Препарат № 70
Сүт безі (лактацияланған)
Бояуы: гематоксилин- эозин. Үлкейтуі х 140.
1-бездің бөлшектері; 2-секреттеуші соңғы бөлім; 3-бөлшек аралық сүт өзегі;
4-қан тамырлы дәнекер тін
(В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский, А.Н.Янковский бойынша).
Кіші үлкейткіште, сүт безінің кең дәнекер тінді қабықтар арқылы бір-бірінен ажыралып тұратын үлесшелерден құралғанын көруге болады. Әрбір үлесшелерде көптеген соңғы бөлімдер орналасқан, ал олардан үлесшелердің сыртында, яғни дәнекер тін қабатында, шығарушы түтіктер тармақталған. Бездің соңғы бөлімі ацинустардан және көпіршіктерден түзілген, олар бір қабатты куб тәрізді эпителиймен төселген. Эпителий жасушаларының пішіні функционалдық жағдайға байланысты өзгереді: секретпен толтырылған жасушалар биік цилиндр пішінді болып келеді, ал секрет бөлген жасушалар жазық пішінді болады.
Кейбір кезде цилиндр тәрізді жасушалардың апикальді бөлігі ацинустардың қуысына енуін көруге болады, бұл сүт бездерінің секрециясының апокринді түрін дәлелдейді. Безді жасушалардың цитоплазмасының құрылысы ұяшық түрде болады. Бұл препарат дайындау кезеңінде май тамшыларының еруіне байланысты.
Ацинустардың қуысында секрет тамшыларын және лейкоциттер мен гистиоциттерді айқындауға болады. Ацинустарда безді эпителий қабатынан кейін созылыңқы ядролы миоэпителиальді жасушалар қабаты жатыр.
Көптеген қан капиллярлары безді ацинустарды орайды. Үлесшеішілік дәнекер тіндерде қан тамырлардан басқа көптеген жасушалық элементтер-лимфоциттер, гистиоциттер, эозинофильдер орналасқан. Үлесшеаралық дәнекер тіндерде май жасушаларының үлкен топтарын көруге болады. Осы жерден шығарушы түтіктер өтеді. Бұл бір қабатты куб тәрізді эпителиймен төселген сүт жолдары. Сүт жолдарының кеңейген бөлімі сүтті синустар болып табылады. Ары қарай шығарушы түтіктер көп қабатты эпителийден түзілген.
Аналық жыныс жүйесі бойынша сұрақтар:
1. Сары дененің түрлері және оның қызметі қандай?
2. Жатыр, жатыр түтігі, аналық жыныс безінің даму көздері?
3. Жатыр түтігінің эпителиі қандай?
4. Жыныстық циклдың түрлі фазаларында жатыр және жатыр түтігінің құрылысы?
5. Овариальдық менструалдік цикл не? Ол қалай реттеледі?
6. Қынап қандай эпителиймен қапталған?
7. Қынаптың қабырғасының құрылысы қандай?
8. Сүт бөлуші және сүт бөлмеуші сүт безінің құрылысы. Оның секреторлық қызметі қалай реттеледі?
9. Лактацияланбаған сүт безі қалай сипатталады?
10. Сүт бөлуші және сүт бөлмеуші сүт безінің құрылысы. Оның секреторлық қызметі қалай реттеледі?
11. Лактацияланған сүт безі қалай сипатталады?
12. Аналық безде гематофолликулярлық қандай жасуша тосқауыл құрамында болмайды?
13. Аналық бездің милы затында не орналасады?
14. Аналық безде интерстициальды жасуша орналасқан қандай құрылым?
15. Сперматогенезге қарағанда, овогенезде болмайтын қай кезең?
16. Менструальді кезеңде жүретін қандай құбылыс?
17. Капацитация құбылысына не жатады?
18. Овогенез және эндокриндік функциялар атқаратын қай ағза?
19. Ұрықтың туғанға дейінгі дамуы қай ағзада өтеді?
20. Овогенез процесінде болмайтын қандай фаза?
21. Жүктілік кезеңде аналық жыныс безінде нелер болады?
22. Аналық жыныс безінде жетілген фолликулдар қай кезеңнен бастап пайда болады?
23. Фолликул сұйықтығын бөліп шығаратын қай жасуша?
24. Овуляциядан соң жарылған фолликул орнында не дамиды?
25. Аналық жыныс безінде кездесетін ең кіші, бірақ сан жағынан ең көп қандай фолликулдар?
26. Ішіндегі овоцит дамуын тоқтатқан, тек оның жылтыр қабығы ғана қалған, дегенерацияға ұшыраған фолликул қалай аталады?
27. Жетілген фолликулдың орнында овуляциядан кейін пайда болатын, уақытша эндокриндік қандай ағза?
28. Эстроген гормондарын не бөліп шығарады?
