АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Препарат № 43

Прочитайте:
  1. A) введение антигистаминных препаратов
  2. E Немедленно ввести в/м антигистаминный препарат и в/в лазикс.
  3. F) Ноотропные препараты
  4. II. 4. ХАРАКТЕРИСТИКА АНТИРЕТРОВИРУСНЫХ ПРЕПАРАТОВ И ПРИНЦИПЫ КОМБИНАЦИИ ГРУПП ПРЕПАРАТОВ ДЛЯ ВААРТ
  5. II. Препараты гормонов щитовидной железы
  6. III). Сосудорасширяющие препараты прямого миотропного действия (миотропные средства).
  7. IV. Отравления психотропными препаратами
  8. IX. Препараты мужских половых гормонов (андрогены)
  9. V. Отравления отдельными психотропными препаратами
  10. V. Препараты гормона поджелудочной железы инсулина

Бауыр

Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об.8, ок.5.

 

1-бауырдың бөлшектері; 2-орталық вена; 3-бөлшек аралық сирек талшықты дәнекер тін (В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский бойынша).

 

Бауыр сыртынан Глисонның тығыз дәнекер тінді капсуласымен қапталған. Капсуладан капсулалы перделер шығады, олар бауырды дұрыс бес немесе алтыбұрышты пішінді әртүрлі өлшемдегі бөліктерге бөледі. Адам бауыры препаратында бөліктердің шекарасы айқын білінбейді, себебі бұл жерде капсулярлы перделер әлсіз дамыған. Ал шошқа бауыры препаратында керісінше, капсулалы перделер жақсы дамығандықтан, бауыр бөліктерінің шекарасы анық көрінеді.

Әрбір бөліктің ортасынан vena centralis өтеді. Ол бөлік ортасын дұрыс көлденең кесінді жасағанда ғана көрінеді. Қиғаш кесіндіде vena centralis бөлік шетінде болуы мүмкін. Егер бауыр бөлігі тангенциальді кесілген болса, онда vena centralis көрінбейді. Орталық вена дұрыс дөңгелек не, сопақша пішінге ие, қабырғасы өте жұқа. Онда тек эндотелий ядролары ғана көрінеді. Артындағы өте жұқа дәнекер тін талшықтарының қабаты айқын білінбейді. Vena centralis бағытында тор тәрізді айқасқан бауыр жасушаларының тізбектері, яғни бауыр балкалары орналасады. Бұл балкалар қоңыр-қызыл түске боялған және бір-бірінен бос немесе қанмен толған тесік тәрізді кеңістікпен бөлінген. Олар – синусоидты – портальді капиллярлар. Үлкейтіп көрсетілгенде, бауыр балкалары бауыр жасушаларының қатарларынан түзілгені көрінеді. Бұл жасушалар полигональды формалы, бірақ бір-бірінен өте анық бөлінген. Бауыр жасушаларының цитоплазмасында көбіне ұсақ вакуольдер болады. Жасуша ядролары үлкен, жарық және айқын көрінетін ядрошықтар бар. Көбіне екі ядрошығы бар жасушаны көруге болады.

Бауыр тосындары арасында, vena centralis-ке радиальды бағытталған, тар тесік түрінде портальді капиллярлар орналасқан. Капиллярлардың қабырғасын Купфердің ретикула – эндотелиальді жасушалары түзеді. Кәдімгі бояуда бұл жасуша денелері айқын байқалмайды, тек ядролары көрінеді. Купфер жасушаларының ядролары созылыңқы келеді, қара-күлгін түске боялады және капилляр тесігіне ісінеді. Купфер жасушаларының ядролары бауыр жасушаларының ашық, дөңгелек ядроларынан бірден ерекшеленеді.

Бауырдың төрт бөлігінің біріккен ұштарының арасындағы дәнекер тін қабаттарынан бауыр қан тамырларының үштігін: vena porto, arteria hepatica, ductus hepaticus (өт жолы) көруге болады. Вена – үлкен, кең, жіңішке қабырғалы, бұрыс бұрыш пішінді, кейде үшбұрышты; артерия – керісінше, кішкентай, дөңгелек, жуан қабырғалы; өт жолының қабырғасы биік, цилиндр тәрізді бір қатарға орналасқан және базофильді бояумен жақсы боялады.

Гематоксилин- эозинмен үштік түрлі – түсті боялады, атап айтқанда: вена, негізінен, ашық алқызыл, артерия қара-қызыл, ал өт жолы ашық-күлгін түспен боялады.

Капиллярлы перде жолдарында бауырдың қан тамырлы үштігінен басқа жалғыз веналар да кездеседі, олар – жинақтаушы веналар. Олардың үштік веналарынан айырмашылығы: біріншіден, артерия маңында емес, жеке орналасады, екіншіден, қабырғасы жуан болып келеді.

 

 


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1169 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.006 сек.)