АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Жіктелуі (Г.Н.Красовский бойынша) 42 страница
Балалар жиһазын таңдағанда дұрыс бағдар беретін негізгі көрсеткіш балананың бойы болып табылады. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде жиһаздар мен жабдықтардың әр түрлі түрлері: манеждер, төбешіктер, үстелдер, орындықтар, төсектер, ойыншықтарға арналған шкафтар және т.б. қолданылады. Атап айтқанда, 1-5 жас аралығындағы балалар топтарында екі немесе төрт орынды трапеция тәрізді (қосымша) үстелдер, үлкенірек балалар (5-7 жас) топтарында – үстел бетінің көлбеулігі өзгермелі болатын және оқу құралдарына арналған жәшіктері бар, екі орынды үстелдер орнатылады. Тұрмыс жағдайында бір орынды үстелдер де қолданылады. Балалардың бойына байланысты мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған үстелдер мен орындықтарды 6 топқа бөледі (9.11.- кесте):
Кесте
Мектеп алды кезеңіне дейінгі және мектепке дейінгі жастағы балаларға
арналған үстелдер мен орындықтардың өлшемдері
Жиһаз тобы
| Жиһаздың түрлі түстік таңбасы
| Баланың бойы, см
| Үстел биіктігі,
см
| Отырғыш биіктігі,
см
| Баланың жасы
| А
| Сары
| 80 дейін
|
|
| 7ай – 1жас 8 ай
| Б
| Қызыл
| 80-89
|
|
| 1 жас 5 ай – 2 жас8 ай
| В
| Көгілдір
| 90-99
|
|
| 2-4жас
| Г
| Жасыл
| 100-114
|
|
| 3-6жас
| Д
| Ақ
| 115-129
|
|
| 5-7 жас
| Е
| Көк
| 130 -дан жоғары
|
|
| 6-7 жас
|
Табиғи жарық міндетті түрде сол жағынан түсуіә кезінде, үш орынды үстелдерді 3 қатардан артық емес етіп, ал төрт орынды үстелдерді 2 қатар етіп, орналастырады. Бұл кезде бірінші үстелдерден тақтаға дейінгі ара қашықтығы 2,5-3 м кем болмауы, тақтаның іліну биіктігі 07-0,8 м, үстелдерден жарық келетін қабырғаға дейінгі ара қашықтығы – 1м кем емес болуы керек.
Мектеп алдыға дейінгі жастағы балаларға арналған ұйықтайтын бөлмелерде биіктігі өзгертілетін, қоршауы бар, төсектер, мектепке дейінгі балаларға – қоршаусыз балаларға арналған төсектер қолданылады. Екі қабатты қозғалмайтын төсектерді қолдануға рұқсат етілмейді.
Теледидарлық хабар көру үшін топ бөлмесіне теледидарлар қойылуы мүмкін. Олардың экранының диагоналының өлшемі 59 см кем емес, орнатылу биіктігі 1-1,3 м, экраннан балаларға дейінгі қашықтық 4-6 м болуы керек.
Жалпы білім беретін мекемелерде сынып бөлмелері, кабинеттер, зертханаларды жабдықтау үшін парталарды, бір-екі орынды оқушыларға арнлаған үстелдер мен орындықтар, компьютерлік үстелдер, шкафтар, сынып тақталары, физиканың, химияның, биологияның және т.б.мамандандырылған кабинеттері үшін зертханалық үстелдер-. қолданылады. Мектеп жиһазы да, мектепке дейінгі мекемелер жиһазындай, балалардың бойына байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір тобындағы бойы ұзындығының аралығы 15см болатын, жиһаздардың 6 тобын ажыратады. Олар, бойының ұзыдығы «100-115 см» топтан басталып, бойы «175 см артық» топпен аяқталады (9.12.- кесте).. Үстел мен орындықтардың негізгі өлшемдері дене өлшемдеріне байланысты анықталады. Орындықтың биіктігі балтыр мен аяқ ұшының ұзындығына +1,5-2см (өкшенің биіктігіне) тең болады.
Орындықтың биіктігі үлкен болса, аяққа еден тіреу бола алмайтындықтан, аяқтардың салбырап қалуына және санға түсетін жүктеменің артуына әкеледі. Жеткіліксіз биіктігінде аяқтар орындықтан биік көтеріледі, балтыр мен сан арасында сүйір бұрыш түзіліп, тізе астындағы ойықтың тамырлар шоғырының қысылуына әкеледі.
