АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Препарат № 59

Прочитайте:
  1. A) введение антигистаминных препаратов
  2. E Немедленно ввести в/м антигистаминный препарат и в/в лазикс.
  3. F) Ноотропные препараты
  4. II. 4. ХАРАКТЕРИСТИКА АНТИРЕТРОВИРУСНЫХ ПРЕПАРАТОВ И ПРИНЦИПЫ КОМБИНАЦИИ ГРУПП ПРЕПАРАТОВ ДЛЯ ВААРТ
  5. II. Препараты гормонов щитовидной железы
  6. III). Сосудорасширяющие препараты прямого миотропного действия (миотропные средства).
  7. IV. Отравления психотропными препаратами
  8. IX. Препараты мужских половых гормонов (андрогены)
  9. V. Отравления отдельными психотропными препаратами
  10. V. Препараты гормона поджелудочной железы инсулина

Қуық

Бояуы: гематоксилин- эозин. Үлкейтуі об.8, ок. 5.

 

 

1-ауыспалы эпителий; 2-кілегей қабаттың меншікті пластинкасы: а-қан тамыры; 3- кілегей асты негізі; 4-бұлшықет қабаты; б-ішкі бойлық қабат; в-айналмалы қабат; г-сыртқы бойлық қабат; 5-сіре қабат (И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).

 

Препарат қуық қабырғасының вертикальді кесіндісі болып табылады.

Кіші үлкейткіш арқылы ағзаның қабырғасын құрайтын 4 қабатты ажыратуға болады.

1) Кілегейлі қабық (t.mucosa) – қуықта көптеген қатпарлары бар. Кілегейлі қабықтың ішкі бетінде күлгін түске боялған қысқа (тар) сызық орналасқан. Бұл осы жерде анық көрінетін базальді мембранада жатқан ауыспалы эпителий. Қуықта, әсіресе, қатпарлар аймағында ауыспалы эпителий қалыңырақ, ол жерде 3 қабатты ажыратуға болады: а) міндетті түрде базальді мембранада ұштары және негіздері домалақтанған бір қабатты жасушалардан тұратын герминативті қабат жатады; б) жоғарырақ 3-4 қатарда алмұрт тәрізді жасушалар қабаты орналасады, бұл жасушалардың өсінділері герминативті қабаттың жасушаларының арасына кіріп тұрады; в) ең жоғарғы қабаты бір немесе кейде екі үлкен ядролары болатын үлкен тығыздалған жасушалардың бір қатарынан құралған.

Қуық толған кезде ауыспалы эпителий қабаты жұқарады. Енді тек екі қабатты ажыратады: герминативті қабаттың куб тәрізді жасушаларынан тұратын – төменгісі және кілегейлі қабықтың жоғарғы қабаты - t.propria. Бұл қабат төмен жатқан кілегейасты қабатына қарағанда тығыздау және жақсырақ (қаралау) боялады.

2) Кілегейасты қабығы көптеген мөлшерде қан тамырлары бар талшықты дәнекер тінінен құралған.

3) Бұлшықетті қабығы өте жақсы дамыған. Ол әр түрлі бағытталған тегіс бұлшықеттің (бірыңғай салалы бұлшықеттің) 3 қабатынан тұрады.Бұлшықет талшықтары көлденеңінен бағытталған 1) ішкі және 2) сыртқы қабат, ал 3) ортаңғысының бұлшықеттері циркулярлы. Бұлшықет талшықтарының арасында орналасқан дәнекер тінінің қабатшаларында жүйке түйіндері орналасады.

4) Қуықтың сыртқы қабығын оны қоршайтын талшықты дәнекер тіні мен көптеген қан тамырлары, жүйке талшықтары және май жасушалары кездеседі. Төменгі (түбі) аймағында қуық сірлі қабықпен жабылған.

 

Несеп шығару жүйесi бойынша сұрақтар:

 

1. Несепағар мен қуық қабырғасында қандай қабықтар бар?

2. Қуықтың бұлшықет қабатының морфологиялық ерекшеліктерін атаңыз.

3. Қуықтың эпителиі қалай аталады және не себептен?

4. Бүйректе ренин түзушілерді атаңыз?

5. Нефронда Na ионының реарбсорбциясын не реттейді?

6. Нефрон құрамында болмайтын бөлім қалай аталады?

7. Несеп құрау құрылымына не жатады?

8. Несеп шығарушы органға жатпайтынды атаңыз?

9. Бүйректің құрылыстық-функциялық бірлігі қандай?

10. Бүйректе бірқабатты жалпақ эпителий қай жерде кездеседі?

11. Бүйрек денешігі капсуласының ішкі қабырғасында не орналасқан?

12. Цитотрабекула және цитоподиялар қай жерде кездеседі?

13. Цитоплазмасында секреторлық түйіршіктері бар бүйректің жасушалары қалай аталады?

14. Қан плазмасының сүзілу процесі бүйректің қай құрылымында жүреді?

15. Фильтрация қайда жүреді?

16. Қанттың, белоктардың, судың қайта сіңуі бүйректің қандай түтікшелерінде өтеді?

17. Несеп шығару жолдары қандай эпителиймен жабылған?

