Препарат № 47
Ұйқы безі
Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об.90, ок.7.
1- ұйқы безінің соңғы бөлімі; 2-қондырғы ағым; 3-панкреатикалық жасушаның оксифильді аймағы; 4-панкреатикалық жасушаның базофильді аймағы; 5-центроацинозды эпителиальді жасуша; 6-қан капиляры; 7-панкреатикалық аралшаның жасушасы (эндокринді) (И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).
Бездің шетінде жіңішке дәнекер тінді капсула орналасқан. Капсуладан бездің ішіне қарай көптеген капсулярлы қалқа өтеді, ол безді түрлі көлемдегі және пішіндегі үлесшелерге бөледі. Бездің дәнекер тін қабатында қан тамырлар, шығарушы түтіктер және жүйке талшықтары орналасқан.
Кіші үлкейткіште жақсы боялған үлесшені зерттейміз. Бұл жерде үлесшелер негізінен бездің секреторлық бөлімінің көлденең кесіндісінен түзілген. Осы безді ацинустар домалақ немесе сопақша пішінді. Үлкен үлкейткіште ацинустар, шекарасы анық, пирамидалы жасушалардан құралғанын көруге болады. Бұл жасушалар екі аймаққа бөлінеді: 1) базальді- көк түске гомогенді боялған және 2) апикальді- құрамында зимогенді, оксифильді түйіршіктерден тұратын және қызғылт түске боялған бөліктер. Түрлі ацинустарда осы ақ және қара аймақтың көлемі әр түрлі. Бұл ацинустардың функционалдық жағдайына байланысты. Жасушалардың ядролары екі аймақтың шекарасында орналасқан. Ацинустардың қуысы үлкен емес. Кейде қуысында ұсақ қара ядролар байқалады, олар орталық ацинустық жасушалардың ядролары.
Безді ацинустардың арасында кейбір жерлерінде қондырғы бөлімдердің кесіндісін көруге болады, олар куб тәрізді және жазық эпителиймен төселген. Қондырғы бөлімінің бойлық кесіндісінде, оның едәуір ұзын екені байқалады.
Ұйқы безінің паренхимасында секреторлық түтік болмайды. Жалпы мраморлы фонда без паренхимасында ақ дөңгелек пішінді бөлшектерді ажыратамыз. Бұл Лангерганс аралшықтары. Аралшықтардың көлемі әр түрлі, бірақ олар үлкен болмайды. Лангерганс аралшығы шекарасы анық емес, ақшыл ұсақ жасушалардың жинақталуынан түзілген. Осы жинақталған жасушалардың арасында көптеген қан тасушы капиллярлар орналасқан. Гематоксилин-эозинмен боялғанда Лангерганс аралшығындағы жасушалардың кейбір түрлері айқындалмайды.
Без үлесшелерінің арасындағы дәнекер тін қабаттарда артериялар, веналар, шығару түтіктерінде (экскреторлық түтіктер) орналасқан. Басқа бездерден айырмашылығы шығарушы түтіктер бір қабатты цилиндр тәрізді эпителиймен төселген. Ұйқы безінің ортасынан бүкіл ұзына бойы дәнекер тінді күшті таспа өтеді. Осы жерде бездің негізгі шығарушы түтігі – Вирзунгиан түтігі орналасқан. Көлденең кесіндісінде негізгі түтіктің көлемі үлкен, домалақ немесе овал пішінді болады. Түтік қуысы бір қабатты цилиндр тәрізді эпителиймен шектелген, оның артында жақсы дамыған дәнекер тін орналасқан. Бұл қабатта жан-жақтан Вирзунгиан түтігіне құйылатын көптеген шығарушы түтіктердің кесіндісі байқалады. Қасынан ұйқы безіне тән қанға толы жұқа қабырғалы веналарды көруге болады. Дәнекер тіндердің қабатында ірі жүйке рецепторлары-Фаттер-Паччини денешіктері орналасқан.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 918 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|