АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Препарат №48

Прочитайте:
  1. A) введение антигистаминных препаратов
  2. E Немедленно ввести в/м антигистаминный препарат и в/в лазикс.
  3. F) Ноотропные препараты
  4. II. 4. ХАРАКТЕРИСТИКА АНТИРЕТРОВИРУСНЫХ ПРЕПАРАТОВ И ПРИНЦИПЫ КОМБИНАЦИИ ГРУПП ПРЕПАРАТОВ ДЛЯ ВААРТ
  5. II. Препараты гормонов щитовидной железы
  6. III). Сосудорасширяющие препараты прямого миотропного действия (миотропные средства).
  7. IV. Отравления психотропными препаратами
  8. IX. Препараты мужских половых гормонов (андрогены)
  9. V. Отравления отдельными психотропными препаратами
  10. V. Препараты гормона поджелудочной железы инсулина

Өт қабының қабырғасы

Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об.40, ок. 7.

 

 

І-кілегейлі қабаты мен кілегей асты негізі; ІІ-бұлшықет қабаты; ІІІ-сыртқы қабық; 1- кілегей қабықтың қатпарлары; 2-кілегей қабықтың эпителиі; 3-сіңіруші жиек; 4-кілегей қабықтың меншікті пластинкасы; 5-мезотелий

(В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский бойынша).

 

Өт қабының қабырғасы 3 қабаттан тұрады:

1) кілегейлі қабық -t.mucosa, 2) бұлшықетті қабық- t.muscularis, 3) cірлі қабық- t.serosa

Өт қабының кілегейлі қабығы қатпарлы келеді. Қатпар әртүрлі көлемде және пішінде. Кілегейлі қабықтың ішкі бетін биік бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий қаптайды. Эпителийден кейін дамушы дәнекер тін - t.propria жатады.

Бұлшықетті қабығы циркулярлы бағыттағы жылтыр бұлшықет талшықтарының будаларынан түзілген. Кейде қиғаш бағыттағы бұлшықеттің будалары кездеседі.

Бұлшықетті қабығынан кейін өт қабын құрсақ қуысы жағынан қаптайтын айтарлықтай жіңішке сірлі қабықша орналасқан.

 

Ас қорыту жүйесі бойынша сұрақтар:

 

1. Эмальды ағзаның сыртқы дөңес қабырғасын не құрайды?

2. Тіс пластинкасы неден дамиды?

3. Эмальды ағзаның астында не орналасады?

4. Тістің эмалі дентині, цементі мен пульпасының неден тұратынын және дамитынын айтыңдар.

5. Дамудың бұл кезеңінде пайда болып жатқан тістің қай жерінде эмальды ағзалар жақсы айқындалады?

6. Тіс тамыры мен (коронкасынан) дайындалған екі препарат берілген. Оларды бір-бірінен қандай белгілері арқылы ажыратуға болады?

7. Тістің бойлық кесіндісінде қандай бөлімдерді ажыратамыз?

8. Тістің тәжі сыртынан немен қапталған?

9. Ауыз қуысы кілегей қабығының тіндік құрамы мен оның морфофункционалды ерекшеліктері қандай?

10. Жапырақ тәрізді емізікшелер тілдің қай бетінде орналасқан?

11. Желбезек тәрізді емізікшелер (papillae circumvalatae) тілдің қай жерінде орналасқан және оның құрылысы қандай?

12. Емізікшенің тік кесіндісін кіші үлкейткішпен зерттегенде қандай эпителий көреміз?

13. Жіпше тәрізді емізікшелер неден құралған?

14. Саңырауқұлақ тәрізді емізікшенің көлемі қандай және қандай эпителиймен қапталған?

15. Бадамша безінің құрылысы мен орналасуы, оның қорғаныстық реакциядағы маңызы?

16. Микроскопиялық зерттеу үшін айырша без, лимфа түйіні, бадамша алынған. Оларды қай белгілеріне қарап ажыратуға болады?

17. Ірі сілекей бездерінің жалпы морфофункционалды белгілері мен ерекшеліктері қандай?

18. Өңештің әртүрлі бөлімдерінің ерекшеліктері қандай?

