АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Препарат № 52

Прочитайте:
  1. A) введение антигистаминных препаратов
  2. E Немедленно ввести в/м антигистаминный препарат и в/в лазикс.
  3. F) Ноотропные препараты
  4. II. 4. ХАРАКТЕРИСТИКА АНТИРЕТРОВИРУСНЫХ ПРЕПАРАТОВ И ПРИНЦИПЫ КОМБИНАЦИИ ГРУПП ПРЕПАРАТОВ ДЛЯ ВААРТ
  5. II. Препараты гормонов щитовидной железы
  6. III). Сосудорасширяющие препараты прямого миотропного действия (миотропные средства).
  7. IV. Отравления психотропными препаратами
  8. IX. Препараты мужских половых гормонов (андрогены)
  9. V. Отравления отдельными психотропными препаратами
  10. V. Препараты гормона поджелудочной железы инсулина

Тері және оның туындылары

Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об.8, ок.7.

 

 

1-эпидермис: а- базальді қабат; б- тікенекті қабат; в- дәнді қабат; г- жылтыр қабат; д-мүйізді қабат; 2-меншікті тері; е-емізікті қабат; ж-торлы қабат; 3-тері асты май қабаты; 4-тері безінің соңғы бөлімі; 5-тері безінің шығарушы түтікшелері; 6-қан тамырлары (В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский бойынша).

 

Тері препаратында кіші үлкейткіштің өзінде 2 бөлімді ажыратуға болады: 1) жасушалары аз кең қабат, негізінен қызғылт түсті – бұл дәнекер тінді дерма; 2) жұқа, жасушаларға бай – эпидермальды эпидермис қабаты. Көптеген ядролар бұл қабатқа қою күлгін түс беріп тұрады.

Препаратты қою түсті эпидермисті жоғары, ашық түсті дерманы төмен қаратып қоямыз. Эпидермис түзу сызық пен беткей көптеген өсінділер құрайды, бұл түрлі пішінді және көлемді эпителиальды таяқшалар.

Эпидермис пен дерманың шекарасы жұқа қызыл сызық. Бұл базальді мембрана. Ол әрқашан да анық көріне бермейді. Препаратты зерттеуді эпидермистен бастаймыз.

Кіші үлкейткішпен эпидермистің 2 қабаттан тұратынын байқаймыз:

1) Түбінде эпидермальды тарақшалары бар жұқа, қою түсті Мальпиги қабаты жатады (rete Malpigii). Бұл қабаттың жасушалары көбею қабілетіне ие.

2) Оның үстінде қызыл-күлгін түсті қабат орналасқан. Саусақ терісінде мүйізді қабаты жақсы дамыған, Мальпиги қабатынан 2-3 есе жуан. Мүйізді қабат пен Мальпиги қабатының шекарасындағы жылтыр жолақ – жылтыр қабат. Бұл эпидермистің жалпы құрылысы. Енді базальды мембранадан бастап түпкілікті зерттейміз. Саусақ эпидермисінде 6 қабат бар:

Бірінші қабат- базальды мембранада орналасқан герминативті, яғни өсу қабаты. Кейде бұл қабатты базальді қабат деп атайды. Бұл қабат төбесі домалақтанған, қою, сопақша пішінді, ядросы бар бір қатар цилиндр пішінді жасушаларынан құралған. Жасушаларда көп митоз процесі жүреді. Олардың арасында меланоциттер орналасқан. Бұл ашық түсті, цитоплазмасында меланин пигментінің дәндері бар жасушалар.

Екінші қабат – тікенекті жасушалар қабаты (stratum spinosum). Бұл қабат 10-12 қатар көп бұрышты, бір-бірімен протоплазмалық көпірлермен байланысқан жасушаларынан құралған. Жасушалар арасында жіңішке қуыстар бар. Жасушалар эпителиальді тарақшаларды және одан жоғары аймақты алып жатады. Бұл жасушаларда да митоз жүреді. Сондықтан бұл 2-ші қабатты «өсу қабаты» деп атайды.

Үшінші қабат – дәнді қабат – stratum granulosum. 3-4 қабат ромб пішінді жалпақ жасушалардан құралған. Олар көптеген қою түсті кератогиалин дәндері бар. Дәндер жасушалардың арасында да болады. Бұл қабатқа қою түс береді.

