АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Жіктелуі (Г.Н.Красовский бойынша) 4 страница

Көрсеткіштері Өлшем бірліктері Нормативтері (шектік рұқсат етілген концентрациялары – ШРЕК), артық емес
Сутектік көрсеткіш рН мәндері 6-9 аралығында
Жалпы минералдануы (құрғақ қалдығы) мг/л 1000 (1500)
Жалпы кермектілігі ммоль/л 7,0 (10)
Перманганаттық тотыққыштығы мг/л 5,0
Мұнай өнімдері, барлығы (жалпы) мг/л 0,1
Беттік белсенді заттар (ББЗ), анионды-белсенді мг/л 0,5
Фенол индексі мг/л 0,25

 

Кесте.

Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйесіндегі ауыз судың бейорганикалық заттары бойынша көрсеткіштері (28.06.2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)

Көрсеткіштері Өлшем бірліктері Нормативтері (ШРЕК), артық емес Зияндылық көрсеткіші Қауіптілік класы
         
Алюминий (А13+) мг/л 0,5 с.-т.  
Барий (Ва2+) мг/л 0,1 с.-т.  
Бериллий (Ве2+) мг/л 0,0002 с.-т.  
Бор (В, барлығы) мг/л 0,5 с.-т.  
Темір (Fе, барлығы) мг/л 0,3 (1,0) орг.  
Кадмий (Сd, барлығы) мг/л 0,001 с.-т.  
Марганец (Мn, барлығы) мг/л 0,1 (0,5) орг.  
Мыс (Сu, барлығы) мг/л 1,0 орг.  
Молибден (Мо, барлығы) мг/л 0,25 с.-т.  
Мышьяк (Аs, барлығы) мг/л 0,05 с.-т.  
Никель (Ni, барлығы) мг/л 0,1 с.-т.  

4.5 –кестенің жалғасы.

         
Нитраттар (по NО3) мг/л 45,0 с.-т.  
Сынап (Hg, барлығы) мг/л 0,0005 с.-т.  
Қорғасын (РЬ, барлығы) мг/л 0,03 с.-т.  
Селен (Sе, барлығы) мг/л 0,01 с.-т.  
Стронций (Sr 2+) мг/л 7,0 с.-т.  
Сульфаттар (SО42-) мг/л 500,0 орг.  
Фторидтер (F), І и ІІ ІІІ климаттық аудандар үшін мг/л мг/л 1,5 1,2 с.-т. с.-т.  
Хлоридтер (Cl-) мг/л 350,0 орг.  
Хром (Cr6+) мг/л 0,05 с.-т.  
Цианидтер(СN-) мг/л 0,035 с.-т.  
Цинк (Zn2+) мг/л 5,0 орг.  

 

Кесте.

Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйесіндегі ауыз судың органикалық заттары бойынша көрсеткіштері (28.06.2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)

Көрсеткіштері Өлшем бірліктері Нормативтері (ШРЕК), артық емес Зияндылық көрсеткіші Қауіптілік класы
γ-ГХЦГ (линдан) мг/л 0,002 с.-т  
ДДТ (изомерлердің қосындысы) мг/л 0,002 с.-т  
2,4 – Д мг/л 0,03 с.-т  

Ескерту* - нормативтер БДДҰ ұсыныстарына сәйкес қабылданған.

Кесте.

Шаруашылық-ауыз суымен орталықтандырып қамтамасыз ету кезіндегі суды өңдеу үрдісінде суға қосылатын және соның нәтижесінде суда түзілетінхимиялық заттар бойынша көрсеткіштері (28.06.2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)

Көрсеткіштері Өлшем бірліктері Нормативтері (ШРЕК), артық емес Зияндылық көрсеткіші Қауіптілік класы
         
Хлор: Бос күйіндегі қалған Байланысқан күйіндегі қалған   мг/л мг/л   0,3-0,5 0,8-1,2   орг. орг.  
Хлороформ (суды хлорлағанда) мг/л 0,2 с.-т.  
Қалған озон мг/л 0,3 орг.  
Формальдегид (суды озондағанда) мг/л 0,05 с.-т.  
Полиакриламид мг/л 2,0 с.-т.  
Белсенді етілген кремний қышқылы (Si бойынша) мг/л 10,0 с.-т.  
Полифосфаттар (РО4 -бойынша) мг/л 3,5 орг.  

