АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Аспаптар

ЖУМАШОВ С.Н

 

Гистология- 2

(оқу құралы)

 

ТУРКІСТАН 2011

 

УДК 611-018 (075)

ББК 28.86+74.58я73

ISBN 9965-856-03-6

ГОО Ж-88

ПІКІР

Мейрамов Г.Г. - Е Букетов атындағы Қар МУ-нің м.ғ.д., профессор, ҚР Жоғарғы мектеп академиясының корреспонденет мүшесі

Сисабеков Қ.Е. –Оңтүстік мемлекеттік фармацевтика академиясының, морфологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д профессор

Темірбеков Ә.Н –Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университетінің оқу клиникалық базасының, морфология және физиология кафедрасының доценті, гистология пәні маманы.

 

Бұл оқу құралында студенттер органдардың гистологиялық құрылысын түсінуін, үйренуін жеңілдетуге арналған. Оқу құралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен типтік бағдарламаға сәйкес түзілген.

Оқу құралы медициналық жоғары оқу орындарында барлық факультеттердің студенттеріне, магистирлердіңің, педагогика институттарының биология факультетінің студенттері және әртүрлі маман дәрігерлерінің гистология, ғылыми зерттеуші мамандарға арналған.

 

ГОО Жумашов С.Н. Гистология – 2 (оқу-құралы).-Түркістан.-2011ж.-198 б

 

Медицина білімі мен ғылымының иновациялдық технологиялар республикалық орталығы ЖШС жұмыс комиссия мүшелерінің шешімімен оқулық ретінде бекітілді ждәне басылымға рұқсат берілді.

 

№ ___ Хаттама «_____» ___________2011 ж.

 

© Жұмашов С H

 

 

Екінші басылымға алғы сөз

Гистология анатомия, физиология және басқа фундаменталь пәндермен бірге медицина пәнінің негізін құрайды. Бұл пәндерді терең үйрену үшін болашақ дәрігерлердің жан-жақты білікті маман болып жетілуін тағайындаушы үлкен факторлардың бірі болып есептелінеді.

Оқулықтың 2000 жылғы С.Н.Жумашовтың жеке гистология оқулығы баспадан шығарылғандығы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының студенттері үшін оқу құралы болып қолданып келінді. Бірақ ғылымның дамуы тоқтап тұрмайды. Соңғы жылдары биопсия әдісінің кең дамуы, компютерлік әдістердің себебінен гистология пәні байытылды. Тірі адам организмі және оның құрылысы, қызметі туралы кейбір жаңа мәліметтер алынды. Бұл оқулықтың қайтадан басылуы және толықтырылған басылымы соңғы ғылымның жетістіктерімен байытылып, ағзалар жүйесіне толық сипаттама беріліп, олардың микроскопиялық құрылымын түсті суреттермен, тест, бақылау сұрақтары және ситуациялық есептермен толықтырылған.

Сондай-ақ, қанның түзілуі және иммундық қорғаныс органдарының иммунологиялық процестердің морфологиялық негіздері тарау болып бөлінеді. Иммундық ағзалардың толық микроскопиялық құрылымына, ішкі секреция бездері қазіргі заман талаптарына сәйкес, олардың толық гистологиялық құрылымына сипаттама берілді. Оқырмандарға түсінікті болу үшін ағза мен тіндердің микроскопиялық құрылымын түсті суреттермен көрсетіп беруге әрекеттенді.

Оқулықты қайта басылымға дайындауда Ташкент мемлекеттік медицина институтының гистология кафедрасының меңгерушісі, марқум проф К.А.Зуфаровтың, проф М. Рысұлының оқу құралдарынан пайдаланылып, студенттерге түсінікті болу үшін кейбір медициналық терминдер қазақшаға аударылды.

Сондай-ақ оқулықтың қайта өңдеп шығарылуына Қ.А.Ясауии атындағы ХҚТУ-нің адам морфологиясы кафедрасының ұжымына жәнеде Оңтүстік Мемлекеттік Фармацевтика Академиясының аға оқытушысы Н.Ж. Қалменовке, Ж.С. Айтжановаға өз алғысымды білдіремін.

 

 

Автор

Микроскопиялық техника.

Гистологиялық зерттеулер техникасы.

