АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Препарат № 25

Прочитайте:
  1. A) введение антигистаминных препаратов
  2. E Немедленно ввести в/м антигистаминный препарат и в/в лазикс.
  3. F) Ноотропные препараты
  4. II. 4. ХАРАКТЕРИСТИКА АНТИРЕТРОВИРУСНЫХ ПРЕПАРАТОВ И ПРИНЦИПЫ КОМБИНАЦИИ ГРУПП ПРЕПАРАТОВ ДЛЯ ВААРТ
  5. II. Препараты гормонов щитовидной железы
  6. III). Сосудорасширяющие препараты прямого миотропного действия (миотропные средства).
  7. IV. Отравления психотропными препаратами
  8. IX. Препараты мужских половых гормонов (андрогены)
  9. V. Отравления отдельными психотропными препаратами
  10. V. Препараты гормона поджелудочной железы инсулина

Бүйрек үсті безі

Бояуы: Гематоксилин -эозин. Үлкейтуі об.8, ок. 15.

 

 

1-бездің қабығы; 2-қыртысты зат: а-допты аймақ; б-тұтамды аймақ; в-торлы аймақ;

3-милы зат; г-венозды синус

(В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский бойынша).

 

Без сыртынан капсуламен қапталған, одан ішке қарай жіңішке дәнекер тіннен тұратын бөгеттер кіреді. Без паренхимасында милы және қыртысты затты ажыратуға болады. Қыртысты затында 3 аймақ бар:

1) Шумақты (допты) аймақ – бұл күлгін түсті, ұзын емес аймақ. Ол капсула астында орналасады. Бұл аймақ бір тізбекке доп тәрізді жиналып орналасқан, күлгін түсті, ұсақ мөлшерлі, жасушалардан тұрады. Шумақтар бір-бірінен жіңішке борпылдақ талшықты дәнекер тіннен тұратын бөгеттермен бөлінген. Бөгеттер араларын да бір-бірінен бөліп тұрады. Осы бөгеттерден аркадаларды ораушы қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтеді. Шумақты аймақта минералокортикоидтардың синтезі жүреді. Мысалы альдостерон.

2) Тұтамды (шоғырлы) аймақ – бұл аймақ ақшыл қызыл түсті, куб тәрізді немесе полигональды пішінді, ірі безді жасушалардан тұрады. Препаратта жасуша цитоплазмасы вакуольды екені көрінеді. Бұл вакуольдер препарат дайындау кезінде, құрамында холестеринді араластырғанда түзіледі. Жасушалар радиальды бағытқа қарай параллельді тұтамдарды құрайды. Бұл аймақтың жасушалары глюкокортикоидтарды өндіреді. Мысалы кортизон, кортизол, гидрокортизон. Қабынуға қарсы әсер етеді, глюконеогенезге қатысады, көп мөлшерде иммундық жасушаларды жояды.

3) Торлы аймақ – бұл тұтамды аймақтың жалғасы болып табылады.жасушалары да тұтамды аймақтың жасушаларына ұқсас, бірақ мөлшері кішірек. Кейбір жасушалары дегенеративтік өзгеріске ұшырайды: ядросы қара түске және ұсаққа айналады, ал цитоплазмасында пигмент түиіршіктері пайда болады. жасушалар ретсіз орналасады. Олар бір-бірінен тінді талшықты дәнекер тінмен бөлінген. Жасушалар бір-біріне шырмалып торды құрайды. Бұл аймақтың жасушалары андростерон гормонын өндіреді. Милы заты ірі, домалақ тізбек немесе көпбұрышты жасушалардан тұрады. Егер препарат құрамында хром тұзы бар Ценкер сұйықтығымен фиксацияланған болса, онда цитоплазма хром тұзын жұтады, сондықтан цитоплазмада көптеген секрет түйіршіктері көрінеді. Цитоплазмасы хром тұзында боялатындығы үшін хромафильді жасушалар деп аталады. Секретті түйіршіктер кейбір жасушаларда кездеспейді. Секретті түйіршіктері барлары солғын түске, ал секретті түйіршіктері жоқтары күлгін түске боялады. Яғни, қара түске боялған милы заты, ашық-қызыл түске боялған қыртысты заттан оңай ажыратылады. Милы заттың көпбұрышты жасушалар тізбегі арасында көптеген ұзын синусоидты капиллярлар орналасады. Милы зат орталығында ірі жіңішке қабырғалы орталық вена орналасады. Бұл венаға айналасындағы синусоидты капиллярдағы қандар құйылады. Жасушалары адреналин (эпинефрин), норадреналин (норэпинефрин) өндіреді.

Эндокринді жүйе бойынша сұрақтар:

 

1. Ішкі ағза секрециясы қандай белгілерімен жіктеледі?

2. Ішкі секреция бездеріне қандай құрылыстық ерекшеліктері тән?

3. Әртүрлі ішкі орта секрецияларының қандай эмбрионалды даму тектері бар?

4. Гипоталамустық нейросекреторлы жасушаларының құрылысы қандай? Олар нені секреттейді?

5. Гипофиз құрылысы қандай және оның басқа эндокринді бездері мен байланысы?

6. Эпифиз құрылысы мен нейроэндокринді бақылаудағы маңызы.

7. Эпифиз қандай жасушалардан құралған?

8. Қалқанша безідің құрылысы қандай? Ағзадағы оның маңызы не?

 

 

9. Қалқанша бездің құрылымдық, қызметтік бірлігінде қандай сатылар болады?

10. Қандай белгілеріне қарап қалқанша және қалқанша маңы бездерін бір-бірінен оңай ажыратуға болады?

11. Бүйрек үсті безінің құрылысы мен оның ағзадағы маңызы?

12. Бүйрек үсті безі қыртысты заты жасушаларының ультроқұрылымдық, цитохимиялық, қызметтік ерекшеліктері қандай?

13. Эндокриндік бездерді реттейтін жоғарғы орталық қалай аталады?

14. Гипоталамус қызметінің орындалу жолдары қандай?

15. Гипоталамустың секреторлық жасушалары қалай аталады?

