Препарат №34
Жақ асты безі.
Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об.90, ок.10.
1-сірлі-кілегейлі (аралас) соңғы бөлімі: а-кілегейлі жасушалар; б-сірлі жасушалар; 2-
сірлі қабаттың соңғы бөлімі; 3- миоэпителиальді жасуша; 4-жолақты ағын; 5-қондырғы ағым; 6-сирек талшықты тін; 7-ірі бөлшек аралық ағымның қуысы
(И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).
Жақ асты безі сыртынан қапсуламен қоршалған. Одан ағзаның ішіне екі түрлі дәнекер тінді тосқауылдар енеді - қалың және жіңішке. Тосқауылдар ағзаны бөлшектерге бөледі. Бөлшектердің көлемі әртүрлі. Жұқа тосқауылдарда капиллярлар орналасқан. Іші бос болса капиллярларды ажырату қиын. Қалың тосқауылдарда артериялар, веналар, жүйке байламдары, жүйке түйіндері, ірі шығарушы түтікшелер жатады.
Шығарушы түтікшелердің қабырғасы 2 қабатты цилиндр пішінді эпителиймен, ал ірі ағындардың қабырғасы көп қабатты эпителиймен қапталған.
Бөлшектерде бездердің секреторлық бөлімі түтікшелі. Көлденең кесіндіде түтікшелер розетка сияқты көрінеді. Ортасында безді капиллярдың домалақ қуысы бар. Без түтікшелерінің қабырғасы бір қатарлы цилиндр тәрізді кілегейлі жасушалардан құралған. Олардың шекарасы жақсы көрінеді. Бұл орталыққа бағытталған иір, жіңішке сызықтар. Жасушалардың ядролары қою түсті, жазықталған, жасушаның төріне қарай ығысқан, ал цитоплазмасы ашық түсті, әлсіз базофильді болады.
Бездің түтікшелері бездің кілегейлі элементі болып табылады, себебі кілегейлі жасушалардан құралған.
Без түтікшелері дистальді бөлімінде сірлі элементтермен қапталған бұл Джиануцци жарты айлары, көлденең бағытталған кесіндіде көрінеді. Қиғаш және тангенциальды кесінділерде пішіні жарты айға ұқсамайды. Онда жарты айларды бояуына және жасушаларының ерекшелігіне қарап ажыратамыз. Бездің кілегейлі жасушалары ашық түсті, ядросы негізгі бөлімінде орналасқан. Сірелі жасушалардың түсі күлгін, цитоплазмасы қоймалжың, ядролары домалақ. Жақ асты безі-аралас без. Сондықтан түтікшелердің арасында таза ақуызды бөліктері көрінеді.
Безді түтікшелер арасында қондырғы аймақтары да болады. Жалпы ашық түстің арасында олар қою түсімен ажыралып тұрады.
Көлденең кесіндіде олар қуысты қоршап жатушы жұқа көк сақина ретінде көрінеді. Қондырғы аймақтың қабырғасы домалақ ядролы, куб пішінді жасушалардан құралған. Бөлшектердің әр жерінде ірі қызғылт түсті домалақ құрылымдарды көруге болады. Бұл секреторлық ағындар. Олардың қуысы домалақ, қабырғасы бір қабатты цилиндр пішінді эпителийден құралған.
Жасушалардың шекарасы анық байқалмайды. Ядросы домалақ, апикальды бөліміне жақын орналасқан.
Тіл асты безі күрделі альвеоляры-түтікше пішінді без. Аралас, кілегейлі, ақуызды істеп шығарушы 3 түрлі жасушалардан құралған. Тіл асты безінің сілекей істеп шығарушы түтігі ірі сілекей бездеріне ұқсас түзілген болсада, бұл жерде сілекей түтіктері қысқа болады. Бездің стромасында қан тамырлар, жүйке тамырлары және сілекей істеп шығарушы түтікшелер орналасады. Сілекей бездері симпатикалық және парасимпатикалық жүйкемен иннервацияланады. Сілекей бездерінің құрамында 99,5% су, бейорганикалық заттар, яғни тұздар және органикалық заттардан бірнеше ферменттер питалин, мальтаза, липаза, пептидаза, протиназалар кіреді, сілекей қоректі заттарды ылғалдайды, жұтуды жеңілдетеді.
Жұтқыншақта — тыныс алу және асқорыту жолдары қиылысады. Ол 3 (үш) бөлімді құрайды – мұрын қуысы, ауыз қуысы және көмекей бөлімдері олардыңкілегейлі қабықтарының құрылысы әртүрлі болады.
Мұрын бөлімініңкілегейлі қабығы (жұтқыншақтағы) жалған көп қабатты кірпікшелі эпителимен қапталған құрамында аралас бездері бар (кілегейлі қабықтың рецепторлары типі).
Жұтқыншақтың ауыз қуысы және көмекейлі бөлімі көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталған, кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасында орналасқан (эластикалық талшық қабаты анық көрінеді).
Кілегей асты негізінде — кілегейлі бездің (күрделі) соңғы бөлімдері орналасқан, шығарушы түтіктері эпителий бетіне ашылады. Кілегейлі және кілегей асты қабықтары бұлшық етті қабырғаға жанасады жұтқыншақ сырты адвентициальдық қабықпен қоршалған.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 970 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|