Отырғыш тереңдігі сан ұзындығының 2/3 кем емес және 3/4 артық емес, ал ені - d. bitrochanterica +3-4 см болуы керек. Орындықтар арқалығының профилі омыртқа бағанасының бел және бел-жауырынасты аймақтарының пішініне сәйкес болуы тиіс.
Кесте
Жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арналған
үстелдер мен орындықтардың өлшемдері
Жиһаздың нөмірі*
| Түрлі түсті таңбасы*
| Балалардың бойы, см
| Үстелдің оқушыға қараған қырының биіктігі, мм
| Отырғыштың алдыңғы қырының биіктігі, мм
|
| Қызғылт сары
| 100-115
|
|
|
| Күлгін
| 115-130
|
|
|
| Сары
| 130-145
|
|
|
| Қызыл
| 145-160
|
|
|
| Жасыл
| 160-175
|
|
|
| Көгілдір
| 175 артық
|
|
|
*- Жиһаз нөмірі мен түрлі түсті таңбасы, үстел мен орындық қатарларының арасынан өтетін жолдардан көрінуі үшін, олардың екі жағынан да белгіленеді.
Оқушылардың дұрыс дене қалпы үстелдер мен орындықтардың өлшемдерін анықтайтын параметрлерін сақтағанда ғана емес, олардың өзара ара қатынастарымен де анықталады. Мұндай параметрлерге отырғыш пен арқалықтың дистанциясы және дифференция жатады. Арқалық дистанция (аралығы) деп үстел бетінің оқушыға қараған қыры (үстелдің артқы қыры) мен отырғыштың арқалығы арасындағы ара қашықтықты айтады.
Ол дененің алдынан артына дейінгі өлшемдерінен 3-5см-ге артық болуы керек. Дистанция аз болғанда үстелдің беті алдынан, ал отырғыштың арқалығы арт жағынан кеуде торына тіреледі де, еркін отыруына мүмкіндік бермей, тыныс алуды және қан айналымын қиындатады, қолайсыз дене қалпы салдарынан статикалық жүктемені арттырады. Арқалықтың үлкен дистанциясында дененің еңкеюі артады және отырғыштың арқалығы сияқты бекіну нүктесі жойылады, бұл статикалық қажудың тез дамуына, сонымен бірге, омыртқаның қисаюына және алыстан көрмеушілік дамуына әкеледі.. Отырғыш дистанциясы (аралығы) – үстелдің бетінің артқы қырынан отырғыштың алдыңғы қырына дейінгі көлденең аралық. Отырғыштың дистанциясын оң, теріс және нөльдік деп ажыратады. Оң дистанциясында үстелдің қыры мен отырғыштың қырының арасында белгілі бір ара қашықтық болады, теріс дистанция кезінде – отырғыштың қыры үстелдің қырына кіріп тұрады (орындық үстел астына қарай итерілген), нөлдік дистанцияда отырғыштың екі қыры да тігінен алғанда бір деңгейде тұрады.Үстел басында отырып жұмыс орындағанда, теріс дистанция сақталуы керек, оның өлшемі жиһаздың 1-2- топтары үшін 4 см, 3-4-те – 5-6 см, 5-6-да – 7-8 см болуы тиіс. Отырғыштың оң және нөлдік дистанциясы, қолын үстелге жазуға және оқуға қолайлы қою үшін, оқушының алға қарай созылуына мәжбүр етеді. Нәтижесінде бұндай дене қалпы тез қажытады, дене мүсінің бұзылыстары мен алыстан көрмеушілік дамуы мүмкін. Оң дистанция тұрғанда, оқушыны отырғызғанда және үстелден шыққанда қолданылады, ол үстелдің қақпағын ашу немесе орындықты жылжытумен жүреді.
Дифференция - үстелдің артқы қырынан отырғышқа дейінгі тігінен алғандағы қашықтық. Ол оқушының түсірілген қолының шынтағынан отырғышқа дейінгі ара қашықтыққа +5-6 см тең болады. Егер дифференция аз болса, яғни орындық тым жоғары немесе үстел төмен болса, көзден дәптерге және кітапқа дейінгі қалыпты ара қашықтық бұзылады. Сондықтан, оқушы денесін және басын өте еңкейтіп отыруға мәжбүр болады, бұл еңкіштік, сколиоз (омыртқаның қисаюы), көру мүшесінің қажуы, кеуде және құрсақ қуыстары мүшелерінің қысылуының дамуына әкеледі. Артық дифференцияда (биік үстел немесе аласа орындық) оқушының көздері мен дәптердің арасындағы ара қашықтық күрт төмендейді және екі шынтақты үстел үстіне қою мүмкін болмайды. Сондықтан, жазу жазған кезде оң иық үнемі көтеріліп, иық белдеуінің бұлшық еттеріне күш түседі, сколиоз бен алыстан көрмеушілік дамиды.
