АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Жіктелуі (Г.Н.Красовский бойынша) 21 страница
Суда еритін дәрумендер. С дәрумені. Аскорбин қышқылының ағзадағы биологиялық ролі, негізінен тотығу-тотықсыздандыру әсерімен байланысты. Күшті тотықсыздандырғыш бола тұра және қайтымды тотығып және жеңіл тотықсызданып, аскорбин қышқылы және оның тотыққан түрі – дегидроаскорбин қышқылы, жасуша ішілік тотықтыратын –тотықсыздандыратын жүйе ретінде қызмет атқарады. С дәруменінің қатысуымен фенилаланин және тирозин амин қышқылдары тотығады, сондай-ақ дезоксирибонуклеин қышқылының пайда болуы ынталандырылады. С дәрумені қылтамырлардың қабырғасын қалыпты жағдайында ұстап тұруда және олардың созылғыштығын сақтауда маңызды роль атқарады, себебі, ол проколлагеннің коллагенге айналуын ынталандырады.
Аскорбин қышқылы антиденелер өндірілуіне жағдай жасайды, протеолитикалық ферменттердің әсерін белсенді етеді, бұл лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігін арттырады. Сөйтіп, инфекцияларға, қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсеріне ағзаның қарсылығы жоғарылауын қамтамасыз етеді.
Аскорбин қышқылы, бүйрек үсті бездерінің стероидтық гормондарының синтезімен алмасуына және тироксиннің алмасуына тікелей қатысады, сондай-ақ фоль қышқылының фолин қышқылына ферменттік айналуына да қатысады. Холестерин алмасуын реттеп, аскорбин қышқылы атеросклероз дамуын тежейді.
С дәруменінің ағзаға жеткіліксіз түсуі кезінде, жалпы әлсіздік, тез қажу, ұйқышылдық байқалады, содан соң қызыл иектің қанауы, терінің құрғақтануы, гиперкератоз, теріде нүктелік қан құйылулар қосылады. Ауыр жетіспеушілігі С – дәрумендік – қырқұлақ (цинга, скорбут) дамуына әкеп соғады. Бұл патология айқын геморрагиялық көріністермен, сүйек тіндерінің, дентиннің жасалуы бұзылуымен инфекцияға ағзаның қарсылығының шұғыл төмендеуімен сипатталады.
С дәруменінің ағзаға қажеттілігі тәулігіне: емшек еметін жастағы балаларға – 30-40 мг; 11-17 жастағыларға – 70 мг, үлкен адамдарға – 70 -100 мг (8.2.,8.3. - кестелер). С дәруменінің негізгі көздері- өсімдік текті азық-түліктер – көкөністер, жемістер, жидектер, картоп, орам жапырақ (8.10.- кесте). Жануар текті тағамда: бауыр, жүрек, тіл және қымыздан басқаларында аскорбин қышқылының мөлшері өте аз. С дәрумені итмұрында (1000 мг% дейін), қара қарақатта (300 мг% дейін) жасыл бұрышта және әшкөкте (петрушкада) (150-250 мг%) көп, бірақ қыс уақыттарында оны ағзаға жеткізіп отыратындар -картоп (10-20 мг%) және орам жапырақ (24-45 мг%). С дәрумені тұрақсыз тағам дайындау, қыздыру кезінде азықтарды сақтау, көкөністерді тазалау, күн сәулесінің әсері, металдармен жанасқан кездерде жеңіл жойылады, бірақ қышқыл ортада және мұз қатырған кезде жеткілікті дәрежеде тұрақты. Сондықтан, көкөністер мен жемістерді кесілген түрінде немесе суда, металл ыдыстарда ұстауға болмайды. Салаттарды сірке қышқылымен қышқылдаған жөн, ал көкөністерді қайнап тұрған суға салып, пісірген дұрыс.
