АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Часть I Задачи. Стр

Прочитайте:
  1. A- Вкладочная часть ретенционного элемента
  2. I ОБЩАЯ ЧАСТЬ.
  3. I Паспортная часть
  4. I часть
  5. I часть
  6. I часть
  7. I часть
  8. I часть
  9. I. Общая часть Глава 1. Исторический очерк
  10. I. Общая часть.

!. Төмендегі белгілердің бәрі жедел лейкозға тән, ТЕК ҒАНА:

* Геморрагиялық

* Гиперпластикалық

* Анемиялық

* Интоксикациалық

* +Диспепсиялық

!. 39 жастағы ер адам қызыл иек қанауына, жұтқанда ауырғанына, дене температурасының 38,5 ° С дейін жоғарлауына шағымданады. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайып, сипағанда аурады, қызыл иек бүртіктерінекроздалған, зондпен шұқығанда қанайды. Өлеттенген тіндер ретромолярлық аймақта және бадамшада байқалады. Қоршаған шырышты қабық бозарған. Нүкте тәрізді петехиалық қанталаулар анықталған.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын бірінші кезекте жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс болады?

* ПЦР диагностика

* +Жалпы қан анализі

* Иммунды ферментті анализ

* Цитологиялық зерттеулер

* Бактериологиялық зерттеулер

!. Ауыз қуысы және еріннің қызыл жиегі ауруларын диагностикалағанда төмендегі әдістердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

* биохимиялық

* иммунологиялық

* микробиологиялық

* +люминистентік диагностика

* цитологиялық зерттеу

!. Жасуша ішілік ісіну, цитоплазмада жасушаны бұзатын құрылымдар пайда болған патологиялық процесс төмендегі жағдайдың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* акантоз

* акантолиз

* спонгиоз

* +вакуольды дистрофия

* баллонды дегенерация

!. Эпителийдің мүйізді қабатының шамадан тыс қалыңдануы төмендегі патологиялық процесстың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* акантоз

* дмскератоз

* папилломатоз

* +гиперкератоз

* паракератоз

!. Тікенек тәрізді жасушалардың арасында сұйықтықтың жиналуы, клетка аралық кеңістіктердің кеңейүі, цитоплазмалық өсінділердің ұзаруы төмендегі патологиялық процесстердің қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* акантоз

* +спонгиоз

* акантолиз

* вакуольды дистрофия

* баллонды дегенерация

!. Қуысты бөртпелерге төмендегі көрсетілгенің барлығы жатады, ТЕК ҚАНА:

* көпіршік

* күлбіреук

* +күлдіреук

* киста

* іріңдік

!. Төмендегі белгілердің қайсы вакуольды дистрофияға НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* Эпителий клеткаларының көлемі азаю

* +Эпителий клеткалардың ішінде ісіну

* клеткалардың құрылымдарының бұзылуы

* тікенек тәрізді клеткалардың байланысының бұзылуы

* тікенек тәрізді клеткалардың арасында сұйықтық жиналу

 

 

!. Мүйізденудің бұзылуы және Дарье денешіктерінің пайда болуы төмендегі көрсетілген патологиялық процесстердің қайсына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* акантоз

* +дискератоз

* паракератоз

* гиперкератоз

* папилломатоз

!. Тікенек тәрізді клеткалардың беткей қабатының ядролары сақталған жартылай мүйізденуі төмендегі көрсетілген қай патологиялық процесске НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* акантоз

* дискератоз

* гиперкератоз

* +паракератоз

* папилломатоз

!. Мүйіздену процесінің бұзылуы эпителийде болатын төмендегі көрсетілген процесстердің қайсысымен байланысты?

* Спонгиоз

* Акантоз

* Акантолиз

* +Гиперкератоз

* Баллонды дегенерация

 

!. Диаметрі 5 мм, эпителй ішінде немесе астында орналасқан сары су немесе қанға толы қуысты құрылым.

Төмендегі бөртпелердің қайсысы осы белгілерге НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* киста

* іріңдік

* күлдіруік

* +күлбіреук

* көпіршік

!. Манганотти еріннің обыр алды қабынуна төмендегі белгілердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* +жұқа жара

* тілік

* түйіншек

* қабыршақ

* жара

!. Тілдің ісініп тістердің ізі қалуы төмендегі ішкі ағзалардың қйсысы патологиялық өзгеріске тап болғанда НЕҒҰРЛЫМ тән?

* бауыр

* асқазан

* өңеш

* +ішек

* бүйрек безі

!. Тұрпайы күлбіреукшеде цитологиялық зерттеудің төмендегі нәтижелерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ болжамды?

* қан жасушалары

* Пирогов-Лангханс клеткалары

* +Акантолитикалық жасушалар

* коп ядролы алып жасушалар

* эпителийдің некробиоздың әртүрлі сатысындағы жасушалар

!. Жедел герпестік ауыз қуысының қабынуында цитологиялық зерттеуінде

жара бетінен алынған жақпада НЕҒҰРЛЫМ кездесетін өзгерітер қандай?

* қан жасушалары

* Пирогов-Лангханс клеткалары

* Аконтолитикалық жасушалар

* +көп ядролы алып жасушалар

* эпителийдің некробиоздың әртүрлі сатысындағы жасушалар

!. Туберкулездің милиарлы-жаралы түрінде цитологиялық зерттеудің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тән

* қан жасушалары

* Акантолитикалық жасушалар

* +Пирогов-Лангханс клеткалары

* коп ядролы алып жасушалар

* эпителийдің некробиоздың әртүрлі сатысындағы жасушалар

 

!. Туберкулез жегіне төмендегі зақымдану бөртпелердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* дақ

* +төмпешік

* түйіншек

* жара

* іріңдік

!. Төмендегі клиникалық белгілердің тек қана біреуінен барлығы туберкулез жарасына тән,:

* жиектері жұлымдалған

* сипап тексергенде ауырсыну

* ірімшік тәрізді ыдырау

* +тегіс домалақ пішінді

* айналасында микроабсцесстердің болуымен

!. Типтік қатты шанкрге төмендегі клиникалық белгілердің ТЕК ҚАНА біреуін барлығы сәйкес,:

* сипағанда ауырмайды

* шикі ет түсті

* дұрыс доңгелек пішінді

* +жиектері жұлымдалған

* сіңір тәрізді инфильтрат ошақ астында

!. Екіншілік мерез кезіндегі папулаға төменде берілген сипаттамалардың ТЕК ҒАНА бір- еуінен барлығы тән,:

* сипап тексергенде ауырмайды.