Аспаптар

Гистологиялық микропрепараттарды жарық микроскоптың көмегімен жарық cәулесін дұрыс түсіріп көруден бастайды. Ол үшін айнаның ойыс жағымен жарық сәулесін бұйым үстелшесіне қойылған микропрепаратқа бағыттайды Зерттелетін микропрепаратты зерттеуде микроскоп объективінің (х8) кіші ұлғайтқышымен көруден бастайды. Кіші ұлғайту объективінің линзасымен жапқыш әйнек арақашықтығы 1 см-дей болады. Микропрепаратты анық көру микробұранда көмегімен жүзеге асырылады. Өте ұсақ гистологиялық микроқұрылымдарды үйрену үшін иммерсиялық объективті (х90) қолданады. Бұл жағдайда препараттың жапқыш айнасына 1 тамшы иммерсиялық майды тамызып, микробұранданы қолданып препараттың анық көрінуін қамтамасыз етеміз. Жұмысты аяқтағаннан кейін объектив және жапқыш айнадағы майды дәкемен сүртіп тазалайды.

Микроскоп. Студенттердің тәжірибелік сабақта күнделікті қолданатын негізгі аспабы жарық микроскоптан пайдаланады. Ол обьектінің үлкейтілген және сырт бейнесін алуға мүмкіндік береді. Микроскопта оптикалық және механикалық бөлімдері ерекшелінеді.

Оптикалық бөлімі. Бұл бөлімге микроскоп мойнының револьвер қондырғысына орнатылған объективтер, дүрбі (окуляр) және сәулемен жарықталатын құрылғы жатады. Объектив – линзалардың күрделі жүйесі. Көбінесе х8, х20, х40, х90 объективтерін қолданады. Қолдану және конструкция ерекшеліктері бойынша объективтер құрғақ (х8, х20, х40) және иммерсиялық (х90) болып бөлінеді. Дүрбі объектив берген бейнені ұлғайтады. Көбінесе х5, х7, х10, х15 дүрбілерін қолданады.

Объективтің негізгі техникалық сипаты шешуші қабілеті, яғни ең аз ара қашықтық, онда объектінің екі жақын орналасқан нүктелері бөлек беріледі. Жарық микроскобында ол негізінен сәуле толқынының ұзындығымен анықталады және оның үштен бір бөлігіне сәйкес келеді.

Оптикалық бөліміне, яғни жарық беретін құрылымына: айна (бір жағы ойыс, оны сәуле шашатын жарық кезінде қолданады, екінші жағы – тегіс); конденсор, оның көмегімен жарық шоғыры препаратта орталықтандырылады. Айнаның көмегімен жарық шоғыры конденсорға жіберіліп, сол арқылы зерттелетін микропрепаратқа бағытталады.

Механикалық бөлім. Микроскоптың оптикалық бөлімі механикалық бөліммен қосылған. Оған штатив, микро- және макробұрандалары бар құрылым микроскоп мойны (тубус) жатады.

 

 

Микроскопта алынатын ұлғаюларды объективті дүрбіге үлкейту арқылы анықтайды. Біздің елімізде кең таралған “МБН” және “Биолам” микроскоптары 2000 ретке дейін үлкейтеді.

Микроскопиялық тексеру техникасы. Гистологиялық препаратты микроскопиялық тексеруді сәулемен анық жарық түсіруден бастайды. Ол үшін жарық шоғырын жинайтын ойыс айна мен конденсор көмегімен түсетін жерге біркелкі жарық бөлінеді. Зерттелетін препаратты заттық үстел үстіне қойып, зерттеу барысында кішкене ұлғайтқышпен қарап бақылайды, ол кезде линза мен зерттеу үстелшесінің арасы 1 см шамасындай болуы керек. Препаратты кішкене ұлғайтқышпен бақылап, препараттың зерттелетін жерін анықтап, оны көру аймағының ортасына орналастырады. Орталықтандырылған жарықты өзгертпей револьвердің көмегімен үлкен ұлғайтқышқа қояды. Дүрбіге қарап отырып, шағын микробұранданы препараттың қажетті жері анық көрінгенге дейін ептеп қозғайды. Үлкен ұлғайтқышпен препаратты қараған кезде, оның анық көріністе болуы микробұрандамен реттеледі. Өте кіші гистологиялық микро құрылымдарды зерттеу үшін иммерсиялық объективті (х90) қолданады. Иммерсия майы тамшысы тамызылған гистопрепаратты объективтің линзасы майға жанасу үшін тубусты түсіреді. Микробұранданы қолдана отырып, айқын бейнені алады. Жұмыс аяқталғаннан кейін майды объективтен және шыны үстінен дәкемен тазалап тастайды.