Кесте
Кейбір тағамдық азықтардың құрамындағы
С дәруменінің мөлшері
С дәруменінің деңгейі
| Азық
| С дәруменінің мөлшері
| Өте жоғары
(100мг жоғары)
| Жаңа итмұрын
|
| Қара қарақат
|
| Қызыл бұрыш
|
| Петрушка
|
| Жоғары
(50-100 мг)
| Құлпынай
|
| Укроп
|
| Гүлді орамжапырақ
|
| Орташа
(10-50)
| Орамжапырақ
|
| Жуа
|
| Шалғам, қызан
|
| Картоп
|
| Цитрустық өсімдіктер
|
| Қарлыған
|
| Таңқурай
|
| Шие
|
| Төмен
(10 мг аз)
| Қызылша, қияр, сарымсақ
|
| Сәбіз
|
| Қарбыз
|
| Алмұрт
|
| Жүзім
|
| В1 дәрумені (тиамин). Тиаминпирофосфат түрінде пируватдегидрогеназаның, α – кетоглютаратдегидрогеназаның және транскетолазаның коферменті болып табылады, бұл оның ақуыздар, майлар, көмірсу алмасуындағы маңызды ролін қамтамасыз етеді. Тиаминнің жетіспеушілігі кезінде, пируваттың ацетил-КоА және СО2- ге дейін тотығудан декарбоксилденуі тежеледі, осыған байланысты ағзада сүт қышқылы мен пирожүзім қышқылы жиналады, ал транскетолазаның белсенділігі төмендеуі, пентозофосфаттық циклда глюкозаның айналымға түсуінің бұзылуына әкеп соғады. Тиамин аминқышқылдарының аминсізденуіне және қайта аминденуіне, май қышқылдарының синтезделуіне, сондай-ақ медиатор-ацетилхолиннің айналымдарына қатысады. Оның әсерінен асқазанның қозғалтқыштық және сөл шығаратын қызметі жақсарып, асқазан ішіндегі тағамдық заттардың ішекке қарай өтуі (эвакуациясы) жақсарады. Тиаминнің жеткіліксіз түсуінің бастапқы кезеңінде қажу, ашушаңдық, есте сақтаудың төмендеуін, ұйқы бұзылуын, басының және төс сүйегі артында ауыратынын, тағамға тәбеті болмауын тудырады. Ерте жастағы балаларда – ішкенін құсып тастау, іш қатуы, ішінің желденіп, кебуі, ауру жұққыштық пайда болады.
Тиаминнің айқын жетіспеушілігі бери-бери ауруының дамуына әкеп соғады, ол ауруға полиневрит құбылыстары тән және қанды энцефалит дамуы мүмкін.
В1 дәруменінің балаларға қажеттілігі, жасына байланысты тәулігіне 0,3 мг- нан 1,3 мг дейін ауытқиды, үлкен адамдарға қажеттілігі – 1,2-2,1 мг (8.2.,8.3.- кестелер).
Тиаминнің негізгі көзі - дәнді дақылдар және бұршақ тұқымдастар, әсіресе, ол дәнді дақылдардың ұрығы мен қабықшаларында ерекше көп, соған сәйкес, бұлар құрамына кіретін тағам түрлерінде – ірі тартылған ұннан жасалған нанда, бүтін дәндерінде, қарқұмық және сұлы жармаларында көп (8.11.- кесте).
Жоғары сұрыпты бидай ұнынан жасалған нанды, макарон өнімдерін, ұнтақ (манная) ботқасын, өңделген күрішті ұзақ уақыт тағамға қолдану В1 дәруменінің жетіспеушілігіне әкеп соғуы мүмкін. Сыра және нан ашытқыларында В1 дәруменінің мөлшері көптігімен ерекшеленеді (5 мг%). Жануар текті өнімдер де тиаминнің көзі болып табылады - бауыр (0,37 мг%), бүйрек (0,4 мг%), шошқа еті (0,4-0,52 мг%), жұмыртқаның сары уызы (0,32 мг%).