Төртінші қабат – қабыршақтанушы қабат - stratum desguamativum. Бұл қабат толық мүйізденген, өлген жасушалар жолағы. Жолақтардың бір беті ғана мүйізді қабатпен біріккен. Екінші беті бос орналасқан. Соңында жолақтар толық ажырап түсіп қалады.

Дәнекер тінді дерма.

Екі қабаттан құралған. 1) propria, яғни меншікті тері. 2) Lypoderma, яғни- тері асты қабаты. Меншікті қабаттың өзі 2 қабаттан құралған: 1) сорғышты қабат – stratum papillare, 2)торлы қабат - stratum reticularе.Тері асты қабаты да 2-ге бөлінеді: 1)тері асты май клетчаткасы- penniculus adiposus, 2)тері фасциясы- fasciacutis.

Торлы қабат – эпителиальді тарақшалар арасына еніп жатады. Бұл қабат коллаген талшықтарына бай дәнекер тіннен құралған.

Сорғышты қабатта көптеген қан капиллярлары өтеді. Егер капиллярлар қанға толы болса, олар микроскопта анық көрінеді. Бос күйінде капиллярлар анық байқалмайды, қуысы көрінбейді, тек тығыз орналасқан эндотелий ядролары көрінеді. Торлы қабатта сезімтал жүйке ұштары сезуші Мейснер денешіктері күйінде берілген. Бұл жұқа капсуламен қоршалған, кішігірім сопақша пішінді денешік. Денешіктің ішінде перпендикуляр саты баспалдақтары сияқты сезімтал жасушалар орналасқан. Жүйке талшықтары денешіктің ішінде жүйке ұштарының торын құрайды.

Торлы қабат- stratum reticulare немесе тығыз қабат.

Бұл қабат жуан коллаген талшықтарынан құралған. Талшықтар тор құрайды. Арасында элластикалық талшықтар да бар, бірақ кәдімгі бояу әдісінде олар анық көрінбейді. Бұл қабатта жасушалар аз, кейде фибробласттар кездеседі. Қан тамырлары аз, әр жерде тері бездерінің ағыны өтеді.

Тері асты май жасушалары-pannicullis adiposus-қалың қабат, май тініне мол май бөлшектерінен тұрады. Бөлшектер дәнекер тінмен қоршалған. Торлы қабаттан төмен қарай дәнекер тін талшықтары өтеді – бұл retinaculum cutis. Олар теріні созуға және тері асты фасциясын бекітуге қатысады. Бұл қабатта артериялар, веналар болады. Артериялар бұлшықет типті.

Осы жерде Фатер – Печини денешіктері орналасқан. Бұл механикалық қысымды сезуші, капсулалы жүйке ұштары. Вертикальді (тік) кесіндіде 1) жапырақшаларының арасында сопақша пішінді, қою түсті ядролы нейроглия жасушалары бар үлкен қатпарлы капсула; 2) жүйке талшықтарына мол сопақша қуысты ішкі колба көрінеді.Денешіктердің маңында көптеген жүйке өзекшелері орналасқан. Жүйке талшықтары көлденең кесілген. Ұсақ және ірі жүйке өзектері болады.

Осы қабатта тағы тері бездері болады. Бұл жай түтікшелі бездер. Түтікше кесіндісінің ортасында тері капиллярларының қуысы көрінеді. Оның маңында куб және цилиндр пішінді безді эпителийдің жасушалары болады. Олардың ядролы домалақ немесе сопақша пішінді. Безді эпителий жасушаларының сыртында миоэпителиальді жасушаларының сопақ ядролары жайғасқан. Оның сыртында базальді мембранасы бар.

Тері бездерінің соңғы бөлімі екі қабатты эпителийден құралған. Дерма қабатында шығару түтікшелері иірленеді. Олар 2 қабатты куб тәрізді эпителийден құралған. Эпидермис бөлімінде түтікшенің қабырғасы ретінде эпидермис жасушалары келеді.

Тері фасциясы – fascia cutis – құрылысы кәдімгі фасцияның құрылысындай. Бұл тығыз дәнекер тіннен құралған қалың және жіңішке жолақ пішінді.


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1052 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.006 сек.)