16. Вазопрессин гипоталамустың қай ядросынан шығарылады?

17. Окситоцин қайдан шығарылады?

18. Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөлімдерінің қызметін жоғарылататын гипоталамустың гормондары қалай аталады?

19. Циркадтық ритм арқылы гормон түзетін безді атаңыз?

20. Гормон шығарылуы нелер арқылы реттелінеді?

21. Липотропин гормонының қызметі қандай?

22. Гипоталамустың алдыңғы бөлігінде қандай ядролар орналасады?

23. Эпифиздің нейроаминдері қалай аталады?

24. Эпифиз жасушаларына нелер жатады?

25. Қалқанша безінің секретінің ролі қандай?

26. Қалқанша бездің морфо-функциональдық бірлігі қандай?

27. Тиреоциттердің аласа жалпақ формасы қай жерде байқалады?

28. Кальцитониннің әсерінен қандағы кальций деңгейі қалай өзгереді?

29. Секрет жинау фазасында тиреоциттердің секреті неге бөлінеді?

30. Парагормон әсерінен қандағы кальций мөлшері қалай өзгереді?

31. Тироциттердің гиперфункция кезіндегі пішіні қандай болады?

32. Тироциттердің секреті фолликула қуысына қандай жолмен бөлінеді?

33. Қалыпты жағдайда тироциттер пішіні қандай болады?

34. Парафолликулярлы эндокриноциттер қайда орналасады?

35. Паратирин гормонының антогонистік гормоны қалай аталады?

36. Жас балалардағы қалқан маңы безінің жасушалық құрамы қандай?

37. Организмдегі Na мөлшерін реттейтін бүйрек үсті безінің қыртысты затының гормондары қалай аталады?

38. Бүйрек үсті безі қалай дамиды?

39. Бүйрек үсті безінің тұтамды бөлім гормондарының табиғаты қандай болады?

40. Спонгиоциттер қандай аймақтың жасушалары?

 

Эндокринді жүйе бойынша есептер:

 

1. Зерттеруші гипофизде екі түрлі объекті байқалады. Біреуінде-майда өсінділі жасушалар мен органдар арасында жүйке талшықтары бар. Екіншісінде әртүрлі тинкториалды белгілері бар эпителиалды жасушалар тізбегі. Гипофиздің қайсы бөліктері зерттелген.

2. Қалқанша безді зерттегенде фоликулалар ұсақ болған, коллоиды аз, көп вакуолданған, эритроциттері биік, призматикалық. Бұл көрініс ағзаның қандай қызметтік жағдайына сәйкес келеді?

3. Қалқанша без препаратында коллоиды көп болғандықтан фолликула мөлшері үлкен. Эритроциттер жазық. Бұл көрініс ағзаның қандай қызметтік жағдайына сәйкес келеді.

4. Қалқанша маңы безінің препаратында ацидофильді жасушалар аз байқалады. Осы без иесі шамамен қанша жаста?

5. Бүйрек үсті безі препараттардың кесінділері берілген: дәнекер тінді капсула жанында дөңгеленіп шығарылған эпителиоциттер тізбектері бар, ұзына бойы бағытталған ашық түсті жасушалар тізбегі бар, ірі базофилді жасушалар шоғыры, арнайы бояумен боялғанда хром күміс пен осмий тұздарына реакцияланады. Бүйрек үсті бездерінің қандай бөлімдері көрсетілген. Жасушалардың қандай қызметтік маңызы бар?

Эндокринді жүйе бойынша тестілер:

1. Эндокриндік бездерді реттейтін жоғарғы орталық.

А. гипоталамус

B. эпифиз

C. гипофиз

D. таламус

E. гиппокамп

2. Гипоталамус қызметінің орындалу жолдары.

А. трансаденогипофизді.

B. параэпифизарлы.

C. гипокамп арқылы.

Д. мишық арқылы.

Е. жұлын арқылы.

3. Гипоталамустың секреторлық жасушалары.

А. нейросекреторлық жасушалар

B. эпителиальды жасушалар

C. дәнекер тін жасушалар

D. жүйке жасушалар

Е. макрофагтар

4. Вазопрессин гипоталамустың шығарылады.

А. супраоптикалық ядросында

B. паравентикулярлық ядросында

C. маммилярлық ядросында

D. аркуаттық ядросында

Е. турбералдық ядросында

5. Окситоцин шығарылады.

А. паравентрикулярлық ядрода

B. супрооптикалық ядрода

C. маммилярлық ядрода

D. аркуаттық ядрода

E. тубералдық ядрода

6. Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөлімдерінің қызметін жоғарылататын гипоталамустың гормондары.

А. либерин.

B. статин.

C. дофамин.

D. серотонин.

E. вазопрессин.

7. Циркадтық ритм арқылы гормон түзетін без.

А. эпифиз.

B. гипоталамус.

C. гипофиз.

D. қалқанша безі.

E. бүйрек үсті безі.

8. Гормон шығарылуы реттелінеді.

А. нейрогуморальдық жүйе арқылы

B. вегетативті жүйе арқылы

C. өзара байланысқан мүшелердің тіршілігі үшін қажетті заттар арқылы

D. гипоталамо-гипофизарлық жүйе арқылы

E. гипофиз арқылы

9. Липотропин гормонының қызметі.

А. липид метаболизмін күшейтеді.

B. белок метаболизмін күшейтеді.

C. көмірсулар метаболизмін күшейтеді.

D. жоғарыда аталған барлық заттар метаболизмін күшейтеді.

E. аталған заттардың метаболизмін төмендетеді.

10. Гипоталамустың алдыңғы бөлігінде ядролар орналасады.

А. супроптикалық, паравентрикулярлық

B. адренергиялық

C. аркуаттық

D. холинэнергиялық

E. адренергиялық, аркуаттық

11. Эпифиздің нейроаминдері.

А. серотин, мелотонин.

В. мелотонин, тиролиберин.

С. антигонадотропин.

Д. аргинин.

Е. серотонин.

12. Эпифиз жасушалары.

А. пинеалоциттер және көмекші глиоциттер.