* 1-1,5 см диаметрі

* +бірлесіп өрнек құрайды

* шеттерінде қызарған қоршау

* жара беті қырғанда тез ашылады

!. Қызыл жалпақ теміреткінің әдеттегі түріндегі папулаға берілген сипаттамалардың тек қана біреуінен барлығы тән,:

* диаметрі 1-1,5мм

* сипап тексергенде ауырмайды

* + жиектерінде қызарған қоршау

* бірлесіп өрнек құрайды

* ауыз қуысының артқы бөлігінде орналасады

!. Көпіршіктің үзілген қабығынан ақырындап тартқан кезде кілегей қабықтың өзгермеген аймақтарының сыдырылу симптомы қалай аталады:

* краус симптомы

* холстед симптомы

* куперман симптомы

* грей-тернер симптомы

* +никольский симптомы

!. Екіншілік папулезді мерездің ауыздағы көрінісін төменде көрсетілген аурулардың ҚАЙСЫСЫНАН ажыратамыз:

* Кандидоздан

* Лейкоплакиядан

* Боуэн ауруынан

* +Қызыл жалпақ теміреткіден

* Жүйелі қызыл жегіден

!. Төменде көрсетілгендердің ҚАЙСЫСЫ қызыл жалпақ теміреткінің түрлеріне жатпайды:

* Әдеттегі

* Буллезді

* Эрозиялы-жаралы

* +Атрофиялық

* Жалқықты-эритемиялық

!. Төменде көрсетілген аурулардың қайсысына зақымдану элементтерінің ауыздың алдыңғы бөлігіне орналасуы НЕҒҰРЛЫМ тән:

* Кандидоз

* +Лейкоплакия

* Қызыл жалпақ теміреткі

* Жедел герпестік гингивостоматит

* Венсан гингивостоматиті

!. Афтаға ТӘН ЕМЕС белгіні көрсетіңіз:

* Сипағанда ауырады

* Тегіс, сопақ пішінді

* Жиектері қызарған

* +Тыртықтанып жазылады

* Беті фибринді қақпен жабылған

!. Төменде көрсетілген аурулардың қайсысына зақымдану элементтерінің ауыздың артқы бөлігіне орналасуы НЕҒҰРЛЫМ тән:

* Кандидоз

* Лейкоплакия

* +Қызыл жалпақ теміреткі

* Жедел герпестік гингивостоматит

* Венсан гингивостоматиті

!. Төменде көрсетілгендердің ҚАЙСЫСЫ лейкоплакияның түрлеріне жатпайды:

* Жұмсақ

* Жазық

* Веррукозды

* +Атрофиялық

* Эрозиялы-жаралы

!. Жасы 27-дегі ер адам езуіндегі ұзақ жазылмайтын тілікке шағымданады. Қарап тексергенде сол жақ езуінде ашық-қызыл түсті қанамайтын тілік анықталды, сипап байқағанда ауырмайды, негізі тығыздау шеміршектің қаттылығындай. Төменгі жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, көлемдері орман жаңғағындай, тығыз консистенциялы, ауырмайды.

Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* «А» витаминінің жетіспеушілігі,

* Стрептококктық езулік (заеда)

* +Берішті шанкр

* Лейкоплакия

* Кандидоз

!. Жасы 35 тегі ер адам төменгі ернінде тілік пайда болғанына және ұзақ жазылмайтындығына шағымданады. Қарап тексергенде төменгі ернінде терең тілік, сипап байқағанда ауырмайды, негізі шеміршек тығыздығындай қаттылау. Төменгі жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, тығызданған, сипап тексергенде ауырмайды.

Диагноз қою үшін төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс болады?

* +Бозғылт трепонемаларды иммобилизациялау

* Лимфоциттердің бласттрансформациялану реакциясы

* Пассивті гемаглютинациялану реакциясы

* Лейкоциттердің агломерациялану реакциясы

* Лейкоцитолиз реакциясы

!. 69 жастағы ер адам төменгі ерініндегі ұзақ уақыттан бері жазылмайтын жараға шағымдана келді. Ертеректе осындай эрозия төменгі ерінінің басқа бөлігінде пайда болып, ұзақ уақыттан кейін жазылған. Қарап тексергенде:төменгі ерінінің жиегі жұқарған, сол жағында – ашық қызыл түсті, сопақша пішінді эрозия анықталды. Сипап тексергенде аздап ауырады, эрозияның негізі жұмсақ.

Осы сипаттамаға алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Актиндік хейлит

* Лейкоплакияның эрозиялы-жаралы түрі

* Жүйелі қызыл жегінің эрозиялы-жаралы түрі

* +Абразивті преканцерозды Манганотти хейлиті

* Қызыл жалпақ теміреткінің эрозиялы-жаралы түрі

!. 40 жастағы әйел адам тілінің ауыратындығына, әсіресе ас қабылдағанда және сөйлегенде күшейе түсетіндігіне, соңғы бір ай көлемінде кешкісін дене қызуы 370 көтерілетіндігіне шағымданады. Қарап тексергенде: дене бітімі гипостениялық. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде ауырады. Тілінің үстінде – жиектері жұлымдалған, жұмсақ, табанында – сарғыш, дәнді қақ бар жара анықталды. Сипап тексергенде ауырады.

Төменде көрсетілген микроорганизмдердің қайсысы осы аурудың дамуына НЕҒҰРЛЫМ себепкер болады?

* Қарапайым герпес вирусы

* +Кох микобактериясы

* Бозғылт трепонема

* Венсан спирохетасы

* Фузобактериялар

!. Жасы 45-тегі ер адам таңдайына жара шыққанына, тағам шайнатпай ауыратынына шағымданады. Қарап тексергенде: қатты таңдайынының кілегей қабығында жиегі жұмсақ, бірақ тегіс емес жырымдалған, қатты ауыратын шағын аумақты жара анықталды. Табанында ірімшікке ұқсас сары түсті денешіктер байқалады. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде ауырады.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын бірінші кезекте жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс болады?

* Биопсия

* Жалпы қан анализі

* +Өкпесіне флюрография жасау

* Люминесценттік диагностика

* Иммунологиялық зерттеу

!. Жасы 62-дегі ер адам ауыз ішіндегі аздаған ауыру сезіміне, ыңғайсыздыққа шағымданады. Қарап тексергенде: терісі бозғылттау түсті, еріндер жиегі көкшіл тартқан демалғанда ентігеді, аяқтары ісініп-домбыққан. Соңғы 5 жылда алмалы-салмалы протездер киеді. Тілінің төменгі бетінде жиегі тегіс емес және жұмсақ көлемді жара анықталды, табаны ақшыл сұр түсті, өліетті қақпен жабылған. Сипап байқағанда аздап ауырады. Жара төңірегіндегі тіндер бозғылт-көкшіл түстенген.

Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* +Трофикалық жара

* Туберкулез жарасы

* Обыр жарасы

* Зақымдану жарасы

* Мерез жарасы

!. 58 жастағы әйел адам тілінің тәтті, тұзды, қышқыл, кейде ащы дәмдерді сезуінің төмендегеніне шағымданады. Осы соңғы айда тәбетінің жақсарғанын, тез шөлдейтіндігін, аузының құрғайтындығын, денесінің әр жерінің қышитындығын, қызылиегінің өте көп қанайтындығын байқаған.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын бірінші кезекте жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

* Candida саңырауқұлағына анализ

* Жалпы қан анализі

* Невропатологтың кеңесі

* +Қандағы қант деңгейін анықтау

* Тілдің дәм сезуін анықтау

!. 45 жастағы әйел адам дәрігер-стоматологқа протездеу мақсатымен келген. Өзін жалпы саумын деп есептейді. Объективті тексергенде: бетінің терісі боз, беті ісінген. Еріндері, мұрны, жоғарғы қабақтары ісінген. Ауыз қуысының кілегей қабығы бозғылт.Тілі ісінген, тістердің іздері қалған. Пациенттің қимылы сылбыр, баяу.

Пациенттің бойында қандай негізгі ауру болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал:

* +Гипотиреоз

* Қант диабеті

* Созылмалы пиелонефрит

* Темір жетіспеушілік анемиясы

* Созылмалы жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі

!. 39 жастағы әйел адам ауызындағы күю сезіміне, дәм сезудің төмендегеніне шағымданады. Соңғы уақытта тез ашуланатынын, тершеңдігін, ентігетінін тез шаршайтындығын айтады. Қарап тексергенде: бет және қол терісі дымқыл. Ауыздың кілегей қабығы боз, ісінген. Жоғарғы алдыңғы тістерінің вестибулярлы бетінде – тегіс сопақ пішінді табаны тығыз пигменттелген ақаулар анықталды.

Пациенттің бойында қандай негізгі ауру болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал:

* Қант диабеті

* +Тиреотоксикоз

* Өкпе туберкулезі

* В12 жетіспеушілік анемиясы

* Созылмалы жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі

!. Жасы 55-тегі әйел ауыз ішінің қатты ауыратындығына, тағам қабылдағанда күшейе түсетініне шағымданады. Қарап тексергенде: аса өзгеріске ұшырай қоймаған қатты таңдайдың, таңдай иектерінің кілегей қабығы бетінде үлкен көлемді эрозиялы ошақтар анықталады, жиектерінде жабынды эпителий үзіктері сақталған. Үзіктерді пинцетпен қысып тартса біраз аумаққа сыдырылады және өзгере қоймаған аймақты доғал аспаппен үйкелесе күлбіреуік пайда болады.

Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* +Тұрпайы күлбіреуікше

* Буллезді пемфигоид

* Күлбіреуік-қантамыр синдромы

* Көптүрлі жалқықты эритема

* Созылмалы қайталамалы герпес

!. Жасы 57-дегі әйел ауыз ішіндегі ауыру сезіміне, терілеріне сулы бөрткендер шығып жарылатынына, жалпылай әлсізденуіне, тәбетінің төмендегеніне шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы екі жақ ауыспалы қатпарында үлкен көлемді эрозиялы ошақтар анықталады, жиектерінде эпителий үзіктері сақталған. Жауырын мен бел терілерінде де серозды жалқықты әлі жарылмаған күлбіреуік бөрткендер анықталды.

Осы сипаттамаға төменде келтірілген симптомдардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Куперман симптомы

* Поспелов симптомы

* +Никольский симптомы

* Бабинский симптомы

* Шелли симптомы

!. Жасы 18-дегі қыз төменгі ернінің құрғақтығына және кедір-бұдырлығына шағымданып келді. Қарап тексергенде: төменгі ерін жиегінде жұқа ақшыл-сұр қабыршақтар байқалады және олар Клейн белдеуінен ерін жиегінің орта бөлігі аралығында жіңішке жолақ түрінде екі езуге созыла орналасқан.

Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Еріннің экземалы қабынуы

* Еріннің атопиялық қабынуы

* Еріннің гландулярлы қабынуы

* +Еріннің эксфолиативті қабынуы

* Еріннің актиндік қабынуы

!. Кандидоздық езулікке ТӘН ЕМЕС клиникалық белгіні көрсетіңіз:

* Ауыру сезімі

* Күю сезімі

* Аздап дымқылданған эрозия

* +Қызарып ісіну

* Жұмсақ сұр қабықша

!. Стрептококктық езулікке ТӘН ЕМЕС клиникалық белгіні көрсетіңіз:

* Ауыру сезімі

* Қабықшаның болуы

* Қызарып ісінген

* + Аздап дымқылданған эрозия

* Қасындағы тері аймағын қамтиды

!. Жасы 20-дағы қыз төменгі ернінің сыздап және ысып-күйіп ауыратынына, еріндерін бір-біріне жақындатқанда күшейе түсетініне шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі ерін жиегі қызарып домбыққан, бетінде екі езуге қарай созылаған сары-қоңыр түсті қалың қабықша салбырай орналасқан. Ерін терісі өзгеріске ұшырай қоймаған.

Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Еріннің атопиялық қабынуы

* Еріннің экземалық қабынуы

* Еріннің грандулярлы қабынуы

* Еріннің аллергиялы қабынуы

* +Еріннің эксфолиативті қабынуы, іріңді түрі

!. Жасы 48-дегі ер адам дәрігер-стоматологқа төменгі ернінде белгісіз құрылымның пайда болғанына шағымдана келді. Қарап тексергенде: төменгі ерін жиегінің оң жақ бөлігінде диаметрі 1см жарты шарға ұқсас құрылым анықталады. Консистенциясы сәл тығыздау, төңірегіндегі тіндерден біраз көтеріңкі бетінде сүйелге ұқсас ұсақ өсіктер бар. Сипап тексергенде ауырмайды. Аймақтық лимфа түйіндері өзгеріссіз.

Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Папилома

* Терімүйіз

* Кератоаканома

* +Сүйелге ұқсас обыралды ісік

* Обыралды шектеулі гиперкератоз

!. Жасы 50-дегі ер адам төменгі ернінің кілегей қабығының екі езуге жақын аймағының тырысып, құрғап мазалайтынына, кедір-бұдырлық сезетініне шағымданады. 20жыл шамасында шылым шегеді және өте жиі шегеді. Қарап тексергенде: екі езуге жақын орналасқан кілегей қабық күңгірттенген, ақшыл-сұр түстенген. Жарақат ошақтарының пішіндері үшбұрышқа ұқсас, беттері жазық және тегіс, консистенциясы жұмсақтау. Қырып байқағанда беті алынбайды. Аймақтық лимфа түйіндері өзгеріске ұшырамаған.

Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Ауыздың созылмалы гиперпластикалық кандидозы

* +Лейкоплакия,жазық түрі

* Қызыл жалпақ теміреткі, әдетті түрі

* Қызыл жегі, әдетті түрі

* Боуэн ауруы

!. Жасы 56-дағы ер адам тілінің ауыратынына, қозғау қиындағанына шағымданады. Бойында созылмалы аурулары жоқ. Қарап тексергенде: ауыз іші сауықтырылмаған. 35,36, тістерінің сауыттары бұзылып, өткір қырлар пайда болған. Тілдің сол жақ бүйір бетінде осы тістерге жақын аймағында аумағы 0.5*0.7см дұрыс пішінсіз ойық жара анықталды,табаны тегіс емес, өліетті қақпен жабылған. Сипап байқағанда ауырады, жиегі аздап тығызданған. Төңірегіндегі тіндер іркіле-қызарған.

Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Лейкоплакия эрозиялы-жаралы түрі

* Милиарлы-жаралы туберкулез

* +Созылмалы зақымдану жарасы

* Трофикалық жара

* Обыр жарасы

!. 23 жастағы бойжеткен ұртының кілегей қабығының кедір-бұдырлығына шағымданады.Толқығанда ұртын тістейтін әдеті бар екен. Қарап тексергенде: ұртында тістердің түйісу сызығының бойы – ақшыл түсті, бос, иректелген. Шпательмен қырғанда қақ жартылай алынады.

Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Қызыл жегі

* А витаминінің жетіспеушілігі

* +Жұмсақ лейкоплакия

* Қызыл жалпақ теміреткі

* Созылмалы гиперпластикалық кандидоз

!. 48 жастағы әйел адам тілінің бүйір бетінің кедір-бұдырына және ысып-күюіне шағымданады. 4 жылдан бері дәрігер-эндокринологта қант диабетінің компенсациялық түрімен диспансерлік есепте тұрады. Қарап тексергенде: тілінің бетінде және ұртының шырышты қабатында қақ және ақ түстес табақша бар. Шпателмен қырғанда қақ жартылай алынады.

Төмендегі берілген алдын – ала диагноздың қайсысы осы аталған ауруға НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* + кандидоз

* лейкоплакия

* қызыл жегі

* екіншілік мерез.

* созылмалы механикалық жарақат

!. 48 жастағы келіншек тілінің бүйір беттерінің бұдырлығына және күйіп- қызып ауыратындығына шағымданады. 4 жыл бойы қант диабеті бойынша дәрігер- эндокринологта диспансерлік есепте тұрады. Қарап тексергенде: тілінің арқасында оң жақ ұртының шырышты қабатында ақ түстес қақ және тоға табақша бар. Шпателмен қырғанда қақ жартылай алынады.

Төмендегі берілген тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қою үшін НЕҒҰРЛЫМ тиімді болып табылады?

* биопсия

* жалпы қан анализі

* иммунологиялық тексеру

* серологиялық тексеру

* +қырманы микроскоппен тексеру

!. Жасы 52-дегі әйел екі ұрттының ас қабылдағанда ашып ауыратынына, ащы, қышқыл тағамдар қабылдау қиындағанына шағымданады. Ауыру сезімі 2-3 айдан бері мазалайды. Қарап тексергенде: екі ұртының артқы бөліктерінде 36,37,46,47,тістер деңгейінде әртүрлі көлемді эрозиялы ошақтар анықталады, беттері ақшыл-сарылау түсті фибринді қақпен жабылған, оңай ашылады, эрозия беті ашылып, қатты қанайды. Эрозиялар аралықтарында және төңіректерінде диаметрі 2-3мм түйіншектер (папулалар) топтаса өрнек құрай орналасқан. Аймақтық лимфа түйіндері аздап ұлғайған, ауырады.

Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Лейкоплакия

* Қызыл жегі

* Буллезді пемфигоид

* +Қызыл жалпақ теміреткі

* Созылмалы механикалық зақым

!. Жасы 65-тегі ер адам, құрғақтығына ысып-күйіп мазалайтынына шағымданады. Жарты жыл бұрын асқазанның 3/2 бөлігі резекцияланған. Дәрі-дәрмекті сирек қабылдайды. Қарап тексергенде: ауыз іші күтімі нашар, кілегей қабығы бозғылттанған. Тілдің көлемі біраз ұлғайған, үстіндегі бүртіктері тегістеліп, жылтыраған ақшыл-қызыл түсті жабынды эпителий жұқарған.

Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Глоссалгия

* Тілдің түлей қабынуы

* Тілдің атрофиялана қабынуы

* +Гунтер-Миллер глосситі

* Тілдің аллеогиялық қабынуы

!. Жасы 67-тегі ер адам тілінің құрғауына, ысып-күйіп мазалайтынына шағымданады. Жарты жыл бұрын асқазанның бөлігі қатерлі ісікпен резекцияланған. Дәрі-дәрмекті сирек қабылдайды. Қарап тексергенде: ауыз іші күтімі нашар, кілегей қабығы бозғылттанған. Тілдің көлемі біраз ұлғайған, үстіндегі бүртіктері тегістеліп, жылтыраған ақшыл-қызыл түсті жабынды эпителий жұқарған.

Төмендегі қай витаминдердің жетіспеушілігі осы патологияның туындауына НЕҒҰРЛЫМ себепкер?

* «А»

* «Е»

* «С»

* «РР»

* +«В12»

!. Жасы 29-дағы ер адам ауыз ішіне бөрткендер шығып, қатты ауыратындықтан аузын ашып сөйлеу, ас қабылдау қиындығына шағымданады. Бөрткендер шығар алдында басы ауырып, еттері сыздап, буындары сырқырап, дене қызуы көтерілген. Ауру денесі суыққа шалдыққаннан кейін жедел басталған. Қарап тексергенде: ауыз кілегейлі қабығы қатты домбыққан, шикі ет түстес, екі ұртында, тілдің астыңғы бетінде, ауыз түбінде әртүрлі көлемді эрозиялы ошақтар бар, беттері күшпен алынатын ақ-сары түсті өліетті фибринді қақпен жабылған.Тиіп кетсе эрозиялар қатты ауырады, оңай қанайды. Ерін жиегі қызара домбығып, сары сулы–қанды қабықшалармен жабылған.

Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Белдеме теміреткі

* Тұрпайы күлбіреуікше

* +Көп түрлі жалқықты қызарма

* Ауыздың жедел герпестік қабынуы

* Қызыл жегі, эрозиялы жаралы түрі

!. Жасы 30-ғы әйел тілінің ауырып, сөйлегенде және ас қабылдағанда қиналатынына шағымданады. Соңғы жарты жылда бойын дімкәстік билеп әлсірей бастаған, түнге қарай дене қызуы 37оС дейін көтеріліп, терлей беретін болған. Қарап тексергенде: тілдің үстінде саңылауға ұқсас жиегі тегіс емес, бірақ жұмсақ терең ақау анықталды. Сипап көргенде қатты ауырады. Табаны тегіс емес, бүртікті грануляциялық тінмен жабылған.

Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* +Туберкулез жарасы

* Берішті шанкр

* Трофикалық жара

* Зақымдану жарасы

* Обыр жарасы

!. Жасы 48-гі әйел ауыз ішіне ауыратын бөрткендер шығып, сөйлеу және ас қабылдау қиындығына шағымданады. Қарап тексергенде: екі ұрттың кілегей қабығында, ауыз табанында үлкен көлемді эрозиялы ошақтар анықталады. Беттері жалаңаш, төңіректерінде эпителий үзіктері сақталған, бірақ тіндердің қалыпты түсі сақталған. Никольский симптомы оң.

Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Қызыл жалпақ теміреткі,буллезді түрі

* +Тұрпайы күлбіреуікше

* Ошақты қызыл жегі, эрозиялы жаралы түрі

* Терінің герпеске ұқсас қабынуы (Дюринг дерматиті)

* Буллезді пемфигоид

!. Жасы 49-ғы әйел аузының ашып ауыратындығына, сөйлеудің және ас қабылдаудың қиындығына, көп сілекей бөлінетініне шағымданады. Қарап тексергенде: екі ұртында және ауыз табанында шикі ет түстес жалаң эрозиялы ошақтар анықталады, төңірегінде эпителий үзіктері сақталған Аурудың диагнозын нақтылау үшін төмендегі сынамалардың қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді:

* +Никольский сынамасы

* Бабинский сынамасы

* Куперман сынамасы

* Поспелов феномені

* Шелли тесті

!. 48 жастағы әйел адам сөйлегенде және тағам қабылдағанда ауыз ішіндінің ауыратындығына шағымданады. Қарап тексергенде: ұрт және ауыз қуысы түбінің кілегей қабығында ауыратын эрозиялар анықталды. Қоршаған кілегей қабық өзгеріссіз, пинцетпен тартқанда сау эпителиймен бірге көп жерге дейін сыдырылады.

Төменде көрсетілген дәрілік препараттардың қайсысын жалпы емге тағайындау НЕҒҰРЛЫМ тиімді:

* Антибиотиктер

* +Кортикостероидтар

* Вирусқа қарсы дәрілер

* Саңырауқұлаққа қарсы дәрілер

* Безгекке қарсы дәрілер

!. 45 жастағы әйел адам ауыз ішіндегі ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: оң жақ ұртында ауыратын, фибринді қақпен жабылған, айналасы ұсақ, ақшыл, топтасқан папулалармен өрнек құрай қоршалған эрозия анықталды.

Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Веррукозды лейкоплакия

* Жүйелі қызыл жегі

* +Қызыл жалпақ теміреткі

* Екіншілік сифилис

* Гиперпластикалық кандидоз

!. Жасы 55-гі әйел тілінің күйіп, шаншып ауыруына, бұрыш сеуіп қойғандай сезімге шағымданады. Аталған сезімдер кешке қарай күшейіп, ас қабылдаған кезде азаяды. Жүйкелік толқулар кезіндеде күшейе түседі. Қарап тексергенде: тілдің кілегей қабығы мен ауыз кілегей қабығы бозғылт-қызыл түсті. Тілдің астынғы бетіндегі көк тамырлар варикозды кеңеюге ұшыраған.

Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* +Глоссалгия

* Тілдің түлей қабынуы

* Тіл нервісінің қабынуы

* Тіл нервісінің невралгиясы

* В-1 витамині жетіспеушілігі.

!. Төменде көрсетілген аурулардың ҚАЙСЫСЫ облигатты обыр алды ауруларға жатпайды?

* Абразивті преканцерозды Манганотти хейлиті

* Ошақты обыралды гиперкератоз

* Сүйелді обыралды ауру

* +Кератоакантома

* Боуэн ауруы

!. Төменде көрсетілген аурулардың қайсысына ұрттың алдыңғы бөлігінде орналасатын кілегей қабықтың шектелген күңгірттенуі НЕҒҰРЛЫМ тән:

* Екіншілік мерез

* Қызыл жалпақ теміреткі

* +Жазық лейкоплакия

* Шектелген обыралды гиперкератоз

* Созылмалы гиперпластикалық кандидоз

!. Төменде көрсетілген аурулардың қайсысына қызарған, ісінген кілегей қабық бетіне ұсақ, топталған везикулалардың шығуы НЕҒҰРЛЫМ тән:

* Тұрпайы күлбіреуікше

* Буллезді пемфигоид

* +Созылмалы қайталамалы герпес

* Аллергиялық стоматиттің көпіршікті-эрозиялы түрі

* Қызыл жалпақ теміреткінің буллезді түрі

!. Жасы 22-дегі жігіт ауыз ішін сауықтыру үшін келген және төменгі ерінің жиі құрғайтынына шағымданады. Қарап тексергенде төменгі ерін жиегі құрғақ, қабыршықтармен жабылған. Кілегей қабығында Клейн белдеуіне жақын аймақта ұсақ сілекей бездерінің кеңейген ауыздары байқалады және сілекей тамшылары бөлініп, жапырақтар бетіндегі еріген шық тамшыларын еске түсіреді.

Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Еріннің экземалық қабынуы

* Еріннің отопиялық қабынуы

* Еріннің жапырақтана қабынуы

* +Еріннің гландулярлы қабынуы

* Еріннің жанаспалы аллергиялық қабынуы

!. Жарақат ошағынан алынған жағынды-таңбада цитологиялық зерттеу нәтижесінде кішірек көлемді үлкен ядролы, цитоплазмасы біркелкі боялмайтын клеткалар анықталады.

Мұндай цитологиялық көрініс төмендегі аурулардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ тән болуы мүмкін:

* Белдеме теміреткі

* +Тұрпайы күлбіреуікше

* Ауыздың жедел герпесті қабынуы

* Көптүрлі жалқықты қызарма

* Еауыздың қайталама афталы қабынуы

!. Факультативті обыралды ауруларға төмендегі аурулардың ҚАЙСЫСЫ жатпайды:

* Қызыл жалпақ теміреткі,эрозиялы-жаралы түрі

* Ауыздың сәуле әсерінен кейін қабынуы

* Веррукозды лейкоплакия

* +Боуэн ауруы

* папилломатоз

!. Төменгі аурулардың қайсысы облигативті обыралды ауруларға ҚАЙСЫСЫ жатпайды

* Боуэн ауруы

* + папилломатоз

* Манганотти хейлиті

* Сүйелге ұқсас обыралды ісік

* Шектеулі обыралды гиперкератоз

!. Обыралды аурулардың обырға айналу белгілеріне төменгі белгілердің ҚАЙСЫСЫ жатпайды:

* Бүртікті өсікті құрылымдар

* Жедел өсе ұлғаю

* Мүйізгектенудің күшеюі

* негізінде тығыздану белгілерінің пайда болуы

* + Жарақат ошағының көлемінің кішіреюі

!. Жасы 52-дегі әйел аузының құрғауына ысып-күю сезіміне, жиі шөлдеуіне, аузында тәтті дәм сезілуіне, қызылиегінің қанағыштығына шағымданады. Бүгінге дейін ешқандай дәрі қабылдамаған. Қарап тексергенде: ауыз кілегей қабығы от-қызыл түсті, құрғақ. Тілдің үстіндегі жіпке ұқсас бүртіктері семіп жойылған. Екі езуінде шамалы ылғалданған эрозия ошақтары, нәзік жұқа қабықшаларымен жабылған. Қызылиегінің кілегейлі қабығы қызарған, ісінген, тереңдігі 5мм пародонт қалталары бар.

