АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Препарат № 11

Прочитайте:
  1. A) введение антигистаминных препаратов
  2. E Немедленно ввести в/м антигистаминный препарат и в/в лазикс.
  3. F) Ноотропные препараты
  4. II. 4. ХАРАКТЕРИСТИКА АНТИРЕТРОВИРУСНЫХ ПРЕПАРАТОВ И ПРИНЦИПЫ КОМБИНАЦИИ ГРУПП ПРЕПАРАТОВ ДЛЯ ВААРТ
  5. II. Препараты гормонов щитовидной железы
  6. III). Сосудорасширяющие препараты прямого миотропного действия (миотропные средства).
  7. IV. Отравления психотропными препаратами
  8. IX. Препараты мужских половых гормонов (андрогены)
  9. V. Отравления отдельными психотропными препаратами
  10. V. Препараты гормона поджелудочной железы инсулина

Бұлшық етті типтегі артерия (орта калибрлі)

Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об 40, ок 10.

 

 

А-артерия; 1- ішкі қабық; а- эндотелий; б-эндотелий асты қабаты; в-ішкі эластикалық мембрана; 2- ортаңғы қабық; г-тегіс миоциттер; д- эластикалық талшықтар; 3-сыртқы қабық; е- сыртқы эластикалық мембрана; ж- талшықты дәнекер ұлпа; В- вена; 4-ішкі қабық; 5-ортаңғы қабық; 6- сыртқы қабық (В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский бойынша).

 

Бұл артерияны зерттеу үшін жүйке - тамыр үйірімінің препараты қолданылады. Ол бізге артерияның, венаның және жүйке өзегінің құрылысын зерттеуге мүмкіндік береді. Артерияның көлденең кесіндісінде кіші үлкейткішпен үш қабаты ажыратылады: 1) Ішкі қабат- t.interna. 2) Ортаңғы қабат-t.media.3) Сыртқы қабат-t.externa.

Гематоксилин-эозинмен бояғанда қабаттар бір-бірінен түсімен де ажыралып тұрады. Ортасында ең жақсы дамыған ашық сия түсті, оның сыртында әлсіздеу дамыған сыртқы қабаты ашық қызғылт түсті - t.adventitia, ішкі жағында қызғылт түске боялған ішкі қабаты көрінеді. Зерттеуді іштен сыртқа қарай жүргізеді.

 

 

Үлкен үлкейткішпен қарағанда артерияның қуыс беткейінде эндотелийдің ядролары көрінеді. Көлденең кесілгендіктен олардың пішіні домалақ, көлемі кішкене болады. Одан кейін жұқа эндотелий асты қабаты көрінеді. Ол: 1) иірілген жіңішке коллагенді талшықтар мен олардың арасында орналасқан эластинді талшықтан; 2) эндотелий асты қабатының камбиалды жасушаларынан құралған. Камбиалді жасушалар аз мөлшерде кездеседі. Эндотелий асты қабатынан соң жылтыр ішкі эластикалық мембрана орналасады-membrana elastica interna.

Адам артерияларында ішкі қабат жақсы дамыған. Оқу барысында зерттелетін препараттар жануарлардың артериялары. Олардың ішкі қабаты әлсіз дамыған, сондықтан тек қана ішкі эластикалық мембранасы ғана көрінеді.

Интиманың сыртында кең, жақсы дамыған ортаңғы қабат - t.media орналасқан. Бұл қабат тегіс бұлшықеттен құралған. Көптеген тегіс миоциттердің таяқша пішінді ядролары көрінеді. Ядролар оралым түрде орналасқан, демек бұлшықет орналасқан. Олардың арасында аз мөлшерде иреленген, жіңішке терезе тәрізді мембраналар болады (m.elastica fenestrate) 3-тен 8-ге дейін. Мембранада терезелер аз болады және олар түрлі деңгейде орналасады. Ортаңғы қабаттың сыртында адвентиция қабаты орналасқан. Бұл қабат негізінен қиғаш бағытталған коллагенді талшықтардан құралған.

Осы қабатта 1) vasa vasorum– артерияның қабырғасын қоректендіруші ұсақ тамырлар 2) қабырғаның ішіне енуші жіңішке жүйке талшықтары 3) амартизатор қызметін атқарушы май ұлпасы көрінеді.

 


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 838 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)