Тимус (айыр безі)
Тимус—лимфоцитопоэз және иммуногенездің орталық ағзасы. Онда иммуногенезде қатынасушы негізгі жасушалардан бірі болған Т—лимфоциттер дамиды, олардың алғашқы жасушалары сүйек кемігінен қан арқылы тимусқа келеді, ол жерде антигенге байланыссыз Т—лимфоциттерге дифференцияланады. Тимустың екінші қызметі әртүрлі биологиялық белсенді заттарды өндіреді, олар тимустық гормондар деп аталады (тимозин, тимопоэтин, тимулин және тимустың гуморалды факторлары үлкен маңызға ие). Үшінші қызметі, иммуногенезде қатынасушы, ағзаның өсуіне әсер етуші заттар өндіреді. Тимус қызыл сүйек кемігімен, иммунді жүйенің барлық шеткі ағзалармен байланысқан. Тимусте жетілген Т—лимфоциттер, шеткі ағзалардың арнаулы—Т-аймағында орналасады, ол жерде көбейіп, қорғаныс реакцияларында қатысады. Тимус қызметі бұзылса ағзаның қорғаныс реакциялары әлсірейді, бұл жағдайда иммунитеттің жетіспеушілігі деп аталады. Егер жаңа туылған жануарлардың тимусын алып тастаса, шеткі қан жасалу ағзаларында: лимфоциттердің көбеюі мен қалыптасуы тез бұзылады, сонымен қатар Т-лимфоциттердің мөлшері азайып кетеді. Мұндай ағза науқас тудырушы микробтар мен вирустар әсеріне шыдамайды.
Тимустың құрылысы
Тимустың негізгі—эпителиальды тіндерден құралған, базальды мембранаға ие базальды қабаты сыртқа қараған, олар дәнекер тіндермен жанасады, олардың капсуласымен қапталған, олардың талшықтары тимусты бөліктерге бөледі.
Әрбір бөліктің қыртысы және милы заты болады. Қыртысты затында Т-лимфоциттер РЭХ-торын толтырып тұрады. Капсула асты аймағында ірі лимфобласттар орналасады (қызыл сүйек миынан көшкен алғашқы Т-лимфоциттер), олар гормондар әсерінде Т-лимфоциттерге өзгереді (пролиферацияланады). Қыртыстағы Т-лимфоциттер, милы заттағы Т-лимфоциттерден өзгеше болады (бөлек рецепторларға ие). Олар қан ағынымен лимфоцитопоэздің шеткі ағзаларына барады, ол жерде субкластар (антигенреактивті): киллер, хелпер және супрессорларды құрайды.
Бөтен антигендерге қарсы арнаулы циторецепторлары бар Т-лимфоциттер (“маманданған”) циркуляторлық ағынға өтеді. Егер өзінің антигендеріне қарсы циторецепторларға ие Т-лимфоциттер қанға өтсе аутоиммундық аурулар пайда болады (“маманданған”)—Т-лимфоциттер, оларды қыртысты аймақта макрофагтар фагоцитоздау жолымен жойып жібереді, тимус қызметі бұзылса, олар қанға өтіп аутоиммундық ауруларды қоздырады.
Қыртыс және милы аймақ арасындағы шегара - кортико-медулярлық аймақ деп аталады, ол жерде қантамырлары, посткапилярлық венулалар, ретикулоэпителиальдық жасушалар, интердигитациялаушы жасушалар және лизосомаларға бай макрофагтар болады, микроорта құрайды, олардың аралығында әртүрлі құрылыстағы тимоциттер орналасады.
Қыртысты аймақтағы тимоциттер, қан ағынынан келуші бөтен антигендерден арнаулы гемато-тимус барьері (“қан-тимус тосқауылы”) арқылы бөлініп тұрады, бұл барьер құрамында кортико-медулярлық аймақтың көпшілік құрамдық заттары болады. Барьер (тосқауыл)—антигендерді ұстап қалу және таңдамалы өткеру қабілетіне ие. Қыртысты аймақты қоршаушы дәнекер тіндер тимус паренхимасы аралығында да шекаралаушы барьер бар.
Милы зат—тимоциттері аз және сирек кездеседі, сол үшін ақ түске ие. Ретикулоэпителиальдық жасушалары цитоплазмасында ірі көпіршіктері көп, олар кейде секторлық түтікшелер құрайды, ішкі қабырғаларында қысқа микроөсінділер кездеседі, тонофибрильдері жуан бөліктер құрайды. Милы зат орталығында қатпарлы эпителиальдық денешіктер орналасқан. Олардың цитоплазмасында: ірі вакоульдері, кератин түйіршіктері мен дөрекі — өрескел фибрильдер шоғырлары бар. Милы заттың лимфоциттері Т-лимфоциттер үшін айналмалы өзек қызметін атқарады, олар посткапилярлық венулалар мен лимфа тамырлары арқылы қантамырларынан шығып және кіріп тұра алады.
