АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Аш ішек

Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об.8, ок.7.

 

 

1-кілегей қабатының эпителиі; 2- кілегей қабатының меншікті пластинкасы: а- тегіс бұлшықет жасушаларының тұтамдары; 3-ішектің сорғыштары; 4-ішектің крипталары; 5-кілегей қабатының бұлшық ет пластинкасы; 6-кілегей асты негізі; 7-бұлшықет қабаты; 8- бұлшықет аралық жүйке торының түйіні; 9-серозды қабат

(И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).

 

Бұл препаратты оқып үйрену үшін аш ішектің бір бөлігін, әдетте –мықын ішектің кесіндісін қарастырамыз.

Аш ішек препаратына тән қасиет-жіңішке сорғыштардың болуы. Олар ішкі қабықта орналасқан және де ішектің қуысына еніп тұрады. Кіші үлкейткішпен зерттеу үшін препаратты жоғары бағытталған сорғыштары көрінетіндей етіп орналастырамыз. Жақсы кесіндіде сорғыштар түйреуіш пішінді, яғни негізі жіңішке, денесі ұзын және жоғарғы ұшы жуан болады. Қиғаш кесіндіде түйреуіштің орнына бір-бірінен ашық түсті аралықтармен ажыратылған, сопақша пішінді денешіктер көрінеді. Бұл сорғыштардың кесінділері. Препаратты ішкі қабаты көрінетіндей етіп орналастырамыз. Алдымен, үлкен үлкейткіш көмегімен сорғыштың құрылысын зерттейміз. Сорғыш сыртынан тірек пішінді жасушалары бар бір қабатты цилиндр пішінді эпителиймен қапталған. Сорғыштың шетінде қызыл түсті жиек көрінеді. 10-15 жиекті жасушаға 1 тірек пішінді жасуша тура келеді. Тіректі жасушалардың қиғаш кесіндісі сопақша пішінді ашық түсті тамшы ретінде көрінеді. Жиекті эпителий қызғылт түсті базальді мембранада орналасқан. Сорғыштың ішкі бетін t.propria алып жатады. Ол коллагенді және элластинді талшықтардан құралған сирек талшықты дәнекер тін. Талшықтар арасында сопақша және домалақ пішінді ядролар көрінеді. Ашық түсті сорғышты зерттеу ыңғайлы. Домалақ ядролар лимфоциттерге, ал сопақша ядролар фибробласттар мен ретикулярлық жасушаларға тән. Сорғыштың ортасынан лимфатикалық тамыр өтеді. Оның пішіні сопақша тәрізді. Кейде, тамыр бос кезінде, қуысы байқалмайды. Сорғыштың шетінде көптеген қантамырлары орналасқан. Қанға тола капиллярлар анық көрінеді. Сорғыштардың негізінде желпуіш сияқты бұлшықет тізбектерін құрап орналасады. Сорғыш астында дәнекер тінді, кең, сорғышасты қабаты орналасқан. Бұл қабатта көптеген Либеркюн бездері орналасқан. Оларды ішек крипталары деп атайды. Олардың қабырғасы бір қабатты цилиндр пішінді жиекті эпителиймен қапталған. Крипталардың жоғарғы бетінде тірек пішінді жасушалар кездеседі. Либеркюн бездерінің түбінде Панет жасушалары орналасқан. Олардың цитоплазмасында ацидофильді дәндер байқалады. Жай бояуда дәндер анықталмайды. Либеркюн бездері сорғыштар арасына ашылады. Бездер тығыз орналасқан. Крипталардың астында бұлшықет қабаты бар. Ол ішкі айналмалы және сыртқы тік қабаттардан тұрады. Кейде ішкі, сыртқы циркулярлы және ортаңғы тік қабаттардан тұрады. Оның астында кілегей асты негізі орналасқан. Бұл қабатта қантамырлары, жүйке талшықтары, Мейснер өрімдері орналасқан. Осы қабаттың сыртында бұлшықет қабаты (ішкі циркулярлы, сыртқы тік), ал оның сыртында сірлі қабат орналасады. Сірлі қабат мезотелиймен қапталған.

 


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1676 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.007 сек.)