Пациенттің бойында қандай негізгі ауру болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал:

* Тиреотоксикоз

* Гипотиреоидизм

* В12 жетіспеушілік анемиясы

* В1 витаминінің жетіспеушілігі

* +Қант диабеті

!. 18 жастағы бойжеткен төменгі ерін аймағындағы ауыру сезіміне, тағам қабылдағанда күшейетіндігіне шағымданады. Қарап тексергенде: оң жақ төменгі ернінің кілегей қабығында – сопақ пішінді эрозия, көлемі 2х4мм, беті фибринді қақпен жабылған, сипап тексергенде ауырады.

* Метронидазол

* Доксициклин

* Ацикловир

* +Левамизол

* Орунгал

!. Жасы 55-гі әйел аузының құрғауына, ысып-күю сезіміне, ашып ауыратынына шағымданады. Жиі-жиі тыныс жолдары қабынатын болғандықтан антибиотиктерді көп қабылдауға мәжбүр. Қарап тексергенде: екі ұртпен тілдің кілегей қабығы от-қызыл түсті, құрғақ және жылтыр. Тілдің жіпке ұқсас бүртіктері семіп жойыла бастаған, сілекейі қою, көпіреді және тұтқыр. Аурудың диагнозын толық нақтылау үшін қандай қосалқы зерттеу әдістерін жүргізуге НЕҒҰРЛЫМ дұрыс болады:

* Жалпы қан анализі

* +Жарақат ошағынан қырманы микроскопиялық зерттеу

* Иммунологиялық зерттеу

* Вуд сәулесінде зерттеу

* Қанда глюкозаның деңгейін анықтау

!. 18 жастағы бозбала ауызындағы ауыру сезіміне, қызылиегінің қанағыштығына, жалпы әлсіздікке, тәбетінің жоғалғанына шағымданады. Ауру 3 күн бұрын жедел дамыған. Дене қызуы көтерілген, жалпы әлсіздік. Қарап тексергенде: ұрт, қатты таңдай және ерін кілегей қабығындаөте ұсақ сопақша келген эрозиялар анықталды, сипатғанда ауырады. Жиектік қызылиегі ісінген, қызарған.

Төменде көрсетілген вирустардың қайсысы ауруды туындатуға НЕҒҰРЛЫМ себепкер?

* Адамның иммуножетіспеушілік вирусы

* +Қарапайым герпес вирусы

* Парагрипп вирусы

* Коксаки вирусы

* Тұмау вирусы

!. 65 жастағы әйел адам аузын кең ашқанда туындайтын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: ауыз қуысы сауықтандырылмаған, жартылай адентия. Ауыз бұрыштарында қызарған, ісінген тері қатпарына дейін созылған тіліктер, бал тәріздес қабықпен жабылған.

Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Стафилококктық езулік

* Кандидозды хейлит

* +Стрептококктық езулік

* В1 витаминінің жетіспеушілігі

* В6 витаминінің жетіспеушілігі

!. Бехчет синдромына ТӘН ЕМЕС белгіні көрсетіңіз:

* Түйіншекті эритема

* Екі көздін гипопион-ириті

* +Ішек қабынуы

* Жыныс мүшелерінің кілегей қабығының қабынуы

* Ауыздағы созылмалы қайталамалы афталар

!. Қай витаминнің жетіспеушілігіне кілегей қабықтың және терінің құрғақтығы, гипосаливация, мүйізгектенудің жоғарылауы НЕҒҰРЛЫМ тән:

* +А витамині

* В1 витамині

* РР витамині

* Е витамині

* В12 витамині

!. Қызылиектің өліеттене-жаралана қабынуын жергілікті емдеу үшін ҚАЙ препаратты қолданудың қажеті жоқ:

* Трипсин

* +Микосист

* Метронидазол

* Хлоргексидин

* Мирамистин

!. Қызылиектің өліеттене-жаралана қабынуын этиотропты емдеу үшін қай препаратты қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді:

* Микосист

* Мерказолил

* Метилурацил

* +Метронидазол

* Монофосфотиамин

!. Жасы 32-гі ер адам тілінде жараға ұқсас құрылым пайда болып, жазылмай тағам шайнауға кедергі болғанына шағымданады. Құрылымның пайда болғанына екі аптадай болған. Қарап тексергенде: тілдің ұшында оң жақ бөлігіне жақын аймақта диаметрі 1см домалақ пішінді ашық-қызыл шикі ет түстес эрозия ошағы анықталды табанында шеміршектің тығыздығындай біраз көлемді инфильтрат бар. Сипап байқағанда ауру сезімі жоқ,. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған тығыздау консистенциялы ауырмайды және бір-бірімен бірікпеген.

Бұл ауруға төмендегі микроорганизмдердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ себепші болуы мүмкін:

* Қарапайым герпес вирусы

* Кох микробактериясы

* +Бозғылт трепонема

* Венсан спирохетасы

* Фузобактерия

 

!. 55 жастағы әйел адам стоматологқааузының ысып-күюіне, ауыратындығына шағымданады. 1 жылдан бері қант диабетімен ауырады. Эндокринолог тағайындаған дәрілерді уақытында қабылдамайды. Қарап тексергенде: ауыздың кілегей қабығы қызарған, құрғақ, жылтыр, тілдің жіпше тәрізді бүртіктері жойылған. Ауыз бұрышында аздап ылғалды эрозиялар, жұмсақ қақпен жабылған.

Осы науқасты жалпы емдеу үшін қандай дәрілік препаратты тағайындаған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

* Окситетрациклин

* Интерферон

* Трихопол

* +Микосист

* Ацикловир

!. Жасы 52-гі әйел таңдайының тағамды жұтқан кезде ауыратынына шағымданады. Гипертония ауруымен 10 жылдан бері ауырады. Осыдан 2 күн бұрын қан қысымы қатты жоғарылап «жедел жәрдем» көмегіне жүгінген. Қарап тексергенде: жұмсақ таңдайында диаметрі 0,9 см домалақ пішінді эрозия ошағы бар, беті кір түсті қақпен жабылған, жиегінде эпителий үзіктері бар, пинцетпен тартқанда сыдырылмайды, эрозия төңірегінде тіндер аздап қызарып ісіне бастаған.

