Препарат № 23
Нәрестенің қалқанша безі
Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі х 400.
1-қалқанша безінің фолликуласы; 2-фолликуланың тиреоциттері; 3-коллоид;
4-дәнекер тін; 5- қан тамырлары
(И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).
Қалқанша безі қаңқадан және паренхимадан түзіледі. Дәнекер тінді қаңқа капсула және одан ішке қарай кететін ұзын капсулалық бөгеттерді түзеді. Олардан қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтеді. Бұл кезде үлкен жастағы объектіге қарағанда ірі болып келетін май жасушалары орналасады. Май жасушалары капсулада, және капсула бөгеттерінде кездеседі.
Без паренхимасы лимфа түйінінің фолликуласына ұқсас фолликулалардан түзіледі. Олардан айырмашылығы: 1) Лимфоидтық фолликулалардың пішіні домалақ, ал қалқанша безінің пішіні дұрыс емес, кейде жапырақ тәрізді. 2) Лимфоидтық фолликулалар ретикулярлық тіндерден, ал қалқанша безі торлы эпителийден тұрады. Бұл полигональды пішінді эпителий жасушаларының жарық, ашық ядросы жанында орналасқан лимфоциттердің қара ядросынан ерекшеленеді.
Эпителий жасушаларының эпителийлерді бір-бірімен тор тәрізді біріктіретін өсінділері болады. Негізгі эпителий фолликулалары құрғақ лимфоциттермен инфильтрленген, олар торлы эпителийдің негізін жауып тұрады, сондықтан препаратта эпителий жасушалары нашар көрінеді.
Бездің фолликулаларын кейде бөлік деп те атайды. Оларда: 1) Перифериялық яғни шеткі қара қыртысты аймақты; 2) Орталық жарық милы аймақты ажыратады. Лимфоидтық фолликулалардың аналогиясы бойынша милы затта жарық, домалақ «көбею орталығын» ажыратады. Олардың саны 2-ден 4-5-ке дейін болады. Милы аймақтың көбею орталығында Гассаль денешігі орналасқан. Олардың ашық қызыл түске боялған денешіктерін милы бөлімнің жалпы күлгін фонынан оңай ажыратуға болады. Денешіктердің саны әр бөлікте әр түрлі болады.
Эпителиальды жасушалардан түзілген Гассаль денешігі концентрикалық қатармен орналасқан ішкі жасушалары дегенеративті өзгерген, ядросы болмайды, ал цитоплазмасы түйіршікті болып келеді. Ол денешіктің сыртқы жасушалары дегенеративтік өзгергіштіктің алғашқы сатысында болады, бірақ ядролары сақталады.
Сонымен қатар милы аймақта қанға толы артериола мен веналар орналасқан. Олардың ірі тамырларынан шеттеріне қатысты зат арқылы эритроциттерге тола капиллярлар өтеді. Егер капиллярларда эритроцит жоқ болса ақ, эритроциттер болса қызыл түске боялады.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 881 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|