Препарат № 17
Лимфатикалық түйін
Бояуы: Гематоксилин-эозин.Үлкейтуі лупа х10.
А-лимфатикалық түйіннің құрылысы. Схема. Б-лимфатикалық түйіннің гистологиялық препараты; 1-алып келуші лимфа тамыры; 2-лимфатикалық түйіннің қабығы; 3-лимфатикалық түйіннің трабекуласы (тосқауылы); 4 –лимфатикалық түйіннің фолликулалары; 5-милы бау; 6- шеткі синус (қойнау); 7-аралық қыртысты; 8- қақпа синусы; 9- ретикулярлық тін; 10-жағалық жасуша; 11- қақпасы; 12-алып кетуші лимфа тамыры; 13- артерия; 14- вена (И.В.Алмазов, Л.С. Сутулов бойынша).
Кіші үлкейткіште лимфа түйіні қызғылт түсті капсуламен қоршалғаны көрінеді. Қабық өзара қиылысқан коллаген талшықтарынан құралған. Капсуладан ағзаның ішіне тосқауыл (трабекула) енеді. Бұл тосқауылдар дәнекер тіннің өсіндісі. Ағзаның ішінде өзара қиылысып тор құрайды. Препаратта ашық қызғылт түсті кесінділері ғана көрінеді. Олардың арасында көлденең немесе қиғаш кесілген артериялар мен веналар көрінеді. Трабекулалар кесіндісі аз мөлшерде болады. Капсула астында ағзаның негізі орналасқан. Ағзаның екі заты бар: 1)шетінде – қыртысты заты 2) ортасында – милы заты. Ағзаның паренхимасы гематоксилинмен көкшіл күлгін түске боялады. Бірақ, қою күлгін түсті аймақтары да кездеседі, ал олардың арасында ашық күлгін түсті аймақтар болады. Ашық күлгін түсті аймақтар – синустар, ал қою күлгін түсті аймақтар – лимфоидты аппараты. Қыртысты заты домалақ пішінді лимфоидты фолликулалардан құралған.
1) Көбею орталығы жоқ фолликулалар 2) ортасы ашық түсті, шеті қою түсті көбею орталығы бар фолликулалар. Үлкен үлкейткішпен қарағанда фолликулалар лимфоциттерден құралғанын көреміз.
Көбею орталығы жоқ фолликулалардың шеті қою түсті, олар лимфоциттерден құралған. Ашық түсті орталық бөлімі ірі лимфоциттермен лимфобласттардан, милы заты көк түсті ми тізбектерінен құралған. Таспалар лимфоидты фолликулалардың өсінділері. Олар лимфоциттерге бай. Барлық лимфоидты ағзалардың негізін ретикулярлық тін құрайды. Бірақ лимфоциттердің көптігінен ретикулоциттер жақсы көрінбейді.
Қойнаулар ашық түсті болып көрінеді. Олар лимфоциттермен толған. Бұл қойнауларды зерттеуде қиыншылық тудырады. Орталық қойнауларды зерттеу қолайлы, препарат дайындау кезінде лимфоциттерден тазаланып алынады. Лимфатикалық қойнау жұлдыз пішінді жасушалар болып, цитоплазмасы қызғылт түсті, ядросы көк түсті, орталығында орналасқан.
Ретикулярлық жасушалардың өсінділері түзу, жіңішке. Олар бір-бірімен қиылысып тор құрайды. Торда көптеген лимфоциттер болады. Синустардың өз қабырғасы болмайды.
Гемолимфатикалық түйіндер. Адамдарда аздаған мөлшерде гемолимфатикалық түйіндер де кездеседі, олардың синустарында қанның құрамдық элементтері эритроциттер мен гранулоциттер болады.
Гемолимфа түйіндері ұсақ көкбауырмен салыстырғанда кейбір өзгешіліктерге ие болады:
а) Гемолимфа түйіндерінде қанды алып келуші тамырлары болады; б) қосымша көкбауырда арнаулы құрылымдар орталық артериялар, ірі венозды синустары болады, бірақ олар гемолимфа түйіндерінде кездеспейді.
Лимфа түйіндерінде рецепторлық және эффекторлы жүйке ұштары болады. Түйінге қақпа жағынан милы және милы емес заттары рецепторлық жүйке ұштарын құрайды. Эффекторлық жүйке ұштары адренергиялық және холинергиялық болады.
Организмнің жасына байланысты лимфа түйіндегі өзгерістер. Жас ұлғаюына байланысты герминативті орталықтар жойылады, бұл кезде түйін капсуласы жуандайды, трабекулалар көп болады, макрофагтардың фагоцитоздау қабілеті төмендейді. Кейбір түйіндер жойылып, орнына май тіндері қалыптасады.
Олардың мөлшері лимфа түйіндерімен салыстырғанда ұсақ. Сыртқы жағын дәнекер тінді капсулалар қоршаған. Қыртысты заты ұсақ милы тізбегі жіңішке болады. Синустары кең.
Нәрестелердің гемолимфоциттерінде промиелоциттер, миелоциттер, метамиелоциттер эозинофильдерден—проэритроциттер, нормоциттер, т.б. болады.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 2445 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|