АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Жіктелуі (Г.Н.Красовский бойынша) 20 страница
Магний - жүйке қозуының берілуіне және жүйке жүйесінің қозғыштығын реттеуге қатысады, кальцийдің антогонисі, ағзаға көп түскен кезде кальцийді қосылыстарынан ығыстырып шығарады, ал магнийдің тағамда жеткіліксіздігі, кальцийдің артерия қабырғасына, жүрекке, еттерге көбірек жиналуына ықпал етеді.
Магнийдің тәуліктік қажеттілігі 400 мг, бұл жағдайдағы кальций мен магнийдің ең қолайлы арақатынастары 1:0,5. Магнийдің негізгі көзі -нан, бұршақ, үрме бұршақ, әр түрлі жармалар.
Темір - ең маңызды минералдық элемент. Ол гемоглобиннің және құрамында гемі бар ақуыздар мен ферменттердің құрамына кіреді. Ағзада темірдің жеткіліксіздігі, темір тапшылық анемия пайда болуына және оттегін тасымалдаумен және пайдаланумен байланысты ферменттік үрдістердің бұзылуына әкеп соғады. Темірдің тәуліктік қажеттілігі, ер адамдар үшін - 10 мг, әйел адамдар үшін - 15 мг. Темірдің әйел адамдарға қажеттілігінің жоғарырақ болуы, жүктілік, босануы, бала емізуі және етеккір кездерінде темірдің едәуір мөлшерін жоғалтуына байланысты.
Темірдің балаларға қажеттілігі, жас кезеңдеріне байланысты, әр түрлі (8.3. - кесте) бірінші 6 айында 4-7 мг-нан, 14-17 жасында 15 мг дейін, бұл жағдайда темірдің балаларға салыстырмалы түрде қажеттілігінің ең жоғарысы, емізулі жасында (1,0-0,9 мг/кг), мектеп жасына дейінгілердің алдындағы жасында (0,7-0,8 мг/кг массасына), мектепке дейінгі жастарында (0,5-0,6 мг/кг массасына), ал үлкен адамдар үшін ол 0,14-0,25 мг/кг.
Темір, әр түрлі тағамдық азықтарда кездеседі: етте, бауырда, бүйректе, жұмыртқада, нанда, бұршақ тұқымдастарда, сұлы жармасында, шабдалыда, алмада, қара өрікте, укропта, салатта, петрушкада, т.б.
Дегенмен, құрамындағы темір жақсы сіңетін азықтарды ескерген жөн, бұл тұрғыдан, жануар текті азықтарға бай тағамдар ерекшеленеді. Мысалы, еттен темірдің 12-18 % сіңеді, бауырдан 5-11 %, ал өсімдік текті азықтардан, бар болғаны 1-2 % сіңеді. Темірдің ішекте сіңуін фосфаттар және фитаттар азайтады. Тағам рационында темірді көбейту қажет болған кезде, көрсетілгендерді ескеру қажет.
Мырыш. Мырыштың биологиялық белсенділігі, ол әр түрлі зат алмасу үрдістеріне қатысатын, оның ішінде көмірсулардың, майлардың, ақуыздардың және нуклеин қышқылдарының синтезі мен ыдырауына қатысатын маңызды ферменттердің: сілтілі фосфатазаның, карбоангидразаның, нуклеотидилтрансферазалардың, карбоксилпептидазалардың, альдолазаның және басқалардың құрамына кіреді. Құрамында мырышы бар ферментер, барлық алты белгілі кластарына жатады, бірақ көбірек мөлшерде гидролазалар класында.