19. Өңештің қайсы құрылымдары кілегей өндіреді?

20. Өңештің асқазанға өтетін жерінде эпителийдің қандай түрлері кездеседі?

21. Асқазан сілекейінің анализінде қышқылдық төмендегені байқалды. Бұл қайсы жасушалардың қызметі бұзылғанын білдіреді?

22. Асқазанның бездері қайсы қабатта орналасқан?

23. Асқазанның пилорикалық бөлімінің ерекшеліктерін атаңдар.

24. Брунер бездері немесе дуоденальді бездер қандай ерекшеліктерімен сипатталады?

25. Аш ішек препаратына тән қасиетті атаңыз.

26. Либеркюн бездері қайда орналасқан?

27. Панет жасушалары және Мейснер өрімдері қай жерде орналасқан?

28. Қандай белгілеріне қарап құрт тәрізді өсіндіні бадамшадан ажыратуға болады?

29. Құрт тәрізді өсіндінің құрылысы мен маңызы қандай?

30. Тоқ ішектің кілегей қабығының ерекшеліктері және клизма жасағанда сіңіру қызметін атқарушы жасушаларын атаңдар.

31. Тоқ ішектің бұлшықет қабығының еркшеліктері.

32. Купфердің ретикула – эндотелиальді жасушалары қай жерде орналасқан және олардың атқаратын қызметі қандай?

33. Бауырдың қан айналым жүйесі қандай бөлімдерден тұрады?

34. Купфердің ретикула – эндотелиальді жасушалары қай жерде орналасқан және олардың атқаратын қызметі мен құрылысы қандай?

35. Ұйқы безінің инсулин секреттеуші жасушалары қай жерінде орналасқан және қалай аталады?

36. Ұйқы безінің шығарушы түтікшесін байлап тастаса, бездің қандай жасушалары зақымданады?

37. Өт шығару жолдарының түрлі бөлімдерінің құрылысы қандай?

38. Өт көпіршігінің қабырғасы қандай құрылысқа ие?

39. Кеңірдек және бронхтардың ішін қаптайтын қабаттың қандай жасушалары сілекей өндіреді?

 

Ас қорыту жүйесі бойынша есептер:

 

1. Науқастың асқорыту жүйесі бұзылғанда тіл үстінде шоғыр пайда болады. Тілдің дәм сезу қабілеттілігі жоғалады. Бұл неге байланысты?

2. Шифф-иодты қышқылымен өңделген 3 ірі сілекей безінің микропрепараты берілген. Кілегей жасушалары тоқ қызыл (малиновый) түске боялған. Оны препараттарда құлақ маңы, жақ асты және тіл асты бездерін сипаттамаларына қарап ажыратуға және анықтауға болады.

3. Өңештің екі препараты берілген. Біріншісінде бұлшықеті көлденең жолақты, ал екіншісінде тегіс. Препараттың қайсысы өңештің қай бөлігінен дайылдалған?

4. Кейде өңеште асқазандағы сияқты ойық жара пайда болады. Бұл өңештің қандай ерекшеліктеріне байланысты және жара өңештің қай жерінде кездеседі?

5. Асқазанның екі препараты берілген. Біріншісінде мукоциттер, ал екіншісінде басты және париетальді жасушалар байқалады. Бұл препараттар асқазанның қай бөлімдерінен алынған?

6. Неліктен адам бауыры препаратында бөліктердің шекарасы айқын білінбейді, ал шошқа бауыры препаратында керісінше бөліктерінің шекарасы анық көрінеді?

Ас қорыту жүйесі бойынша тестілер:

 

1. Ас қорыту жүйесінің кілегей асты негізінің тіндік құрамы.

А. болбыр талшықты дәнекер тіні.

B. тегіс бұлшықет тіні.

C. тығыз талшықты дәнекер тіні.

D. мезенхима.

E. арнайы дәнекер тіні.

2. Кілегей қабықтың меншікті пластинкасының тіндік құрамы.

А. болбыр талшықты дәнекер тіні.