18. Бүйректің жинағыш түтікшелерінде судың қайта сіңу процесін реттейтін гипофиз гормоны қалай аталады?

19. Бүйректе қандай жасуша ренин бөліп шығарады?

20. Бүйректің қыртыстық нефрондары неше процент құрайды?

21. Бүйректің сүзілу бөгетінің құрамына не кіреді?

22. Бүйректің юкстагломерулдық аппаратына қай жасуша кірмейді?

23. Бүйректе натрий рецепторы қызметін қандай жасуша атқарады?

24. Несеп ағар және қуық қабырғасында қайдай элемент болмайды?

25. Несеп ағардың төменгі бөлігінде бұлшықет қабығы неше қабат?

26. Біріншілік несеп қай процесінен соң пайда болады?

27. Екіншілік несеп қай процесінен соң пайда болады?

28. Бүйректің қайдай жасушалары тұз қышқылын бөліп шығарады?

29. Қыртыстық нефрондарға тән емес қасиетті қандай?

30. Несепке қышқылдық қасиеті қандай жасушалар береді?

 

 

Несеп шығару жүйесi бойынша есептер:

 

1. Стресс кезінде қанға антидиуретикалық гормон мен адреналин бөлінеді. Бұл гормондар бүйректің қайсы құрылымдарына әсер етеді. Бұл несеп түзуге қандай әсер етеді?

2. Суретте екі бүйрек денешігі көрсетілген. Біреуінде тамырлы шумақтың алып келуші және алып кетуші артерияларының мөлшері бірдей, ал екіншісінде алып кетуші артерия мөлшері алып келушіге қарағанда үлкен. Бұл бүйрек денешіктері қандай нефронға жатады, қайсысында несеп көп түзіледі?

3. Науқас несебін зерттегенде эритроциттер бар. Несеп шығару жолдарын тексергенде қан ағу байқалмаған. Нефронның қайсы бөлімі бұзылуынан несепте эритроциттер пайда болды?

4. Науқас несебін зерттегенде қант бар екені табылған. Несеп таңертең аш кезінде алынған. Нефронның қайсы бөлімі бұзылуынан несепте қант пайда болады?

5. Науқаста бүйрек ауруы нәтижесінде жалпы қан қысымы көтеріледі. Бұл бүйректің қай құрылымының бұзылуымен байланысты?

6. Бүйректегі тығыз дақ қайсы бөлімде орналасқан деген сұраққа бірінші студент-юкстагломерулярлық жиынтық құрамында десе, екіншісі-нефронның дисталды бөлімінде орналасады деді. Қай студенттің жауабы дұрыс?

7. Емтиханда студентке несеп ағар түтігінің екі препараты берілген. Бірінші препаратта несеп ағар түтіктің бұлшық етті қабығында екі қабат, ал екіншісінде үш қабат көрінген. Студенттің жауабында екінші препараттағы өзгеріс қалыпты жағдайдан ауытқу нәтижесінде болған деп түсіндіреді. Сіз бұл құбылысты қалай түсіндіресіз?

 

Несеп шығару жүйесi бойынша тестілер:

 

1. Бүйректе ренин түзеді

А. юкстагломерулярлық жасуша

B. пигментоциттер

C. интерстициальды жасуша

D. мезангиальді жасуша

E. подоциттер

2. Нефронда Na ионының реарбсорбциясын реттейді

А. альдостерон

B. антидиуретикалық гормон

C. шумақтағы қан қысымы

D. түйінше эпителийінің биіктігі

E. простогландиндер

3. Нефрон құрамында болмайтын бөлім

А. жинақтау түтікшесі

B. проксимальді түтікше

C. дистальды түтікше

D. генле тұзағы

E. шумақ капсуласы

4. Несеп құрау құрылымына жатады

А. нефрон

B. бүйрек астаушасы(лоханкасы)

C. несеп ағар

D. қуық

E. несеп шығару түтігі

5. Несеп шығарушы органға жатпайды:

А. бүйрек

В. несеп ағар

С. қуық

D. несеп шығару өзегі

Е. табақшалар

6. Несеп шығару жолдарына жатпайды.

А. нефрон

В. бүйрек астаушасы

С. несеп ағар

D. қуық

Е. несеп шығару өзегі

7. Бүйректің құрылыстық-функциялық бірлігі.

А. нефрон

В. бүйрек денешігі

С. бүйрек түйіншелері

D. капиллярлық шумақ

Е. бүйректің жинағыш түтікшелері

8. Бүйректе бірқабатты жалпақ эпителий кездеседі.

А. жіңішке түтікшеде

В. проксимальді түтікшеде

С. дистальды түтікшеде

D. жинағыш түтікшеде

Е. бүйрек астаушасында

9. Бүйрек денешігі капсуласының ішкі қабырғасында орналасқан.

А. подоциттер

В. мезангиоциттер

С. юкстагломерулярлық жасушалар

D. юкставоскулярлық жасушалар

Е. тығыз дақ жасушалары

10. Цитотрабекула және цитоподиялар бар.

