Препарат №33
Құлақ маңы безі
Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об.90, ок.10.
1- сірлі қабатының соңғы бөлімі; 2-миоэпителиальды жасуша; 3-жолақты ағым; 4-қондырғы ағым; 5-қан тамыры; 6- май жасушалары.
Без дәнекер тінді капсуламен қоршалған. Бездің паренхимасы борпылдақ талшықты дәнекер тінмен бөлінген, түрлі көлемдегі бөлшектерді құрайды. Жіңішке дәнекер тінде қан тамырлары болады. Қанмен тола болса, олар препаратта жақсы көрінеді. Бос тамырда тек қана эндотелий ядролары көрінеді. Бөлшек аралық дәнекер тінде шығару түтікшесінің тармақтары, қан тамырлары, жүйке талшықтары, жүйке түйіндері, май жасушалары болады.
Экскреторлық ағынның қуысы кең. Ірі ағындардың қабырғасы көп қатарлы цилиндр тәрізді эпителиймен қапталған. Ұсақ ағындар бөлшектерге еніп секреторлық ағындарға ашылады.
Бөлшек тығыз орналасқан безді көпіршіктерден құралған. Олардың арасында қондырғы аймақтар және секреторлық ағындар бар.
Безді көпіршіктер домалақ немесе сопақша пішінді пирамидалық жасушалардан құралған. Ортасында орналасқан сопақша ядролары анық көрінеді. Безді көпіршіктердің ортасында кішігірім, домалақ қуыстар бар.
Ацинустардың бүйірлі кесіндісінде қуыстар көрінбейді. Қондырғы аймақтары домалақ пішінді, көлемі кіші, қуысы кең. Қондырғы аймақтардың қабырғасы ірі, домалақ ядролы, бір қабатты куб тәрізді эпителиймен қапталған. Секреторлық ағындар безді көпіршіктерге қарағанда кең. Қабырғасы бір қатарлы цилиндр пішінді эпителиймен қапталған. Ядросы домалақ, қуысқа жақын орналасқан. Жақсы боялған препаратта жасушалардың негізіне жақын орналасқан базальды жолақтарды көруге болады.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 770 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|