B. тығыз талшықты дәнекер тіні.

C. арнайы дәнекер тіні.

D. тегіс бұлшықет тіні.

E. көлденең жолақты бұлшықет тіні.

3. Таңдай бадамшасы эпителийінің басты жасушалары.

А. лимфоциттер және түйіршікті лейкоциттер.

B. фибробласт.

C. хондроцит.

D. остеобласт.

E. макрофагтар.

4. Тілдің беткейінде кілегей асты негізі бар.

А. төменгі

B. жоғарғы

C. бүйір

D. барлық

E. жоғарғы және төменгі

5. Май бездерінің секрециялау типі.

А. голокринді.

B. мерокринді.

C. апокринді.

D. апокринді, мерокринді.

E. микроапокринді.

6. Құлақ маңы бездерінде бар.

А. белокты бөлім

B. аралас бөлім

C. шырышты бөлім

D. тек аралас бөлім

E. белокты және шырышты бөлім

7. Сілекей бездерінің жиырылатын жасушалары.

А. миоэпителиальды жасушалар

B. кілегей жасушалар

C. белокты жасушалар

D. белокты-кілегейлі жасушалар

E. барлық жасушалар

8. Сілекей бездерінің негізгі қызметтік типі.

А. экзокринді.

B. эндокринді.

C. аралас.

D. қорғаныс.

E. трофикалық.

9. Құлақ маңы сілекей безінің соңғы бөлімдерінің жасушалары...

А. сероциттер.

B. мукоциттер.

C. тегіс миоциттер.

D. эндотелиоциттер.

E. мукоциттер және сероциттер.

10. Жақ асты сілекей бездерінің соңғы бөлімдерінің жасушалары...

А. белокты және шырышты

B. белокты

C. кілегейлі

D. кілегейлі, майлы

Е. майлы

11. Жақ асты бездерінің соңғы бөлімдерінің жасушалық құрамы.

А. мукоциттер және сероциттер

B. сероциттер

C. тегіс миоциттер

D. эндотелиоциттер

E. мукоциттер және тегіс миоциттер

12. Көп қабатты жалпақ эпителий жатады.

А. жұтқыншақтың ауыз және көмей бөлімдеріне

B. жұтқыншақтың мұрын бөліміне

C. жұтқыншақтың ауыз бөліміне

D. жұтқыншақтың көмей бөліміне

E. жұтқыншақтың артқы бөліміне

13. Жұтқыншақтағы шырышты бездер орналасады.

А. кілегей асты негізде

B. кілегей қабығында

C. кілегей қабығының меншікті пластинкасында

D. бұлшықетті қабықта

E. адвентициальды қабықта

14. Өңешке кілегей шығарады.

А. кілегей асты негізінің бездері.

B. кілегейлі безде

C. эпителийдің бокалды жасушалары

D. адвентиция қабығының бездері

E. өңештен тыс бездер

15. Ас қорыту жүйесінің алдыңғы бөлімінің қызметі.

А. тағамды механикалық өңдеу

B. нәжіс құрау

C. сіңіру

D. тағамды химиялық өңдеу

E. секреция

16. Өңештің кілегей асты негіздеріне без орналасқан.

А. меншікті

B. кардиальды

C. пилорикалық

D. сілекейлі

E. эндокринді

17. Аш ішек эпителиі регенерациясының негізі болатын жасушалар.

А. крипта энтероциттері

B. эпителий жасушалары

C. бокалды жасушалар

D. мукоциттер

E. эндокринді жасушалар

18. Ұйқы безі ациноциттері синтездейді.

A. панкреатикалық ферменттерді

B. глюкагонді

C. инсулинді

D. кілегейді

E. өтті

19. Ас қорыту жүйесінің жалпы құрылысы.

А. кілегей, кілегей асты негіз, бұлшықет және сірлі қабық

В. кілегей бұлшықет және адвентициальды қабық

С. кілегей, кілегей асты негіз және сірлі қабық

Д. кілегей асты негіз, бұлшықет және сыртқы қабық

Е. кілегей бұлшықет және сыртқы қабық

20. Ас қорыту жүйесінің кілегей қабатының құрамы.