Кіші мектеп жасында жеке үстелдер мен орындықтарды емес, парталарды пайдаланғаны дұрыс, себебі парта, қолайлы дистанция мен дифференцияны және дұрыс отыру дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ететін, бекітілген отырғыш пен үстелден тұрады.
Бір сыныпта оқитын оқушылардың бойы мен дене өлшемдері әр түрлі болғандықтан, әрбір сыныпта әр түрлі нөмерлі үстелдер мен орындықтар болуы керек. Екі орынды үстелдерді 3 қатар етіп қояды, олардың бірінші үстелінен оқу тақтасына дейінгі қашықтық – 2,4-2,7 м кем емес, қатарларының арасындағы ара қашықтық - 60 см кем емес, үстелдерден сыртқы қабырғаға дейінгі ара қашықтық – 50 см кем емес болуы тиіс. Көру бұзылыстары бар оқушыларды, жиһаздың нөміріне қарамастан, терезе жақтағы бірінші қатардың алдыңғы парталарына отырғызады. Есту бұзылыстары бар балаларды осы сияқты, бірақ ішкі қабырғаға жақын (резонанс құбылысын болдырмау үшін) отырғызады. Сыртқы қабырғадан алысырақ жедел респираторлық аурулармен, ангинамен жиі ауыратын, резистенттілігі төмен, созылмалы аурулары бар оқушыларды да отырғызады. Көздері жақсы көретін балаларды кез келген қатарға отырғызуға болады. Дене мүсіні бұзылыстарын және қылилық дамуын болдырмау үшін, шеткі оң және сол қатарларда отыратын балаларды жылына 2-3 рет орындарын ауыстырып отырғызу қажет. Мектеп 2 немесе 3 ауысыммен жұмыс істейтін жағдайларда, бір сынып бөлмесі, жастарында едәуір айырмашылықтары бар сыныптар үшін қолданылмауы керек, себебі мұнда оқушыны дұрыс отырғызуды қамтамасыз ететін негізгі қағида - мектеп жиһазының оқушының бойына сәйкес келуі орындалмай қалады.
Жалпы білім беру мекемелерінде қолданылатын сынып тақталарының құрылымы, қаптаған материалы, түсі, жазуға қолданылатын жабдықтары бойынша әр түрлі болуы мүмкін. Қазіргі уақытта ең дұрысы болып саналатыны, шыны-эмальді жабыны бар, болат табақтан жасалынған тақталар. Бормен жазудың жақсы көрінуі үшін, эмаль қою жасыл немесе қою қоңыр түстерге, ал фломастерлермен жазылғанда ақ түске боялады. Шыны-эмальді тақталардың өлшемі әр түрлі болады, магниттің көмегімен сызбалар, суреттер іліп қоюға болатын, бірнеше жұмыс беттері болады. Тақтаның еденге дейінгі төменгі қырының биіктігі 80-90 см, ал соңғы орыннан тақтаға дейінгі ең үлкен қашықтық 8,6 м артық болмау керек. Бірінші парталарды тақтаға 2,4 м-ден жақын орналастыруға болмайды, себебі бұл көру бұрышының күрт төмендеуіне әкеледі.
Физика және химия кабинеттері арнайы тәжірибені көрсететін үстелдермен, су, электр энергиясымен, сығылған ауамен қамтамасыздалған оқушылардың екі орынды зертханалық үстелімен жабдықталады. Химия зертханаларында міндетті түрде сору шкафтарын орнату керек. Шет тілдер кабинеттерінде лингафондық рецептивті қондырғылар, магнитофон, күйтабақ ойнатқыш, проекциялық аппараттар және олардың астына қойылатын қойғыштар немесе тіреулер, көрнекті құралдар мен техникалық оқу құралдарын сақтайтын шкафтар болуы керек. Оқытушы үстелі проекциялық аппараттарды басқару пультімен жабдықталады.
8.6. Балалар ойыншықтарына, оқулықтарына және киіміне қойылатын гигиеналық талаптар.
