АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Препарат № 51

Прочитайте:
  1. A) введение антигистаминных препаратов
  2. E Немедленно ввести в/м антигистаминный препарат и в/в лазикс.
  3. F) Ноотропные препараты
  4. II. 4. ХАРАКТЕРИСТИКА АНТИРЕТРОВИРУСНЫХ ПРЕПАРАТОВ И ПРИНЦИПЫ КОМБИНАЦИИ ГРУПП ПРЕПАРАТОВ ДЛЯ ВААРТ
  5. II. Препараты гормонов щитовидной железы
  6. III). Сосудорасширяющие препараты прямого миотропного действия (миотропные средства).
  7. IV. Отравления психотропными препаратами
  8. IX. Препараты мужских половых гормонов (андрогены)
  9. V. Отравления отдельными психотропными препаратами
  10. V. Препараты гормона поджелудочной железы инсулина

Ұрық өкпесі

Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі х 56.

 

 

1-плевра; 2-бронхиолалар; 3-альвеолярлы жолдар; 4-альвеолалар; 5-қан тамырлары бар бөлшек аралық дәнекер тін (В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский бойынша).

 

Ұрық өкпесі сыртынан тегіс емес пішінсіз дәнекер тінді плеврамен жабылған. Одан өкпені жеке-жеке бөліктерге бөлетін дәнекер тіндер қалқалары шығады.

Эмбрион өкпесінің стромасында немесе сірлі бөлігінде көп қабатты тегіс эпителиймен жабылған бронх құрылымдары көрінеді. Осы жерден көптеген тармақтарды құрайтын қан тамырлары, артериялар және веналар өтеді.

Бөліктер куб тәрізді эпителийдің жиынтықтарынан тұрады. Бұл жерде бір қабатты куб тәрізді эпителиймен жабылған альвеолалар және альвеолярлы қапшықтар жатады.

Тыныс алу жүйесі бойынша сұрақтар:

  1. Трахея және бронхтардың ішін қаптайтын қабаттың қандай жасушалары сілекей өндіреді?
  2. Қандай бронхтардың қабырғасының құрамында бездер және аралша тәрізді шеміршек бар?
  3. Тыныс алу жолдарының қай бөлігі өз қуысын өзгертеді және неліктен?
  4. Өкпенің респираторлық бөлімі мен тыныс алу жолдары қабырғасының құрамына кіретін дәнекер тіндердің ерекшеліктері қандай?
  5. Өкпе ацинусы қандай бөліктерден тұрады? Ацинустың барлық бөлімдері үшін қандай құрылымдар жалпы болып табылады?
  6. Ауа-қан тосқауылын қандай құрылымдар құрайды?
  7. Өкпе альвеолалары мен тыныс алу жолдары тіндердің қандай түрімен төселген?
  8. Сурфактант дегеніміз не? Оның маңызы неде және қандай тіндер оның құрамдық компоненттерін өндіреді?
  9. Ұрық өкпесінің морфологиялық ерекшеліктерін атаңыздар.
  10. Өкпе ацинусы қандай бөліктерден тұрады? Ацинустың барлық бөлімдері үшін қандай құрылымдар жалпы болып табылады?
  11. Меншікті мұрын қуысының эпителиінің жасушалары қалай аталады?
  12. Бронх қабырғасында болмайтын қабатты не деп атайды?
  13. Өкпенің морфофункциональді бірлігі деген не?
  14. Майда бронхтың секреторлы жасушасының қызметі қандай?
  15. Кеңірдектің көпқатарлы кірпікшелі эпителиі құрамында қандай жасуша болмайды:
  16. Аэрогематикалық бөгет құрамына кірмейтін элементті атаңыз?
  17. Өкпе сыртынан не қапталған?
  18. Көмей үсті шеміршек қандай эпителиймен жабылған?
  19. Мұрын қуысындағы қосымша қойнаулар немен жабылған?
  20. Кіші бронхтар қабырғасында жақсы дамыған қандай элемент?
  21. Кілегейлі-белокты бездер қай жерде болмайды?
  22. Спланхнотом және мезенхимадан дамитын қандай орган?
  23. Альвеолдар қабырғасындағы жасушалар қандай?
  24. Сурфактанттың құрамына кіретін фосфолипидтерді жасайтын жасуша өкпенің қай бөлігінде кездеседі?
  25. Бронхтардың бокал тәрізді жасушаларының функциясы қандай?
  26. Өкпе ацинусының құрамына не кіреді?
  27. Сурфактанттың артық бөлігін азайтатын қай жасуша?
  28. Газ алмасу процесі қандай цитоплазма арқылы іске асады?
  29. Сурфактант құрамына кіретін фосфолипидтерді синтездейтін қай жасуша?
  30. Қандай жасуша цитоплазмасында пиноцитоз көпіршіктері көп болды?