Гистологиялық техника. Гистологиялық препараттарды, әдетте бұл арнайы гистологиялық бояғыштармен боялған ағзалар, тіндер немесе жасушалар кесінділері дайындаудың негізгі кезеңдері мыналар:

1. Материалды алу және бекіту;

2. Тығыздау;

3. Кесінділерді микротом жәрдемімен кесіп алу.

4. Бояу;

5. Консервілейтін орталыққа енгізу.

Гистологиялық препараттар зерттеу мақсатына байланысты уақытша (бір рет зерттеу үшін дайындалады) және тұрақты (ұзақ уақыт бойы сақталып қолданылады) болып бөлінеді. Уақытша препаратты салатын орта ретінде глицерин немесе суды қолданады.

Бекіту. Бекіту мақсаты тірі организмді тұрақтандыруда, яғни тіршілік процесін тоқтатуда болып отыр. Бұл кезде зерттелетін ағзаның тірі кезіндегі құрылымын сақтап қалуға ұмтылу қажет. Бекіткіштер (фиксаторлар) қарапайым және күрделі болады. Қарапайым бекіткіштерге: формалин (әдетте, 10-12% ерітіндісі), метил спирті, осмий тетраоксиді және т.б.

 

Күрделі бекіткіштер бірнеше компоненттерден тұрады. Мысалы, Буэн қоспасының құрамына формалин, спирт, пикрин қышқылы және Ценкер сұйығының құрамына – сілті қышқылы, сулема, калий бихроматы, натрий сульфаты.

Бекіту ұзақтығы, зерттелетін заттың мөлшері мен қалыңдығына байланысты 2-24 сағат аралығында болуы мүмкін. Материалды жылдам бекіту үшін ағзалар мен тіндердің кішірек үлгілерін алады (0,5 – 2 см). Бекіту мөлшері бекітілетін материалдың мөлшерінен 20-30 рет жоғары болуы керек. Бекітудің көптеген тәсілдерінен кейін зерттелген микропрепаратты сумен жуады. Бекіткіштер әсерінің салдарынан зерттелетін үлгінің мөлшері біршама азайып, тығыздалады.

Тығыздау. Гистологиялық препаратты дайындаудың мақсаты зерттелетін материалға қажетті қалыңдығы бар жұқа кесінділерді алуға мүмкіндік жасайтын тығыздық беру болып табылады. Мұны екі тәсілмен жүзеге асырылады: үлгіні қатыру немесе тығыздалған ортамен сіңіру (парафин, целлоидин және т.б.).

Парафин немесе целлоидинге салу үшін бекітілген үлгілерді құрғатады, өйткені бекіткіштердің көпшілігі сулы ерітінділер болып табылады және су тығыздалатын ортамен араласпайды.

Парафинге құю. Парафин қалыпты температурада қатады, сондықтан сіңіру алдында оны термостатта 52-56оС дейін ысытады. Парафин спиртпен араласа алмайтындықтан, аралық орта (ксилол, толуол және т.б.) қолданады.

Үлгіні спиртте дегидратациялағаннан кейін, оны ксилол мен абсолют спирттің теңдей қоспасына, кейінен таза ксилолға ауыстырады. Одан әрі материалды бірнеше сағатқа парафин мен ксилол қоспасына (37оС-та), содан соң 1-2 сағат таза ерітілген парафинге салып, (52-56оС температура кезінде), соңынан формаларға (қағаз немесе метал) ауыстырады. Үлгілер бар бекітілген парафиннен тік бұрышты блоктарды кеседі, оны ағаш кубикке ерітілген парафинмен бекітеді. Осындай түрде материал кесуге дайын.

Целлоидинге құю. Целлоидин – арнайы дайындалған целлюлоза. Дегидратациядан кейін үлгіні абсолютті спиртпен сусыз эфирдің теңдей қоспасына, ал содан соң целлоидиннің 2,4 және 8% ерітіндісіне бірнеше тәулікке ауыстырады. Одан әрі материалды хлороформ буында тығыздайтын қою целлоидинге ауыстырады. Бекітілген целлоидиннен блокаторды кеседі, ағаш кубиктерге желімдейді және сақтау үшін 70%-ті спиртке салады. Бұл құюдың кемшілігі тығыздалудың ұзақтығы (10-15 тәулік), кесінділерді 7-8 мкм-ден жіңішке етіп алу мүмкін еместігі.

