Препарат № 38
Асқазанның пилорикалық бөлімі.
Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об.8, ок.7.
1-асқазан шұңқыры; 2-кілегей қабатының эпителиі; 3-кілегей қабатының меншікті пластинкасы; 4-пилорикалық без; 5-кілегей қабатының бұлшық ет пластинкасы; 6- кілегей асты негізі; 7- бұлшықет қабаты; 8-серозды қабат (И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).
Асқазанның пилорикалық бөлімінің (pars.Pilorica) құрылысында асқазан түбімен көптеген ұқсастықтар мен айырмашылықтар кездеседі. Ұқсастығы пилорикалық бөлімнің қабырғасы да 4 – қабаттан тұратындығы: 1) кілегейлі қабат- t. Mucosa, 2) кілгейасты қабат- t. Submucosa, 3) сыртқы бұлшықетті қабат-t. muscularis externa, 4) сірлі қабат- t. serrosa.
Бұл қабаттардың құрылымы асқазан түбінің құрылымымен бірдей. Айырмашылығы тек t. mucosa-да ғана байқалады. Асқазанның пилорикалық бөлімінің кілегейлі қабатында да асқазандық шұңқырланулар fovelae gastricae бар, бірақ асқазан түбіне қарағанда бұл шұңқырланулар 2 есе тереңірек.
Кілегейлі қабаттың беткейін төсейтін цилиндр тәрізді кілегейлі эпителий қабатынан кейін меншікті дәнекер тіні (t. propria) орналасады, және бұл жерде пилорикалық бездер жатады. Асқазан түбіне қарағанда t.propria пилорикалық бөлімде анық айқындалған, себебі мұнда пилорикалық бездер фундальді бездерге қарағанда айтарлықтай сирек жатады.
Бездердің құрамы да әр түрлі. Пилорикалық бездер тармақталған түтікшелі бездер болып келеді. Осыған байланысты препаратта бездердің тік кесінділерімен қатар бездердің көлденең және қисық кесінділері де көрінеді. Пилорикалық бездердің қуысы фундальді бездердің қуысына қарағанда кең болып келеді.
Егер фундальді бездер 4 түрлі жасушалардан құралса, пилорикалық бездер керісінше 1 типті жасушадан құралған. Бұл жасушалар құрылысы жағынан фундальді бездердің қосалқы жасушаларына ұқсас.
Пилорикалық бездердің кілегейлі қабатының әр жерлерінде жеке лимфоидты фолликулдар көрінеді. Әдетте олардың пішіні домалақ емес, ол дұрыс емес үшбұрыш пішінді болып келеді. Фундальді бездердің түбі астында субтубулярлы қабат t. Propria жатады, ал оның астында ішкі циркулярлы және сыртқы тік тегіс бұлшықеттің қабаттарынан түзілген бұлшықеттер t. Muscularis жатады. Қалған барлық қабаттар- кілегей асты, сыртқы бұлшықеттік және сірлі қабаттардың құрылысы асқазан түбінің құрылысымен бірдей.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 919 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|