4.7 –кестенің жалғасы.

         
Коагулянттардың қалған мөлшерлері (алюминий мен темірдің) мг/л ″Al″, ″Fe″ мөлшерлерінің көрсеткіштері, 4.5.-кесте бойынша    

Ауыз судың радиациялық қауіпсіздігі 4.8 – кестеде берілген жалпы α- және β- радиобелсенділігініңкөрсеткіштері бойынша анықталады.

Жалпы α- және β – радиобелсенділігі нормативтерден асқан кезде, судағы радионуклидтердің түрлеріне және олардың жеке концентрацияларына анықтау жүргізіледі. Антропогендік және табиғи текті радионуклидтердің радиобелсенділігінің анықталған деңгейлерін бағалау, ауыз судағы белсенді элементтерге орнатылған радиобелсенділігінің рұқсат етілген деңгейі (РРД) берілген, қолданыстағы Радиациялық қауіпсіздік нормаларына (РҚН-99) сәйкес жүргізіледі.

Кесте.

Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйесіндегі ауыз судың радиациялық қауіпсіздігінің көрсеткіштері (28.06.2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)

 

Көрсеткіштері Өлшем бірліктері Нормативтері Зияндылық көрсеткіші
Жалпы α - радиобелсенділігі Бк/л 0,1 Радиация
Жалпы β - радиобелсенділігі Бк/л 1,0 Радиация

 

Ауыз судың органолептикалық қасиеттері 4.9-кестеде көрсетілген бірқатар көрсеткіштер (иісі, дәмі, түсі, лайлылығы) бойынша, сол сияқты, 4.5 және 4.7 – кестелерде көрсетілген, судың органолептикалық қасиеттеріне әсер ететін заттардың (темір, марганец, мыс, сульфаттар, хлоридтер, т.б.) мөлшері бойынша бағаланады.

Ауыз суда көзге көрінетін судағы ағзалар мен су бетінде қабыршық болмауы керек.

Жоғарыда аталған барлық талаптар (4.3-4.9–кестелер) орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін жүйелер арқылы берілетін ауыз суға қойылады. Бұл су тұрғындардың ауыз су және тұрмыстық мақсатта қолдануда, азық-түлік шикізат өнімдерін өңдеу үрдістерінде және тамақ өнімдері өндірістерінде, оларды сақтау және сатуда, сол сияқты, сапалы ауыз су қолдануды қажет ететін өнімдер өндірістерінде пайдаланылады.

Кесте.

Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйесіндегі ауыз су сапасының органолептикалық көрсеткіштері (28.06.2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)

Көрсеткіштері Өлшем бірліктері Нормативтері, артық емес*
Иісі Балл  
Дәмі Балл  
Түсі Градус 20 (35)
Лайлылығы ЕМФ (Формазин бойынша лайлылық мөлшері) немесе мг/л (каолин бойынша) 2,6 (3,5)   1,5 (2)

Ескерту* - жақшада көрсетілген өлшем бірліктері сол территориядағы сумен жабдықтау жөніндегі нақты жүйеге арналған елді мекеннің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын және су дайындауда қолданылған технологияны бағалау негізінде қабылданған мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысымен бекітіледі.

 

Алайда, Қазақстанның көптеген ауылдық елді мекендерінде ауыз су және шаруашылық қажеттіліктері үшін тұрғындар орталықтандырылмаған (жергілікті) сумен қамтамасыз ететін су көздерінің суын пайдаланады.

Санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге (ҚР ДМ 13.05.2005 ж.) сәйкес, тұрғындар топтарын және шаруашылық-тұрмыстық нысандарды орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін су алатын құрылыстарға арнайы жабдықтарды (тарату жүйелері жоқ ұңғымалар, шахталық және құбырлы құдықтар, бастаулардың каптаждары) орнату арқылы жер асты сулары қолданылуы тиіс.

Ұңғыма – жер астылық суларды жердің бетіне шығаруға арналған қондырғы.

Құдықтардың ең көп таралған түрлерінің бірі – жер бетінен жоғары тұратын құдық бөлігінен (құдық аузы), оқпаннан және су қабылдайтын бөлігінен тұратын,пішінідөңгелек немесе төрт бұрышты шахта түріндегі, шахталық құдық болып табылады. Шахталық құдықтарды, суды бірінші су тұтқыш қысымсыз горизонттан алатын етіп, орнату керек.