В. сезгіш глиоциттер.

С. көмекші глиоциттер.

Д. нейроглиальды элементтер.

Е. пинеалоциттер, питуициттер.

13. Қалқанша безінің секреті шығарылады.

А. базальды мембрана арқылы қанға

В. базальды мембрана арқылы коллоидқа

С. апикальды мембрана арқылы қанға

Д. екі бағытта

Е. апикальды мембрана арқылы қанға

14. Қалқанша бездің морфо-функциональдық бірлігі.

А. фолликул

В. ацинус

С. альвеола

Д. трабекула

Е. эндотелии

15. Тиреоциттердің аласа жалпақ формасы байқалады.

А. гипофункцияда

В. қалыпты жағдайда

С. гиперфункцияда

Д. қалыпты жағдайда және гиперфункцияда

Е. үнемі

16. Кальцитониннің әсерінен қандағы кальций деңгейі...

А. төмендейді.

В. жоғарылайды.

С. өзгермейді.

Д. екі есе артады.

Е. төрт есе артады.

17. Секрет жинау фазасында тиреоциттердің секреті бөлінеді.

А. коллоидқа

В. қанға

С. қанға және коллоидқа

Д. өтке

Е. несепке

18. Парагормон әсерінен қандағы кальций мөлшері.

А. жоғарылайды.

В. төмендейді.

С. өзгермейді.

Д. екі есе азаяды.

Е. төрт есе азаяды.

19. Тироциттердің гиперфункция кезіндегі пішіні.

А. цилиндр тәрізді

В. куб тәрізді

С. жалпақ

Д. полигональды

Е. домалақ

20. Тироциттердің секреті фолликула қуысына бөлінеді.

А. экзоцитоз жолымен

В. пиноцитоз жолымен

С. диффузия жолымен

Д. фагоцитоз жолымен

Е. эндоцитоз жолымен

21. Қалыпты жағдайда тироциттер пішіні болады.

А. куб тәрізді

В. жалпақ

С. өзгермейді

Д. полигональды

Е. циллиндр тәрізді

22. Парафолликулярлы эндокриноциттер орналасады.

А. фолликула қабырғасында және фоликула аралық кеңестікте

В. фолликула қабырғасында

С. фолликулла аралық кеңістікте

Д. дәнекер тін стромасында

Е. капиллярлар айналасында

23. Паратирин гормонының антогонистік гормоны.

А. кальцитонин.

В. тироксин.

С. трийодтиранин.

Д. соматостин.

Е. серотонин.

24. Жас балалардағы қалқан маңы безінің жасушалық құрамы...

А. басты паратиреоциттер.

В. оксифильді паратиреоциттер.

С. оксифильді және басты паратиреоциттер.

Д. бұл жасушалар болмайды.

Е. тек тиреоциттер ғана болады.

25.Организмдегі Na мөлшерін реттейтін бүйрек үсті безінің қыртысты затының гормондары.

А. альдостерон.

В. кортикостерон.

С. тестестерон.

Д. прогестерон.

Е. гидрокартизон.

26. Бүйрек үсті безі дамиды.

А.целомды эпителийден, жүйке жотасынан

В. мезодермадан

С. жүйке жотасынан

Д. мезенхимадан

Е. эктодермадан

27. Бүйрек үсті безінің тұтамды бөлім гормондарының табиғаты...

А. стероидты

В. белокты

С. гликопротеидті

Д. гликопептидті

Е. липидті

28. Спонгиоциттер аймақтың жасушалары.

А. шоғырлы

В. шумақты

С. торлы

Д. милы

Е. суданофобты

29. Нейрогипофиз

A. гипофиздің алдыңғы бөлігі

B. гипофиздің ортаңғы бөлігі

C. гипофиздің артқы бөлігі

D. артқы және алдыңғы бөлігі

E. артқы және орталық бөлігі

30. Бүйрек үсті безінің милы заты

A.органның орталығында орналасады, кесіндіде күңгірт

B. органның шетінде орналасады, кесіндіде – қызғылт

C. органның орталығында орналасады, кесіндіде – көкшіл

D. органның орталығында орналаспайды, кесіндіде – күңгірт

E. органның орталығында орналасады, кесіндіде – күңгірт, қызыл

Ас қорыту жүйесі.

Ас қорыту жүйесіне - асқорыту түтігі және онымен байланысқан ірі бездер сілекей бездері, бауыр, ұйқы безі жатады. Жүйенің қуысты ағзаларының қабырғалары кілегей қабат, кілегей асты негізі, бұлшық ет қабаты және сыртқы қабаттан – адвентициальды немесе шырышты қабаттан тұрады. Ас қорыту жүйесі, құрылысы, қызметі, даму ерекшеліктеріне байланысты үш бөлікке бөлінеді: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлік. Алдыңғы бөлікке ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш жатады. Ортаңғы бөлікке асқазан, аш ішек, тоқ ішек сондайақ бауыр, ұйқы безі жатады. Артқы бөлік тік ішектен тұрады. Ас қорыту жүйесі ағзаларының гистофизиологиялық ерекшеліктерін білу дәрігерге профилактикалық тексеру, диагностикалау (рентгеноскопия, эндоскопия, биопсия) және емдеу әдістерін таңдау үшін қажет.

Жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеруі және регенерациясы. Адамда 12-15 жаста сүт тістері тұрақты тістермен алмасады, 20-25 жаста — «ақыл тістері — соңғы қоректік тістер шығады. Жас мөлшеріне қарай тістің химиялық құрамы және құрылысы өзгереді, эмальғатұздар (тіс тасы) отыруы мүмкін, соның үшін шытынап бұзылады.Эмальдың дентин мен цементтің құрамында органикалық заттаразайып бейорганикалық заттар мөлшері көбейеді. Дентин құралуытоқтайды, тіс түбірінде цемент мөлшері көбейеді жас ұлғайғандапульпа атрофияланады, оның жасушаларының саны азаяды. Дентинобласттарда органеллалар редукцияланады оның фентиноциттеріөзгереді.