В2 дәрумені (рибофлавин). Флавинмононуклеатид немесе флавинадениндинуклеатид құрамында флавиндер оксидоредуктазаларының: НАДН – дегидрогеназаның, сукцинат дегидрогеназаның, D- және L- аминқышқылдары оксидазаларының, глютатионредуктазаның және басқалардың коферменті ролін атқарады, бұл оның ақуыз, майлар, көмірсулар алмасуының көптеген үрдістеріне қатысуын қамтамасыз етеді.
Рибофлавин маңызды өсу факторы ретінде қарастырылады. Ол тері мен шырышты қабықшаның қалыпты жағдайын қамтамасыз етеді, қан түзілуін ынталандырады, қараңғыға бейімделуіне, түрлі-түстерді көру өткірлігінің жоғарылауына мүмкіндік туғызып, көздің торша қабықшасы жасушаларының қызметіне қатысады.
8. 11.-кесте
Тамақ өнімдері құрамындағы В1, В2, РР, В6, В12, және фолацинның мөлшері
Өнімдер
| В1 дәр, мг/100г
| В2 дәр., мг/100г
| РР, мг/100г
| В6 дәр., мг/100г
| В12 дәр, мкг/100г
| Фолацин мкг/100г
| 1. Майлы өнімдер:
Қой еті
Сиыр еті
Шошқа еті
І санатқа жататын тауық еті
Тауық жұмыртқасы
Бауыр
Сиыр сүті
Майлы сүзбе
Карп
|
0,08-0,09
0,06-0,07
0,40-0,52
0,07
0,07
0,37
0,04
0,05
0,14
|
0,14-0,16
0,15-0,18
0,10-0,14
0,15
0,44
-
0,15
0,30
0,13
|
3,8-4,1
4,7-5,0
2,2-2,6
7,7
0,19
15,0
0,10
0,30
1,50
|
0,30-0,32
0,37-0,39
0,30-0,33
0,52
0,14
0,80
0,05
0,11
0,17
|
-
2,60-2,80
-
0,55
0,52
0,40
1,00
1,5
|
5,10-5,50
8,40-8,90
3,10-4,10
4,30
7,0
160,0
5,0
35,0
-
| 2. Нан ашытқысы
| 5,0
| 4,0
| 40,0
| 5,7
|
|
| 3. Өсімдік өнімдері
Қара нан
Қара бидай ұннан дайындалған нан
Қара құмық жармасы
Сұлы жармасы
Қызыл бұрыш
Картоп
Сарымсақ
|
0,18
0,23
0,43
0,49
0,10
0,12
0,08
|
0,08
0,09
0,20
0,11
0,08
0,07
0,08
|
0,67
3,40
4,19
1,10
1,00
1,30
1,20
|
0,17
0,29
0,40
0,27
0,50
0,30
0,60
|
-
-
-
-
-
-
-
|
30,0
26,0
32,0
29,0
10,0
8,0
-
|
В2 дәруменінің әсерінен орталық және шеткі жүйке жүйелердің, бауырдың, асқазан-ішек жолдарының қызмет атқару жағдайы жақсарады.
В2 дәруменінің ағзаға жеткіліксіз түсуі кезінде арибофлавиноз дамиды. Оған тән симптомдар: дене массасы артуы, бойының өсуінің төмендеуі, әлсіздік, тез қажу, еріндерінде тігінен тұрған жарылулар, ісінулер, гиперемия, жараға айналуы (хейлоз), езуінде эрозия, жарылулар (ангулярлық стоматит) пайда болуы. Терісі құрғақ, қабыршақтанған, мұрнының қанаттарында және құлақтарының артында себореялық экзема түріндегі терінің өзгерістері, тілі қара қошқыл-қызыл түсті, ісінген, тілінің беті майда түйіршікті «географиялық тіл» болып көрінеді. Әрі қарай, көзінде өзгерістер дамиды: жарыққа қарай алмау, жас ағу, көз тамырларының кеңейіп қызаруы, қасаң қабығының бұлыңғырлануы (конъюнктивит, блефарит), жарыққа және түрлі-түстерге сезімталдығының төмендеуі пайда болады. Гипохромды анемия дамуы, инфекцияға қарсылық күшінің төмендеуі мүмкін.