Құдықтың аузы жер бетінен 0,7-0,8 метрден кем емес биік болу тиіс және оның қақпағы немесе темірбетоннан жасалған, люгі (люк) бар, жабындысы болуы керек. Құдықтың аузы үстіңгі жағынан шатырмен жабылуы тиіс немесе будкаға (күркеге) орналастырылады. Құдық аузы периметр бойына, тереңдігі 2 м және ені 1 м, езілген және тығыздалған балшықпен немесе қою сазды топырақпен бекітіледі (балшықты құлып). Құдықтың айналасына тас, кірпіш, бетон немесе асфальттан, радиусы 2 м-ден кем емес, құдықтан 0,1 м еңістете, төсеніш салуды ұсынады. Ағынды сулар құдықтан шет жаққа тосқауылдайтын арық арқылы ағызылуы тиіс.

Құдықтың қабырғалары қалың және суға түсі шықпайтын, құдықты жер бетіндегі ағынды сулардан және топырақтың жоғарғы қабаттарында орналасқан жер асты суларынан оқшаулайтын, материалмен (бетон немесе темірбетон сақиналары, тас, кірпіш, ағаш) қапталуы керек. Грунттың көтерілуінің және судың лайлануының алдын алу үшін, құдықтың түбіне кері сүзгі салынуы керек.

Шахталық құдықтардан суды жоғары көтеру үшін, құрылымы әр түрлі сорғылар (қол сорғы немесе электрлі) қолданылады. Құдыққа, бір немесе екі қол ұстағышы бар, шығыр (ворот), дөңгелегі бар, бір немесе екі шелекке арналған және шелек орнатылған қол шығырларды да орнатуға рұқсат етіледі.

Шахталық құдықтардан басқа, жергілікті жерлерді сумен жабдықтауда құбырлы құдықтар да қолданылады. Құбырлы құдық - бұл да жер асты суларын алуға арналған құрылыс, бірақ ол, қабырғалары айналдыра құбырлармен қоршалған. тік, цилиндр тәрізді түтік болып табылады.

Құбырлы құдықтар, су өткізбейтін жыныстармен жер бетіндегі ластаушылардың енуінен жақсы қорғалған, сондықтан санитарлық тұрғыдан қолайлырақ болатын, топырақтың терең қабаттарындағы суларды алуға мүмкіндік береді. Құбырлы құдықтың аузы жердің бетінен 0,8-1,0 метрге дейін биік, саңылаусыз жабық болуы керек, қаптамасы және шелек ілетін ілмегі бар, су ағызылатын құбыры болуы тиіс. Құбыр аузының конструкциясы, түтіктер арасындағы және олардың артындағы кеңістіктеріне жер бетінен аққан сулардың және ластаушылардың өтуіне мүмкіндік бермейтін, құдықтың толық герметизациялануын қамтамасыз етеді.

Кейде сумен қаматамасыз ету үшін бастау (бұлақ) суларын да қолданады. Бастау сулары бұл мақсатта сирек қолданылады, себебі олардың қоры өте аз. Бастау суларын жинау үшін каптаж (ұстағыш) орнатылады, ол жер асты суларының жер бетіне өздігінен шығатын көздерінде суды түрлі мақсаттарға пайдалану үшін жердің бетіне шығаруын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрылыс (ағаштан, кірпіштен немесе бетоннан жасалған жабық камера) болып табылады. Яғни, каптаж, бастау суларын жер бетіндегі лас ағынды сулардан қорғалған, белгілі бір су қорын жасайды.

Құдықтар мен бастау каптаждарын орнату үшін, дәретхана, сұйық қалдықтарды жинайтын шұңқырлар, тыңайтқыштар мен улы химикаттардың қоймалары, өнеркәсіп ұйымдары, канализация құрылыстары, ескі, пайдаланылмайтын құдықтар және мал қоралары сияқты, ластаушы немесе ластаушы болуы мүмкін көздерден, грунт сулары ағысы бойымен 50 метрден кем емес қашықтықта жоғары орналасқан, ластанбаған учаскелер таңдалып алынуы тиіс. Бұл су алатын құрылыстарды тасқын сулары басатын, ойпат, батпақтанған жерлерде, жер көшкіні болатын және топырақтың басқа да деформация түрлеріне ұшырайтын жерлерде; көлік қарқынды жүретін жолдарға 30 метрден жақын орындарға орналастыруға рұқсат етілмейді. Құдықтар тұрғын үйлерден 100 метрден артық қашықтықта орналаспауы керек.