Тыныс алу жүйесі бойынша тестілер:

1. Меншікті мұрын қуысы эпителиінің жасушалары.

А. кірпікшелі

B. апикальды-дәнді

C. базальды

D. бокалді

E. призмалы

2. Бронх қабырғасында болмайтын қабат.

А. плевралық

B. меншікті пластинка

C. кілегей асты негізі

D. кілегейлі

E. фиброзды-шеміршекті

3. Өкпенің морфофункциональді бірлігі.

А. ацинус

B. бронх

C. альвеола

D. Бөлік

Е. сегмент

4. Майда бронхтың секреторлы жасушасының қызметі.

А. сурфактантты ыдырату үшін фермент бөлу

B. хеморецепторлық

C. кілегей өндіру

D. пептидті гормон өндіру

E. камбиальды

5. Кеңірдектің көпқатарлы кірпікшелі эпителий құрамында жасушасы

болмайды.

А. панет

В. кірпікшелі

С. бокал тәрізді

D. эндокринді

Е. базальді

6. Аэрогематикалық бөгет құрамына кірмейтін элемент.

А. 1-типті альвеолацит

В. 2-типті альвеолацит цитоплазмасы

С. сурфактант

D. базальды мембрана

Е. эндотелий

7. Өкпе сыртынан қапталған.

А. мезотелий

В. кірпікшелі эпителий

С. дәнекер тінді капсула

D. көпқабатты жалпақ эпителий

Е. эластинді мембрана

8. Өкпе атқармайды.

А. көмірсу алмасуын реттеуді

В. газ алмасуды

С.организмнен ұшқыш заттарды шығаруды

D. қанның депосын

Е. қан ұю процесін реттеуді

9. Көмей үсті шеміршек эпителиймен жабылған.

А. көп қабатты жалпақ

В. көпқатарлы кірпікшелі

С. бірқабатты жалпақ

D. ауыспалы

Е. бірқабатты призма тәрізді

10. Кеңірдекте, ірі және орташа бронхыларда қабат жоқ.

А. бұлшықетті

В. кілегейлі

С. кілегей асты негізгі

D. шеміршекті-фиброзды

Е. адвентициялық

11. Мұрын қуысындағы қосымша қойнаулар жабылған.

А. көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен

В. адвентициялық қабықпен

С. сіре қабықпен

D. шеміршек қабықпен

Е. көпқабатты жалпақ эпителиймен

12. Кіші бронхылар қабырғасында жақсы дамыған элемент.

А. бұлшықет пластинкасы

В. шеміршек-фиброзды қабық

С. бездер

D. кілегей тәрізді жасушалар

Е. бокал тәрізді жасушалар

13. Кілегейлі-белокты бездер болмайды.

А. Кіші бронхларда

В. Ірі бронхларда

С. Орташа бронхларда

D. Кеңірдекте

Е. Мұрын қуысында

14. Спланхнотом және мезенхимадан дамиды.

А. плевра

В. көмекей

С. кеңірдек

D. өкпе бронхлары

Е. өкпе ацинустары

15. Альвеолдар қабырғасындағы жасушалар.