В2 дәруменінің ағзаға қажеттілігі, емшек еметін жастағы балаларға тәулігіне 0,4-0,6 мг-нан, 11-17 жастағыларға -1,5-1,8 мг/тәулік, үлкен адамдарға – 1,5-2,4 мг/тәулік. В2 дәрумені едәуір мөлшерде жануар текті азықтардың құрамында – етте, бауырда, жұмыртақада, сүтте және сүт өнімдерінде, ашытқыларда, сондай-ақ дәнді дақылдарда, бұршақ тұқымдастарда, гүлді орамжапырақта, көк пиязда, бұрышта едәуір мөлшерде болады (8.11.- кесте).
Ниацин (В3-, РР- дәрумені, никотин қышқылы). Тотығу – тоықсыздану реакцияларында маңызды роль атқарады. Жасушалық зат алмасуы үшін өмірлік маңызы бар, себебі, тіндік тыныс алуда үлкен маңызы бар НАД және НАДФ ферменттерінің құрамына кіреді.
Ағзада ниацин триптофаннан синтезделеді, триптофанның никотин қышқылымен бірге жеткіліксіздігі пеллагра дамуына әкеп соғады. Пеллагра теріде, шырышты қабықшаларда, орталық нерв жүйесінде, асқазан-ішек жолдарыында пайда болатын симптомдармен сипатталады. Айқын аздәрумендіктің толық синдромы стоматитті және глосситті, іш өтуді, дерматиттерді және психикалық бұзылыстарды (үш «Д» - дерматит, деменция, диарея) қамтиды.
Ниациннің емшек еметін жастағы балаға қажеттілігі – тәулігіне 6-7 мг, 1-6 жастағыларға – 10-13 мг/тәулік, 7-17 жастағыларға – 16-20 мг/тәулік, үлкен адамдарға – 16-28 мг (8.2.,8.3.- кестелер).
Әдетте, тағам рационы дәнді дақылдар, бұршақ тұқымдастар, ет, балық, сорпалық өнімдер, жұмыртқа, көкөністер есебінен РР- дәруменімен жеткілікті қамтамасыз етілген (8.11.- кесте).
Пеллагра біржақты жүгерімен тамақтану кезінде пайда болуы мүмкін, оның құрамындағы ниацин, асқазан-ішек жолдарында нашар сіңетін түрінде болады. Амин қышқылдарының дисбалансы да белгілі бір роль атқаруы мүмкін. Мысалы, Индияда құрамында лейцині көп тарымен тамақтанатын адамдардың арасында көп таралған.
В6- дәрумені (пиридоксин). Қосылыстардың жақын тектес тобын – пиридоксин, пиридоксаль және пиридоксаминді біріктіреді. Олардың бәрі ағзада пиридоксальфосфат түзіп, фосфорланады. Пиридоксальфосфат трансаминазалардың және басқа да амин қышқылы алмасуын іске асыратын, атап айтқанда, амин қышқылдарын декарбоксильдеуді және қайта аминдеуді, оксиаминқышқылының және цистейінің дезаминделуін, триптофанның ниацинге айналуын және глютамин қышқылының алмасуын іске асыратын ферменттердің коферменті қызметін атқарады.
В6 дәрумені линоль қышқылынан биологиялық тұрғыдан белсенділігі жоғары арахидон қышқылының түзілуіне қатысады, липотропты әсер етеді және склерозға қарсы белсенділік қасиеті бар.
