Препарат № 18
Лимфатикалық түйіндердің ретикулярлы талшықтары
Бояуы: Снесарев әдісі бойынша күміспен өңдеу
1—лимфатикалық түйіннің трабекуласы; 2—жағалық жасушалар; 3 - ретикулярлық жасушалар; 4—таспалық байлам.
(И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).
Күміспен өңдегеннен кейін кіші үлкейткіште лимфатикалық түйіннің орталық қойнауларына сәйкес келуші аймақтарын таңдап аламыз. Бұл аймақта әлсіз дамыған лимфоциттер мен ретикулярлық синцитийлердің ядроларын табамыз. Одан басқа қара түсті талшықтар, яғни ретикулин талшықтары көрінеді. Гематоксилин-эозинмен бояғанда бұл талшықтар көрінбейді. Ретикулин талшықтарының диаметрі әр түрлі.
Олар өзара қиылысып тор құрайды. Синустардың маңында торлар жақсы дамыған, талшықтары жуан. Бірақ препаратта талшықтар кесінді түрінде көрінуі де мүмкін. Бұл препараттың қалай кесілуіне байланысты. Кескенде тор бұзылып, талшықтар жеке-жеке көрінуі мүмкін. Лимфоидты фолликулалар аймағында да ретикулярлық торды көруге болады. Бірақ бұл торлар жақсы дамымаған, талшықтары жіңішке.
Көкбауыр —иммунді қорғаныс жүйесінің шеткі ағзаларына жатады, көптеген маңызды қызметтерді орындайды.
1. Қан түзуші және иммунды қорғаныс қызметтері—көкбауырда Т- және В-лимфоциттердің көбеюі өтеді, олар микроорта жасушаларымен қосылып қызмет атқарады. Көкбауыр жасушалық және гуморальді иммунитетте белсенді қатынасады. Көкбауырда бөтен денешіктерді макрофагтар жойып отырады.
Нәрестелердің дамуында гранулоциттер, эритроциттер және қан пластинкалары құралады. Нәресте туылғанда олар жойылып кетеді.
2. Көкбауырда өмір сүру кезеңін өтеген эртироциттер мен қан пластинкалары жойылып кетеді, өлген қалдықтарды макрофагтар ыдыратады. Трансферрин сүйек кемігіне келіп, жаңадан құралатын эритроциттерде гемоглобин синтезі үшін жұмсалады. Көкбауырда эритроциттердің ыдырауы өтетіндіктен—көкбауыр эритроциттер үшін—“эритроциттер моласы”—деп айтылады.
3. Көкбауырда биологиялық белсенді заттар өндіріледі, олар қызыл сүйек кемігіндегі эритропоэз және тромбоцитопоэз кезеңдерін басқарады.
4. Көкбауырда қан қоры сақталады, олар керек уақытта жұмсалады, сол үшін қан депосы деп аталады.
Көкбауырды алып тастаса, қорғаныс қабілеті әлсірейді. Ағза уланғанда және әртүрлі жұқпалық құбылыстарда бұзылған көкбауырды, жануар көкбауырымен алмастырып, зиянды заттардан тазалау үшін қолданады.
Адамның көкбауыры дәнекер тінді капсуласымен қоршалған, көкбауыр қақпасындағы капсула қалың, олардан қан және лимфа тамырлары өтеді. Капсула құрамында: фибробласттар, көптеген коллагенді және эластикалық талшықтар болады. Талшықтар аралығында тегіс миоциттер орналасады.
Капсула ішінен — көкбауыр трабекулалары тарайды, ағзаның терең бөлімінде өзара анастомозданады. Адам көкбауырында: капсула мен трабекулалар 5-7% мөлшерінде болады, олар тірек-қысқарушы аппаратын құрайды. Трабекулада тегіс миоциттер көп емес, эластикалық талшықтар көбірек кездеседі.
Көкбауырдың ақ пульпасы және көкбауырдың қызыл пульпасы болады, олардың негізгі бөлігі—ретикулярлық тіндер болып есептеледі (строманы құрайды).
Көкбауырдың ақ пульпасы — адвентициялық бөлімде түйінді көріністе орналасқан лимфоидты тіндер жиынтығынан және лимфаның периартериалдық қынабынан құралған.
Көкбауырдың лимфа түйіні (КЛТ)—дм-і 0,3-0,5 мм, ретикулярлық тін оралымдарында Т- және В-лимфоциттердің, плазмоциттер мен макрофагтардың жинақталуынан құралады, сыртынан тығыз ретикулярлық жасушалар капсуласымен қоршалған. КЛТ-нен эксорталықты жағдайда артерия түйіндері өтеді, олардан радиалдық капиллярлар өтеді. КЛТ-дері 4 көмескі білінетін аймаққа ие: периартериалды, көбею орталығы, мантийлы және шекаралық болып бөлінеді.