Тістіңрегенерация қабілеті өте баяу өтеді және толық болмайды, дентинзақымдалғанда, оның қарсы жағында (пульпа жағы); аз мөлшерде дентинқұралады (10-15 күнде дентинобласттардың кұралуы),предентин пайда болғанда басталады. Бұл 2-ші реттегі дентиндерде талшықтар тәртіпсіз (пішінсіз) орналасады эмалдың қалпына келуі өте қиын, цементтің қалпына келуі нашар сынапты цемент АҚЖ-сі — кабырғасы бұлшық етті еріннен басталып аналды тесіктен аяқталады. Оларды қаптаған эпителий терінің эпидермисі мен қосылып кетеді. Ауыз қуысы соңынан жұтқыншақ, өңеш, аш және тоқ ішек орналасады. Ішек жолының меншікті түтікшесінен басқа, іш қуыстығындағы кейбір ағзалар (безді) өздерінің секретті сұйықтықтарын ішек түтікшесіне шығарады (сілекей безі, өтті көпіршік және бауыр, асқазан асты безі, ірі бездер).

Аталған құрылымдар ас қорыту жүйесін құрайды асказан, ішек жолы түтікшесіне қоректік заттар ағза тіндері үшін дайын болмаған күйінде түседі. Адам және жануарлар ағзасы өзін қоршаған ортадан: энергетикалык және кұрылымдық косылыстарды қоректік заттардан алады. Асқазан, ішек түтікшесінің кеңістігінде ірі молекулалы қоректік заттар қорытылу құбылысынан өтеді және төсенішті эпителийден ыдыраған (көпшілігі мономолекулярлық заттар) күйінде сорылады. Ақуызды заттар — аминқышқылдарына дейін, көмірсулар — глюкозаға дейін, липидтер (майлар)—май қышқылдарына, глицерин, моноглицеридке дейін ыдырайды. Аталған құбылыстарға ас корыту секретті сұйықтықтары (ферменттер, биологиялық белсенді заттар т. б. яғни бездерде өндірілуші секретті заттар) қосылысып биохимиялық реакциялар өтеді. Ас корыту кеңістігінде күрделі заттардың мономерлерге дейін ыдырауы ас қорытылу құбылысы деп айтылады. Қорытылған мономолекулалар ас қорыту түтікшесі эпителийінен сорылады. Ас қорыту аппаратының қызметтері алуан түрлі және құрамындағы ағзалардың түріне байланысты: 1) асты қабылдау; 2) дәм сезу; 3) ас өңдеу және қорыту (механикалық және химиялық); 4) секретті ас қорыту заттарын өндіру; 5) қорытылған асты жылжыту, заттарды (ақуыз, көмірсу, липидтер) ағзаларға үлестіру және ұсақ заттарға бөлшектеп сіңіру; 6) биологиялык қорғаныс қызметтері; 7) өзін-өзі басқару; 8) қалдық заттарды ағзадан шығару т. б.

Ас қорыту аппараты күрделі биологиялық жүйе және біртұтас құрылым. Морфологиялық ерекшелігі бойынша олардың ағзаларын 2 (екі) топқа бөлуге болады: 1. Қорыту каналы (түтігі) немесе асқазан-ішек жолы ағзалары. 2. Қосымша ағзалар.

Ас қорыту каналына ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш және тоқ ішектер жатады. Ал қосымша ағзаларға: тіл, тіс, сілекей бездері, бауыр, ұйқы безі. Ас қорыту аппараты қызметтерінің ерекшелігі және эмбрионалдық дамуы бойынша үш бөлімге бөлінеді. Алдыңғы бөлімге ауыз қуысындағы ағзалары жұтқыншақ және өңеш жатады.

Ортаңғы бөліміне асқазан, аш ішек, тоқ ішек, бауыр және ұйқы безі, ал артқы бөліміне тік ішектің төменгі жартысы жатады (каудальды бөлімі).

Ас қорыту аппараты ағзаларының ішкі құрылысына қарай қуысты және паренхималы болып бөлінеді. Түтікшелі ағзалардың жалпы сипаты қабат-қабат болып, топтасып орналасады. Қуысты ағзалардың қабырғасы әртүрлі тін қабықтарынан құралады: а) ішкі кілегейлі қабық; б) кілегей асты қабығы; в) бұлшық ет қабығы; 4) сірлі немесе адвентициальды қабық. Асты қабылдау ағзалары; ерін, ұрт, тіл, тіс, таңдай, көмекей, жұтқыншақ миндалинасы және т.б. миндалиндалар. Ерін 3 (үш) бөлімнен тұрады: 1) тері бөлімі; 2)ортаңғы немесе қызыл етті; 3) кілегейлі бөлім.

Тері бөлімі — сыртынан мүйізделмеген көптеген эпителимен қапталған, онда май және тері бездері болады және қылшықтары (түктері) бар. Эпителий базалдық мембранада орналасқан астыңғы жағында борпылдақ талшықты дәнекер тін жатады.

Ортаңғы (аралық) қабаттың екі аймағы болады: сыртқы және ішкі сорғышты түтікшелі.

Сыртқы аймақта — мүйізделген эпителий қабаты жіңішкерген-мөлдір көріністе, қылшықтары болмайды тері бездері бар (олар бірте-бірте жойылып кетеді). Май бездері жоғарғы ерінде, әсіресе ауыз бұрышында көп болады.

Шеткі аймақта— ересек адамдарда мүйізделмеген эпителий қабаты өте жіңішке пішінді, май бездері болмайды. Кілегейлі кабаттық дәнекер тіндері эпителийге еніп бүршікті өсінділер құрайды, оларда жүйке ұштары мен капиллярлар болады. Капиллярлардағы қан эпителий сыртынан көрінеді, соның әсерінен ерін қызғыш түсті болып көрінеді. Бүршікті өсінділер (емізікшелер) де жүйке ұштары өте көп болады, сол үшін еріннің қызғыш түсті аймақтары, әртүрлі әсерлерді өте сезгіш болады (ащы мен тұщы, суық пен ыстық т.б.).