 

Жарық сәулелі микроскоп және микроскоптағы сәуле жолы.

Жарықтандыру жүйесі: 1-жарық көзі; 2-айна; 3-диафрагма; 4-конденсор.

Оптикалық жүйе: 5-объектив; 6-окуляр.

Механикалық жүйе: 7-тубус; 8-штатив; 9-колонка; 10- заттық үстелше.

(M. Ross және E. Reith бойынша)

 

Электронды микроскоптың жалпы көрінісі.

 

Жарықсәулелі микроскоп (сол жақта) және электрондық (оң жақта) микроскоптардағы жарық жолы.

Электронды микроскоптың компоненттері: 1-катод; 2-анод; 3-конденсор- электромагнитті катушка; 4-үлгі; 5-объектив электромагнитті катушка;

6-окуляр-электромагнитті катушка; 7-люминесцентті экран (қалқан).

(M. Ross және E. Reith бойынша)

 

Кескіндерді дайындау. Кескіндерді дайындау үшін арнайы аспап – микротомды қолданады. Оның үш негізгі бөлігі бар: объектіні ұстаушы (ағаш кубикті блокқа қатайту үшін); микрометриялық механикалық жүйе (объекті ұстағышты берілген шамаға беру үшін); микротомдық пышақты ұстаушы.

Микротомның әртүрлі конструкциясы бар. (Микротомдар). Арнайы суытатын үстелдермен жабдықталған микротомдарды бекіткіштер әсерінен құтылу керек болған жағдайда қолданады, мысалы гистохимиялық зерттеулер кезінде. Осы микротомдарда 10-20 мкм және одан да үлкен қалыңдықтағы кескіндерді алады.

Кескіндерді бояу. Гистологиялық практикада қолданылатын бояғыштар химиялық қасиеттеріне байланысты үш топқа бөлінеді: негізді, қышқылды және бейтарап. Негізді бояғыштар (азур, гематоксилин, кармин және т.б.) боялатын негіздің тұздары болып табылады. Негізді бояғыштармен таңдамалы боялатын гистологиялық құрылымдар базофильді деп аталады. Негізді бояғыштартармен жасуша ядроларын бояйды. Қышқылды бояулармен (эозин, қышқыл фуксин) әдетте цитоплазмалық құрылымдарды бояйды.

 

 

Қышқыл бояумен боялатын гистологиялық құрылымдар оксофильді деп аталады. Бейтарап бояғыштар боялатын негіздермен қышқылдың тұздары болады.

Микротом (кесінді жасауға арналған аспап).

1-пышақ; 2-үлгі отырғызылған парафинді блок (шығыр); 3-кесінді; 4-беру құрылғысы (R. V. Kristic бойынша)

Жүйке жүйесі

Жүйке жүйесі өте күрделі құрылым, организмдегі барлық тіршіліктің негізін реттеп басқарады, сондай-ақ, организмнің сыртқы ортамен өзара байланысын қамтамасыз етеді. Олар эндокринді жүйемен тығыз байланысып, біртұтас жүйке-гуморальды басқару орталығын құрайды. Болашақ дәрігерлерге ми жүйесінің құрылысын білудің маңызы зор, себебі организмдегі барлық өмірге маңызды процестер бас миы мен жұлынның реттеушілік қасиеті арқылы басқарылады.

Жұлын

Екі симметриялық жартыдан құралған: алдыңғы жағынан терең орталықты қуыстық, артқы жағынан дәнекер тінді тосқауылмен екі жартысы бөлініп тұрады. Жұлынның ішкі бөлігі – сұр зат, сыртқы бөлігі - ақ заттардан құралады. Сұр зат- Н құрылысы /көбелек тәріздес/, өсінділері мүйізденген, алдыңғы /вентральды/; б) артқы (дорзальды); в) бүйірлі (латеральды) болады.

 

Сұр затында нейрондар, миелинсіз жүйке талшықтары, жұқа миелинді талшықтар және нейроглийлері болады.

