | 159 | 160 | 161 | 162 | 163 | 164 | 165 | 166 | 167 | 168 | 169 | 170 | 171 | 172 | 173 | 174 | 175 | 176 | 177 | 178 | 179 | 180 | 181 | 182 | 183 | 184 | 185 | 186 | 187 | 188 | 189 | 190 | 191 |
|