Мырыш өсу, даму, жыныстық жетілу үрдістері, репродукция функциясын, иммундық жауапты, қалыпты қан түзілуін, дәмді және иісті сезуін, жараның жазылуын қамтамасыз ету үшін қажетті фактор болып табылады. Тағамда мырыштың жеткіліксіздігімен байланысты, мырыш – жеткіліксіздік жағдайлар салыстырмалы түрде сирек кездеседі және ол, негізінен тұтас бидайдан дайындалған ашытқысыз наннан тұратын басым көмірсулы тамақтану кезінде пайда болады. Бұл кезде бидайдың фитин заттары мен жасұнығынан ерімейтін кешен пайда болуы салдарынан, мырыштың сіңуі бұзылады. Сондай-ақ, мырыштың сіңуі рационда кальций, мыс, кадмий, фосфаттар артық болған кезде де төмендейді.
Екіншілік мырыш жеткіліксіздік, патология мальабсорбция синдромы кезіндегі және сусамырмен, гестоздармен, ауыр күйіктермен және басқалармен байланысты мырыштың ащы ішектен сорылуының (сіңуінің) бұзылуымен байланысты.
Мырыштың алиментарлық жеткіліксіздігі, бой өсуінің шұғыл баяулауына, гепатоспленомегалияға, бойының өспеуіне, жыныстық жеткіліксіз даму жағдайына әкеп соғады. Жасушалық иммунитет бұзылады, жаралардың жазылуы баяулайды, иіс және дәм сезуі төмендейді және бұрмаланады. Жүкті әйелдерде мырыштың жеткіліксіздігі, ұрықтың және жаңа туған балалардың дамуындағы ақауларға: гидроцефалияға, микро- және анофтальмияға, таңдайы бөлінуі, жарық пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.
Мырыштың қажеттілігі, емшек еметін балаларға тәулігіне 3-4 мг, 14-15 жастағы балаларға – 12-15 мг, үлкен адамдарға тәулігіне 15 мг (8.2.,8.3. - кестелер). Басқа қоректік заттардың қажеттілігі сияқты, жаңа туған және 1 жасқа дейінгі балаларға мырыштың қажеттілігі де жоғары болып келеді. Мырыш көптеген өсімдік және жануар текті азықтардың құрамында болады. Құрамында ең көп азықтар дәнді дақылдар, бұршақ тұқымдастар (10 мг% дейін), кебек. Мал өнімдерінің ішінде, құрамында мырышы көбі -ет (орта есеппен 2,5 мг%), балық (1 мг %), жұмыртқа (1,1 мг%).
Йод - тиреоидтық гормондардың құрамына кіреді. Йодтың ағзада жетіспеушілігі, қалқанша бездің қызметіне ауырлық түсуіне, тироксиннің биосинтезі бұзылуына, эндемиялық зоб дамуына әкеп соғады. Йодтың ұзақ уақыт жетіспеушілігі, қалқанша және сүт безінде обыр (рак) дамуының, ал бала жасында – меңіреуліктің қауіп-қатер факторы болуы мүмкін. Йод бойынша эндемиялық аудандарда тұратын балаларда, дене дамуы мен ақыл-ойы дамуында ауытқулар, сүйектену және жыныстық жетілу үрдістерінде бұзылыстар байқалады.
Балаларға йодтың физиологиялық қажеттілігі: емшек еметін жаста 0,04 - 0,05 мг/тәулік, 14-17 жаста – 0,13 мг/тәулік (8.3.-кесте). Үлкен адамдарға қажеттілігінің абсолюттік мөлшері (0,15 мг/тәулік), балаларға қажеттілігіне қарағанда жоғары, бірақ кг дене массасына есептеген кезде төмен болады – 0,021 мг/кг массасына.
Йодқа бай көздері - теңіз балығы, су өсімдіктері және басқа теңіз өнімдері. Құрғақ ламинарияда йодтың мөлшері 800 мг% дейін, құрғақ теңіз капустасында – 220 мг% дейін. Балық майында йод көп – 770 мг% дейін. Бірақ бұл өнімдер күнделікті қабылдайтын тағамдар емес, сондықтан йод қажеттілігінің 90 % дейінгі мөлшері өсімдік тағамдарының (дәнді дақылдар, көкөністер, картоп, жемістер) және жануар текті тағамдардың (ет, сүт, жұмыртқа) есебінен қанағаттандырылады. (8.7.-кесте). Йодтың сумен түсуінің айтарлықтай маңызы жоқ. Йод жетіспейтін аймақтарда, йод қосылған өнімдерді (басым ас тұзын) қолданады.