Сұр заттағы нейриттері жұлыннан шығып вентральды мүйіздеріндегі мультиполярлық жасушалары, өсінділері сұр заттан шықпай синапстарды құраушы ішкі жасушалар және аксондары, жұлынның басқа сегменттерінің ақ затына және бас мидың кейбір бөлімдеріне қарай өткізуші жолдарды құраушы шумақты (тұтамды) жасушалардан құралған. Сондай-ақ, мультиполярлық жүйке жасушалары сұр заттың құрамдық бөлігі болып саналады. Дорзальды мүйіз орналасқан жерде жұлынға шеткеріден әр түрлі импульстарды тасушы артқы өсінді енеді. Дорзальды мүйізінде әсерлерді өткізуші жасуша денелері орналасқан.

Вентральды мүйізінде шеттік қоздырушы нейрондардың денелері ірі жасушалар орналасқан, олардың аксондары алдыңғы өсінділерін құрайды (жасуша денесі, жұлын бүйіріндегі вегетативті нейрондардың аксондарынан тұрады).

Дорзальды мүйіздің артқы өсінділері сезуші қызметін орындаушы жүйке талшықтары шумақтарынан (тұтамдарынан) құралған, алдыңғы өсінділері негізінен қозғаушы болып, олардың құрамына вегетативтік талшықтар кіреді.

Дорзальды мүйізде қуыс қабат, желімді (желатинді) заттар, жұлынның меншікті ядросы және дорзальды (Кларк) ядролары болады. Қуыс қабатта глиалды, көп мөлшерде ұсақ өсінділі жасушалар бар. Желімді заттарда жүйке жасушалары аз болып, глиоциттер көп болады. Меншікті ядролар өсінділі жасушалардан құралған, аксондары жұлынның қарама-қарсы жағына өтіп, ол жерде жұлын-мишық және жұлын- таламикалық жол құрап мишыққа және көру төмпешігіне қарай бағытталады.

Дорзальды (Кларк) ядро ірі өсінділі нейрондардан құралған. Аксондары мүйізді дендриттерімен бірге сұр затты кесіп өтіп, ақ заттың бүйірлі тізбегіне енеді және дорзальды жұлын - мишық өткізу жолы құрамына мишыққа көтеріледі (Флеминг жолы).

Жұлынның аралық аймағында медиальды және латеральды аралық ядролары орналасады. Медиальды ядро нейрондарының нейриттері вентральды жұлын-мишық өткізу жолы құрамына кіреді. Латеральды ядролар бүйір мүйіздерінде орналасып ассоциативтік симпатикалық нейрондар жиынтығынан құралған.

Вентральды мүйіздерінде ірі мультиполярлық нейрондары (100-140 мкм), медиальды және латеральды қоздырғыш нейрондары бар. Медиальды нейрондарды дене мен омыртқа жотасы бұлшық еттері қызметтерін реттейді, латеральдылар мидың мойын және бел бөліміндегі бүршіктерінде орналасып, қол мен аяқ бұлшық еттерінің қан тамырларымен қамтамасыз етілуін реттейді. Бұл аталған қоздырушы нейрондар ірі және ұсақ мотонейрондарға бөлінеді.

 

Ірі-мотонейрондар шеміршек бұлшықеттерінің кенеттен тез қысқаруын, ұсақ – мотонейрондар, олардың тонусының сақталуын қамтамасыз етеді.

Мотонейрондардың аксондары бұлшықет талшықтарының баяу қысқару процестеріне қатынасады.

Жұлынның ақ заты шеттік бөлімінде орналасып, миелинді қабықпен оралған көтерілуші және төмен түсуші жүйке талшықтарының бөлімінде үш бөлік болады, олар алдыңғы мүйіз арасында орналасады. Жұлынның меншікті аппаратында қысқа өткізуші жолдар және жұлынды бас мимен байланыстырушы ұзын өткізуші жолдар болады.

Жұлынның сұр затының негізін нейроглийдің ұзын және қысқа өсінділі астроциттерден құралған. Олигодендроглиоциттер жүйке талшықтарының қабығының қалыптасуына қатынасады. Эпендимоциттер жұлын сұйықтығы өтуші канал қабырғаларын құрап, сұйықтықтың мөлшері мен құрамының тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Микроглийлер (макрофагтар) қан арқылы енген моноциттерден дамиды және де олар сұр затпен ақ заттарда бір тегіс орналасады.

