Препарат № 37
Асқазан түбі
Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об.8, ок.15.
1-кілегей қабатының эпителийі; 2-асқазанның шұңқырлары; 3-асқазанның меншікті (фундальды) бездері; 4-кілегей қабаттың меншікті пластинкасы; 5- кілегей қабаттың бұлшық ет пластинкасы; 6- кілегей асты негізі: а-қан тамыры; б- май жасушасы; 7-бұлшықет қабаты; 8-бұлшықет аралық жүйке торының түйіні; 9-серозды қабат
(И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).
Асқазан қабырғасында 4 қабатты ажыратады:
1) кілегейлі қабат –t mucosa,
2) кілегейасты қабат- t submucosa,
3) бұлшықетті қабат- t muscularis externa,
4) сірлі қабат- t serosa
Препаратты қарау ішкі беттің кілегейлі қабатынан басталады. Оның беткейі тегіс емес және көптеген шұңқыршалары бар-fovelae qastricae. Барлық кілегейлі қабаттың және асқазан шұңқыршаларының бетін бір қабатты цилиндр тәрізді кілегейлі эпителий төсеп жатады. Эпителий жасушалары ашық түсті. Олардың цитоплазмаларында кілегейдің ұсақ вакуольдері байқалады. Ядролары сопақша пішінді. Жасуша шекарасы анық айқындалған. Эпителийдің астында меншікті дәнекер тінінің қабаты t.propria жатады. Бұл қабатта көптеген фундальды бездер орналасқан. Бездер бір-бірімен тығыз орналасқандығы соншалық, олардың арасында дәнекер тінінің жұқа ғана қабаты болады. Бұл қабаттан қантамырлардың капиллярлары өтеді, ал кейбір жерлерінде тегіс бұлшықеттің жұқа жалғыз талшықтары көрінеді.
Бездің түбінде жататын дәнекер тінінің қабаты анық көрінеді. Бұл жерде кейбір сүтқоректілерде мыналарды ажыратады: 1) жасушалары 2-3 қабат болып орналасқан, ашық түсті цитоплазмасы бар, анық көрінетін қара түсті сопақша пішінді ядросы бар, тар целлюлярлы қабатты. 2) Ешқандай ядролары жоқ гомогенді қызғылт түсті жолақтан құралған Цейсл қабаты.
Фундальді бездер қарапайым түтікшелі бездер болып табылады. Безде: а) мойынын б) денесін в) түбін ажыратады.
Фундальдік бездердің жасушалары 4 түрге бөлінеді:
1) негізгі жасушалар
2) қосымша жасушалар
3) аралық жасушалар
4) қоршаушы жасушалар
Қарапайым препараттарда тек 2 жасушаны ажыратуға болады. Олар: негізгі және қоршаушы жасушалар.
Асқазан түбінің шұңқыры астында орналасқан фундальді безінің мойын аймағында аралық, яғни мойындық жасушаларды көруге болады. Олар көп емес. Бұлар ашық цитоплазмалы домалақ ядролары бар өте ұсақ куб тәрізді жасушалар. Сирек жағдайда бұл жерден митоз денелерін көруге болады. Мойындық жасушалардан төменірек қоршаушы жасушалар орналасады. Бұлар ірі домалақ пішінді жасушалар, шекаралары жақсы айқындалған, ашық түсті домалақ, ірі ядролары бар. Қоршаушы жасушалар эозинмен ашық қызыл түске боялады. Қоршаушы жасушалар бездердің мойынынан төмен бөліктерде және бездердің денесінің жоғарғы бөліктерінде, бездердің саңылауларымен тікелей қатынасқа түсіп орналасқан болады.
Ал төменірек, яғни бездің денесі мен түбінде бездік саңылауды негізгі жасушалар қоршайды, мұнда қоршаушы жасушалар болмайды. Олар негізгі жасушалардан сыртқа қарай орналасады. Негізгі жасушалар ұсақ, куб тәрізді жасушалар болып табылады. Бұлар гематоксилинмен көк түске боялады.
Негізгі жасушалардың шекаралары айқын емес. Көбінесе негізгі жасушалардың тек көк түсті цитоплазмада орналасқан майда ядролары анықталады. Сонымен, негізгі жасушалар фундальді бездердің саңылауларының айналасында топтасып орналасады. Қоршаушы жасушалар бірқатар қабатты түзбейді, олар негізгі жасушалардың базальді ұштарының арасында бір-біреулеп орналасады.
Қосымшалық жасушалар фундальді бездердің жоғарғы бөлімдеріндегі негізгі жасушалардың арасында кездесетін ұсақ жасушалар болып табылады. Қарапайым препараттарда қосымшалық жасушалар әлсіз көрінеді.
Фундальді бездердің астында кілегейлі қабаттың бұлшықеттік пластинкасында бұлшықеттің жұқа қабаты жайғасады. Бұлшықеттердің ішкі бөлігі циркулярлы, ал сыртқы бөлігі тік болады.
Жоғарыда көрсетілген үш қабат, яғни цилиндрлік эпителий, фундальді бездері бар t.propria, t.muscularis mucosa. Осылардың барлығы бір кілегейлі қабат t mucosa –ны құрайды.
Оның астында жүйкелік өрімнің Мейснердің майда түйіндері, көптеген қантамырлары бар, борпылдақ дәнекер тіннен құралған t submucosa орналасқан.
Одан тереңірек t.muscularis externa жайғасқан. Ол циркулярлы бағытта орналасқан күшті дамыған ішкі бұлшықеттік қабаттан және сыртқы жұқа тік бағыттағы бұлшықеттерден түзілген. Бұлшықеттер өзара дәнекер тінінің жинақталуынан ажыратылған, мұнда Ауербах жүйке өрімінің ірі түйіндері орналасқан. Ең сыртқы қабат – t.serosa, яғни сірлі қабат. Ол құрамында көптеген қантамырлар және май жасушалары жинақталған борпылдақ дәнекер тіндерден түзілген. Барлық сірлі қабаттар сияқты асқазанның t. serosa-сы мезотелийдің бір қабатты жасушаларымен төселген. Тік кесіндіде мезотелий жасушаларын ажырату қиын. Жасушалардың орнында тек қана мезотелийдің бір қатарға орналасқан ұсақ, сопақша пішінді ядроларын көре аламыз.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 992 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|