Оқу үрдісі көзге үлкен жүктеме түсіруімен жұреді, ол, көп жағдайларда мектеп оқулықтарының балалардың жасына байланысты көру мүшесі дамуының ерекшеліктеріне сәйкес келуіне байланысты болады. Кітап оқу көзді қимылдататын бұлшық еттердің, көз бұршағының қисығын өзгертетін аккомодациялық бұлшық еттің және көздің жарықты сезетін аппаратының жұмыстары бір–бірімен үйлесіп, қатар жүруін қажет етеді. Кітап оқу жеткілікті дәрежеде көзге жақын аралықта жүзеге асырылатындықтан, ұзақ уақыт, әсіресе, майда жазылған мәтіндермен, жұмыс істегенде, осы үрдіске қатынасатын бұлшық еттердің де, жарықты қабылдайтын аппараттың да қажуы мүмкін. Бұл кезде аккомодациялық бұлшық еттің жиырылуы тоқталады немесе ол жиырылған күйінде болады.
Кітап оқығанда қарау мәтінің жолдарын бойлай әлсін-әлсін кідірістермен (фиксациямен) жылжып отырады, фиксация кезінде оқыған мәтінін мазмұнын қабылдау жүреді. Кітапты жаңадан оқып үйрене бастаған балаларда, 1 жолды оқығанда 17-20 кідіріс болады, ал тәжірибесі мол оқырман 5-6 кідіріс ғана жасайды. Кітап оқи алмайтын балалар мәтінді түсінуі үшін тақырыптың жекелеген элементтеріне бірнеше рет кідірумен (рефиксация) қайта оралады. Сонымен, кітап оқу көріп қабылдауды ғана емес, көріп ажыратудың белгілі бір жылдамдығын, назар аударуды және көріп еске сақтауды қажет етеді, бұл оқу үрдісінің қажытатын әсерін одан да арттырады. Оқу дағдылары қалыптасқан кезде, фиксация және рефиксация ұзақтығы мен саны біртіндеп төмендейді, оқу жылдамдайды, көз қимылы едәуір реттеледі. Дегенмен, орта және үлкен жастағы оқушылардың өзінде де кітап оқыған кездегі көз қимылының ырғагы мен жүйелілігінде, үлкен адамдардағы сияқты, жоғары тұрақтылық болмайды. Сондықтан, мектеп оқулықтары мен кітаптарды дайындау жөніндегі гигиеналық ұсыныстар әр түрлі жастағы оқушылар үшін дифференцияланған болып табылады. Оқулықтардың гигиеналық талаптарға сәйкестігін бағалайтын параметрлеріне: қаріп (шрифт) өлшемдері, қаріптердің толық жиынтығы (гарнитура), теруі, баспа, қағаз, иллюстрация сапасы, пішім, салмағы, мұқабасы жатады.
1- сыныптағыларға арналған әліппенің бірінші беттеріндегі әріптердің биіктігі 6-8 мм болуы керек. Әріптерді ажырату және оқу дағдыларын біртіндеп меңгеру барысында, әліппенің келесі беттеріндегі әріптердің өлшемдерін 3,4-4 мм дейін, ал одан кейін 2,8 мм дейін кішірейтеді. 2-4- сыныптардың оқушылары үшін өлшемі 2,5-2 мм, 5-6- сыныптар үшін – 2 мм, 7-11- сыныптар үшін - 1,75 мм қаріптерді қолданады. Осыған сәйкес әріптердің тік және көлденең сызықтарының жуандығы да кішірейеді. Көз қажуының алдын алу үшін қәріптерді қарапайым суреттермен (гарнитурамен) - қәріптердің шабылған, тікелей кескіні түрінде қолдану керек..
Мұндай гарнитураларға әліппе, журнал, мектеп жиынтықтары және басқалар жатады. Теру мәтін жолдарының ұзындығымен, олардың арасындағы ара қашықтықпен, жиектерінің өлшемдерімен, басылу тығыздығымен сипатталады. Жолдардың ұзындығы кіші сынып оқушылары үшін 126-130 мм, үлкен сыныптарда - 90-110 мм болуы қажет. Екі бағанадатеру қолданылмайды, себебі мұндай теруде көз қимылы жиілейді және жолдың басын табу қиындайды.