Бөлінуші (митотикалық) жасушалар саны қыртысты затқа қарағанда 15 есе аз болады.
Тимустың жоғарыда көрсетілген қызметтерінен басқа ағзаларға биологиялық белсенді заттарды шығару факторларына ие (гормондардан басқа); инсулинді фактор қандағы қанттың мөлшерін азайтады; кальцитонинді фактор қандағы кальций мөлшерін төмендетеді, сонымен қатар өсу факторы қызметінде орындайды.
Ас қорыту жолындағы лимфоидты түйіндер—олар ас қорыту мен тыныс алу жолы қуыстарындағы ағзалар қабырғасында локальді иммунді қорғаныс қызметін атқарады. Бұл жерде (фабрициус қалташа—бурса) сыртқы ортадан енген антигендерді тану үшін В-лимфоциттер сүйек кемігінен өнген рецепторларды қабылдайды. Осы жердегі Т-лимфоциттер иммунитет реакциясына қатысып, В-лимфоциттердің қызметін реттейді. В-лимфоциттер эпителиоциттер мен дәнекер тіндер лимфоидты түйіндер құрайды. Түйіндер саны және олардағы герминативті орталықтар мөлшері. Иммунді реакциялар жағдайларына байланысты өзгеріп тұрады.
Антигендермен белсендірілген В-лимфоциттер бөлінуден соң, лимфоидты түйіннен шығады, кейбір бөлігі посткапилярлық венулалар қабырғасынан шығып қан ағынына өтеді. Лимфоидты түйіндерге оралып қайтқанда (кілегей қабыққа) плазмоциттерге дифференцияланады, оларда антиденешіктің ақуызды құрамы—А типті иммуноглобулиндер өндіріледі. Олардың көмірсулы бөлімі эпителиоциттерде өндіріледі, бұл жерде иммуноглобулиндер бактериялар мен вирустарға қарсы қорғаныс қызметін орындайды.
Шеткі қан түзу және иммунды қорғаныс ағзалары
Лимфа түйіндері шеткі қан жаратушы және иммунді қорғаныс ағзаларының бірі. Олар ағзада көп кездеседі (мөлшері 0,5-1см). Олар лимфа тамырларын бойлай орналасып, төмендегідей қызметтерді орындайды:
1. Оларда Т- және В-лимфоциттердің көбеюі мен антигендерге сәйкес мамандалуы өтеді. Т-және В-лимфоциттер өзара микроорта жасушаларымен байланысып, антигендерге қарсы арнаулы антиденешіктер өндіреді.
2. Түйіндер: тін сұйықтығы ағынындағы және лимфаны барлық бөтен антигендерден тазалайды (биологиялық фильтр қызметі).
3. Түйіндерде тін сұйықтығы жинақталады (депо қызметі), сондай-ақ оларда қанмен келген моноциттердің макрофагтар мен интердигидротациялаушы жасушаларға өзгеруі өтеді (орындалады).
Лимфа түйінінің жайылған жерінде - қақпасында оларға қантамыр мен жүйкелер кіреді, сол үшін тін сұйықтығы ағынына фильтр қызметін атқарады, лимфа бөтен денешіктерден, микроорганизмдерден тазартылып, лимфоциттер мен антиденешіктерге бай болады.
Лимфа түйіндері сыртынан дәнекер тін капсулаларымен жабылған (қақпа маңайында жалпақ). Капсулада коллагенді талшықтар көп, ал эластикалық аз болады. Капсулада тегіс миоциттер шоғырлары да бар, олар қақпа маңайында көп болады (түйіннің батыңқы беті қақпасы деп айтылады). Капсуладан түйіннің ішіне анастомоздар құраушы трабекулалар кіреді. Капсула мен трабекула түйіннің дәнекер тінінің негізін құрайды, лимфа түйінінің негізін ретикулярлық тін құрайды. Олар өсінділі жұлдыз тәріздес жасушалардан және талшықтардан құралған, олардың торлы қуыстығында Т-, В-лимфоциттері және микроорта жасушалары болады. Түйін кесіндісінде шеттік, тығыз қыртысты затты (лимфа түйіні мен паракортикальды аймағы бар), сондай-ақ орталық милы затты (милы шумақ пен синустардан құралған) көруге болады. Кортикальды қабат пен милы шумақтың көп бөлігін В-лимфоциттер егелейді (В-аймақ). Паракортикальды және тимусқа тәуелді аймақты Т-лимфоциттер егелейді (Т-аймақ).
Қыртысты зат -негізгі бөлігін лимфоидты фолликулалар егелейді, яғни ретикулалық тін оралымдарына кіретін лимфоциттер, лимфобласттар, макрофагтар, т.б. жасушалар жиынтығынан құралады. Шеттік бөлімдерде ұсақ және орташа лимфоциттер, ал орталық бөлімде ірілері орналасады. Орталық бөлім көбею орталығы (герминатив) деп аталады, (оларда макрофагтар және дендритті жасушалар болады). Бұл аймақтың антигендер әсерінен өзгеруі реактивті орталық деп аталады. Көбею орталығында көрсетілген жасушалардан басқа, көбею қабілетіне ие жасушалар лимфобласттар, пролимфобласттар және аз мөлшерде кіші лимфоциттер кездеседі.