Вегетативті (автономды) жүйке жүйесі. Организмнің висцеральды қызметтерін (ас қорыту жүйесі секрециясы, қан қысымы, терлеу, дене температурасы, зат алмасуы, т.б.) бақылаушы жүйке жүйесінің бөлігі вегетативті (автономды) жүйке жүйесі деп аталады. Олар физиологиялық, морфологиялық белгілеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық деп аталады. Олар ағзалардың жүйкемен қамтамасыз етілуіне (иннервациясына) қатысады. Вегетативті жүйке жүйесі орталық бөлім (бас миы ядросы мен жұлын ядросы) және шеттік бөлімнен, жүйке өзектері түйіндері (ганглийлер) және оралымдардан құралады.

Вегетативті жүйке жүйесінің орталық бөлім ядросы орталық ми және сопақша мида орналасады, және жұлынның сегізкөз бөлімінде (сегменті), бел бөлімінде және көкіректің бүйірлі мүйіздерінде кездеседі. Вегетативті жүйенің эфферентті талшықтары, екі симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерден құралаган, олардың әрқайсысы организмдерге эфферентті талшықтарды жолдайды. Әрбір бөлімнің эфферентті талшықтарының ағзаға әсері ерекшелікке болады. Мысалы, тегіс бұлшықетке, 1-ші бөлім талшығы импульсы, қысқарушы әсер етсе, 2-ші бөлім эфферент талшығының импульсы, бұлшықеттің кейбір бөліктерін босаңсытады. Эфферентті талшық импульсы гипоталамус арқылы реттеліп басқарылады. Кейбір тіндерде (мыс., тегіс бірыңғай салалы бұлшықет және секретті бездер жасушалар) жүйкеленуінде бір бөлімнің эфферентті талшығы қатысады.

Вегетативті жүйенің екі бөлімі: симпатикалық және парасимпатикалық орталық жүйке жүйесінен басталады (бірақ әртүрлі бөліктен).

 

Екі бөлімде орталық жүйке жүйесінен бұлшықет және бездерге баратын эфферентті жол екі нейроннан құралады. Бұл нейрондардың 1-шісінің денесі эфферент тізбегіндегі орталық жүйке жүйесінде, 2-шісінің денесі орталық жүйке жүйесінен сыртта орналасады. Біріншісі ганглий алды, денесі орталық жүйке жүйесінен сыртта орналасады, 2-шісі- ганглиден кейінгі деп аталады.

Симпатикалық бөлім. Жұлынның көкірек және сегізкөз үсті бөлігінен,сұр заттың интермедиолатеральдық бағанасы, алдыңғы және артқы бағанасы өтеді. Интрамедиолатеральдық бағананың жүйке жасушалары денесі кішкентай, аксондары миелинсіз, жұлынның алдыңғы мүйізі жүйкелері құрамына шығады, алдыңғы мүйіздің қысқа бөлімін қамтиды (ақ дәнекер тіндер бұтағын). Симпатикалық бөлімнің жүйке түйіндері (ганглийлері) орналасуына қарай: паравертебральды, превертебральды және терминальды болып ерекшеленеді.

Парасимпатикалық бөлім. Олардың талшықтары бездер мен бұлшықет бөлімдерін жүйкелендіреді (симпатикалық бөлім бұларға қарама-қарсы 2-ші бөлігіне әсер етеді), екі эфферентті нейрон тізбегі болады.

Нейрон тізбектерінің екеуі де бір-бірінен ұзақтау болған орталық жүйке жүйесі бөліктерінен басталады. Ганглий алды талшықтан тарайтын нейрон денесі сопақша ми және орталық ми сұр затының ядросына орналасады, бұл талшықтар орталық жүйке жүйесінің 3-7-9-10- жұп бас жүйкелерінен басталады. Ганглий алды талшықтың қалған жұптары жамбас бөлімнің 2-3 және 4-ші жұлын миы жүйкелерінің құрамында, және, олардың талшыфқтары ішкі ағзаларды жүйкелендіреді.

Түйін алды талшықтар бас және жамбас бөлімі жүйкелерінен тармақталғандықтан бас-сегізкөз (краниосакральды) бөлім деп аталады. Түйін алды талшықтар терминальды түйіндерде (бұлшықет және бездерге жанасушы) аяқталады.