Мәтіннің қолайлы оқылуы үшін жолдар арасындағы (интерлиньяж) және сөздер арасындағы ара қашықтықтың (аппрош) да маңызы аз емес. 1-2- сыныптарға арналған оқулықтар үшін жолдар арсындағы ара қашықтық 2,8 мм кем емес, ал басқаларының барлығына - 2,7 мм кем болмауы керек. Сөздер арасындағы ең алшақ ара қашықтық - 4-11 мм - бастауыш сыныптарға арналған басылымдарда қолданылады, жоғарғы сынып оқушыларына арналған оқулықтарда олар 2 мм дейін азаяды.
Оқулықтардың басылуы анық, қара түсті және біркелкі болуы керек. Қағаздың сапасы мәтіннің жақсы көрінуін қамтамасыз етуі, жарық өтпейтін, жұмсармайтынжәне ылғалды бойына сіңірмейтін болуы керек. Осы мақсатта көп жалтырамайтын (типографиялық және №1 офсеттік қағаз) ақ қағаз қолданылады. Газетке арналған қағазды қолдануға рұқсат етілмейді. Оқулықтар пішімі бойынша үлкен және ауыр болмауы керек. 1-4- сыныптар оқулықтары үшін оқулық салмағы 300г, 5-6 сыныптар үшін – 400г, жоғары сыныптар үшін - 600г аспауы керек.
Балалар қолданылатын негізгі заттардың бірі ойыншықтар болып табылады. Бірақ, гигиеналық талаптарға сәйкес емес ойыншықтарды пайдалану бала денсаулығы үшін қауіпті болуы мүмкін, сондықтан ойыншықтар сапасына барынша мұқият санитарлық бақылау жүргізіледі. Ойыншықтар рұқсат етілген өнімдер мен материалдардан жасалуы және отқа төзімді болуы керек. Ескі құсқыны пайдалануға, ал 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарды жасауға табиғи теріні, қылды, былғарыны қолдануға рұқсат етілмейді. Сылдырмақтар мен музыкалы балалар ойыншықтарының ұсақ-түйек бөлшектері жеңіл залалсыздандырылуы және өзіне ылғалды сіңірмеуі қажет. Ойыншықтар жасауда мыс түтіктерін, мырышпен қапталған болатты, ақ қаңылтырды қолдануға болмайды. Ойыншықтарды бояу үшін, сілекей, тер, ылғал және дезинфекциялаушы заттардың әсерлеріне тұрақты жабын беретін, сыр мен лактар таңдалынып алынуы керек. Барлық ойыншықтардағы көшпелі ауыр металлдардың (барий, кадмий, хром, қорғасын, сынап, селеннің) максималды мөлшерін анықтайды.
Сонымен бірге, полимерлік және басқа синтетикалық материалдардан, резеңке, қағаз, картоннан жасалынған ойыншықтардың құрамына кіретін зиянды әсері бар әр түрлі құрамдас бөліктерінің (мономерлер, пластификаторлар, қатайтқыштар және т.б.) ауаға және су ортасына бөлінуі зерттелінеді. Бөлінетін өнімдер ішінде формальдегид, фтолат, акрилонитрил, этилбензол, метилметакрилат, стирол, тиурам, және т.б. улы қосылыстар болуы мүмкін. Бұл заттардың бәріне де көшуінің рұқсат етілген деңгейі белгіленеді.
Сыртқы пішіні мен құрылымы бойынша ойыншықтар тегіс болуы, өткір бұрыштары және ұсақ, жеңіл бөлінетін бөлшектері, иісі болмауы керек. Бөлмелерде ойнауға арналған ойыншықтардың шығаратын дыбыс деңгейі 65 дБА, ал ашық ауада ойнауға арналған ойыншықтарда - 75дБА аспауы керек.
9. Балаларды еңбекке тәрбиелеу және үйрету. Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау және мамандық түріне дәрігерлік кеңес беру.
9.1. Балаларды еңбекке тәрбиелеу және үйрету. Еңбекке тәрбиелеу мен үйретудің мақсаты балаларда еңбек сүйгіштіктік қалыптастыру, оларды жалпы еңбекке дағдыландыру және епті ету, белгілі бір мамандық түрін меңгеруі ғана емес, сонымен қатар, еңбектің ағзаға қолайлы әсер етуінің арқасында балалар мен жасөспірімдерді сауықтыруды да көздейді. Дене еңбегімен айналысу зат алмасу үрдістерін ынталандырады, қимыл үйлесімділігін жақсартады, бұлшық ет күші мен төзімділікті арттырады, ағзаның барлық жүйелерінің функционалдық жағдайының жақсаруына ықпалын тигізеді және гиподинамия дамуының алдын алады..
