Препарат № 16
Сүйектің қызыл кемігі.
Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі А-лупа 20. Б.об 8, ок 10.
1-сүйектің кеуекті заты; 2-сүйектің қызыл кемігі; 3-миелоидты қатардың жасушалары; 4- мегакариоцит; 5-синусоидты қан капилляры; 6- артерия; 7- май жасушасы
(И.В.Алмазов, Л.С. Сутулов бойынша).
Кішкене үлкейткішпен қарағанда препараттың өзіне тән, кесте сияқты сурет көрінеді. Көптеген сопақша пішінді тесіктер – бұл май жасушалары. Олар бір-бірімен қосылмайды, бөлшектер құрамайды. Олардың арасында көптеген көк түсті құрылымдар көрінеді. Бұл – түрлі даму сатысындағы эритроциттер мен дәнді лейкоциттер. Әр жерінде қызыл түсті құрылымдарды көруге болады. Бұл эритроциттерге тола синусоидты капиллярлар. Олардың арасында ірілеу артериола мен венулалар орналасқан.
Үлкен үлкейткіште эритроциттер мен гранулоциттердің түрлерін анық көруге болады. Ол үшін иммерсиялық үлкейткіш қажет. Көк құрылымдардың арасында күрделі жасушалар көрінеді. Олар «алып» жасушалар деп аталады. Дегенмен олар көрші орналасқан май жасушаларынан 2-3 есе кіші. Алып жасушалар сопақша пішінді, ядросы үлкен, цитоплазмасы ашық-күлгін түсті. Ядросының құрылысына байланысты бұл жасушалардың 2 түрін ажыратамыз. Егер ядросы қою түсті, үлкен, ортасында тесігі болса – бұл мегакариоцит. Ал егер ядросы ашық түсті, үлкен, бір-біріне тығыз орналасқан бірнеше кіші ядролардан құралған, ортасында тесігі болмаса – поликариоцит.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1049 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|