Еріннің кілегей қабығы — көп қабатты жалпақ мүйізденбейтін эпителий мен қапталған (дегенмен эпителийдің жоғарғы қабатының жасушаларында аз мөлшердегі кератин түйіршіктерін байқауға болады). Еріннің кілегейлі бөлімінің эпителиалды таспасы терідегіден қалың болады. Кілегейлі қабықтың меншікті, пластинкасы емізікшелер құрайды олар кіші мөлшерде, бұлшықетте, пластинкалары болмайды.

Кілегей асты негізінде секретті бөлімде еріннің сілекейлі бездері болады, олар ірі, күрделі альвеолярлық-түтікшелі бездер. Өндіретін секретті заттарының сипатына қарай кілегейлі - ақуызды (аралас) бездерге жатады, олардың шығарушы ағындары қабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителиймен қапталған еріннің жоғарғы бетіне ашылады. Кілегей асты негізінде (еріннің) артериялық және веноздық (кең көлемді) оралымдар болады.

Ұрт бұлшықетті құрылымы а) сыртқы жағынан терімен; б) ішкі жағынан - кілегейлі қабықпен қапталған. Кілегейлі қабықта 3 (үш) аймақ бар: 1) жоғарғы (максиллярлық); 2) Ортаңғы (аралық), 3) төменгі (мандибулярлық).

Бұл қабықта (кілегейлі) бұлшықетті пластинкасы жоқ. Максилярлық және мандибулярлық аймақтар кұрылысы еріннің кілегейлі бөліміне ұқсас.

Олардың эпителийі көп қабатты жалпақ мүйізденбейтін, меншікті пластинкаларының емізікшелері кіші мөлшерлі. Кілегей асты негізі жақсы дамыған, оларда ұрттың сілекей безі көп орналасқан олардың, ішіндегілері тіс

тамыры аймағында жатады, сондай-ақ ұрт бұлшықеті тереңінде және бұлшықет сыртында да орналасады.

Аралық (ортаңғы) аймақ — кеңдігі 10 мм, ауыз бұрышынан төменгі жақ тармақтарына дейінгі аралықта орналасқан. Эмбриональдық кезеңде (және 1 жасқа дейінгі сәбилерде бұл аймақта эпителиальды емізекшелері (ворсинкалар) болады, сілекей бездері болмайды ұртта да еріннің аралық бөліміндегіден без қалдықтары (пигментті болады). Олардың (еріндегіден) аралық бөлімі, ауыз қуысының терімен жанасатын аймағы болып есептеледі. Кілегейлі қабық басқа тіндермен кілегей асты негізі арқылы байланысады (оларда қан тамырлары мен жүйке ұштары көп болады). Ұрт бұлшық етінен қабығы кұралады, оның тереңінде белокты-кілегейлі және кілегейлі секретті заттарды өндіруші ұрттың сілекейлі безі орналасқан болады.

Қызыл иек (десна) — ауызда тіс айналасындағы жақ сүйектерін жауып жатады. Кілегейлі қабаты дәнекер тіндер мен эпителийден құралған. Дәнекер тіндерде қан тамырлары мен жүйке ұштары көп болады. Қызыл иектің (десна) байлаулы ұшы сүйекті альвеолалар өсіндісі бетін қаптайды, тіс жағындағы бөлігі оның ерін ұшы болып саналады, оның тереңдігі 1,5 мм-ге дейін болады. Қызыл иекте (десна) бұлшықетті қабат болмайды. Эпителиальды жасушалардың цитоплазмасында өте көп глюкозоаминогликандар болады.

Қатты таңдай — негізі-сүйектен құралған үсті кілегей қабаттан тұрады, оның құрамындағы көп қабатты мүйізделмеген эпителий кей жерлерде қалыңдап жол-жол сызықтар құрайды. Дәнекер тінді пластинка — ірі коллагенді талшықтардан құралған, олар сүйек үсті қабығымен байланысқан. Сүйек үсті кабығы мен кілегейлі қабық арасында сілекейлі безі тобы орналасқан.

Жұмсақ таңдай және көмекей — ет тіні негізінен және тығыз дәнекер тіннен (сіңірден) құралған. Жұмсақ таңдай және көмекей жұтқыншақ бөлігін мұрынның соңғы бөлігінен ажыратып тұрады. Дәнекер тінді пластинканың астында эластин талшықтары жатады, бұлшық ет пластинкасы болмайды. Жұмсақ таңдайда май тіні және сілекей бездері болады.

Жұмсақ таңдайдың ауызға қараған беті және көмекей — көп қатарлы жалпақ мүйізделмейтін бокалды жасушалары эпителиймен қапталған, оның астында көптеген емізекшелерден — (ворсинка) құралған жеке қабат орналасқан.

Тіл — дәм сезу қоректік заттарды (асты) механикалық өңдеу, жұту уақытында аса маңызға ие, сондай-ақ сөйлесу мүшесі де болып саналады. Тілдің негізін соматикалық көлденең-жолақты бұлшық ет тіні кұрайды. Тілдің кілегей қабығы, оның бөлімдеріне сәйкес өзгешелікке еге болады.

Тіл—1-ші желбезек доғасының орта бөлігінде тақ төмпешік күйінде қалыптасады, одан соң, жұп бүйірлі өсінділер пайда болады өзара қосылысады, төмпешіктерді орап алады. Олар энтодерманың туындысы (тіл ұшы мен денесін кұрайды) болып саналады. Тілдің артқы бөлімі 2—3 желбезек доғасынан (энтодермадан) құралып, тілдің денесімен қосылып, тіл түбірін кұрайды.

Тіл түбірі мен денесі қосылған бөлікте соңғы төмпешік құрайды. Тіл бұлшықеттерінен миотомдық билатериальды өсінді дамиды. Тілде қан тамырларының құралуына байланысты тілге жүйке талшықтарының ұштары да көп келеді. Тіл бездері белокты, кілегейлі және аралас (белокты-кілегейлі) топқа бөлінеді. Тіл емізікшелері эпителийі бүршіктен құралады, олар құрылысы мен қызметтеріне қарай жіпшелі, саңырауқұлақты, желбезекті және жапырақты болып ерекшеленеді.