Қан түзілу үрдісінде пиридоксин үлкен роль атқарады. Оның жетіспеушілігі кезінде, лейкопоэздің төмендеуі мен анемия дамуы мүмкін.
В6 дәруменіне тәуліктік қажеттілігі ақуызға байланысты. Емізулі балаларда - 0,4 мг, 14-17 жаста - 2 мг дейін, үлкен адамдар үшін - 2 мг құрайды (8.11.- кесте).
Пиридоксин әр түрлі тағамдарда кең таралғандықтан, бұл дәруменнің толық жеткіліксіздігі өте сирек кездеседі. Гиподәрумендік белгілері балаларды жасанды тамақпен тамақтандырғанда, қызба мен инфекциясы бар науқастарда, асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруларында, пиридоксин-антогонистерімен (фтивазид, тубазид, т.б.) емдегенде байқалады.
Пиридоксиннің жетіспеушілігі, орталық жүйке жүйесінің бұзылуын (ашушаңдық, ұйқышылдық, полиневрит), тері мен шырышты қабықтардың зақымдануын (себореялық дерматит, ангулярлы стоматит, глоссит, хейлоз, конъюнктивит) тудырады, балаларда сіңір тартылуы, эпилептикалық конвульсия, гипохромды анемия болуы мүмкін.
Пиридоксиннің көздері -өсімдік және жануар өнімдері болып табылады, оларда бұл дәруменнің мөлшері көп болмаса да, ағзаға қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті (8.11.- кесте).
Фолацин (фоль қышқылы). Тетрагидрофоль қышқылы гистидин, метионин, т.б. амин қышқылдарының айналуларға түсуі кезінде, пуриндік және пиримидиндік нуклеотидтердің биосинтезі кезіндегі біркөміртекті топтарды тасымалдау үрдістерінде кофермент ретінде қатысады. Ол гем мен порфириннің түзілуін реттейді және белсенді етеді.
Фолацин жетіспегенде, балаларда мегалобласты анемия, алиментарлық макроцитарлық анемия, тропикалық спрудамуы мүмкін. Көбінесе, оның жетіспеушілігінің себебі, тамақ құрамында аз кездесуі мен сіңірілуінің бұзылуынан болады. Сонымен қоса, бұндай жағдайлар фолациннің сіңірілуін төмендететін дәрі-дәрмекті (бисептол, метотрексат, т.б.) көп қолданғанда, дәруменнің эндогенді синтезінің белсенділігін төмендететін бауыр ауруларында, фолациннің қажеттілігі жоғары болатын сәби жасындағы балаларда және қатерлі ісіктер кезінде пайда болады.
Балаларда тәуліктік қажеттілік- 40-200 мкг, ересектер үшін - 200 мкг құрайды (8.11.- кесте). Фоль қышқылы салыстырмалы түрде жапырақты дақылдарда (петрушкада- 117 мкг%, шпинатта - 53 мг%, бауырда -160 мг%, ашытқыда - 1470 мкг% көп, ал басқа өнімдерде оның үлесі аз. Ұзақ кулинариялық өңдеу фолациннің бұзылуына әкеледі.
Кобаламиндер (В12 дәрумендер). В12 дәруменінің барлық белгілі биохимиялық қасиеттері кофермент қызметін атқаратын метилкобаламин және аденозинкобаламин арқылы жүзеге асады.
Біріншісі, нуклеин қышқылдарының метаболизміне, екіншісі пропионаттың алдынғы өнімінің ыдырау жүйесіне қатысады.
В12 дәруменінің аш ішекте сіңірілуі үшін Кастл деп аталатын ішкі фактордың болуы керек. Оны асқазанның шырышты қабықшасының париетальді жасушалары бөледі, ол дәруменді ішектің шырышты қабықшасы арқылы тасымалдайды.
В12 дәрумені жетіспеушілігі кезінде, пернициозды анемия және жұлынның артқы бүйір бағаналарының склерозы және дегенерациясымен байланысты неврологиялық бұзылыстар дамиды.
