АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Препарат № 54

Прочитайте:
  1. A) введение антигистаминных препаратов
  2. E Немедленно ввести в/м антигистаминный препарат и в/в лазикс.
  3. F) Ноотропные препараты
  4. II. 4. ХАРАКТЕРИСТИКА АНТИРЕТРОВИРУСНЫХ ПРЕПАРАТОВ И ПРИНЦИПЫ КОМБИНАЦИИ ГРУПП ПРЕПАРАТОВ ДЛЯ ВААРТ
  5. II. Препараты гормонов щитовидной железы
  6. III). Сосудорасширяющие препараты прямого миотропного действия (миотропные средства).
  7. IV. Отравления психотропными препаратами
  8. IX. Препараты мужских половых гормонов (андрогены)
  9. V. Отравления отдельными психотропными препаратами
  10. V. Препараты гормона поджелудочной железы инсулина

Шаштың көлденең кесіндісі

Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об.40, ок.7.

 

 

1-май жасушалары; 2-шаштың қалташасы; 3- базальді мембрана (шыны тәрізді); 4- сыртқы түбірлі қынап; 5-ішкі түбірлі қынап: а- солғын эпителиальді қабат (Генле қабаты); 6- түйіршікті эпителиальді қабат (Гексли қабат); в-шаштың кутикуласы; 6-шаш (В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский бойынша).

 

Адам шашының түбірі түрлі тереңдікте орналасқан. Сондықтан бас терісінің көлденең кесіндісінде шаштың түбірі түрлі деңгейде көрінеді.

Бірінші кесінді. Шаш түбірінің жоғарғы бөлімі, бездер орналасқан деңгейде алынған. Бұл деңгейді май бездеріне қарап анықтау оңай. Шаштың өзін көргенде ортасында көлденең келген ядроларға тола қыртысты заты көрінеді. Қыртысты бөлімін жұқа кутикула қоршап жатады. Ол қыртысты затты шаштың ішкі қынабынан ажыратып тұрады. Бұл деңгейде оның түсі қанық қызыл болады. Оның сыртында көк түсті сыртқы тамыр қынабы қабаты орналасқан. Оның сыртында жұқа, қызыл түсті шыны тәрізді мембрана, ал оның сыртында шаш қалташасы орналасқан. Қалташада ішкі айналмалы және сыртқы бойлық қабаттарды ажыратамыз. Бойлық қабатта көлденең кесілген ядроларды, ал айналмалы қабатта созылыңқы ядроларды көруге болады.

Екінші кесінді шаш түбірінің орталық деңгейінде алынған.

Бұл аймақтың ортасында жақсы дамыған кутикуламен қоршалған қыртысты затын көреміз. Оның сыртында қою-қызыл түсті, ішкі түбірлі қынап болады. Ол екі қабаттан құралған: 1) ішкі Гексли қабаты-домалақ ядролы 2) сыртқы Генле қабаты-жұқалау, сопақша ядролы. Сыртқы түбірлі қынап көк түсті, жақсы дамымаған (3-4 қабат). Шаштың қалташасы жоғарыдағыдай.

Үшінші кесінді төменгі пиязшық деңгейінде алынған. Ортасында шаш сорғышы көрінеді. Ол борпылдақ талшықты дәнекер тіннен түзілген. Сорғыштың сыртында пиязшықтың көптеген, майда, қою түсті жасушалары орналасқан. Олар бөлек қабаттар құрамайды. Сыртында шаш қалташасы орналасқан.

Шаш – тері бетін қаптайды. Бас бөлімінде - 100 мыңдай, қалыңдығы-0,005-0,6 мм. Шаштың 3 түрі: 1-шісі ұзын (бастың шашы, иек (сақал), мұрт, бұлшықет асты ойысы) қолтық пен шаш бөлімінде, қуықта болады; 2-шісі түкті (өсінділі) – қас, кірпік және құлақтың сыртқы есту жолындағы, мұрын қуысы кіреберісінде түкті қылшықтар; 3-шісі – жұмсақ шашақты түктер терінің көпшілік бөлігін қаптайды.


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 819 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)