Еңбекке тәрбиелеу мен үйрету, мектепке дейінгі жастың өзінде-ақ басталып және мектепте оқудың барлық жылдарында жалғасатын, көп сатылы сипатта болады. Ол келесі қағидаларға негізделуі тиіс:
· Еңбек әрекетінің сипаты, көлемі және ұйымдастырылуы балалардың жасына, жынысына байланысты мүмкіншіліктеріне және денсаулық жағдайына сәйкес болуы керек;
· Еңбек жүктемелері, ағзаны жаттықтыратын әсер беріп, біртіндеп ұлғаюы және күрделенуі керек;
· Еңбектің қауіпсіз жағдайлары қамтамасыз етілуі тиіс.
Бастауыш мектептің оқушылары еңбек сабағында әр түрлі материалдарды пайдаланып, қолмен жұмыс істеудің қарапайым дағдыларын меңгереді, өсімдіктерді отырғызу және оларды баптап күтуді үйренеді, қарапайым ойыншықтарды және басқа ұсақ-түйектерді жасайды, оқу-көрнекті құралдарын жөндеумен және т.б. айналысады. Бұл жастағы балалардың дене еңбегіне мүмкіншіліктері әлі аз болғандықтан, өңдеуге негізінен жеңіл берілетін материалдар - қағаз, мата, пластилин, картонмен жұмыстар жасалынуы керек. Осы кезде орындалатын кесу, жабыстыру, желімдеу, тігу және басқа іс-әрекеттер нәзік қимыл үйлесімділігін дамытуға және білезіктің ұсақ бұлшық еттерін қимылдатуға мүмкіндік береді. Мектеп маңындағы жер телімдерде жұмыс істеу еңбекке баулудың қажетті құрамдас бөлігі болып табылады, себебі еңбек әрекеті ағзаға пайдалы әсер көрсететін, ашық ауада болуымен біріктіріледі.
Негізгі мектептің 5-9 сынып оқушыларын еңбекке үйрету, бастауыш мектепке қарағанда, күрделірек, күнделікті өмірде қажетті, білім мен іскерлікті меңгеруге бағытталған. Мысалы, бұл жаста металл, ағаш, маталарды өңдеу технологиясын және жұмыс операцияларын, электротехниканың қарапайым мәселелерін шешуге, тігін тігуді, тамақ пісіруді, тұрмыстық техникамен жұмыс істеуді үйренеді. Ауыл мектептерінде еңбекке баулуда оқушыларды ауыл шаруашылығы жұмыстарына тарту да қолданылады.
Жалпы білім беру мекемесінің мамандыққа дайындайтын профиліне байланысты жоғары сыныптарда (10-11 сыныптар) белгілі мамандықтарға үйрету жүргізіледі.Сабақтар мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттарда, оқу-өндірістік шеберханаларда, мектеп зауыттарында, базалық кәсіпорындардың жұмыс орындарында жүргізіледі.
Жалпы білім беретін мекемелердегі еңбекке үйретудің негізгі түрі еңбек сабағы болып табылады. Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептің барлық сатыларындағы еңбекке баулу көлемі мен сипаты оқушының жасына байланысты болатын, қоғамға пайдалы өнімді еңбек те кіреді.
Еңбек сабағын ұйымдастыру оқушылардың еңбек дағдыларын тиімді меңгеруге ғана емес, сонымен бірге уақытынан ерте пайда болатын қажудың алдын алуға, басқа пәндер бойынша келесі сабақтарда жұмыс қабілеттілігін арттыруға және де еңбектің ағзаға сауықтыратын әсерін қамтамасыз етуге де бағытталады. Осы мақсатта, бәрінен де бұрын, мектептегі сабақ кестесінде еңбекке үйрету сабақтарының орны дұрыс белгіленуі керек. Ең дұрысы болып табылатыны,еңбек сабағын, қажудың айқын белгілері әлі пайда болмаған кезде, 3-4 сабақтарда жүргізу. Бұл кезде ой еңбегі жүктемесінің дене еңбегі жүктемесіне ауысуы ағзаның функционалдық жағдайына қолайлы әсер көрсетеді және оқушылардың іс-әрекет белсенділігін ынталандырады. Егер еңбек сабағы оқу күнінің соңында жүргізілсе, оның ынталандырғыш әсері күрт төмендейді, себебі бұл уақытқа қарай алдыңғы сабақтардан өте айқын қажу пайда болады.
Дата добавления: 2016-03-26 | Просмотры: 732 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 |
|