А. эпителий тіні, кілегей қабықтың бұлшықетті және меншікті пластинкасы

В. эпителий тіні, бұлшықет пластинкасы, сірлі қабат

С. кілегейдің бұлшықет қабаты және меншікті пластинкасы

Д. кілегей қаттың бұлшықет пластинкасы және серозды қабық

Е. эпителий ұлпасы, кілегей қабықтың меншікті пластинкасы

21. Ас қорыту жүйесінің кілегей асты негізінің қызметі.

А. кілегей қабықтың қозғалғыштығы, трофикалық және иннервациялық

В. кілегей қабықтың қозғалғыштығы, өнімдерінің сорылуы және коректік заттардың ыдырауы

С. кілегей қабықтың трофикасы, астың араласуы және қозғалуы

Д. астың араласуы және қозғалуы

Е. кілегей қабықты иннервациялау және астың қозғалуы

22. Ас қорыту жүйесінің кілегей асты негізінің тіндік құрамы.

А. болбыр талшықты дәнекер тін

В. тегіс бұлшық ет тіні

С. тығыз талшықты дәнекер тін

Д. мезенхима

Е. арнайы қасиетке ие дәнекер тін

23. Кілегей қабықтың меншікті пластинкасының тіндік құрамы.

А. болбыр талшықты дәнекер тін

В. тығыз талшықты дәнекер тін

С. арнайы қасиетке ие дәнекер тін

Д. тегіс бұлшықет тіні

Е. көлденең жолақты бұлшықет тіні

24. Ас қорыту жүйесінің жүйке өрімдерінің орналасатын жері.

А. кілегей асты негізде және бұлшықет аралық бөлікте

В. кілегей қабықтың меншікті пластинкасында

С. кілегей қабықтың бұлшық ет пластинкасында

Д. сыртқы қабықта

Е. кілегейлі қабықта

25. Еріннің кілегей бөлімінде орналасқан.

А. кілегейлі – белокты бездері

В. белокты бездері

С. май бездері

Д. тері бездері

Е. кілегейлі бездер

26. Қызыл иектің эпителиі.

А. жартылай мүйізделетін

В. мүйізделмейтін

С. мүйізделетін

Д. ауыспалы

Е. кірпікшелі

27. Кілегей асты қабығы жоқ.

А. тілдің жоғарғы бетінде

В. тілдің төменгі бетінде

С. еріннің кілегей бөлімінде

Д. ұрттың мандибуляр бөлігінде

Е. жұмсақ таңдайда

28. Таңдай миндалинасын жабушы эпителий.

А. көп қабатты жалпақ мүйізделмейтін

В. көп қабатты жалпақ мүйізденуші

С. бір қабатты жалпақ

Д. бір қабатты призмалық

Е. бір қабатты куб тәрізді

29. Таңдай миндалинасында лимфа түйіндері орналасқан.

А. кілегей қабықтың меншікті пластинкасында

В. эпителийде

С. бұлшықет қабығында

Д. кілегей асты негізде

Е. лакуналар мен крипталарда

Тыныс алу жүйесі.

Тыныс алу жүйесі газ алмасу процесінен басқа да бір қатар қызметтер атқарады. Тыныс алу жүйесі – түрлі ағзалардағы ауа өтетін жолдармен: газ алмасуы мен тыныс алу қызметін атқарады. Мұндай ағзаларға мұрын қуысы, мұрын-жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, өкпеден тыс бронхтар және өкпе жатады. Тыныс алудың сыртқы түріне, сыртқы ортадан жұтылған ауаның құрамындағы оттегін қанға өткізуі, сондай-ақ, ағза ішіндегі реакцияларда ажыратылған оттегін қанға өткізуі қызметі және ағзада жиналған көмір қышқыл газын сыртқы ортаға шығару болып саналады. Газ алмасу процесі өкпеде өтеді. Сондай-ақ, тыныс алу ағзалары ағзаларға қажетті маңызды қызметтерді термореттеу қызметі, тыныс жолдарын үнемі дымқыл күйде ұстау, жұтылған ауаны микроорганизмнен, шаң-тозаңнан тазарту, өте көп бұтақталған қан тамырларында қанның жиналу қызметін, тромбопластин мен оның антогонисті-гепарин заттарын шығарып, қанның ұюына қатысты қызметтерін орындайды. Зат алмасу құбылысында-гормондардың синтезінде, су мен тұздардың, майлы заттардың метаболизмінде, иммунологиялық қорғаныс қызметтерінде, дыбыс құралуы мен иіс сезу құбылысына қатысады.

