АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Жіктелуі (Г.Н.Красовский бойынша) 70 страница

Бүгінгі күнге дейін сәулеленуге ұшырау деңгейін бірден бағалауға мүмкіндік беретін тікелей дозиметрия әдістерінің жоқ екенін ескерген жөн. Осыған байланысты, ішкі сәулеленуге шалдығу дозасын анықтауды адамның денесіндегі белсенді заттардың құрамы жөніндегі немесе олардың ағзаға түсуі жөніндегі мәліметтер негізінде келесі әдістерді қолданылып жүргізеді:

Тікелей әдіс – бұл адамның денесінен шығатын сәулеленудің қарқындылығын өлшеу жолымен бүкіл денесіндегі немесе жеке сындарлы мүшелеріндегі белсенді заттарды анықтау. Мысалы, емдеу мақсатында радиофармацевтикалық препараттар енгізілген пациенттің радиологиялық бөлімнен шығу кезінде, одан шығатын гамма-сәулеленуінің доза қуатын анықтау кезінде қолданылады. Ол пациенттен 1 м қашықтықта сағатына 3 мкЗв-тен аспауы қажет. Гамма-сәулеленуінің доза қуатын өлшеу үшін, детекторлары NaІ (TІ) кристалы түріндегі немесе сұйықты сцинтиляциялық спектрометрлерді қолдануы мүмкін.

Жанама әдіс - адамнан бөлінетін биосубстраттарды (сілекей, тер, тыныс алудан шыққан ауа, қан, нәжіс, зәр) радиометриялық зерттеу мәліметтері бойынша немесе ауаны, тағамдық азықтарды, суды және заттың беттердің ластану деңгейін радиометрлік зерттеу нәтижелері бойынша бүкіл денедегі немесе жеке мүшелердегі белсенді заттарды анықтауға негізделген.

Ағзадан бөлінетін барлық заттардың ішінен радиометрлік зерттеу үшін, ең жиі зәр алынады.

Мұндай зерттеулер үшін, сілекей мен тердің жарамдылығы аздау, себебі, бұл биосубстраттардың белсенділігі мен ағзадағы белсенді заттардың арақатынастары туралы мәліметтер әзірге жеткіліксіз. Тыныс алудан шыққан ауаны радиометрлік зерттеу, тек ағзадағы радий мен торийді (тыныс алудан шыққан радон мен торон бойынша) бағалау үшін қолданылады

Нәжістің белсенділігі жөніндегі радиометрия нәтижелеріне түсініктеме беру күрделі, себебі белсенді заттар оларға бірнеше жолдармен түседі: ауыз арқылы, ас қорытатын сөлдермен және өтпен. Радиоактивті изотоптардың кейбір бөліктері асқазан-ішек жолдарына өкпеден шығатын қақырықты жұтқан кезде түседі. Егер белсенді заттар ағзаға тек бір жолмен (ауыз арқылы немесе ингаляциялық) түсетін болса, нәжістің белсенділік нәтижесімен денедегі белсенді заттардың мөлшері арасындағы байланыс сенімді орнатылады, ал бұл жағдайда белсенді изотоптардың асқазан-ішек жолдары арқылы сіңуі есепке алынбайды.

Нәтижелерге түсініктеме бергенде, белсенді заттардың бүкіл денеде және сындарлы мүшеде ұсталынуы, ағзадан шығарылуы туралы және изотоптың қаннан сындарлы мүшеге өтетін бөлігі туралы ақпараттар болуы қажет.

Радиохимиялық немесе радиометрлік талдау мәліметтерін түсіндіру, радионуклидтердің ағзаға түсу жолдарына және түсу уақытының ұзақтығына, олардың ағзада таралуына (біркелкі, остеотропты, қалқанша безге, т.б.), изотоптың ағзада болатын уақытына (жартылай ыдырау кезеңіне және ағзадан шығатын биологиялық кезеңіне) байланысты.

Ашық түріндегі белсенді заттармен (ұнтақтармен, ерітінділермен) жұмыс істеу, жұмысшылардың қолының, киімдерінің, аспаптардың және зертханалық жабдықтардың, заттардың жұмыс атқарылатын беттерінің, бөлменің едені мен қабырғаларының және ауаның осы заттармен ластануына әкеп соғуы мүмкін. Бұл нысандардан белсенді заттар адам ағзаларына түсуі мүмкін, соның нәтижесінде жұмыс істеуші қызметкер, сыртқы да және ішкі де сәулеленуге шалдығуы мүмкін.

Радионуклидтермен қатынаста болатын адамдарды қорғау мәселелерін шешу үшін зат беттерінің ластану деңгейлерін анықтайды. Табылған мөлшерлерді рұқсат етілген деңгейлермен (12.12.-кесте) салыстырады. Бұл шектік рұқсат етілген деңгейлерді орнату кезінде келесі ережелер қабылданған:

- сыртқы және ішкі сәулелену әсері есебінен ағзаға сіңген дозаның жиынтығы сәулелену әсеріне орнатылған шектік рұқсат етілген дозадан аспауы қажет;

- ағзаға α-белсенді заттар түскен кезде, β -белсенді заттарға қарағанда, қауіптілігі жоғары;

- қолға және дененің басқа бөліктеріне арналған шектік рұқсат етілген ластану деңгейі, басқа заттардың беттеріндегімен салыстырғанда, аз болуы қажет, себебі, бұл жағдайда белсенді заттардың ағзаға түсуі басқа жағдайлармен салыстырғанда жоғары.