Вегетативті жүйке жүйесі орталық бөлімнің мультиполярлық нейрон ядролары вегетативті жүйке жүйесінің рефлекторлық доғасында ассоциялық нейрондар құрайды. Олардың нейриттері жұлынның алдыңғы мүйіздері арқылы немесе бас сүйегі жүйкелері арқылы орталық жүйке жүйесінен алыстап кетеді, нәтижеде шеткі вегетативті түйіндердің бірінің нейрондарында синапс құрайды. Олар вегетативті жүйке жүйесінің – түйін алды талшықтары болып есептелінеді (көбінесе миелинді болады), оларды холинергиялық синапс деп атайды, құрамында ұсақ мөлдір синапстық көпіршіктер мен аз мөлшерде қара-қошқыл везикулалар бар (көпіршік мөлшері 40-60 нм; везикулаларда 60-150 нм).

Вегетатив жүйке жүйесінің шетткі түйіндері (симпатикалық пара- және превертебральды ганглийлер және бастың парасимпатикалық түйіндері) ағзалардан тыс, ағзалар қабырғаларында (асқорыту жолы, жүрек, қуық, т. б.) интрамуральды жүйке оралымдары құрамында кездеседі.

 

Омыртқа маңы түйіндер-омыртқаның екі бүйірінде, өздерінің байланыстырушы өзегімен симпатикалық тізбек құрайды.

Омыртқа алды түйіндер – қарын аортасында және оның бастытармақтарында қарывн оралымдарының түйіндерін құрайды.

Вегетативті түйіндерді дәнекер тінді капсулалар қаптайды, дәнекер тін қыртыстары түйін паренхималарына еніп, өсінді (ост) құрайды. Түйіндер мультиполярлық жүйке жасушаларынан құралған. Нейрон дендриттері көп, мықты тармақталған, аксондары постганглионарлық (миелинсіз) талшықтар құрамына сәйкес келуші ішкі органдарга жетеді. Әрбір нейрон оның базальды мембранасын қоршайды, оның сыртында жұқа дәнекер тінді қабық орналасқан.

Симпатикалық түйіндер құрамына ұсақ түйіршікті қарқынды (интенсивті) флюоресцирлеуші жасушалар (ҰТҚФЖ) болады. Олардың өсінділері қысқа, цитоплазмасында түйіршікті көпіршіктері болады. ҰТҚФ- жасушалар түйіндері қабықпен қоршалған, жасуша денесінде және оның өсінділерінде холинергиялық синапстар (ганглий алды талшық терминальдарынан құралған) кездеседі, олар ішкі түйіндік тежеуші жүйесін құрайды. Оларға түйін алды холинергиялық талшықтар қоздырушы ретінде әсер етеді, соның нәтижесінде катехоламиндер (ұсақ түйіршікті көпіршіктер күйінде) өндіріледі. Катехоламиндер диффузия жолымен тарайды (ганглий тамырлары бойымен), түйін алды талшықтардан түйіннің шеткі нейрондарына өтетін синапстық тасымалдануын тежейді.

Парасимпатикалық бөлімінің:

а) түйін алды талшықтары нейрон денесінде, ал оның дендриттерінде холинергиялық синапстармен қосылып орналасады;

б) түйіннен кейінгі талшықтардың аксондары бұлшық ет тіндерінде миожүйкелі синапстар құрайды, олардағы жұқа варикозды кеңістіктерде холинергиялық синапстық көпіршіктер болады.

Интрамуральдық өрімдер - организмдердегі жүйке өрімдері нейрондары (асқорыту жолында, жүректе, қуықта, т.б.) интрамуральдық өрімдерді құрайды, олардың ганглийлерінде эфферентті нейрондардан басқа, жергілікті рефлекторлық доғаның рецепторлық және ассоциялық жасушалары болады. Жасушалар морфологиялық (құрылысы) сипатына сәйкес: 1) ұзын аксонды эфферентті нейрондарда (бірінші реттегі жасуша типтері): қысқа, тармақталушы(бұтақталушы) дендриттері, ганглийден шығып кетуші ұзын нейриттері болады; 2) тең өсінділі афференттік нейрондар (2-ші реттегі жасуша типтері) өсінділерге ие, олардың аксондары 1-ші типтегі жасуша синапс құрайды; 3) ассоциялық (3-ші реттегі жасуша типтері) нейрондар, олардың өсінділері маңындағы ганглийлерге жанасады, олардың нейрондарының дендриттерінде аяқталады.