Су алатын құрылыстарды жабдықтауда Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шаруашылық-ауыз су қамтамасыз ету жүйесіне арналған материалдар (сүзгілер, қорғаныш торлар, сорғылардың бөлшектері және т.б.), реагенттер және аз габаритті тазарту құрылғылар қолданылуы тиіс.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету жүйесінің суы (құдықтардың және бастау каптаждарының суы) өзінің құрамына және қасиеттеріне байланысты 4.10. – кестеде көрсетілген нормативтерге сай болуы керек.

Кесте.

Орталықтандырмай сумен қамтамасыз ететін су көздеріндегі судың сапасына қойылатын талаптар

 

Көрсеткіштері Өлшем бірліктері Нормативтері
Иісі Балл 2-3 артық емес
Дәмі Балл 2-3 артық емес
Түстілігі Градус 30 артық емес
Лайлылығы мг/л 2 артық емес
Нитраттар (NO3) мг/л 45,0 артық емес
Ішек таяқшасы тобы бактерияларының саны (коли-индекс) ІТТБ 1000 мл судағы саны 10 артық емес
Химиялық заттар мг/л ШРЕК

Бұл кестеде көрсетілгендей, орталықтандырмай сумен жабдықтайтын су көздеріндегі судың химиялық көрсеткіштері (улы заттары) бойынша сапасында ауыз сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесіндегі судың сапасынан айырмашылығы болмауы керек. Алайда, бұл судың, ауыз су мақсатында қолданылуы алдында міндетті түрде қайнатылуы керек екенін ескеріп, органолептикалық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша, кейбір ауытқулар болуына рұқсат етіледі.

Орталықтандырмай сумен қамтамасыз ететін су көздеріндегі судың радиациялық қауіпсіздігі, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық аман-саулығы саласындағы күші бар нормативтік–құқықтық актілерге сәйкес бағалануы керек және ауыз сумен орталықтандырылып жабдықтаудағы сияқты, радиациялық қауіпсіздік нормаларына (РҚН) сайкес болуы тиіс.

Осы бөлімнің басында көрсетілгендей, тұрғындар арасында су факторына байланысты аурулардың алдын алу шараларының бірі – судың сапасын әртүрлі әдістер арқылы жақсарту болып табылады, өйткені, ашық су көздеріндегі табиғи сулар, сол сияқты шаруашылық-ауыз су мақсатында пайдаланылатын жер асты сулары, көптеген параметрлері бойынша гигиеналық нормативтерге сай емес.

Бірнеше ондаған жылдар бұрын өзендердің өздігінен тазаратын қабілетіне байланысты сулары тазарып отыратын. Ал қазір, жаңа қалалар мен көптеген өнеркәсіп орындары салынуына байланысты, тұтыну үшін су алатын құрылыстар соншалықты тығыз орналасқандықтан, кейде ағынды сулар жіберілетін жерлер мен су алатын жерлер бір-бірінің жанында орналасады. Сондықтан, ағынды суларды тазартудың және қайталап, аяғаны дейін тазартудың, су құбырлары суларын тазарту мен зарарсыздандырудың тиімді әдістерін дайындау мен практикаға енгізуге барған сайын көп көңіл бөлінуде.

Қазіргі заманғы соңғы үлгідегі жетілдірілген тазарту құрылыстары ағынды суларды органикалық ластаушы заттардан бар болғаны, 85-90%-ға ғана тазартады, тек жекелеген жағдайларда - 95% ғана. Сондықтан, су тазартылғаннан соң да, су экожүйелерінің қалыпты тіршілік етуін сақтап қалу үшін 6-12 рет, тіпті кейде бұдан да көп есе таза сумен араластырылуы керек.

Қазіргі кездегі кәсіпорындарында ағынды суларды ізбелестіріп тазарту кезінде бірінші, механикалық тазарту (тұнбаға оңай түсетін және су бетіне қалқып шығатын заттардан) және екінші реттік, биологиялық (биологиялық белсенді органикалық заттардан) тазарту жүргізіледі.