Цитологиялық зерттеу жүргізгенде жағынды жобада қандай клеткалардың табылу мүмкіндігі НЕҒҰРЛЫМ жоғары:

A) + Қан құрамындағы клеткалар

B) Акантолизденген клеткалар

C) Пирогов-Лангханс клеткалары

D) Атипиялық клеткалар

E) Көп ядролы алып клеткалар

!. Қолдың терісіндегі «кокард» құрылымының болуы қай ауруға НЕҒҰРЛЫМ тән:

* Екіншілік мерез

* Буллезді пемфигоид

* Дюринг дерматиті

* +Көптүрлі жалқықты эритема

* Қызыл жалпақ теміреткі

!. Қызыл жалпақ теміреткінің әдеттегі түрінің біріншілік морфологиялық элементі:

* Дақ

* Көпіршік

* +Папула

* Күлбіреуік

* түйін

!. Вирусты аурулардыңбіріншілік морфологиялық элементі:

1. төмпешік

2. күлбіреуік

3. +везикула

4. Папула

5. дақ

!. Біріншілік гландулярлы хейлиттің туындауына себепкер:

* Қызыл жегі

* +Сілекей бездерінің туа біткен аномалиясы

* Созылмалы жарақаттар

* Қызыл жалпақ теміреткі

* Лейкоплакия

!. Қызыл жалпақ теміреткінің қай түрі факультативті предракқа жатады:

* Әдеттегі

* Жалқықты-қызарған

* Булеззді

* +Эрозиялы-жаралы

* Атиптік

!. Цитологиялық тексеру кезінде жағынды таңбада ірі ядролы, ұсақ дөңгеленген клеткалар және біркелкі түстес емес цитоплазмалар анықталды.

Берілген цитологиялық көрініс НЕҒҰРЛЫМ қандай ауруға тән:

* Жедел герпестік стоматит

* Созылмалы қайталамалы герпес

* Белдеме теміреткі

* Көптүрлі жалқықты эритема

* +Тұрпайы күлбіреуікше

!. 22 жастағы адам астыңғы еріннің құрғап тұратынына және қабыршақтанатынына шағымданады. Қарап тексергенде: астыңғы еріннің Клейн сызығы аймағында сілекей бездерінің шығару түтікшелері кеңейген,олардан тамшы түрінде сілекей бөлінеді.

Төмендегі берілген алдын ала диагноздың қайсысы осы аталған ауруға НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* Жанаспалы аллергиялық хейлит

* Экзематозды хейлит

* Іріңді гландулярлы хейлит

* Эксфолиативті хейлит

* +Жәй гландулярлы хейлит.

 

!. Ауыз кілегей қабығына шығатын біріншілік бөрткендерді атаңыз:

* Тілік, жара;

* +Розеола, папула;

* Афта, көпіршік бөрткен (везикула);

* Іріңдік, жыртық;

* Пигментациялану, домбықпа.

 

!. Ауыз кілегей қабығына шығатын екіншілік бөрткенді атаңыз:

* +Тілік, жара;

* Розеола, папула;

* Афта, везикула;

* Іріңдік (пустула), жыртық;

* Пигментациялану, домбықпа.

 

!. Дәнекер тіннің бүртікті, эпителийдің базальды қабатында шағын клеткалар шоғырынан тұратын, диаметрі 1-2мм, төңірегіндегі тіндерден шамалы көтеріңкі орналасатын бөрткенді атаңыз:

* Пигментациялану;

* Розеола;

* +папула (түйіншек);

* Домбықпа;

* Дақ.

 

!. Ауыз кілегей қабығының барлық қабаттарының бүтіндігінің бұзылуынан пайда болатын екіншілік бөрткенді атаңыз:

* Тыртық;

* +Ойық жара;

* Афта;

* Пигментациялану;

* Атрофиялану.

 

!. Аурудың клиникалық белгілерінің 1963 жылы Б.М.Пашков сипаттаған. Ауыз кілегей қабығы ақшыл-сұр немесе бозғылт түстенген жабынды эпителий борпылдақ, аздап домбыққан, беті үзік-үзік эпителий қиындыларымен жабылған (күйе жеген тері бетіне ұқсас). Келтірілген белгілер төмендегі аурулардың қайсысына тән:

* Жазық (жалпақ) лейкоплакия;

* Боуэн ауруы;

* +Жұмсақ лейкоплакия;

* Паппейнер лейкоплакиясы;

* Верукозды лейкоплакия.

 

!. Верукозды лейкоплакияның сараптамалы диагностикасын қандай аурулармен жүргізу керек:

* Ауыздың атрофиялаушы кандидозы, ауыздың дәріден қабынуы;

* + Қызыл жалпақ (жазық) теміреткі, гиперкератозды түрі, ауыздың гиперпластикалық кандидозы;

* Қызыл жалпақ теміреткі, күлбіреуікті (буллезды) түрі, еріннің шектеле гиперкератоздануы;

* Көптүрлі жалқықты қызарма, күлбіреуікше;

* Таппейнер лейкоплакиясы, ақ кеуекті невус (белый губчатый невус).

!. Патологиялық өзгеріске ұшыраған клеткалар (жасушалар) эпителийдің тікенекті қабаты жасушаларының баллонды дистрофилануы нәтижесінде пайда болады және цитоплазмасында ядролар көптеп орын алады. Бұлар қандай жасушалар:

* Баллонды жасушалар;

* Тсанк жасушалар;

* Акантолизденген жасушалар;

* +Көпядролы алып жасушалар;

* Пирогов – Лангганс жасушалар.

 

!. Патологиялық өзгеріске ұшыраған клеткалар (жасушалар) тікенекті қабат жасушаларының баллонды дегенерациялануға ұшырауы, акантолиздену және жасушалардың бір-бірімен қосылып кетуі нәтижесінде пайда болған және «көпядролы алып жасушалар» деп аталады. Бұл жасушалар көбінесе қандай ауру кезінде орын алады:

* +Ауыздың жедел герпестік қабынуы;

* Көптүрлі жалқықты эритема (қызарма);

* Туберкулез жегісі;

* Екіншілік мерез;

* Күлбіреуікше.

 

!. Аурудың қайталамасы кезінде еріндер жиегі және мұрын қанаттарында көпіршік бөрткендер топтаса орналасып көпкамералы күлбіреуік құрайды. Біраз уақыттан кейін (бірнеше сағаттан 1-2 тәулікке дейін) көпіршіктер ішіндегі сұйықтық кеуіп, сары, қоңыр-қызыл түсті қабықшаларға айналады. Бұндай бөрткендер қандай ауруға тән болуы мүмкін:

* Қайталамалы ерін герпесі(ұшық);

* Ауыздың қайталама герпестік қабынуы;

* Қызыл жалпақ теміреткі, буллезді түрі;

* Күлбіреуікше;

* +Белдеме теміреткі.