 

Интрамуральды жүйкенің арнаулы ерекшеліктерін асқорыту жолының интрамуральды жүйкені көруге болады (энтеральды жүйе). Асқорыту түтігі қабырғасында үш түрлі жүйке өрілімдері бар: кілегей үсті; бұлшық ет аралық; кілегейасты, оларда жүйке талшықтары шоғырымен байланысқан жүйке жасушалардың жинақталып, топтасуын көруге болады.

Бұлшықет аралық жүйкелі өрілімдер ұзына бойына және циркулярлық орналасқан бұлшықет қабаттары аралығында оьрналасады. Бұлшықет аралық өрілімдерінде холинергиялық нейрондар болады, олар ішектің қозғаушы белсенділігін қоздырады, тежеуші адренергиялық және пуринергиялық нейроциттер кездеседі. Пуринергиялық нейроциттер перикарионында және өсінділерінде ірі түйіршіктер (мөлшері 80-120 нм) кездеседі. Интрамуральдық вегетативті ганглийлер құрамында пептидергиялық нейрондары да болады, олар белсенді вазоинтестинальды пептид, белсенді биологиялық заттар, соматостатин гормодарын, т.б. заттарды өндіреді. Сол себептен, бұл нейрондар жүйкелі және эндокринді қызмет атқарады, сондай-ақ әртүрлі ағзалардағы эндокринді жүйелер қызметтерінің қалыптасуына қатысады.

Интрамуральды өрілімдер нейрондарының ганглийінен кейінгі талшықтары бұлшықет тіндерінде терминальдық өрілімдер құрайды, олардың жұқа өзектерінде бірнеше варикозды кеңістікке ие (диаметрі – 0,52-2 мкм) аксондары бар, ол кеңістікте синапстық көпіршіктері мен митохондриялары орналасады.

Варикоздар аралық бөлімдер (кеңдігі 0,1-0,5 мкм) нейротүтікше мен нейрофиламенттерге толған.

Препарат №1. Жұлын түйіні.

Бояуы: гематоксилин - эозин. Үлкейтуі об.8, ок. 10.

 

 

1-дорсальді түбір; 2-жұлын түйіні: а-жүйке жасушасы; б-жүйке талшықтары; в-қабық; 3-вентральді түбір; 4-жұлын жүйкесі (В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский бойынша).

 

Жұлын ганглиінің көлденең кесіндісі сопақша пішінді, ганглийдің сыртынан жіңішке дәнекер тінді капсула қоршайды. Капсула астында жұлынның қабығы орналасады. Қабықтың дорсальді бөлімі қалың және көп мөлшерде жүйке жасушаларынан құралған. Вентральді бөлімі жұқа және бір ғана жүйке талшығынан тұрады, олар бір-біріне параллель орналасқан. Осылай жұлын ганглиінің көлденең кесіндісінен мыналарды анықтайды: 1) жүйке будасының көлденең кесіндісі, 2) жүйке жасушаларының құрылысы. Жүйке будасының вентральді тамырлары жүйке талшықтарынан тұрады, олар жұлынның шеткі аймақтарын бойлай орналасады. Мұнда жүйке жасушалары жоқ. Қабықтың дорсальді бөлімінде жүйке будалары жүйке талшығынан, яғни псевдоуниполярлы жасушалардың өсінділерінен құралған, бұл өсінділер екеу. Бірі - шеткі аймаққа бағытталған, екіншісі - жұлынға қарай бағытталған.

Жұлын ганглиі өзара байланысқан сезімтал жүйке жасушаларынан тұрады. Бұл жалған униполярлы жасушалар. Бұларды арнайы бояусыз ажырату қиын. Жасушалар үлкен, домалақ, ядросы ірі және қою түсті ядрошығы бар. Әрбір жүйке жасушасының маңында жіңішке, ұсақ-сателлит жасушалары орналасқан, оларды дәнекер тінді жасушаларынан ажыратуға болады, жұлын ганглийінде көп мөлшерде кездеседі.

 

 

Сателлит-жасушаларын мантий жасушасы деп те атайды, жүйке жасушасының капсуласында орналасады, ал ішінде дәнекер тінді жасуша бар. Сателлит - жасушасының ядросы дөңгелек, әрі ашық түсті. Дәнекер тінді жасушаның ядросы шығыңқы, әрі қою түсті.


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 4845 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.022 сек.)