В12 дәрумені тапшылығы, көбінесе ащы (жіңішке) ішек ауруларында (целиакия, спру, қатерлі ісіктер) сіңірілудің бұзылуымен, құрт (гельминт) ауруларында ішкі фактордың бұзылуымен, эндокринопатия мен гастроэктомия кезіндегі ішкі фактор бөлінуі төмендеуімен, т.б. байланысты. В12 дәруменінің жетіспеушілігі, вегетерианецтерде көп кездеседі, себебі, бұл дәрумен тек жануар өнімдерінде ғана кездеседі.
В12 дәруменінің тәуліктік қажеттілігі, емізулі жаста -0,3-0,5 мкг, 11-17 жаста- 3 мкг дейін, үлкен адамдарда қажеттілігі - 3 мкг.
В12 дәрумені құрамында көп болуымен ерекшеленетіндер, сиыр бауыры (60 мкг%), бүйрек (25 мкг%), шошқа бауыры (30 мкг%). Басқа өнімдерде оның үлесі аз: етте 2-6 мкг%, балықта 1-3 мкг%, сүтте 0,4 мкг%, сүзбеде 1-2 мкг%.
Майда еритін дәрумендер. А дәрумені. А дәрумені тобына ретинол, ретинил-ацетат, ретиналь, ретиной қышқылы, т.б қосылыстар жатады (8.9. -кесте). А дәрумені ретиналь түрінде түрлі-түсті, күндізгі және тұнгі көруді қамтамасыз ететін торлы қабықтың көру пигменттерінің простетикалық тобы болып табылады. А дәруменінің басқа түрі – ретинильфосфат жасуша мембраналарының гликопротеидтерінің түзілуі кезінде қант қалдықтарын тасымалдаушысының коферменті қызметін атқарады.
А дәрумені жас ағзалардың қалыпты өсуі мен дамуы үшін, эпителий тіндерінің қалыпты жағдайын сақтап тұру үшін, көру актісін реттеу үшін және жасушалрдың антигендік құрамының тұрақтылығын иммундық бақылау үшін керек.
А дәруменінің біріншілік жетіспеушілігі, әдетте, құрамында А дәрумені мен каротиндері бар тамақ өнімдерін аз қабылдау салдарынан тамақта ұзақ уақыт болмау себебінен және А дәруменінің сорылуын қамтамасыз ететін рациондағы ақуыздың, майдың, Е дәрумені мен және басқа нутриенттердің жетіспеушілігі нәтижесінде дамиды.
А дәруменінің екіншілік жетіспеушілігі, ақуыз-энергия жетіспеушілігі, ұйқы безі, бауыр, асқазан ішек жолдарының аурулары кезінде А дәруменінің тасымалдануы, қорға жиналуы және сіңірілуінің бұзылуы кезінде пайда болады.
А дәруменінің жетіспеуі немесе сіңірілуінің бұзылуы, түрлі түс қабылдауының, қараңғы жағдайға бейімделуінің бұзылуына - гемералопияның (тауық соқырлығы) дамуына әкеледі. Сонымен қатар, тері, тыныс жолдарының, көздің, асқорыту, зәр шығару жолдарының шырышты қабықшаларының эпителийлерінің метаплазиясын, яғни қалыпты эпителийдің көпқабатты жалпақ мүйізденетін эпителийге айналуын дамытады. Бұл конъюктиваның ксерозын, ал ауыр жағдайда, көздің қасаң қабығының қабынуын тудырады, тері құрғайды, шаш фоликулаларының мүйізденуі және гиперкератозы дамиды. Эпителий метаплазиясы нәтижесінде, тіндердің инфекцияға төзімділігі төмендейді, жоғарғы тыныс жолдарының, өкпенің, бүйректің, асқорыту жүйесінің қабыну аурулары жиілейді.