А. подоциттерде

В. мезангиоциттерде

С. юкстагломерулярлық жасушаларда

D. юкставаскулярлық жасушаларда

Е. интерстициальды жасушаларда

11. Куб тәрізді күңгірт және ашық түсті эпителиоциттер кездеседі:

А. жинағыш түтікшеде

В. жіңішке түтікшеде

С. проксимальді түтікшеде

D. дистальды түтікшеде

Е. ілмек түтікшеде

12. Цитоплазмасында секреторлық түйіршіктері бар бүйректің жасушалары:

А. юкстагломерулдық жасушалар

В. подоциттер

С. дистальді түтікше жасушалары

D. проксимальді түтікше жасушалары

Е. жіңішке түтікше жасушалары

13. Қан плазмасының сүзілу процесі бүйректің құрылымында жүреді.

А. бүйрек денешігі

В. проксимальді түтікше

С. дистальді түтікше

D. жіңішке түтікше жасушалары

Е. генле иірімі

14. Фильтрация жүреді.

А. бүйрек денешігінде

В. проксимальді түтікшеде

С. дистальді түтікшеде

D. жіңішке түтікшеде

Е. жинағыш түтікшеде

15.Қанттың, белоктардың, судың қайта сіңуі бүйректің түтікшелерінде өтеді.

А. проксимальді

В. дистальді

С. иір

D. жіңішке

Е. жинағыш

16. Несеп шығару жолдары эпителиймен жабылған.

А. апуыспалы

В. бірқабатты призма тәрізді

С. бірқабатты жалпақ

D. бөпқабатты мүйізденбейтін

Е. көп қатарлы кірпікшелі

17. Натрий қайта сіңу процесі бүйректің түтікшелерінде іске асады.

А. дистальді

В. проксимальді

С. жіңішке

D. иір

Е. жинағыш

18. Бүйректің жинағыш түтікшелерінде судың қайта сіңу процесін реттейтін

гипофиз гормоны:

А. вазопрессин

В. окситоцин

С. тиротропин

D. соматотропин

Е. лакотропин

19. Бүйректе ренин бөліп шығарады.

А. юкстагломерулдық жасуша

В. интерстициальды жасуша

С. мезанглиоцит

D. подоцит

Е. тығыз дақ жасушасы

20. Бүйректің қыртыстық нефрондары процент құрайды.

А. 80

В. 1

С. 20

D. 50

Е. 100

21. Бүйректің юкстамедулярлық нефрондары процент құрайды.

А. 20

В. 1

С. 50

D. 80

Е. 100

22. Бүйректің сүзілу бөгетінің құрамына кіреді.

А. шумақ капиллярының эндотелиі, үшқабатты базальді мембрана, подоцит

В. мезангиоцит, подоцит, базальді мембрана

С. подоцит, базальді мембрана, интрстициальды жасуша

D. юкстагломеруалдық жасуша, мезангиоцит, подоцит

Е. эндотелий, мезангиоцит, подоцит

23. Бүйректің юкстагломерулдық аппаратына кірмейді.

А. интерстициальді жасушалар

В. юкстагломерулдық жасушалар

С. тығыз дақ жасушалары

D. юкставоскулярлық жасушалар

Е. мезангиоциттер

24. Бүйректе натрий рецепторы қызметін атқарады.

А. тығыз дақ жасушалары

В. юкстагломерулдық жасушалар

С. подоциттер

D. мезанглиоциттер

Е. интерстициальды жасушалар

25. Бүйректің қан қысымын төмендететін эндрокрин жасушасы:

А. интерстициальды жасуша

В. подоцит

С. юкстагломерулдық жасуша

D. мезангиоцит

Е. тығыз дақ жасушасы

26. Несепағар және қуық қабырғасында болмайды.

А. көлденең жолақты бұлшық ет қабаты

В. ауыспалы эпителий

С. кілегей асты негіз

D тегіс салалы бұлшық ет қабаты

Е. сыртқы қабық.

27. Несепағардың төменгі бөлігінде бұлшықет қабығы қабат.

А. үш

В. бір

С. екі

D. төрт

Е. бес

28. Біріншілік несеп процесінен соң пайда болады.

А. сүзілу

В. реабсорбция

С. секреция

D. экскреция

Е. қышқылдану

29. Екіншілік несеп процесінен соң пайда болады.

А. реабсорбция

В. сүзілу

С. секреция

D. экскреция

Е. қышқылдану

30. Бүйректің жасушалары тұз қышқылын бөліп шығарады.

А. жинағыш түтікшелердің күңгірт

В. жинағыш түтікшелердің ашық түсті

С. подоцит

D. мезангиоцит

Е. жіңішке түтікше

 

 

Аталық жыныс жүйесi.

Жыныс ағзалары генеретивтік қызметі арқылы биологиялық түрдің сақталуын қамтамасыз етуге қатысады. Сонымен қатар жыныс ағзалары эндокриндік қызмет атқарады. Бұл қызмет генеративтік қызметтің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, екіншілік жыныс белгілерін және жыныстық мінезді белгілейді. Жыныс даму механизмдері және ағзаның бұзылулары дәрігерлер үшін үлкен маңызға ие.


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1964 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.023 сек.)