АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Он екі елі ішек

Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об.8, ок.7.

 

 

1-ішектің сорғышы; 2-ішектің криптасы; 3-кілегей қабатының эпителиі: а-тірек тәрізді безді жасуша; 4-кілегей қабатының меншікті пластинкасы; 5- кілегей қабатының бұлшықет пластинкасы; 6-кілегей асты негізі; 7- он екі елі ішектің безі; 8- бұлшықет қабаты; 9- кілегей асты жүйке торының түйіні; 10-сірлі қабық.

(И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).

Он екі елі ішек аш ішектің бастамасы болып табылады. Осыған байланысты оның құрылысының аш ішектің басқа бөлімдерінің құрлысымен көп ұқсастығы бар. Он екі елі ішектің қабырғасы 4 қабаттан тұрады: 1) кілегейлі қабат- t. mucosa, 2) кілегей асты қабат- t. submucosa, 3) сырқы бұлшықеттік қабат- t. muscularis externa, 4) сіре қабат- t.serrosa

Препаратты зерттеу оның ішкі қабатынан басталады, яғни t.mucosa-дан. Бұл жерде аш ішектің басқа да бөлімдеріндегі сияқты ішектің қуысына шығып тұратын сорғыштарды және олардың астында орналасатын сорғышасты қабатты ажыратады. Он екі елі ішектің сорғыштары ащы ішектің сорғыштарынан қысқалығымен, қалыңдығымен, тығыз орналасуымен және сорғыштардың пішінінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Он екі елі ішектің сорғыштарының құрылысы ащы ішектің сорғыштарының құрылысынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ.

Бұл жерде сорғыштар қарапайым болып келеді, сыртынан тірек тәрізді жасушалары бар ернеулі цилиндр тәрізді эпителиймен қапталған. Эпителийдің жасушалары өздерінің негіздерімен жақсы дамыған базальді мембранаға тығыздалып орналасқан. Сорғыштардың ішкі құрылысы мен құрамы дәнекер тінінің коллагенді және элластикалық талшықтарынан құралған. Олардың арасынан лимфоциттердің, фибробласттардың және басқа да жасушаларының көптеген ядролары анықталады. Сорғыштардың арасында «сүтті» өзекше өтеді. Сорғыштардың айналасында және оның жоғарғы ұшында көптеген қантамырлар, капиллярлар орналасады, бұлар қанмен толған кезде жақсы байқалады. Сорғыштардың негізінде таяқша тәріздес ядролар бар, жіңішке алқызыл түстес, талшықты желпуіш тәрізді бұлшықеттер орналасады.

Сорғыштардың астыңғы қабаты (t.propria), Либеркюнді бездерден немесе ішектік қатпарлардан тұратын дәнекер тінді құрылым болып табылады. Одан тереңірек жұқа бұлшықетті қабат (t muscularis mucosa) жатыр, ол ішкі циркулярлы, сыртқы тік жолақты қабаттардан тұрады. Осымен t. mucosa бітеді.

T.submucosa-да Мейснер жүйке өрімдері және көптеген қантамырлардан бөлек Брунер бездері бар. Бұл бездер тек қана он екі елі ішекке тән құрылымдар, ішектің басқа бөлімдерінде анықталмайды.

Брунер бездері немесе дуоденальді бездер түтікшелері тармақталған бездер болып табылады, олар бөлек- бөлек бөліктермен сипатталады.

Бездердің тік кесіндісінде бездік түтікшелердің домалақтанған қуыстары жақсы көрінеді. Түтіктердің қабырғалары бір қабатты куб тәрізді немесе қысқа цилиндр тәрізді эпителийден құралған, бұлар ядролары біршама қалың және әлсіз базофильді цитоплазмамен сипатталады. Бездердің маңында 1 қатарлы цилиндр тәрізді эпителийден құралған шығарушы түтіктері болады.

Шығарушы түтіктері ішектің қатпарларының түбіне немесе түтіктердің арасына ашылады. Кілегейасты қабаттан кейін сыртқы бұлшықетті және сірлі қабат жатады. Бұлардың құрылысы аш ішектің бөлімдеріне ұқсас.

 


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 2784 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)