Мыс - өте маңызды микроэлементтердің бірі. Ол тотығу-тотықсыздану реакциясын, жасушалық тыныс алуды реттеуге, лизиннің тотығуына, липидтердің асқын тотығуына, катехоламиндердің синтезіне, гемоглобин түзілу үрдісіне қатысатын, онға жуық құрамында мыс бар, ферменттердің құрамына кіреді. Бұл ферменттің ішіндегілер церуолоплазмин, оның қатысуымен темірдің, биогендік аминдердің тотығуы және мыстың тасымалдануы жүреді; дофамин – β – гидроксилаза катехоламиндердің бастапқы өнімі – дофаминді гидроксилдейді; цитохром–с–оксидаза, ол тіндік тыныс алудың соңғы реакциясын катализдейді; біріншілік аминдерді және басқаларды тотықтыратын аминооксидазалар.
Адам, мысты тағаммен тәулігіне 2-5 мг мөлшерінде қабылдайды, бұл оның физиологиялық қажеттілігінен едәуір артық (8.8.-кесте), бірақ бұл мөлшерінің жартысына жуығы ғана сіңеді, қалған бөлігі нәжіспен шығады, яғни дені сау адамда мыстың алмасуы «мыс» тепе-теңдігімен сипатталады.
Генетикалық бұзылыстар жоқ жағдайда, клиникалық тұрғыдан маңызы бар мыстың жеткіліксіздігі сирек байқалады – ол квашиоркор кезінде, тек қана сүт тағамдарын қабылдаумен байланысты, балаларда болатын тұрақты іш өту кезінде, толығымен парентеральды тамақтану кезінде, мырыш тұздарын артық қабылдау кезінде байқалады.
Мыстың ағзаға артық түсуі, мыстан жасалған ыдыста сақталған қышқыл тағамдарды қабылдаған кезде, мысты тіс протезіне қолданған кезде, сондай-ақ өндірісте құрамында мысы бар қосылыстармен байланыста болған кезде байқалуы мүмкін. Бұл кезде жиі ас қорытудың бұзылуы, ал кәсібіне байланысты әсер етуі кезінде – «мыс» қызбасы, пневмокониоз дамуы байқалады.
Балаларға мг/кг массасына берілген мыстың қажеттілігі, басқа микроэлементтердің қажеттіліктері сияқты, ең жоғарысы емшек еметін жаста – үлкен адамдармен салыстырғанда 4-5 есе артық. Содан соң, ол біртіндеп төмендейді, бірақ жастық шақтың өзінде үлкен адамдармен салыстырғанда, жоғары болып қалады, қажеттілігі тәулігіне 1,5-3 мг (8.8.-кесте).
Мыс көздері - жануар текті де, өсімдік текті азықтар, оларда ол көп мөлшерде болмайды: етте – 96-238 мкг%, жұмыртқада – 83-140 мкг%, сүтте – 12-20 мкг%, дәнді дақылдарда – 290-600 мкг%, көкөністе – 97-150 мкг% (8.7.- кесте).
Марганец - тірі ағзалар үшін өмірлік маңызы бар элемент. Ол аргиназаның, пируваткарбоксилазаның және Mn–супероксиддисмутазаның құрамына кіреді және бірқатар ферменттерді: лимон және алма қышқылдарының дегидрогеназасын, фосфатазаны, РНК- нуклеотидилтрансферазаны, және ДНК- нуклеотидилтрансферазаны және басқаларды белсенді етеді.
