Препарат № 6
Мишық қыртысы.
Схема.
А-молекулярлық қабат; Б-ганглиоздық қабат; В- дәнді қабат; Г-ақ зат; 1-ганглиозды нейрон (Пуркинье жасушасы); 2-ганглиозды нейрондардың дендриттері; 3-ганглиозды нейроциттердің нейриттері; 4- ганглиозды нейрондардың коллатеральдары; 5-дән тәрізді нейрондар; 6-себет тәрізді нейрондар; 7- үлкен дәнді нейрон (Гольджи жасушасы); 8-жұлдызша тәрізді нейрон; 9- глиальды жасуша; 10-түкті жүйке талшықтары; 11- өрмелеуші жүйке талшықтары; 12-астроглиальды жасуша (В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский бойынша).
Мишық сыртынан жұмсақ ми қабықшасымен қапталған. Бұл көптеген қан тамырлары капиллярларынан құралған дәнекер тінді қабат. Жұмсақ қабат мишықты сыртынан қаптайды және мишық қатпарларын бір-бірінен ажыратып тұратын ойыстарға еніп тұрады. Мишық қатпарлары екі бөлімнен тұрады. Мишықтың сұр заты сыртқы аймақтарында орналасқан, ал ішкі жағында ақ зат орналасқан. Ақ зат жүйке талшықтарының жиынтығынан құралған. Сұр зат бұл негізінен жүйке жасушаларының жиынтығы болып есептелінеді.
Мишықтың сұр заты үш қабаттан: 1) молекулярлы, 2) ганглиозды, 3) дәнді қабаттар.
Молекулярлы қабат мишық қатпарларының аймақтарында орналасқан. Бұл қабат басқа қабаттарға қарағанда күміспен импрегнацияланған ашық сұрғылт түске боялады. Молекулярлы қабат басқа қабаттармен салыстырғанда енді болып келеді. Бұл қабат негізінен глиалды және жүйке жасушаларынан ажыралып тұратын жүйке талшықтарынан тұрады. Ядролар аз мөлшерде болады.
Микроскоптың үлкен үлкейткішімен осы ядролардың ерекшелігін айқындауға болады, яғни глиальды жасушалардың ядролары ұсақ, қаралау боялған, жүйке жасушаларының ядролары ірі, дөгелек және ақшыл түсті. Ал жүйке жасушалары екі типте болады: а) ірі себет тәрізді жасушалар; б) ұсақ жұлдызша тәрізді жасушалар. Арнайы өңделмеген препараттарда бұл жасушаларды айқындау мүмкін емес.
Молекулярлы қабатта көптеген қан тамырлар өтеді.
Ганглиозды қабат ірі Пуркинье жасушаларының бір қатарынан құралған. Бұл жасушалар алмұрт пішінді, барлық жасушалардың ұшы аймақтарға бағытталған. Жасушаның ұшынан мықты екі дендрит тармақталған. Бұл дендриттер бұғының мүйіздері тәрізді көптеген тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың барлығы мишықтың молекулярлы қабатында орналасқан. Пуркинье жасушаларының аксондары жасуша негізінен ішке бағытталып, алдымен төмендегі дәнді қабатқа, кейін ақ затқа енеді. Осы аксондар әрқашанда айқындала бермейді. Күміс препараттарда Пуркинье жасушаларының денесінде нәзік себеттерді байқауға болады. Олар молекулярлы қабаттағы себет тәрізді жасушалардың нейриттерінің торын құрайды.
Дәнді қабат едәуір қалыңдау болады. Бұл қабат көптеген мөлшердегі тығыз орналасқан ұсақ дәнді жасушалардың жинақталуынан құралған. Жасушалар цитоплазмасында жіңішке мембранамен оралған дөгелек ядролардан құралған. Дәнді қабатта жасушалардың екі түрі кездеседі: 1) ұсақ жасушалар 2) ірі жасушалар. Үлкен үлкейткіш арқылы жасушалардың өсінділерін анықтау өте қиын. Тек арнайы өңдеу арқылы, ұсақ дәнді жасушалардың өсінділері молекулярлы қабатқа бағытталағанын, ал ірі дәнді жасушалардың өсінділері дәнді қабатта орналасады деп айта аламыз. Мишық ақ заты мишықтың ішкі бөлімінде орналасқан. Ақ зат көп мөлшердегі миелинді және миелинсіз жүйке талшықтарынан түзілген.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1065 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|