Тілдің түбір бөлігінің кілегейлі қабығында сорғыштар болмайды, бірақ төмпешіктер мен шұқырлары болады. Төмпешіктер — кілегейлі кабықтың жеке қабатында орналасқан лимпоид тін жиындысы — тіл бүршігінен құралады. Төмпешіктер арасында шұқырлар крипталар болады, оларға көптеген кілегейлі бездердің шығару түтікшелері ашылады. Тіл - бұлшық еттері арасындағы (Эбнер) кілегей (Вебер) және аралас (Нуна) бездері орналасады, олардың шығару түтікшесі, тілдің кілегейлі қабығына ашылады. Тілде — көптеген тамырлар жүйке ұштары және бұлшық еттер аралығында май жасушалары жиынтығы орналасқан.

Жұтқыншақ—миндалинасының лимфоэпителиальды сақинасы — (оралымы).

Ауыз қуысы мен жұтқыншақ шекарасында кілегей қабықта лимфоид құрылымдарының көптеген шоғыры бар. Олар тыныс алу және қоректі заттарды (асты) сіңіру жолдарының алғашқы орнын орайды, сол үшін лимфоэпителиалды оралым деп аталады (Пирогов оралымы). Бұл шоғырлардың ірісі бүршіктер (миндалиналар) деп аталады.

Лимфоэпителиалды оралым 7 (жеті) миндалинадан құралған: жұп таңдайлы, Евстахий түтігі (түтікшелі), жұтқыншақ, тіл және көмекейлі — соңғы үшеуі бір-біреулі миндалиналар.

Таңдай миндалиналары эмбриогенездің 9-шы аптасында жұтқыншақтың латералды қабырғаларының көп қатарлы қозғалушы эпителийінің мезенхимаға енуші шұқырлықтар кұралуына байланысты дами бастайды. Оның астында қан тамырлары және тығыз топталған мезенхима жасушалары орналасады. Мезенхимадан ретикулярлық тін қалыптасады олардан эндотелиальды посткапиллярлық венулалар құралады, ағзаларға лимфоциттер (В-және Т) енеді. Лимфоидты фолликулалар (17-І8-ші аптада) құралады, Т-лимфоциттер мөлшері 60%-ке жетеді (19-шы апта), элителий ұлғаяды.

Таңдай миндалиналары жұтқыншақтың бүйір шетінде, жұмсақ таңдай доғасының арасында жұп күйінде орналасқан, олар көп қабатты жалпақ, мүйізделмейтін эпителиймен қапталған. Оларда лимфоциттер көп, арасында түйіршікті лейкоциттер болады. Эпителий астында кілегейлі қабықтық меншікті пластинкасы және кілегей асты негізі орналасады.

Кілегейлі қабықтың бүрлері (қатпар) арасында 10-20 шұқырша (крипталар) болады, олардың тармақталуынан 2-ші реттегі крипталар құралады.

Жұтқыншақ миндалинасы — эмбриогенездің 16-шы аптасында ішектің алдыңғы жағында дамиды, мезенхима да қатысады. Миндалина беті (бұл кезеңде) көп қатарлы кірпікшелі эпителимен қапталған (ересектерде осы эпителий кездесіп тұрады). Сирек талшықты пішінділер мен дәнекер тіндер жеке қабатты кұрайды (құрылысы таңдайдағыға ұқсайды. Оларда лимфоидты фолликулалар шоғыры болады. Кейбір науқастарда жұтқыншақ миндалинасы ұлғаяды. Олар мұрынның ішкі жолын жауып қояды сол үшін демалу қиын болады. Осындай ұлғайған миндалиналарды — аденоид деп атайды (операция етіп алып тастайды).

Тіл миндалинасы — эмбриогенездің 20-ші аптасында дамиды; тілдің түбір бөлімінде, кілегейлі бездердің шығару түтікшелері айналасында лимфоциттер жинала бастайды. Бала туылу кезеңінде тіл эпителийінің мезенхимаға енуі арқылы — крипталар құралады. Крипта мен миндалинаны қаптаған эпителийлер көп қабатты жалпақ, оның астында сирек талшықты пішінделмеген дәнекер тіні, лимфоциттер көп болады. Олар лимфоидты фолликулалардан келеді (фолликулаларда реактивті орталық бар).

Ұсақ сілекейлі бездің түтікшелері миндалина крипталары арасында ашылады, олардың секретті заттары крипталарды тазалап тұрады.

Ас қорыту жолының алдыңғы бөлімінде лимфоидты құрылымдар (миндалина) болады. Евстахий түтікшесі миндалинасы және көмекей миндалинасы бар, олар вирус — микробтарды қоршап алады және фагоцитоздайды.

Миндалинаның жеке қабаттары сирек талшықты пішінделмеген қосылушы тіндерден кұралған, көбею орталығын құраушы көптеген лимфоидты фолликулалар бар. Кілегей асты кабығы миндалинаны орап, капсула құрайды, оларда көптеген қан, лимфа тамырлары, жүйке талшықтары және сілекей безінің соңғы секретті бөлімдері орналасады.

Миндалиналар — қорғаныс және қан жасалу қызметтерін орындайды, яғни олар антигендер құрайды (қорғаныс қызметіне қатысушы) және лимфоидты фолликулаларда лимфоциттер өндіреді.

Эпителий жасушалары арасындағы лимфоциттер эпителий жасушаларының зат алмасуында қатысады деген пікір бар.

Миндалиналар — жас балаларда жақсы дамыған, жас ұлгаюына (70-80) байланысты, атрофияға ұшырайды, жойылып кетсе, олардың орнын дәнекер тіндер егелейді.