Марганец, сүйек және дәнекер тіндердің жасалуына қатысады, ол марганецтің қатысуымен фосфатазалардың белсенді етілуімен және сүйек матрицасындағы қышқыл гликозаминдердің синтезделуімен байланысты. Адам ағзасында марганецтің ең жоғары концентрациясы, түтікшелі сүйектерде және қабырғаларда байқалады. Марганец ағзаға артық түскен кезде, оның концентрациясы сүйекте жоғарылайды және оларда рахитке ұқсас – «марганец рахиті» дамиды. Құстар мен жануарларда марганецтің жетіспеушілігі, сүйек түзілуінің бұзылуына әкеп соғады.
Марганецке айқын липотропты қасиет тән, бұл қасиеті холиннің мөлшері аз кезде ең үлкен дәрежеде байқалады. Марганецтің липидтердің алмасуына қатысуы, оның холестериннің алдындағы өнімдерінің синтезделу үрдісін катализдейтін ферментті белсенді етуімен байланысты.
Марганец, сондай-ақ инсулиннің қалыпты секрециясы үшін де қажет, себебі, глюконеогенез үрдістері, простетикалық топтарының құрамына марганец кіретін, пируваткарбоксилазамен катализденеді. Марганецтің жеткіліксіздігі, диабетогенді фактор болуы мүмкін.
Марганецтің катехоламиндердің алмасуына әсері де маңызды. Марганецтің, негізінен кәсібіне байланысты, ағзаға артық түсуі, катехоламиндердің алдыңғы өнімдерінің синтезінің бұзылуы есебінен, марганец паркинсонизмі дамуына әкеп соғуы мүмкін. Марганецтің жеткіліксіздігі кезінде сіңір тартылуына бейімділік байқалады. Марганец қан түзілу үрдісіне де, сондай-ақ жыныс бездеріне де және олардың қызметімен байланысты жыныстық жетілу үрдісіне, репродукцияға, потенцияға әсер етеді. Мысалы, марганеці аз тағам қабылдаған жануарларда репродукциялық қызметінің төмендеуі, өсу үрдісінің баяулауы, анемия дамуы байқалады, ал өндіріс жағдайында марганецтің жоғары концентрациясының әсеріне ұшыраған адамдарда, жыныс бездерінің гипофункциясы, потенциясының төмендеуі, туғанға дейінгі жүктілік кезеңде бұзылуы және басқалар дамиды.
Кесте
Кейбір тағамдық азықтардағы микроэлементтердің мөлшері, мкг/100г
Өнім
| Темір
| Йод
| Кобальт
| Марганец
| Мыс
| Молибден
| Хром
| Мырыш
| Сиыр еті
|
| 7,2
| 7,0
| 35,0
| 182,0
| 11,6
| 8,2
|
| Тауық еті
|
| 6,0
| 12,0
| 19,0
| 76,0
| -
| 9,0
|
| Тауық жұмыртқасы
|
| 20,0
| 10,0
| 29,0
| 83,0
| 6,0
| 4,0
|
| Май шабақ
|
| 40,0
| 40,0
| 120,0
| 170,0
| 4,0
| 55,0
|
| Карп
|
|
| 35,0
| 150,0
| 130,0
| 4,0
| 55,0
|
| Сиыр сүті
|
| 9,0
| 0,8
| 6,0
| 12,0
| 5,0
| 2,0
|
| Майлы сүзбе
|
| -
| -
| 8,0
| 74,0
| -
| -
|
| Қатты сыр (Голландский)
|
| -
| -
| 100,0
| 90,0
| -
| -
|
| Қара нан
|
| 5,6
| -
| 1610,0
| 220,0
| 8,0
| 2,7
|
| Қара бидай ұнынан дайындалған нан
|
| -
| 2,8
