АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Препарат № 61
Аталық бездің қосалқысы (epididymis)
Бояуы: гематоксилин- эозин. Үлкейтуі об.8, ок. 5.
1-белокты қабық; 2-аталық без: а-иірімді каналшалар; б-сперматогенді эпителий; в-бездің интерстициясы; 3-бездің шығарушы каналы; 4-қосалқының ағымы
(В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский бойынша).
Атабез қосалқысы атабезбен қосылған. Бірақ ол өзіндік капсуламен қоршалған. Одан бездің ішіне жақсы дамыған дәнекер тінді тосқауылдар енеді. Мұнда, дәнекер тіннің арасында екі түрлі канал болады: 1.canalis epididymis. 2.ductus epididymis-атабез қосалқысының түтігі. Алып кетуші канал - canalis efferens – қуысы бұрыс пішінді. Себебі қабырғасында ойыстары және төмпешіктері болады. Ойыс жерлері бір қабатты куб тәрізді эпителиймен, ал дөңес ductus epididymis жерлері цилиндр пішінді эпителиймен қапталған. Жасушалардың кейбіреулерінде тітіркенуші талшықтары болады. Эпителийдің арқасында жақсы дамыған дәнекер тінді қабат- t.propria орналасқан, ал оның артында жіңішке, айналмалы бұлшықет қабаты орналасқан. Т.ductus epididymis алып кетуші каналдан дұрыс, кең домалақ қуысымен ерекшеленеді. Қуысында әдетте көк түске боялған сперматозоидтар көрінеді ductus epididymis-тің қуысы екі қатарлы цилиндрлі эпителиймен қапталған. Бірінші қатарын биік цилиндрлі, базальді денесіз жасушалар құрайды. Олардың базальді денесі болмағандықтан кірпікшелері тітіркенбейді. Екінші қатары–орын басушы жасулардан құралған. Олардың ядросы домалақ, көлемі кішкене. Эпителийден кейін дәнекер тінді - t.propria орналасады, ал оның сыртында айналмалы бұлшық ет орналасқан. Бұлшық еті алып кетуші каналдағыға қарағанда жақсырақ дамыған ductus epididymis ductus dtfferens-ке ауысады. Ол қосалқыдан бөлек зерттеледі.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 737 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|