29. Прогестерон гормонын не бөліп шығарады?
30. Фолликулдардың дамуына не әсер етеді?
31. Сары дененің өсіп дамуына әсер ететін қандай гормон?
32. Примордиальды фолликул жетілген фолликул сатысына дейін жететін овариальды цикл фазасы қалай аталады?
33. Жарылған фолликул орнында сары дене дамитын овариальды цикл қандай фаза?
34. Овариальды циклдың фолликулярлық фазасына әсер ететін аденогипофиз гормоны қандай?
35. Овариальды циклдың лютеиндік фазасына әсер ететін аденогипофиз гормоны қалай аталады?
36. Фолликулярлық клеткаларға қандай функциялар тән емес?
37. Менструальды цикл кезінде қандай қабаты ең ірі өзгерістерге ұшырайды?
38. Сүт безінің шығу тегі қандай?
39. Сүт безінің секрет бөлу типі қандай?
Аналық жыныс жүйесі бойынша есептер:
1. Аналық жыныс безінің екі кесіндісі тексерілді. 1-де примордиальді, бастапқы фолликульдер, атретик дене және жетілген сары дене байқалды. 2-де примордиальді, бастапқы және екінші фолликульдер, жетілген фолликул, атретик дене байқалды Бұлардың әрбірі овориальдік циклдің қай кезеңіне сәйкес? Бұл кезеңдерде аналық жыныс безі қандай гормондарды бөледі?
2. Жүкті емес әйел қаны тексерілгенде эстрогендер концентрациясы төмен, прогестерон жоғары болады. Анализ циклдың қай кезеңінде болған? Бұл гормондар аналық жыныс безінің қай жасушаларымен байланысты. Осы кезеңде эндометрий құрылысы қалай болады?
3. Жүкті емес әйел қаны тексерілгенде эстрогендер концентрациясы төмен, прогестерон жоғары болады. Анализ циклдің қай кезеңінде болған? Бұл гормондар аналық жыныс безінің қай жасушаларымен байланысты. Осы кезеңде эндометрий құрылысы қалай болады?
4. Екі жатырдың кесіндісі тексерілді. 1-де эндометрий жұқа, бездер тар түзу, эпителий және дәнекер тінда көптеген бөлініп жатқан жасушалар кездеседі. 2-де эндометрий қалың, бездер кең иірімді, тамырлар жақсы көрініп тұр. Бұл примордиалді менструациялық циклдің қай кезеңіне дұрыс келеді?
5. Диаметрі ең үлкен, овоцит бір шетіне қарай ығысқан, қуысы сұйықтыққа толы, сыртында жылтыр қабаты және сәулелі тәжі бар фолликул қалай аталады?
Аналық жыныс жүйесі бойынша тесттер:
1. Аналық безде гематофолликулярлық тосқауыл құрамында болмайды
А. миоэпителиальдық жасуша
B. дәнекер тіні
C. гемокапилляр қабырғасы
D. фолликулярлы эпителий
E. мөлдір қабық
2. Аналық бездің милы затында орналасады
А. магистральді қан тамыр және нерв
B. капиллярлы байланыс
C. фолликулярлы жасуша
D. интеретициальды жасуша
E. мордиальды фолликула
3. Аналық безде интерстициальды клетка орналасқан құрылым
А. ішкі дәнекер тіні
B. милы зат
C. ақ зат
D. сыртқы дәнекер тіні
E. сәулелі тәж
4. Сперматогенезге қарағанда, овогенезде болмайтын кезең
А. қалыптасу
B. өсу
C. жетілу
D. көбею
Е. көбею, өсу
5. Менструальді кезеңде жүретін құбылыс
А. сары дененің дамуы
B. сары дененің жойылуы
C. фолликуланың өсуі және овуляция
D. сары дененің өсуі
E. децидуальді клетканың өсуі
6. Капацитация құбылысына жатады
А. спермийлердің активтелуі
B. спермитозоидтан ферменттер бөлінуі
C. ұрықтану қабығының құрылуы
D. пронуклеидтердің құрылуы
E. сперматозоид қылшығының қозғалуы
7. Овогенез және эндокриндік функциялар атқаратын орган:
А. аналық жыныс безі
В. жатыр
С. жатыр түтігі
D. қынап
Е. сыртқы жыныстық органдар
8. Ұрықтың туғанға дейінгі дамуы мына органда өтеді:
А. жатыр
В. жатыр түтігі
С. аналық жыныс безі
D. қынап
Е. сыртқы жыныстық органдар
9.Овогенез процесінде болмайтын фаза:
А. қалыптасу
В. өсу
С. көбею
D. жетілу
Е. көбею, жетілу
10. Жүктілік кезеңде аналық жыныс безінде төмендегілер болады:
А. сары дене
В. примордиальды фолликулдар
С. атретикалық фолликулдар
D. дамушы фолликулдар
Е. біріншілік фолликулдар
11. Аналық жыныс безінде жетілген фолликулдар мына кезеңнен бастап пайда болады:
А. жыныстық жетілу кезеңі
В. эмбриональдық кезең
С. климактериялық кезең
D. қартайған кезең
Е. ересек жыныстық кезең
12. Фолликул сұйықтығын бөліп шығаратын жасуша:
А. фолликулярлық жасушалар
В. овогония
С. бірінші реткі овоцит
D. екінші реткі овоцит
Е. интерстициальды жасушалар
13. Овуляциядан соң жарылған фолликул орнында дамиды.