Соңғы кезде ағынды суларды биологиялық тазартудан кейін радиациялық, электрохимиялық, сорбциялық, магнитті және т.б. сияқты тазартудың, қайталап, аяғына дейін, тазартудың жаңа, анағұрлым тиімді әдістері дайындалуда және қолданылуда. Ағынды суларды тазартудың технологияларын жетілдіру, тазарту дәрежесін одан әрі жоғарылату – табиғи суларды ластанудан қорғау саласындағы аса маңызды міндет болып табылады.

Қазақстандағы ең ірі мегаполис болып саналатын – Алматы қаласы жылына 290 млн кубометр су жұмсайды, осыған байланысты, ағынды сулардың көлемі де көбееді. Қалада суды тазартудың қолданылып отырған жүйесі қажеттіліктерге сай емес. Осыған байланысты Алматы қаласында қазіргі заманғы су тазартатын (ағынды суларды тазартудың мембраналық жүйесі бар) құрылыстарды салу жобасы қабылданды.

Су көздері суларын антропогендік ластанудан қорғау мәселесінің қаншалықты маңызды екендігіне Ресейдің Хабаровск өлкесінде болған төтенше жағдай дәлел бола алады. Цзилинь қаласындағы (ҚХР) 13.11.2005 жылы химия өнеркәсібінде орын алған апат нәтижесінде Сунгари өзенінің суы бензолмен, нитробензолмен ластанған.

Ластанған аймақтың ұзақтығы шамамен 110 км болды. Ресейдің төтенше жағдайлар Миністірлігінің Қиыр шығыс аймақтық орталығының мәліметтері бойынша, бір тәулік ішінде ластану зонасы сағатына 1-1,5 км-ге жылдамдықпен жылжып, 30 км-ге дейін өтіп, 16 желтоқсанның өзінде-ақ Сунгари өзенінен Амур өзеніне өткен. Осы тенденцияны және Сунгари өзенінің құятын жерінен төменірек, Амур өзені аңғарының ерекшеліктерін ескергенде, ластану аймағының ұзақтығы Хабаровск қаласына дейін жеткенде 200 км болар еді, ал бұл зонаның Хабаровск жанына өтетін уақыты - 4-5 тәулік болар еді.

Осы жағдайға байланысты, тез арада шұғыл шаралар қабылданды: Хабаровск қаласының және өлкедегі басқа да қалалардың су тазартатын бас құрылыстарында белсендірілген көмір арқылы суды сүзетін қондырғылар орнатылды.

Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған судың сапасы, жоғарыда қарастырылған гигиеналық талаптарға сай болуы үшін, суды алдын ала өңдеуден өткізеді,оның нәтижесінде су араласқан заттардан, иістен, дәмнен, микроағзалар мен әр түрлі қоспалардан арылады. Су қасиеттерін жақсарту су құбырлары станцияларында іске асырылады. Су сапасын жақсарту кезеңдерінің сызбасы мен оны өңдеудің негізгі әдістері 4.10- суретте көрсетілген.

 


I III

 

       
   
 
 

 


Фторлау Фторсыздандыру
II

       
   
 
 

 

 


4.10- сурет. Суды өңдеудің әдістері мен кезеңдері

 

Су көздерінің суы өңдеуден кезең-кезеңмен өтеді. Өңдеудің негізгі әдістеріне тазарту (суды мөлдірлендіружәне түссіздендіру) және зарарсыздандыру жатады, ал қажет болғанда, судың органолептикалық қасиеттерін жақсарту, суды жұмсарту, кейбір химиялық заттардан бөлу үшін, қосымша (арнайы) әдістер қолданылады.

Тазарту – суды өңдеу әдістерінің жалпы кешенінде маңызды кезең болып табылады, өйткені, ол судың физикалық көрсеткіштерін жақсартады. Араласқан заттардан тазарту кезінде, судағы микроорағзалардың да едәуір бөлігі жойылады. Судың толық тазартылуы, оның зарарсыздандыруын жеңіл және тиімдірек жүргізуге мүмкіндік береді.

Мөлдірлендіру және түссіздендіру мақсатында суды тазарту механикалық (тұндыру арқылы), физикалық (сүзу) және химиялық (коагуляция, флокуляция) әдістер арқылы жүргізіледі.


Дата добавления: 2016-03-26 | Просмотры: 945 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.011 сек.)