Көрсетілген аймақта В-лимфоциттер мен олардың туындысы плазматикалық жасушалар болады (В-аймақ деп аталады). Ағзаларға антигендер түскенде герминативтік (көбею) орталығы ұлғаяды, митоз жолымен көбеюші жасушалар жинақталады, бөліну жүрмеген кезде, оларда тек қана жалғыз өзі бөлінуші лимфобласттар және аздаған макрофагтар кездеседі. Макрофагтар антигендерді молекулярлық көрініске өзгертеді. Антигендер мен Т-хелпер қосылып В-лимфоциттердің қалыптасу реакциясына қатысады, бұл реакция нәтижесінде Т- және В- типті есте сақтау жасушалары мен иммунобласттар құралады. Антигенмен активтелген В-лимфоциттер көбею және ұлғаю жолымен В-аймақты құрайды, одан милы шумаққа өтеді, ол жерде плазмоциттерге өзгеріп, антигенденешіктерді құрайды. Есте сақтау жасушалары лимфа ағынымен немесе посткапилярлық вена арқылы қан айналымына түседі, антигендермен екі рет кездесіп эффекторлық жасушаларды құрайды. Макрофагтар өлген жасушаларды фагоцитоздайды, яғни олардың цитоплазмасында хромофильді қалдық денешіктер құралады. Реактивті орталықтың дендритті жасушалары, макрофагтар туындысы, олар цитолемма рецепторларымен бірге иммуноглобулиндер синтезіне қатысады. Иммуноглобулиндермен қосылып ағзаның иммунді жауабына қатысушы антигендер өндірілу реакциясына қатысады.
Қыртысты және милы заттар шекарасындағы аралық аймақта паракортикалды тимусқа бағыныңқы аймақ орналасады, олардың негізгі заттары Т-лимфоциттер. Қыртыс алды аймақта Т-лимфоциттер үшін арнаулы
микроорта жаратушы интердигитациялық жасушалар болады. Олар Т-лимфоциттердің көбеюіне және жұмысшы жасушаларға дифференциялануына жағдай жасайды. Паракортексте көптеген посткапилярлық венулалар бар, оларда биік, цилиндрлі эндотелий жасушалары болады. Олардың арасындағы қуыстық арқылы Т- және В-лимфоциттердің түйінге кіру және шығуы орындалады. Интердигитациялық жасуша ядросы пішінсіз, олардың шетінде хроматиндері орналасқан. Әлсіз базофильді цитоплазмасында везикулалар, Гольджи кешені, тегіс ЭПТ бар, фагосомалары аз. Олар лимфоцитогенездің гуморалды факторына қатысушы гликопротеиндер өндіреді. Мембрана іші қабатының гликопротеиндері цитоплазматикалық мембранада антигендерді сіңіреді және жинақтайды, Т-лимфоциттер қалыптасуына қатысады. Л-лимфоциттер эффекторлы жасушаларға өзгереді.
Милы заттар. Лимфа түйінінен және паракортикалды аймақтан милы затқа өзара анастомозданушы ми тізбегі өтеді. Ми тізбектері - ретикулярлық тіннің торларындағы В-лимфоциттерден және макрофагтардан құралған. Плазматикалық жасушалар G-иммуноглобулиндерін өндіреді. Тізбектердің ішкі жағындағы эндотелиоциттер саңылауларынан қан капилярлары өтеді, ал сыртқы жағынан жалпақ ретикулоциттер қоршайды.
Ми тізбектері, оларды қоршаған трабекулалар және синустармен милы заттарды құрайды.
Қыртысты және милы заттар синустары арқылы лимфа ағады. Синустар түйіндерден, паракортикальды аймақтан және ми тізбегінен түскен лимфоциттермен байытылады. Синустардағы еркін элементтердің түрі лимфоциттер, плазмоциттер, еркін макрофагтар және дәнді лейкоциттер болады. Синустар қорғаныс қызметін атқарады, яғни лимфатикалық түйіндерге түсуші антигендер фагоцитоздаушы жасушалар арқылы ұсталып, бөлшектерге бөлініп ыдырайды.
Қан айналуы. Артерия түйін қақпасынан кіріп, екіге бұтақталады: 1- сі капсула мен трабекулалар жағына, 2-сі қыртыс пен милы заттарда капиллярлар торын құрайды. Бұл тордан посткапилярлық венулалар басталып, олар веналарға жинақталады және түйін қақпасынан вена көрінісінде шығып кетеді. Физиологиялық қалыпты жағдайда синустарға қан түспейді, бірақ патологиялық жағдайларда синустарда эритроциттер мен гранулоциттер кездесуі мүмкін.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 3972 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|