Мұрын қуысы – мұрын шеміршектерінің астында жатқан қуыс. Оның кіреберіс (босағасы) бөлігі және меншікті мұрын қуысы бөлігі болады.

Кіреберіс бөлігі – мұрын шеміршегінің астында орналасады, көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталған, эпителийдің астында дәнекер тінді қабатта майлы бездер, түкті қылшықтар түбірі болады. Қылшықтар жұтылған ауаның құмындағы шаң-тозаңдарды ұстап тазартады. Меншікті мұрын қуысының тынысты бөлігі кілегей қабықпен қапталған. Оның құрамында көп қатарлы призматикалық кірпікшелі эпителий және дәнекер тінді меншікті пластинка болады. Базалды мембранада орналасқан эпителийдің жасушалар типін ажыратуға болады: кірпікшелі микросорғышты жасушалар, базальды және тіректі жасушалар. Кірпікшелі жасуша жиырылғыш заттардан құралған, биіктігі 3-5 мкм болады, олардың арасында микросорғышты жасушалар жатады. Базальды жасушалар дамып жетілмеген, бокал тәріздес жасушалар секретті заттар өндіреді, олардан шыққан кілегейлі секретті заттар, кірпікшелі эпителийдің бетін ерітіндімен дымқылдайды, олардың бетіне жабысқан микроорганизмдер, шаң-тозаңдар, зиянды бөлшектер детоксикацияланады.

Мұрын қуысының кілегейлі қабығынан өте көп қан тамырларының тарамдары өтеді. Олар дәнекер тінде бұтақталып эпителийге жақындайды ол жерде суық ауа жылиды. Бұл аймақта артерия, артериола, веналарда-орта қабық жақсы дамыған, лимфатикалық тамырлар күрделі бұтақталып тор құрайды, олар ірі сілекей бездерінің лимфа тамырларымен байланысады. Лимфа тамырлары бас миының әртүрлі бөлігінде периваскулярлық қандар және субарахноидалды кеңістігімен байланысқан болады.

Мұрын қуысының кілегей қабығында өте көп еркін күйдегі бұтақталған және инкапсулданған нерв ұштары аяқталады.

Көмекей – ауа өткізетін ағза болуымен қатар, дыбыстың құралуына және қалыптасуына қатысады. Көмекейдің құрамында 3 қабық болады: кілегейлі, шеміршекті-фиброзды және адвентициалды. Кілегейлі қабық– көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен (дыбыс байламдары жіпшелерін есепке алмағанда) қапталған.

Кілегейлі қабықтың негізгі пластинкасы – сирек талшықты дәнекер тіннен құралған, эластинді талшықтары өте көп. Кілегейлі қабықтың терең қабаттарында эластинді талшықтар, шеміршек асты бөлімге, одан соң, көмейдің орта бөлігіндегі дыбыс байламдарының көлденең – жолақты бұлшықетінің аралығынан өтеді. Негізгі пластинкада аралас бөлікті кілегейлі бездер бөбешік айналасында көп болады. Бұл аймақта лимфоидты түйіндер орналасады, оны көмейдің бадамшасы деп аталады дейді.

Көмейдің орта бөлігіндегі кілегей қабықтың меншікті және жалған дыбысты қатпарлы байламдары болады, беті көп қатарлы жалпақ эпителиймен қапталған. Дыбысты қатпарлы байламдардағы бұлшықеттер қысқарғанда, олардың аралығындағы кеңістік дыбыс тембрін (мөлшерін) өзгертіп тұрады. Шеміршекті-фиброзды қабық; гиалинді, эластинді шеміршек тіндерінен құралған, сыртқы қабығы тығыз талшықты дәнекер тіндермен қоршалған, қорғаныс және тірек қызметін атқарады.

 


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1536 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.029 сек.)