А. сары дене
В. ақ дене
С. атретикалық дене
D. жетілген фолликул
Е. дамушы фолликул
14. Аналық жыныс безінде кездесетін ең кіші, бірақ сан жағынан ең көп
фолликулдар:
А. примордиальды
В. біріншілік
С. екіншілік
D. үшіншілік (жетілген)
Е. атретикалық
15. Диаметрі ең үлкен, овоцит бір шетіне қарай ығысқан, қуысы сұйықтыққа
толы, сыртында жылтыр қабаты және сәулелі тәжі бар фолликул:
А. жетілген
В. примордиальды
С. біріншілік
D. екіншілік
Е. атретикалық
16. Ішіндегі овоцит дамуын тоқтатқан, тек оның жылтыр қабығы ғана қалған, дегенерацияға ұшыраған фолликул:
А. атрекикалық
В. біріншілік
С. жетілген
D. примордиальды
Е. екіншілік
17. Жетілген фолликулдың орнында овуляциядан кейін пайда болатын,
уақытша эндокриндік орган:
А. сары дене
В. ақ дене
С. атретикалық дене
D. примордиальды фолликул
Е. дамушы фолликул
18. Эстроген гормондарын бөліп шығарады:
А. фолликулярлық клеткалар
В. сары дене
С. ақ дене
D. атретикалық дене
Е. аденогипофиз
19. Прогестерон гормонын бөліп шығарады:
А. сары дене
В. атретикалық дене
С. ақ дене
D. фолликулярлық клеткалар
Е. аденогипофиз
20. Фолликулдардың дамуына әсер етеді.
А. фоллитропин
В. лютропин
С. эстрогендер
D. прогестерон
Е. лактотропин
21. Сары дененің өсіп дамуына әсер ететін гормон:
А. лютропин
В. эстрогендер
С. прогестерон
D. фоллитропин
Е. лактотропин
22. Примордиальды фолликул жетілген фолликул сатысына дейін жететін
овариальды цикл фазасы:
А. фолликулярлық
В. лютеиндік
С. пролиферациялық
D. секреторлық
Е. менструальдық
23. Жарылған фолликул орнында сары дене дамитын овариальды цикл фазасы:
А. лютеиндік
В. пролиферациялық
С. секреторлық
D. фолликулярлық
Е. менструальдық
24.Овариальды циклдың фолликулярлық фазасына әсер ететін аденогипофиз
гормоны:
А. фоллитропин
В. лютропин
С. лактотропин
D. соматотропин
Е. тиротропин
25. Овариальды циклдың лютеиндік фазасына әсер ететін аденогипофиз
гормоны:
А. лютропин
В. лактотропин
С. соматотропин
Д. фФоллитропин
Е. тиротропин
26. Овогенез процесінде мейоздан соң, 1 реттік овоциттен дамып шығады:
А. 1 жетілген жұмыртқалық клетка, 3 редукциялық денешік
В. 2 жетілген жұмыртқалық клетка, 2 редукциялық денешік
С. 4 жетілген жұмыртқалық клетка
Д. 3 жетілген жұмыртқалық клетка, 1 редукциялық денешік
Е. 4 редукциялық денешік
27. Фолликулярлық клеткаларға төмендегі функциялар тән емес:
А. прогестерон бөліп шығару
В. трофикалық
С. қорғаныстық
Д. фолликулярлық сұйықтық жасау
Е. эстрогенді бөліп шығару
28. Сары дене дамуы циклына сатысы тән емес:
А. қалпына келу
В. пролиферация және воскуляризация
С. безді метаморфоз
Д. өркендеу
Е. кейін қарай даму
29. Менструальды цикл кезінде қабаты ең ірі өзгерістерге ұшырайды:
А. эндометрийдің функциональды
В. миометрий
С. эндометрийдің базальды
Д. периметрий
Е. жатырдың барлық қабаты
30. Менструальды циклдың күндерінде жатырдың эндометриінің
функциональды қабаты сыдырылып түседі (менструация фазасы):
А. 1-4 В. 5-13 С. 14-15 Д. 16-27 Е. 28
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1438 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|