АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Препарат № 65
Аналық без - сары дене
Бояуы: гематоксилин- эозин. Үлкейтуі х 400.
1-кері даму сатысындағы көпіршікті фолликул; 2-дәнекер тінді қабық; 3-лютеинді жасушалар; 4-капиллярлар (И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).
Сары дененің гормондары Грааф көпіршігінің дамуын тежейді. Сондықтан жетілген Грааф көпіршігі бар препаратта жетілген сары денені көруге болмайды және керісінше сары дене бар препаратта Грааф көпіршігі болмайды. Сол үшін сары денені зерттеуде жеке препаратты қолданамыз. Жетілген сары дененің көлемі үлкен, жай көзбенде көрінеді. Кіші үлкейткіште сары дененің дәнекер тінді қабықпен қоршалғанын көреміз – бұл орнында сары дене қалыптасқан Грааф көпіршігінің қабығы. Сары денеде Славянский мембранасы болмайды, ол ертерек еріп кетеді. Қабықтан препараттың ішіне қарай тосқауылдар енеді. Олардың құрамында көптеген капиллярлар болады. Тосқаулдар препараттың ортасында бірігіп тыртықты төмпешік құрайды. Препараттың негізін лютеин жасушалары құрайды. Бұл құрамында лютеин пигменті бар түйіршіктерге ие, көлемі үлкен, ашық түсті жасушалар. Жасушалардың ядросы үлкен, ашық түсті. Лютеин жасушалары топ-топ болып орналасады. Топтар дәнекер тінмен бөлінген. Айтылған барлық құрылымдар: сары дене, атретикалық дене, түрлі фолликулалар ағзаның қыртысты затында орналасады. Ағзаның милы заты борпылдақ дәнекер тіннен құралған. Милы затында әдетте қанға тола көптеген артериялар мен веналар көрінеді. Бұл жерде лимфа тамырлары да кездеседі. Кейде куб тәрізді эпителиймен қапталған қуыстар жүйесі көрінеді. Бұл epophoron-рудиментті жүйе. Ол аталық бездің торы – rete testis-ке ұқсайды.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 751 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|