Сілекей бездері — бөлек-бөлек орналасқан 3 (үш) жұп, ірі бездер: құлақ алды, жақ асты және тіл асты және ауыз қуысының кілегейлі қабығында орналасқан өте көп ұсақ бездер ерін, ұрт, тіл және таңдай гландулаларынан құралған. Барлық сілекей бездері құрылысына қарай түтікшелі альвеолярлық және аралас (түтікшелі альвеолярлық) болады, өндірілетін секретті заттарына қарай: ақуызды кілегейлі және аралас (кілегейлі-белокты) болады. Құлақ жаны безі (ҚЖБ-зі)—күрделі тармақталған альвеолярлық без, ақуызды секрет өндіреді. Без сыртқы жағынан нәзік дәнекер тінді капсуламен қапталған. Капсуладан безді бөлікшелерге бөлуші тосқауыл — трабекулалар тарайды. Оларда қан тамырлы, сілекей бездері түтікшелері, жүйке шоғырлары және жасушалары болады.

КЖБ-нің әрбір бөлігінің соңғы бөлімі секретті көпіршіктерден ацинус және шығару түтікшелерінен құралған. Ацинустар 2 (екі) түрлі жасушалардан: секретті жасушалы және миоэпителиалды болып бөлінеді.

Секретті жасуша — пирамида тәріздес, ядросы домалақ, (базалды жақта) ядро үсті бөлімінде ұсақ оксифилді секретті түйіршіктері болады, базалды бөлігі базофилді қасиетке еге.

Секретті жасушалар ұшында микроворсинкалары бар апикалды цитоплазмада көптеген секретті түйіршіктері болады. Ақуызды секрецияда қатысушы жасушалар арасындағы — жасушааралық секретті түтікшелер арқылы секретті қосылыстар ацинус кеңістігіне өтеді.

ҚЖБ-нің 2-ші түрлі жасушалары — миоэпителиальды. Олар эпителий туындылары болса да орындайтын қызметіне қарай бұлшық ет элементтерін еске түсіреді (қысқару т.б.). Олар ацинус жасушаларын орап тұрғандықтан — «себетті жасушалар» (жұлдыз пішінді) деп аталады. Цитоплазмасындағы арнаулы қысқарушы фибриллдер ацинусты эпитедийлерді қысып, жасушаның секретті затының ацинус кеңістігіне өтуін қамтамасыз етеді. Миоэпителиалды жасушалар базалды мембрана мен эпителиалды жасушалар табаны аралығында орналасады.

ҚЖБ-нің ішкі бөлікті қондырғылы ағындары — соңғы бөлімдерде басталады, күшті тармақталған, жалпақ (немесе куб тәріздес) эпителиймен қапталған, олардың 2-ші қабатын миоэпителиоциттер құрайды. Ацинусқа жанасқан жасушалардағы тығыз түйіршіктерде — мукополисахаридтер болады, бұл жерде тонофиламенттер, рибосомалар және тегіс ЭПТ бар. Кейбір кезде жасушаның базалды бөлімінде плазматикалық мембрананың қыртыстары арасында таяқша тәріздес митохондриялар базальды сызықтық құрайды — сызықты түтікше деп аталады. Олардың цитоплазмасында түйіршіктер және көпіршіктер болады. Олар сілекейлі заттар өндіруіне қатысады. Сілекейлі түтікше ағындары көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталған. Олар жоғарғы үлкен жақтың тіс ернеуінде ұрттың кілегейлі қабатына ашылады.

Жақ асты безі (ЖАБ-зі) - альвеолярлық түтікшелі, секретті заты сипатына қарай аралас (ақуызды-кілегейлі), сыртынан жұқа дәнекер тінді капсула қапталған. Олар безді трабекулалармен бөліктерге бөледі. Оларда 2 (екі) түрлі ацинустар бар таза ақуыздар және аралас секретті заттар (ақуызды-кілегейлі).

Аралас секретті заттарда екі түрлі жасуша болады: а) ақуызды секретті және б) кілегейлі секретті жасушалар. Олар ірі, әсіресе кілегейлілер, ацинустың орталық бөлігінде, ядросы жалпақ тығыз базалды бөлікте орналасқан цитоплазмасы муцикармииде жақсы боялады. Ақуызды секреттілер, кілегейлі секретті жасушаларды жартылай қоршайды, соның үшін — «жарты айлы кілегейлі»—жасушалар деп аталады, олардың сыртында миоэпителиалды жасушалар орналасқан.

ЖАБ-нің қондырғылы дискілері — қысқалау аз тармақталған. Оның 3 (үш) түрлі ацинусы бар- ақуызды кілегейлі және аралас (ақуызды-кілегейлі). Ақуызды ацинустар аралас жасушалары ацинустарда жанасып жарты ай құрайды, ең басты түтікше, қысқа тілдің қалың қабатына ашылады. Без стромасында қан тамырлары, жүйке талшықтары және секрет шығарушы түтікшелері орналасады. Артериялар сілекей түтікшелерін бойлай артериолалар құрайды. Олардан соңғы секретті бөлім ацинустарда капиллярлар тармақталып тор құрайды. Сілекей безі парасимпатикалық жүйке жүйесінің краниалды бөлімі және симпатикалық жүйке жүйесінің көкірек бөлімінің жүйке талшықтарымен қамтамасыз етіледі. Сілекей безі регенерацияға өте қабілетті.

Тістер — шайнау аппаратының негізгі құрамдық бөлігі, адамда екі түрлі генерация арқылы тістер дамуы өтеді. Алғашқыда сүт тістері дамиды, одан соң олардың орнын тұрақты тістер иеленеді. Жақты сүйек шұқыршаларында тістер тығыз дәнекерлі тін-периодонт арқылы нығайып орналасады, тіс мойын аймағында циркулярлық тіс байланысын құрайды. Периодонттың коллагенді талшықтары радиальды бағытқа ие: бірінші бағыты — тіс түбірі цементіне енеді, екіншісі альвеолярлық жүйекке енеді. Периодонттың негізгі қызметі механикалық трофикалық қызметтер атқарады.