 

!. Қызара домбыққан жері немесе ауыз кілегейлі қабық бетінде түзулер бойымен ұсақ (диаметрі 3-5мм) сары-сұр сұйықтыққа толы көпіршік бөрткендер тізбектеле шығады және орналасуы асимметриялы сипатқа ие. Бөрткендер тізбегі бойымен қатты ауру сезімі мазалайды. Бұндай клиникалық белгілер қандай ауруға тән:

* Жел шешекке;

* Созылмалы қайталамалы герпес;

* +Белдеме теміреткі;

* Аусылға;

* Вирустыөқ сүйелдерге.

 

!. Ауыздың созылмалы қайталамалы герпесі кезінде бөрткендер жиі орналасатын ауыз іші аймағы:

* Ауыспалы қатпар;

* +Жабынды эпителийдің мүйізгектенетін аймағы;

* Ауыз табаны;

* Жұмсақ таңдай;

* Бадамша бездер.

!. Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуының сараптамалы диагностикасын қандай аурумен жүргізеді:

* Туберкулез жегісі;

* Күлбіреуікше;

* +Белдеме теміреткі;

* Лейкоплакия;

* Вирустық сүйелдер.

 

!. Ауыздың герпестік қабынуының диагнозын нақтылау үшін қандай қосалқы тексеру әдісінің нәтижесіне жүгінген тиімді:

* Люминесценттік зерттеу;

* Микробиологиялық зерттеу;

* +Цитологиялық зерттеу;

* Стоматоскопиялық зерттеу;

* Гистологиялық зерттеу.

 

!. Созылмалы қайталамалы герпестік инфекцияны кешенді емдеудің негізгі мақсаты:

* +Қайталануының алдын алу;

* Вирустың көзін жою;

* Десенсибилизациялау;

* Ауру сезімін басу;

* Қабынуды тежеу.

 

!. Дәрігер – стоматолог ауыз ішіндегі жарақат ошағына антисептикалық өңдеу жүргізгеннен кейін госсиполдың 0,5% жақпа-майымен аппликат (бастырма) қойды. Қандай ауруға жергілікті ем жүргізілді:

* Мерезге;

* Созылмалы кандидозға;

* Зақымдану жарасына;

* Миллиарлы-жаралы туберкулезге;

* +Ауыздың қайталама герпестік қабынуына.

 

!. Зақымдаушы бөрткен – диаметрі 3-5мм қошқыл-қызылдау түсті бұдырмақтар жоғарғы ерін терісіне орналасып, ерін кілегей қабығына және алдыңғы тістер тұсындағы қызылиекке ауысты. Олардың ыдырауы нәтижесінде қатты ауыратын, жиектері су шайған жарқабаққа ұқсас жаралар пайда болды. Сипатталған бөрткендер қандай ауруға ңеғұрлым тән:

* Қызыл жегі;

* +Туберкулез жегісі;

* Милиарлы- жаралы туберкулез;

* Қызыл жалпақ теміреткі;

* Біріншілік мерез.

 

 

!. Милиарлы-жаралы туберкулез кезінде бұдырмақтар ыдырағаннан кейін жиектері жырылған, табандары грануляциялық тіндермен жабылған қатты ауыратын жаралар пайда болады, және төңіректерінде сары түсті тары дәндеріне ұқсас инфильтративті құрылымдар анықталады. Бұл құрылымдар қалай аталады:

* Уикхем сеткасы;

* «Алма желісі» симптомы;

* «Беішті шанкр»;

* +Трель дәндері;

* Фордайс денешіктері.

 

!. Біріншілік сифилома немесе «берішті-шанкр» қандай бөрткенге жатады:

* +эрозиялы-инфильтративті;

* Бұдырмақ;

* Домбықпа;

* Түйіншек (папула);

* Түйін.

 

!. Ауыз уілегей қабығында екіншілік мерез папулезді және розеола мерез түрінде кездеседі. Теріде қандай түрі орын алуы мүмкін:

* Бұдырмақты;

* Гуммалы (түйінді);

* Буллезді;

* Домбықпалы;

* +Пустулезді (іріңдікті).

 

!. Үшіншілік мерез кезінде шығатын бөртпелік құрылым гумма (түйін) болып саналады. Ол қандай бөрткендер қатарына жатады:

* Қуысты;

* Жалқықты;

* Дақты;

* +Инфильтративті;

* Екіншілік.

 

!. Ауру кезінде жиегі тегіс және көтеріңкі орналасқан, табаны шеміршектей тығыз және жылтыр, ашық қызыл түсті, беті қатқан мал майы түстес, төңкерілген шағын тәрелкеге ұқсас жаралы құрылым пайда болды. Бұл қандай ауруға тән бөрткен:

* Зақымдану жарасы;

* Сеттон афтасы;

* Милиарлы- жаралы туберкулез;

* Капоши саркомасы;

* +«Берішті шанкр».

 

!. Ауру кезінде кілегейлі қабық қатты қызарып, аздап домбығады, бетіне ақ түсті сүзбеге ұқсас оңай алынатын қақ пайда болады. Бұл көрініс қандай ауруға тән:

* Пашков лейкоплакиясы;

* +Жедел жалған жарғақты кандидоз, ауыз кандидозы;

* Қызыл жалпақ теміреткі;

* Веррукозды лейкоплакия;

* Екіншілік мерез.

 

!. Ауыз кандидозын емдеу үшін қандай препараттар қолданылады:

* Пенциллин, эритромицин;

* Линкомицн, стрептоцид;

* +Пиварил, леворин;

* Бициллин-5, ампиокс;

* Теброфен, бонафтон.

!. Ауыздың жедел жарғақты кандидозының сараптамалы диагностикасын қандай аурулармен жүргізеді:

* +Лейкоплакия, қызылжалпақ теміреткі, екіншілік мерез;

* Ауыздың қайталамалы афталы қабынуы;

* Екіншілік мерез, белдеме герпес;

* Күлбіреуікше, ауыздың қайталама герпестік қабынуы, ауыздың қайталама афталы қабынуы;

* Көптүрлі жалқықты қызарма, күлбіреуікше, екіншілік мерез;

* Қызыл жегі, туберкулез жегісі, милиарлы-жаралы туберкулез.

 

!. Ағымы ауыр ауруға үш симптомды кешенділік (симптомокомплекс) тән: ауыз кілегей қабығына, жыныс ағзалары кілегей қабығына, көз коньюктивасына афталы бөрткендер шығады. Мұндай жарақаттану қандай аурулар кезінде орын алады:

* Сеттон афтасы;

* Турен афтозы;

* +Бехчет синдромы;

* Микуличафталары;

* Беднар афталары.

 


Дата добавления: 2014-12-12 | Просмотры: 924 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.168 сек.)