| 1613,0
| 265,0
| 16,0
| -
|
| Жоғарғы сорт ұнынан дайындалған бидай наны
|
| -
| 1,4
| 450,0
| 80,0
| 10,6
| 1,6
|
| Ұнтақ жарма
|
| -
| 25,0
| 440,0
| 70,0
| 11,3
| -
| -
| Қарақұмық жармасы
|
| 3,3
| 3,1
|
| 640,0
| 34,4
| -
| -
| Картоп
|
| 5,0
| 5,0
| 170,0
| 140,0
| 8,0
| 10,0
|
| Қызылша
|
| 7,0
| 2,0
| 660,0
| 140,0
| 10,0
| 20,0
|
| Алма
|
| 2,0
| 1,0
| 47,0
| 110,0
| 6,0
| 4,0
|
| Қара қарақат
|
| 1,0
| 4,0
| 180,0
| 130,0
| 24,0
| -
|
| Алмұрт
|
| 1,0
| 10,0
| 65,0
| 120,0
| 5,0
| -
|
|
Кесте
Микроэлементтерді қабылдаудың қауіпсіз деңгейі (тәулігі)
Халық топтары
| Жасы
| Микроэлементтер
| Мыс,мг
| Марганец,мг
| Фтор,мг
| Хром,мкг
| Молибден,
мкг
| Балалар
| 0-5 айлық
| 0,4-0,6
| 0,3-0,6
| 0,1-0,5
| 14-40
| 15-30
| 6 ай-1 жаста
| 0,6-0,7
| 0,6-1,0
| 0,2-1,0
| 20-60
| 20-40
| 1-3 жаста
| 0,7-1,0
| 1,0-1,5
| 0,5-1,5
| 20-80
| 25-50
| 4-6 жаста
| 1,0-1,5
| 1,5-2,0
| 1,0-2,5
| 30-120
| 30-75
| 7-10 жаста
| 1,0-2,0
| 2,0-3,0
| 1,5-2,5
| 50-200
| 50-150
| 11 жаста және одан жоғары
| 1,5-2,5
| 2,0-5,0
| 1,5-2,5
| 50-200
| 75-250
| Үлкен адамдар
|
| 1,5-3,0
| 2,0-5,0
| 1,5-4,0
| 50-200
| 75-250
|
Марганецті қабылдаудың қауіпсіз деңгейі, емшек еметін жастағы балаларға тәуілігіне 0,3-0,6 мг-нан, 11 және одан үлкен жастағы балаларға және үлкен адамдарға 2,0-5,0 мг дейін (8.8.-кесте).
Тағамдық азықтардағы марганецтің мөлшері, ағзаға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін әдетте жеткілікті. Осыған байланысты, марганецтің алиментарлық жетіспеушілігімен байланысты аурулар адамда кездеспейді деп айтуға болады.
Адамның тамақтануындағы марганецтің негізгі көзі- өсімдік азықтары – бидай, күріш, бұршақ тұқымдастар, петрушка, укроп (аскөк), қызылша, асқабақ, таңқурай, мұндағы марганецтің мөлшері 35 -тен 5000 мкг% дейін ауытқиды. Марганецке кофе мен шай өте бай (150-200 мг/кг). Марганецтің мөлшері 50-150 мкг% құрайтын бауырдан, бүйректен, кейбір балық түрлерінен басқа, жануартекті азықтарда аз – 3-40 мкг% (8.7.- кесте).
Хром - биологиялық белсенді элемент. Ол нуклейн қышқылының алмасуына қатысатын ферменттік жүйенің құрамына кіреді. Глюкозаға төзімді фактор аталған, төмен молекулалы кешеннің құрамында хром, инсулин реттейтін барлық зат алмасу үрдістерінде инсулиннің әсерін күшейтеді.
Ақуыз – энергия жетіспеушілігі бар балалардың рационына хром енгізу, глюкозаға қалыпты төзімділігін қалпына келтіреді, сондай-ақ сусамырмен ауыратын бірқатар ауруларға инсулиннің қажеттілігін азайтады. Хромның жетіспеушілігі, глюкозаға төзімділіктің төмендеуіне, гипергликемияға, глюкозурияға әкеп соғуы мүмкін.