А. І-және ІІ типті эпителиоциттер

В. кірпікшелі

С. эндрокринді және кірпікшелі

D. кірпікшелі және секреторлы

Е. бокал тәрізді

16. Сурфактанттың құрамына кіретін фосфолипидтерді жасайтын жасуша

өкпенің кездеседі.

А. альвеолдарында

В. терминальды бронхиолдарда

С. кеңірдекте

D. Ірі бронхыларда

Е. Кіші бронхыларда

17. Бронхылардың бокал тәрізді клеткаларының функциясы:

А. шырыш бөлу

В. хеморецепторлық

С. гликопротеиндер мен ферменттер бөлу

D. гормондар синтездеу

Е. көбею

18. Альвеолдар арасындағы дәнекер тіндік аралықтарда кездеспейді:

А. І-және ІІ типті эпителиоциттер

В. фибробласттар

С. макрофагтар

D. коллаген талшықтары

Е. эластин талшықтары

19. Өкпе ацинусының құрамына кіреді:

А.респираторлық бронхиолдар, альвеолдық жолдар, альвеолдық қапшықтар

В. терминальдық бронхиолдар тобы

С. бір терминальдық бронхиола, альвеолдық жолдар

D. терминальдық бронхиола, альвеолдық жолдар

Е. альвеолдар тобы

20. Сурфактанттың артық бөлігін азайтатын клетка:

А. макрофаг

В. І типті альвеолацит

С. ІІ типті альвеолацит

D. бокал тәрізді клетка

Е. кірпікшелі клетка

21. Газ алмасу процессі цитоплазмасы арқылы іске асады:

А. І типті альвеолацит

В. ІІ типті альвеолацит

С. макрофаг

D. фибробласт

Е. бокал тәрізді клетка

22. Сурфактант құрамына кіретін фосфолипидтерді синтездейтін клетка:

А. ІІ типті альвеолацит

В. І типті альвеолацит

С. фибробласт

D. макрофаг

Е. кірпікшелі клетка

23. Мына клетка циттоплазмасында пиноцитоз көпіршіктері көп болды:

А. І типті альвеолацит

В. ІІ типті альвеолацит

С. макрофаг

D. фибробласт

Е. бокал тәрізді

24. Тыныс жүйесінің шырышты қабықшасындағы эпителий жасушалары:

A. кеңірдектен бастап орташа бронхтарға дейін

B. кеңірдектен бастап терминальды бронхтарға дейін

C. терминальды бронхтардан бастап ірі бронхтарға дейін

D. кеңірдектен ірі бронхтарға дейін

E. ірі бронхтардан орташа бронхтарға дейін

25. Фиброзды шеміршекті қабықша

A. кеңірдектен бастапқы бронхтарға дейін

B. кеңірдектен терминальдық бронхтарға дейін

C. терминальды бронхтардан орташа бронхтарға дейін

D. ірі бронхтардан кеңірдекке дейін

E. бастапқы бронхтардан терминальды бронхтарға дейін

26. Клар жасушалары ұшы күмбез тәрізді.