Периартериалды аймақ—артерия жанында, аз бөлікке ие, Т-лимфоциттерден құралған, олар лимфа түйіні артериясынан және интердигидратациялық жасушалардан гемокапиллярлар арқылы келеді. Бұл жасушалардың субмикроскоптық өсінділері, оларды қоршаушы лимфоциттерге дейін созылып барып, олармен жанасады. Осы жасушаларға қанмен келген антиденешіктерді сіңіреді, Т-лимфоциттерге микроорта жөнінде информация жеткізеді. Сонымен қатар, Т-лимфоциттердің қалыптасуын күшейтеді, белсенделген Т-лимфоциттерде бұл аймақта 2-3 тәулік ішінде көбейеді. Одан соң, гемокапиллярлар арқылы периартериалдық аймақтан шекаралы аймақтың синустарына көшіріледі. В-лимфоциттер де осындай жолмен көкбауырға түседі. Периартериалды аймақ функционалдық қызметтері бойынша лимфа түйіндерінің паракортикалды тимусқа бағыныңқы аймағына ұқсас болады.
КЛТ-нің көбею орталығы (герминативті)—ретикулярлық жасушалардан және антиденешік құраушы жасушалардан дифференцияланушы В-лимфобласттардан тұрады. Олар митоздық бөліну кезеңдерін өткізеді (бұл фолликулалар шетінде артерия орналасады).
КЛТ-нің мантийлы аймағы—тығыз орналасқан кіші В-лимфоциттер, аз мөлшерлі Т-лимфоциттерден, плазмоциттер, макрофагтардан құралған. Бұл аймақ: периартериалды және көбею бөлімдерін қоршайды, олардың жасушалары қалың, ретикулярлық талшықтары қыртыстарының оралымын құрайды.
КЛТ-нің шеткі (жағалаулы-маргинальды) аймағы—ақ және қызыл пульпалар үшін өтпелі бөлігі, кеңдігі—100 мкм. Құрамында Т- және В-лимфоциттер, бірен-саран макрофагтар болады, олар қабырғаларында тесікті қуысы бар синусоид тамырларымен қоршалған.
Периартериалды лимфа қынабы—пульпа артериялары жолында созылыңқы көріністе орналасады, құрамында: В-лимфоциттер шоғыры, плазматикалық жасушалар, ал қынап шетінде —кіші Т-лимфоциттер болады.
Көкбауырдың қызыл пульпасы (КҚП)—ретикулярлық тіндерден (құрамында қанның жасушалық элементтері орналасқан, олар қызыл түс береді) және синусоид типті қан тамырларынан құралған. Синустар аралығындағы қызыл пульпа бөлігі—пульпалық (көкбауыр шумағы) шумақ—тізбегі деп аталады. Оларда лимфа түйіндері ми шумағынан құрамындағы моноциттер тұрақтайды және макрофагтарға дифференцияланады, эритроциттер де көп кездеседі.
Көкбауырдағы қан айналымы—көкбауыр қақпасынан көкбауыр қантамыры кіреді, олар трабекулаларды бойлап бұтақталады (трабекула қантамыры деп аталады). Трабекула қантамыры қызыл пульпаға өтеді (пульпа қантамыры деп аталады). Пульпа қантамырының сыртқы қабығында көп мөлшерде эластикалық талшықтар бар, олар тамырлардың созылуы мен қысқаруын қамтамасыз етеді. Трабекула жанындағы адвентицияда орналасқан пульпа артериясында: периатериалдық лимфа қаны мен түйіндері пайда болады.
Қантамыр түйіндеріндегі гемокапиллярлар түйіннен шыққанда бармақ тәріздес бұтақталады, бұл бармақты артериолалардың дисталды бөлімі жуандап гильзалы (эллипс тәріздес) артериолалар құрайды, олар ретикулярлық жасушалар мен талшықтар муфтасымен (гильза) жабдықталған. Бұл муфталар вена синустарына қан құйылуында сфинктер міндетін атқарады. Капиллярлардың веналарға өтуі ашық және жабық қан айналу жолдары арқылы орындалады. Жабық қан айналуында қызыл пульпа капиллярлары венозды синусқа түседі, ал кейбіреуі, ретикулярлық тінге ашылуы мүмкін (ашық қан айналуы).
Жабық қан айналымда—тіндерде тотығу және қан айналу тез өтеді, ашық қан айналымында—қан айналуы баяулау өтіп, қанның пішінді элементтерінің макрофагтармен жанасуына жағдай жасалады.
Синус—көкбауырдағы веноз жүйесінің басталуы болып саналады, диаметрі 12-40 мкм (қан толуына байланысты), синустардың кеңею мөлшерінің жиынтығы—көкбауырдың көп бөлігіне ие болады. Синус эндотелиоциттері үзінділі базальды мембранада орналасады, синус қабырғалары бетіне сақина тәріздес ретикулярлық талшықтар кіреді, синуста перициттер болмайды. Синус қабырғаларында венаға өтетін жерінде бұлшықет сфинктеріне ұқсас құрылым бар. Ашық қан айналымының артериалды және венозды сфинктерінде қан синус және веналарға еркін кіреді, ал сфинктер жабық кезінде қан көкбауырда жинақталады. Синустар созылғанда эндотелиоциттер қуысты құрайды, олар арқылы қан ретикулярлық стромаға өтеді. Артериалды және венозды сфинктер босаңсуы және тегіс миоциттер капсуласы мен трабекуланың қысқаруы нәтижесінде синустан қан веноз ағынына түседі, венаның сыртқы қабығы трабекуланың дәнекер тіндермен тығыз тұтасады, мұндай құрылым қан ағынын қамтамасыз етеді. Көкбауыр капсуласында артерия мен вена аралығында анастомоздар кездеседі.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 2427 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|