Хром, сонымен катар, липид алмасуында да белгілі бір роль атқарады, оның жетіспеушілігі, атеросклероз дамуына себепші болады. Йод жетіспеушілігі кезінде, хром тиреоидтық гормондарда йодты алмастыруға қабілетті. Мысалы, йод тапшы биогеохимиялық аймақтарда тұратын адамдарда хромның мөлшері қалыптымен салыстырғанда, едәуір көп жиналады.
Хромның ағзаға артық түсуі, негізінен өндіріс жағдайында орын алады және жалпыулылық, нефро- және гепатоулылық, канцерогенді және аллергия шығаратын әсерімен байқалады. Хромның ағзаға қажеттілігі, жоғарыда келтірілген микроэлементтерге қарағанда, бірқатар төмен (8.8.-кесте). Хромды қабылдаудың қауіпсіз деңгейі: емшек еметін жаста 14-60 мкг, жасы үлкендеу балалар мен үлкен адамдар үшін – 50-200 мкг.
Хромның ең көп мөлшері наубайлық ашытқыда, бауырда, ірі тартылған бидай ұнында, етте, құс етінде (8.7.- кесте).
Молибден. Молибденнің зат алмасудағы ролі, оның бірнеше ферменттердің: несеп қышқылын түзумен жүретін ксантин мен гипоксантиннің тотығуын катализдеуші ксантиноксидазаның, сульфидті сульфатқа айналдыратын сульфитоксидазаның және альдегидоксидазаның құрамына кіретіндігімен байланысты.
Тағамда молибденнің көп болуы кезінде, пуриндердің қарқынды ыдырауы нәтижесінде, көп мөлшерде несеп қышқылы түзіледі, олар бүйрек арқылы ағзадан шығып үлермей, буындарда еттің сіңірлерінде жиналады да, «молибден подаграсы» дамиды. Бұл ауру молибденнің көп мөлшерде болуымен және мыстың жеткіліксіздігімен сипатталатын биогеохимиялық аймақтарда эндемиялық сипатта болады.
Молибденнің артық мөлшерін ұзақ уақыт артық қабылдау, фосфор-кальций алмасуының бұзылуына, сүйектердің пішінінің өзгеруіне, сульфитоксидазаның белсенділігі төмендеуіне және сульфиттердің үлкен мөлшерінің тіндерде жиналуына әкеп соғады.
Молибденді қабылдаудың қауіпсіз деңгейі 0-5 жастағы балалар үшін 15-30 мкг-дан 11 және одан да үлкен жастағы балалар мен үлкен адамдар үшін – 75-250 мкг. Молибденнің жақсы табиғи көздері- қою-жасыл түсті жапырақты көкөністер, қызылша, таңқурай, қарақат, укроп, үрме бұршақ, сұлы жармасы (8.7.- кесте).
4.5. Дәрумендер.
Жалпы мағлұматтар. Дәрумендер, көбінде алмастырылмайтын тамақтық заттар болып табылады, себебі, ағзада синтезделмейді немесе жеткіліксіз мөлшерде синтезделеді. Өте жоғары биологиялық белсенділікке ие болып, олар басым катализдік қызмет атқарады және ағзаға қажеттілігі өте аз мөлшерде.
Суда еритін, майда еритін және дәрумен тәрізді заттар деп бөледі (8.9.-кесте), бұл кезде бірқатар дәрумендер, биологиялық белсенділіктері ұқсас бір емес, бірнеше қосылыстармен берілген, мысалы, В6 дәрумендер тобына пиридоксин, пиридоксаль және пиридоксамин кіреді.
Дәрумендердің қажеттілігіне әр түрлі факторлар: жасы, физиологиялық жағдайы, орындайтын жұмысы, т.б. әсер етеді. Адамдар солтүстікте тұратын жағдайларда, ауыр дене жұмысы, нервтік-психикалық зорланулар, денесі қатты қызған кездерде, лихорадка жағдайларында, улы агенттердің әсері кезінде және басқаларда дәрумендердің қажеттілігі едәуір жоғарылайды.