Адамда сүт тістері эмбриогенездің 2-ші айында түтікшелі кезеңде ауыз қуысының исстибулярлық тіс пластинкасынан дамиды. Ауыз қуысының кіреберіс бөлігінің эпителийі мезенхимаға батып кіреді, күрделі эпителиалды құрайды. Пластинканың ішкі бетінен эмалды құраушы тіс бүршіктері пайда болады, олардың астынан мезенхима өсе бастайды, эпителиалды қабатта тіс сорғышын кұрайды, нәтижесінде эмальды қабат құралады, олар бірте-бірте тіс пластинкасынан ажыратылады. Эмальдың эпителиалды жасушалары 3 түрлі: ішкі, сыртқы және аралық аймақтағы эпителиоциттер. Тіс сорғышына тиіп жатқан ішкі жасушалар өсіп биік призматикалық эпителийге өзгереді, олар эмалдың құралуына қатысқандықтан, яғни амелобластар деп аталады.

Сыртқы эмалды эпителий өзінің өсу кезеңінде жалпақ пішінді қалыңдайды. Аралық эпителий аралықтарын сұйықтық болғандықтан, жұлдызды пішін құрайды, олар эмалдың пульпасы деп аталады. Эмалдың кутикуласын құрауға қатысады.

Эмалобласттар мен тіс сорғышын қоршаушы мезенхима тығыздалып тіс қапшасын құрайды 3-ші айдың соңында эмалды ағза пластинкадан ажыратылады.

Эмбриогенездің 4-ші айында дентиннің дамуы басталады. Алғашқыда тістің жоғарғы ұшында, одан соң бүйір жағында — дентинобласттар дамиды апикалды беткейіндеөсінділер болады, олардан дентиннің негізін құраушы органикалық заттар — предентин ажыратылады, оның преколлагенді талшықтары радиалды бағытқа ие, олар дентиннобласттар мен эмалобласттар ортасын толтырады. Преколлагенділер коллагенділерге өзгереді предентин известелу реакциясы арқылы дентин құрайды, Томас жіптері дентин каналшаларының құралуына қатысады. Пульпа жанында тангенсті коллагенді талшықтар пайда болады. Пульпалар жаны дентині пайда болады. Эмбриогенезді дамудың 5-ші айы соңында предентинге известі тұздар көп шоғырланады. Тұрақты дентин құралады, одан соң эмалдың дамуы басталады. Энамелобласттардан дентинге қарай жабын созылып өсінділер құрамы призма пішінді эмалды құрайды. Ядролар жасушаның ұшына жылжыса, басқа органеллалар, керісінше базалды бөлігі жағына өтеді, қоректену эмалды ағзаның аралық аймағы арқылы орындалады. Энамелобласттарда гранулалар кұралады, олар өсіндіге қарай жылжиды, призмаларды бір-біріне байланыстырушы заттар алғашқы эмалды кұрылым деп аталады. Құрамында органикалық заттар бар, одан соң известену процесі өтеді, әрбір жасуша эмальдық призмаға өзгереді. Энамелобласттар көлемі кішірейеді, дентиннен ұзақтайды. Тіс шығуына байланысты энамелобласттар редукцияланады. Олар эмалдың туындысыкутикуламен қапталады.

Тіс қапшасының тіс түбірі ернеуіндегі мезенхимада цементобласттар пайда болады, жасуша аралық заттарды өндіреді, оларда кальций тұздары жинақталуына байланысты цемент құралады. Тіс қапшасының сыртқы бөлігі периодонтқа өзгереді, пульпаның дәнекертіндерінде қан тамыры болады. Қорыта келгенде, эмалдықұрылым эпителиден құралады, мезенхимадан дентин, цементпульпа дамиды.

Цемент тістің түбірі мен мойынын қаптайды (жұқа қабат) кейбір бөлігі эмалға енеді, түбір ұшында қалыңдау болады. Құрамысүйектегіге ұқсас 30%-ей органикалық 70% — бейорганикалық заттары бар, әсіресе, кальцидың фосфатты және карбонатты тұздары көп.

Гистологиялық құрылысына қарай жасушасыз (алғашкы) және жасушалы (2-ші реттегі) цементтер болады.

Жасушасыз — түбірдің жоғарғы ұшында орналасады, коллагенді талшықтары аралығында аморфты кілегей желімді заттары бар.Радиалды талшықтары периодонтқа барады, одан өтіп альвеолярлық сүйектерге жетеді, ішкі жақта дентин талшыктарымен жалғасады.

Жасушалы цементоциттер — түбірдің төменгі жағына орналасады көптеген коллагенді талшықтары бар, өрескел талшықты сүйектініне ұқсайды, бірақ қан тамырлары болмайды, қатпарлыкұрылымға ие.

Цементтің қоректенуі периодонттағы қан тамырларынан заттардың диффузиялы өтуі арқылы орындалады. Дентин каналшалары мен цементоциттер өсінділері аралығында анастомоздар болуы, дентин үшін қосымша қоректік жүйе құрайды.

Периодонт — сүйек альвеоласы мен тіс түбірі аралығында, дәнекер тіндерден құралған көпшілігі Шарпейталшықтары (колагенді) болады, олардың бірнеше тобы бар. Тіс альвеоласымен байланысқан периодонтталшықтары 4 төрт бөлікті құрайды: 1) сүйек альвеоласынанцементке барушы; 2) тістің ұзына бойына тікелей бағытталған;3) сүйектен басталып тіс ұшына бағытталган және цементке енушіқисық бөлік; 4) тіл түбірінің ұшынан, оның жанындағысүйекке бағытталған төмпешікті бөлік.

Тістің қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы. Жоғарғыжақ артериясы тармақтарының үш мүйізді жүйке тармақтарыменбірге тіс түбірі каналы арқылы тіс-қуысына кіруі орындалады. Оларпульпада анастомоздар құраушы капиллярларға тармақталған одан соң жиналады.

Жүйкелер тіспульпасында миелинді талшықтардан құралған тұқыр және миелинсіздерденқұралған жоғарғы бет шоғырын құрайды.Кейбір бөлікте пульпа рецепторларының ұшы тармақтары әрі дәнекертінмен, әрі қан тамырларымен байланысқан болады (поливалентті рецепторлар). Дентино (одонто) бласттар 3 (үш) басты жүйкеніңнәзік ұштарымен тығыз оралған.


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 2849 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.037 сек.)