A. ірі жасушалар

B. емес ірі жасушалар

C. майда жасушалар

D. емес майда жасушалар

E. емес цилиндр пішінді жасушалар

27. Жиекті жасушалар

A. микробүрлерінде хеморецепторлар болады

B. микробүрлерінде хеморецепторлар болмайды

C. микробүрлерінде барорецепторлар болады

D. микробүрлерінде фоторецепторлар болады

E. микробүрлерінде барорецепторлар болмайды

28. Лангерганс жасушалары

A. макрофагтардың бір түрі және лимфоциттерге антигендерді таныстырады

B.макрофагтардың бір түрі және лимфоциттерге антигендерді таныстырмайды

C. мегокариоциттердің бір түрі лимфоциттерге антигендерді таныстырады

D. мегокариоциттердің бір түрі лимфоциттерге антигендерді таныстырмайды

E. моноциттердің бір түрі

29. М жасушалары

A. лимфоциттерге антиген туралы ақпаратты хабарлайды

B.лимфоциттерге антиген туралы ақпаратты хабарламайды

C. лимфоциттерге антигендерді тасымалдайды

D. лимфоциттерге антигендерді тасымалдамайды

E. лимфоциттерге антигендерді тізбектеп жеткізіп береді

30. Сурфактантты кешен

A.эпителийді қаптап, алвьеолардың жабысуы мен көбейуіне кедергі жасайды

B.эпителийді қаптап, алвьеолардың жабысуы мен көбейуіне кедергі жасамайды

C.миоциттерді қаптап, алвьеолардың жабысуы мен көбейуіне кедергі жасайды

D.миоциттерді қаптап, алвьеолардың жабысуы мен көбейуіне кедергі жасамайды

E.дәнекер тіндерді қаптап, алвьеолардың жабысуы мен көбеюіне кедергі жасайды

Тері және оның туындылары.

Тері ағзамыздың сыртқы жабындысын құрайды. Ол көптеген өмірлік маңызды қызметтерді атқарады. Терінің сыртқы түрі, түсі, температурасы, ылғалдылығы және басқа белгілері, жасты, жынысты гормондық статусты, витаминдердің дефицитін анықтайды және кейбір аурулардың даму сатысын белгілейді.

Тері және оның туындыларының құрылысын білу дәрігерлердің қалыпты және патологиялық жағдайда терінің қызметін дұрыс түсіну қажет.

Тері жүйесі ағзамызда ең үлкен көлемді алады, өзара мықты байланысқа, даму жолдары әртүрлі екі қабаттан құралған. Сыртқы қабат - көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителийден құралған, эктодермадан дамиды, оларда қан тамырлары жоқ, қоректі заттарды тереңіректе орналасқан 2 – ші қабаттан дифузия жолымен алады. Бұл қабат – мезенхимадан дамушы қалыптаспаған дәнекер тіндерден (қан тамырлары бар) құралған. Тері – («дерма») екі қабатты да қосып айту мағынасында қолданылады: сыртқы қабат – эпителиалды қабаты – эпидермис деп аталады. (эпи – «үсті»)2 – ші терең қабат меншікті тері – «дерма» - қабаты деп аталады (derma). Теріден эпидермисті бөліп алуға болады.

Терінің өте терең бөлігі тірі эпителиалды жасушалардан құралған, олар бүтін өмірінде бөлініп тұрады, соның үшін, эпителиалды жасушалар «дермадан» жоғары қарай жылжып тұрады, олар өлген кезде «мүйізді» зат – кератинге өзгереді. Эпидермис: қалың және жұқа қабатты болып келеді (организмдерге байланысты) – қалың тері алақанда, өкшеде, олардың эпидермисі қалың, сыртқы бетінде кератинді қабат күшті дамыған (кейбір бөлімде, мысалы арқа бөлікте дерма қалың болады).

Дененің басқа бөліктерінде эпидермис жұқалау, оның мүйізді қабаты да жұқа болады.

Терінің екі қабаты тұтысып кеткен, біртұтас қабат құрайды (қалыңдығы дене бөліктеріне байланысты 0,5 – 3,5 мм – дей), жоғарғы бет фасциясы (тері асты дәнекер тіні) үстінде орналасқан – гиподерма үстінде біртұтас қабат болып жатады. Гиподерма дәнекер тінді немесе теріасты май тіндерінен құралады.

Тері және оның туындылары төмендегідей қызметтерді орындайды: 1) су тұздары зат алмасуы және сыртқы ортамен жылу алмасу; 2) теріде ультра күлгін сәулелер әсерінде витамин Д синтезделеді; 3) теріде қан тамыр торлары және артериолавенулярлық құрылымдар көп, олар қан депосы қызметін де атқарады.

Тері жабынында жүйке ұштары өте көп, олар рецепторлық алаңды құрайды (иіс сезу, температура өзгерісін байқау, әртүрлі ауыр әсерлерді сезу рецепторлары көп). Мысалы бас бөлімінде және алақан саусақта 1 см2 - бетінде 300-дей сезуші нүктелер болады.

 


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1378 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.027 сек.)