Дәрумендер ағзаға жеткіліксіз түскенде гиподәрумендік, ал айқын жетіспеушілігі кезінде аздәрумендік дамиды.
8. 9.-кесте
Дәрумендер мен дәрумен тәрізді
қосылыстардың жіктелуі
I. Суда еритін дәрумендер
| 1.1. Басым бір қосылысты болып саналатын дәрумендер
| Тиамин (В1- дәрумені)
Рибофлавин (В2- дәрумені)
Пантотен қышқылы (В5- дәрумені)
Биотин (Н- дәрумені)
Аскорбин қышқылы (С- дәрумені)
|
| 1.2. Құрамында бірнеше қосылыстары бар дәрумендер
| Жеке өкілдері
| В6- дәрумені
| Пиридоксин
Пиридоксаль
Пиридоксамин
| Ниацин (РР - дәрумені)
| Никотин қышқылы
Никотинамид
| Фолацин
| Фоль қышқылы
Тетрагидрофоль қышқылы және оның туындылары
| Кобаламин (В12 - дәрумені)
| Цианкобаламин
Оксикобаламин
Метилкобаламин
| II. Майда еритін дәрумендер
| А - дәрумені
| Ретинол
Ретинилацетат
Ретиналь
Ретин қышқылы
| Д - дәрумені
| Эргокальциферол (Д2 - дәрумені)
Холекальциферол (Д3 - дәрумені)
| Е - дәрумені
| α-, β-, γ- және δ- токоферолдар
α-, β-, γ- және δ- токотриенолдар
| К - дәрумені
| 2 метил- 3 - фитил-1,4 нафтохинон
дәрумен К1;
филлохинон менахиноны
(дәрумен К2);
2 – метил - 1,4 нафтохинон
(менадион, дәрумен К2)
| III. Дәрумен тәрізді қосылыстар
| Холин
Инозит
Линоль қышқылы
Орот қышқылы
Карнитин
| Бифлавоноидтар
Метилметионинсульфоний
(дәрумен U)
Пангам қышқылы (В15-дәрумені)
Парааминобензой қышқылы
| | | |
Қандай болса да бір дәруменнің жетіспеушілігімен қатар, полигиподәрумендіктер жиі кездеседі, бұл жағдайда дәрумендердің біреуінің жетіспеушілігі басым болғанымен, басқалары – қосыла жүреді. Гипо- және адәрумендіктердің негізгі себебі – дәрумендердің тағаммен жеткіліксіз түсуі, бұл жағдайда дамитын гипо- және адәрумендіктер біріншілік немесе экзогенді деп аталады. Алайда, дәрумендердің жетіспеушілігі, олардың мөлшері тағамда жеткілікті кезде, (бірақ ағзаға сіңуі) бұзылуына немесе қажеттілігі шұғыл өсуіне байланысты да байқалуы мүмкін, яғни екіншілік немесе экзогенді гиподәрумендіктер дамиды. Зат алмасуының және дәрумендердің қызметінің туа біткен генетикалық себептермен байланысты бұзылуынан да болуы мүмкін.
Дәрумендердің ағзаға үлкен дозада түсуі, гипердәрумендіктер дамуына әкеп соғуы мүмкін. Олар балаларды емдеу практикасында А және Д дәрумендерінің артық дозасымен немесе құрамында осы дәрумендердің мөлшері өте жоғары азықтарды қабылдаумен жиі байланысты. Арнайы мақсатқа арналған осы дәрумендердің концентрациясы жоғары препараттарын қабылдау кезінде, кездейсоқ уланулар болуы мүмкін, мысалы, жануарлар мен құстардың жеміне микроқоспа ретіндегі препараттарды. Суық тиюдің және тұмаудың алдын алу үшін С дәруменінің синтетикалық препаратын (тәулігіне 1 г. артық) көп мөлшерде қабылдау С – гипердәрумендік дамуына әкеп соғуы мүмкін.
Дата добавления: 2016-03-26 | Просмотры: 727 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 |
|