Вена тамырлары
Бояуы: Гематоксилин-эозин.
1 — май жасушасы; 2 — сыртқы қабық; 3 — ортаңғы қабық;
4 —ішкі қабық; 5 —қанға тола вена; 6 —венаның қақпақшасы;
7—эндотелий; 8— ұсақ веналар (И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).
Венаның құрылысын зерттеу үшін жүйке-тамыр тұтамының препаратын қолдану қолайлы. Онда бұлшықет типтегі артерия және вена бар. Сондықтан алдымен артерия мен венаның айырмашылығын үйрену керек. Ол үшін келесі жалпы белгілерден пайдаланамыз: 1) артерияның қуысы дұрыс домалақ пішінді, веналардың қуысы дұрыс емес, ал ұсақ веналардың қуысы үшбұрыш пішінді; 2) артериялардың қабырғасы қалың, ал венада жұқа; 3) артерияларда ішкі эластикалық мембрана бар, ал веналарда жоқ; 4) артерияларда қақпақшалар болмайды, ал кейбір веналарда қақпақшалар болады; 5) веналардың қуысында көбіне қан болады.
Кейде венаның қуысында қан болмайды, ал керісінше артерия қанға тола болады. Бұл ерекшеліктердің барлығын кіші үлкейткішпен көруге болады.
Венаның қабырғасы да 3 қабаттан құралған: 1) tunica intima 2) tunica media 3) tunica adventitia. Бірақ веналарда бұл қабаттар анық ажыралмайды.
Үлкен үлкейткішпен көргенде венаның интимасы эндотелийдің бір қатар көлденең кесілген домалақ ядролары және өте жұқа, әрең көрінетін қызғылт түске боялған дәнекер тін талшықтарынан құралған.
Интиманың сыртында жұқа, әлсіз дамыған t.media болады. Т.media дәнекер тінмен қоршалған, таяқша пішінді ядролары бар жіңішке тегіс бұлшықет талшықтарынан бірте-бірте tunica adventitia-ға өтеді. Т. adventitia әлсіз дамыған. Бірақ басқа қабырғаларына қарағанда дұрыстау. Аdventitia қиғаш және түзу бағытталған коллаген талшықтарынан құралған. Бұл қабатта: 1) азды-көпті дамыған май жасушаларын, 2) ұсақ жүйке талшықтарын және 3) vasa vasorum (ірі веналарда) көруге болады. Кейде көрінетін веналардың қақпақшалары венаның ішкі қабатының туындысы (көшірмесі) ретінде қалыптасқан.
Лимфа жүйесі алғашында омыртқалыларда пайда болып, сүт қоректілерде ең жоғарғы дәрежеге дейін дамыған тіндерде лимфа тамырларының бір ұшы жабық түтікше көрінісінде басталып, одан соң өзара тұтасып лимфа капиллярлары торын құрайды.
Барлық ағзалардан шыққан лимфа тамырлары қосылып, екі ірі лимфа тамыр құралады, олар ірі веналарға ашылады. ЛТЖ – нің қызметі зат алмасу өнімдерін сақтайтын тін сұйықтығын барлық тіндерден алып кетеді.
Лимфа капиллярларықұрылысы бойынша қан капиллярларына ұқсас болғанымен, олардан кең және бір ұшы жабық түтікше көрінісінде басталады. Олардың қабырғалары бір қабатты эндотелиоциттерден құралған, қан капиллярындағы эндотелиоциттерден бірнеше есе үлкен, митохондриялары да үлкен және цитоплазмада бір тегіс орналасады, ЭПТ, микропиноцитоз көпіршіктері мөлшері аз болады. Эндотелиоциттер плазмолеммасының ішкі беті тегіс, өте аз цитоплазматикалық өсінділерге бай. Лимфа капиллярында базальды мембрана мен перициттер болмайды. Мөлшерлеріне қарай 3 (үш) түрлі болады: ұсақ, орта және ірі тамырлар.
Лимфа тамырлары мен венаның ұқсастығы; а) қан ағыны жағдайлары бірдей; б) лимфа тамырларында бұлшықетті және бұлшықетсіз болады; в) орта және ірі тамырлары венадағыға ұқсас, қабырғасында үш қабаты болады.
Ұсақ лимфа тамырлары (30-40 мкм) негізінен ағзалар ішінде болып, бұлшықеттері болмайды, қабырғасы эндотелий мен дәнекер тіні бар қабықтан құралған.
Орташа және ірілимфа тамырлары қабырғасы 3 (үш) қабаттан құралған.
Ішкі қабат – эндотелий мен эндотелий асты (эластикалық және коллагенді талшықтардан тұратын) қабаты және нәзік ішкі эластикалық мембраналардан құралған. Бұл қабатта қақпақ - клапандар болады, олар дәнекер тіндерден құралған, оның беті бір қабатты эпителиоциттермен қапталған.
Ортаңғы қабат – тегіс миоциттерден, сондай – ақ коллагенді және эластикалық талшықтардан құралған (дененің төменгі бөліміндегі лимфа тамырларында жақсы дамыған).
Көкірек–лимфа жолы - ірі лимфа тамыры болып саналады, оның қабырғасында 3 (үш) қабат болады, үшеуінде де тегіс миоциттер бар. Ішкі қабатта эндотелий және эндотелий асты қабаттары бар, эндотелий асты қабаты дәнекер тіндерден құралған, оларда миоциттер ұзына бойы бағытталған. Эластикалық мембрана орынында, жұқа эластикалық талшықтар торы орналасқан. Ортаңғы қабат - әлсіз дамыған, құрамында тегіс миоциттер мен эластикалық талшық бөліктері бар.
Сыртқы қабат – дәнекер тіннен құралған, одарда тегіс миоциттер ұзына бойы орналасқан, ең қалың қабат болып саналады.
Барлық тамыр қабырғалары тамырлардың тамыршалары – ұсақ тамырлар арқылы қоректенеді. Олар ірі тамырлардың адвентициялдық қабатында орналасып, одан орта қабатқа өтеді. Ішкі қабат осы тамырдан ағатын қанмен қоректенеді. Тамырлардың тамыршалары тамыр айналасындағы дәнекер тіннен басталады.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 2789 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|