Кесте

Заттардың жұмыс атқарылатын беттерінің, терінің, арнайы киімдердің және жеке басты қорғайтын заттардың белсенді ластануының рұқсат етілген деңгейлері. (бөлш/см2·мин)

Ластанатын нысандар Альфа-белсенді нуклидтер Бета- белсенді нуклидтер
Жеке РЕКБ<0,3 Бк/м3 басқалары
Жарақаттанбаған тері, орамал, арнайы іш киім, жеке басты қорғайтын заттардың беткі бөлігінің ішкі беті.      
Негізгі арнайы киім, қосымша жеке басты қорғайтын заттардың ішкі беті, арнайы аяқ киімнің сыртқы беті.      
Қызметкер үнемі болатын бөлмелердің және олардың ішіндегі жабдықтардың беттері.      
Қызметкер оқта-текте болатын бөлмелердің және олардың ішіндегі жабдықтардың беттері      
Саншлюздарда шешіп қалдыратын қосымша жеке басты қорғайтын заттардың сыртқы беттері      

 

Әр түрлі беттердің белсенді заттармен ластану деңгейін, стационарлық және тасымалданатын радиометрлік аспаптардың, сондай-ақ, жағынды әдістің көмегімен іске асырылуы мүмкін. Жағынды әдістің мәні, ластанған беттерден қандай да бір материалмен (дәке, мақта тампондары, т.б.) белсенді заттарды сүртіп алып, әрі қарай осы материалдың радиобелсенділік деңгейін анықтаудан тұрады.

Жағындыларды құрғақ және ылғал материалдармен алуға болады. Жағынды алатын материалды сумен немесе қышқылмен сулау, әдістің сезімталдығын арттырады, бірақ әрі қарай істелетін операциялардың орындалуын біраз қиындатады. Көп жағдайларда, әсіресе тегіс беттер ластанғанда (болат, плиткалар т.б.), ал ластану деңгейі едәуір болған кезде, құрғақ әдісті толығымен қолдануға болады.

Жағындыларды сүртіп алу тиімділігі бірқатар себептерге байланысты (беттің сипатына, жағынды түріне, беттен жағындыны алу сапасына т.б.) жағынды алу әдістемесін стандарттау мүмкіншілігі төмен, сондықтан әдістің дәлдігі жоғары емес. Сонымен қатар, бұл әдістің орындалуы өте қарапайым, тіпті қолда қажетті бейімделген заттар жоқ кездің өзінде де қолдануға болады және беттердің ластану деңгейі мен сипаты жөнінде қажетті мәліметтер береді.

Бөлмелер немесе оның жеке бөліктері (едені, қабырғалары) белсенді заттармен ластанған жағдайда, тездетіп дезактивация жасауға кіріседі. Егер құрғақ заттармен ластанған болса, онда оларды сәл ғана ылғалданған шүберекпен жинап алады. Көп көлемде төгілген белсенді сұйықтықтарға ағаш үгінділерін сеуіп, жинап алады. Радиоактивті заттардың негізгі бөлігін жинап алғаннан кейін, олардың қалдықтарын беттерден арнайы жуғыш заттармен өңдеу арқылы кетіреді. Ластанған беттерді, жуғыш заттармен суланған жұмсақ щеткалармен немесе тампонмен, не сумен жуу арқылы дезактивациялайды.

Қуысты немесе жеңіл суланатын материалдан жасалған беттерді (керамика плиткалар, цемент) дезактивациялау кезінде, жуғыш ерітінділерді өңделетін бетте ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды, себебі, белсенді заттар жуғыш ерітінділермен бірге материалға сіңіп қалады.

Егер ластанған беттердің тігісі және жапсары жоқ, тегіс жабылған болса (пластикат, линолеум т.б.), онда тазалауды көбірек сулап (су құйып немесе су бүркіп) жүргізуге болады. Өңделетін бетті арнайы жуғыш заттармен дезактивацияланғанан кейін көп сумен жуып, таза, құрғақ шүберекпен сүртеді, содан соң тиісті радиометрлік құралмен беттің тазалығы бақыланады. Радиоактивті заттармен ластанған жеке басты қорғайтын заттарды арнайы жабдықталған кір жуатын орында дезактивациялайды.

Теріні белсенді ластанудан тазарту кезінде, оны неғұрлым тезірек жүргізсе, соғұрлым тиімді болады, себебі, белсенді ластану теріде ұзақ тұрып қалса, олардың мықтырақ жабысуына әкеп соғады. Көпшілік жағдайларда, қолды өңдеу үшін сабынды және щетканы қолданып, жылы сумен жақсылап жуу жеткілікті. Ластану деңгейі жоғары кезде, сабынмен жуудың тиімділігі жеткіліксіз болғанда, әр түрлі арнайы құрамдарды, атап айтқанда адсорбенттерді, кешен түзушілерді және еріткіштерді қолданады. Бірақ, көптеген белсенді элементтердің физико-химиялық қасиеттері әр түрлі болғандықтан, әмбебап заттарды ұсынуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, арнайы құрамдардың қолданылуы, өте шектеулі. Мысалы, қолдың ториймен және фосформен ластануы кезінде, трилон Б қосылған сабынды қолдану, радиймен ластануын тазарту үшін каолин сабынын қолдану ұсынылады,т.т.

 


Дата добавления: 2016-03-26 | Просмотры: 855 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)