А дәруменінің жеткіліксіздігі салдарынан, ағзаның әр түрлі антигендерге иммундық жауабы әлсірейді, өйткені, ретинойдтардың әсер ететін жері Т-хелпер жүйесі. Соның салдарынан А дәруменінің жетіспеушілігі, антибластомды резистенттілікті төмендетіп, қатерлі ісіктердің дамуына мүмкіндік тудырады. Эпидемиологиялық зерттеулер көрсеткендей, ретинолмен және β-каротинмен аз қамтамасыз етілген кезде, тоқ ішектің қатерлі ісіктері көбейеді.
Адам жас болған сайын А дәруменінің жетіспеушілігінің салдары ауыр болады. Балалардағы алғашқы белгілері - көз бен терінің зақымдануы, инфекцияға қарсылықтың төмендеуі, кейін өсу және даму үрдістері баяулайды. Ауыр жағдайларда өлімге әкеліп соғуы мүмкін.
А дәруменін көп қолдану, жедел немесе созылмалы гипердәрумендікке әкелуі мүмкін. Әсіресе, оның жедел түрі емдеу мақсатында тағайындалған А дәруменінің үлкен мөлшерін (100000 мкг дейін) қолданғанда, балаларда жиі байқалады және ол бас ми қысымының көтерілуі, құсу белгісімен көрінеді.
Құрамында А дәрумені көп су жануарларының - ақ аю, кит, тюленьнің бауырын тамаққа қолдану А дәруменінің гипердәрумендігін дамытады және ол бас айналумен, ұйқышылдықпен, құсумен, диплопиямен, есі шатасуымен, бауырдың зақымдануымен сипатталады.
Созылмалы гипердәрумендік, әдетте, емізулі жастағы балаларда тәулігіне 6000-20000 мкг, қабылдағанда бірнеше жетіден кейін, ал жасы үлкендеу балаларда тәулігіне 33000 мкг дейін бірнеше ай бойына қолданғанда байқалады. Оның алғашқы белгілері - терінің құрғауы, мүйізденуі, ерні жарылуы, шаштың түсуі. Кейін, бас сүйек ішілік гипертензия дамиды, көк бауыр мен бауыр үлкейеді, кортикальды гиперостоз бен артралгия байқалады.
А дәруменіне қажеттілік, тек ретинолмен ғана қамтамасыз етіліп қоймай, сонымен қатар бауыр мен жіңішке (ащы) ішектің шырышты қабықшасында А дәруменіне айналатын, продәрумен А - өсімдіктердегі каротиноидтардың (a-, b- каротиноидтары, криптоксатин, т.б.) ағзаға түсуінің есебінен де қамтамасыз етіледі. Каротиноидтардың А дәрумендік белсенділігі, ретинолға қарағанда төмен. Ең бағалысы -b-каротин, белсенділігі басқа каротиндерден екі есе артық, ретинолға қарағанда алты есе төмен, яғни 1 мкг ретинолдың белсенділігі 6 мкг каротиноид белсенділігіне тең.
Ағзаға А дәруменінің қажеттілігі, ретинолмен қатар каротиноидпен де қамтамасыз етілетіндіктен, А дәруменіне физиологиялық қажеттілік ретинолдық эквивалентпен сипатталады, оның 1 мкг-сі ретинолдың 1 мкг-не немесе каротиннің 6 мкг-не тең.
А дәруменінің емізулі жастағы балаларға қажеттілігі, үлкен адамдарға қарағанда 6-7 есе жоғары, орта есеппен 70-100 мкг/кг дене массасына (400 мкг/тәулік), үлкен адамдарға - 14-15 мкг/кг. Балалардың келесі жас шақтарында оның қажеттілігі, емізулі жастағыға қарағанда төмендегенімен, үлкен адамдарға қарағанда жоғары болып қалады.
Дата добавления: 2016-03-26 | Просмотры: 785 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 |
|