АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Салыстырмалы диагностикасы. Амиодаронды қабылдау барысында жиі эутиреоидты гипертиротропинемия дамиды, оған қалыпты Т4 деңгейінде ТТГ мөлшерінің
Амиодаронды қабылдау барысында жиі эутиреоидты гипертиротропинемия дамиды, оған қалыпты Т4 деңгейінде ТТГ мөлшерінің жоғарылауы тән. Амиодаронмен индуцирленген гипотиреоз кезінде орынбасушы терапияның тағайындалуын талап ететін Т4 мөлшерінің төмендеуі анықталады. АмИТ-1 мен АмИТ-2 салыстырмалы диагностикасы ҚБ сцинтиграфиясы мәліметтеріне негізделеді (3.31 кесте).
3.31 кесте. Амиодарон-индуцирлеген тиреотоксикоз түрлерінің салыстырмалы диагностикасы
| АмИТ-1
| АмИТ-2
| Патогенезі
| Йод-индуцирлеген
| Деструктивті
| Клиникалық көрінісі
| Жиі айқын
| Жиі солғын
| Жемсау
| Жиі көптүйінді
| Анықталмайды
| 99mTc қармау
| Жоғарылаған
| Төмендеген
| Тиреоглобулин
| Қалыпты мөлшерде немесе сәл жоғарылаған
| Сәл жоғарылаған
| Доплерография мәліметтері бойынша қанайналым
| Жоғарылаған
| Төмендеген
|
Емі
Эутиреоидты гипертиротропинемия емді қажет етпейді. Манифестті гипотиреоз (ТТГ↑, Т4↓) кезінде L-T4 орынбасушы терапия тағайындалады. Амиодарон қабылдауды доғарту қажет. Бірақ бірқатар жағдайларда мұны орындау мүмкін емес, себебі препаратты қабылдауды тоқтату қарыншалық аритмияның дамуына әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл жағдай радикалды шешімді талап етеді (131I-пен терапия, тиреоидэктомия). Амиодаронды қабылдауды жақын аралықта тоқтату ҚБ ауруының клиникалық ағымына еш әсер етпейді, себебі бұл препараттың ағзадан жартылай шығару уақыты өте ұзақ және ағзада өте көп мөлшерде жиналады (әсіресе, семіздік дамыған науқастарда). АмИТ-1 емдеу әдісі нақты клиникалық жағдайға тәуелді таңдалады, бірақ кез келген жағдайда алғашқы сатыда тиреостатикалық дәрілер (тиамазол 30–40 мг/тәу) тағайындалады, себебі олардың көрінісінде эутиреозға қол жеткізуге болады. Кейінірек науқасқа 131I-пен терапия немесе тиреоидэктомия тағайындалады. АмИТ-2 емдеу өте қиын мәселе, себебі деструктивті тиреотоксикоз кезінде тиростатикалық терапия әсерсіз және көрсетілмеген. Мөлшерін біртіндеп төмендетумен 8–12 апта бойы глюкокортикоидтар тағайындалады (преднизолон 30–60 мг/тәу per os) және оның көрінісінде ғана эутиреоидты жағдай орнайды. Науқастардың жартысында тиреотоксикоз рецидиві дамуы мүмкін. Егер АмИТ-2 созылмалы рецидивті сипатқа ие болса, тиреотоксикалық кардиомиопатия, переднизолонның жоғары мөлшері көрінісінде медикаментозды Кушинг синдромы дамиды да, науқасқа тиреоидэктомия тағайындалады. Бірақ АмИТ-2-мен сырқаттанған науқастардың жартысында деструктивті тиреоидиттердегідей транзиторлы гипотиреоидты кезең дамып, уақытша L-T4-пен орынбасушы терапияны талап етеді.
Дата добавления: 2015-07-25 | Просмотры: 547 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 | 84 | 85 | 86 | 87 | 88 | 89 | 90 | 91 | 92 | 93 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 | 101 | 102 | 103 | 104 | 105 | 106 | 107 | 108 | 109 | 110 | 111 | 112 | 113 | 114 | 115 | 116 | 117 | 118 | 119 | 120 | 121 | 122 | 123 | 124 | 125 | 126 | 127 | 128 | 129 | 130 | 131 | 132 | 133 | 134 | 135 | 136 | 137 | 138 | 139 | 140 | 141 | 142 | 143 | 144 | 145 | 146 | 147 | 148 | 149 | 150 | 151 | 152 | 153 | 154 | 155 | 156 | 157 | 158 | 159 | 160 | 161 | 162 | 163 | 164 | 165 | 166 | 167 | 168 | 169 | 170 | 171 | 172 | 173 | 174 | 175 | 176 | 177 | 178 | 179 | 180 | 181 | 182 | 183 | 184 | 185 | 186 | 187 | 188 | 189 | 190 | 191 |
|