АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Препарат № 29

Прочитайте:
  1. A) введение антигистаминных препаратов
  2. E Немедленно ввести в/м антигистаминный препарат и в/в лазикс.
  3. F) Ноотропные препараты
  4. II. 4. ХАРАКТЕРИСТИКА АНТИРЕТРОВИРУСНЫХ ПРЕПАРАТОВ И ПРИНЦИПЫ КОМБИНАЦИИ ГРУПП ПРЕПАРАТОВ ДЛЯ ВААРТ
  5. II. Препараты гормонов щитовидной железы
  6. III). Сосудорасширяющие препараты прямого миотропного действия (миотропные средства).
  7. IV. Отравления психотропными препаратами
  8. IX. Препараты мужских половых гормонов (андрогены)
  9. V. Отравления отдельными психотропными препаратами
  10. V. Препараты гормона поджелудочной железы инсулина

Тілдің жапырақ тәрізді сорғыштары

Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об.40, ок.10.

 

 

1- сорғыштың көп қабатты жазық эпителиі; 2-сорғыштар арасындағы кеңістік; 3-дәм сезу тесігі; 4-дәм сезу бүртігінің жасушасы; 5- дәм сезу штифі; 6- талшықты дәнекер тін; 7-қан тамырлары; 8- көлденең жолақты бұлшық ет тіні (И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).

 

Тілдің үстіңгі бетінде 4 түрлі сорғыштар бар. Олардың ішінде көбірек көңіл аударатынымыз жапырақ тәрізді сорғыштар. Олардың бүйір бетінде дәм сезу ағзасы орналасқан. Жапырақ тәрізді сорғыштар тілдің бүйір бетінде орналасқан. Кіші үлкейткіште препараттың шеткі аймағы көрінетіндей етіп қоямыз. Препаратты жай жылжытып жапырақ тәрізді сорғыштарды табамыз. Сорғыштар бір-бірінен жіңішке шұңқырлар арқылы бөлініп тұрады. Шұңқырларды крипта деп атаймыз. Сорғыштардың беті көп қабатты мүйізденбейтін полиморфты эпителиймен қапталған. Базальды бөлімінен ішке қарай эпителиальды тарақшалар (айдар) енеді, негізінен 2 тарақша (айдар). Крипталарды қоршап жатқан эпителий арасында сопақша пішінді, ашық түсті денешіктер болады. Бұл дәм сезу пиязшықтары. Олар криптаның 2 қабырғасында симметриялы орналасады. Саны әр сорғышта әртүрлі. Орташа үш пиязшықтан.

Дәм сезу пиязшығының құрылысын жай бояумен ажырату қиын, тек қана ядролары көрінеді. Ядролары дәм сезуші жасушалардың ортасында, қою-күлгін түсті, сопақша пішінді болады. Пиязшықтың шеткі аймақтарында ірі ашық түсті ядролар көрінеді – бұл тіректік жасушалардың ядролары.

Көп қабатты эпителийдің астында қызғылт түсті меншікті дәнекер тін орналасқан. Жапырақ тәрізді сорғыштың негізінде дәнекер тін біріншілік сорғышты құрайды. Одан жоғары қарай эпителиальды тарақшалар арасынан 3 екіншілік сорғыштар тарайды. Ортасында тамырлы сорғыш, екі шеткісі жүйкелік сорғыш деп аталады. Жай бояуда жүйке талшықтары көрінбейді. Оларды көру үшін препаратты күміс тұздарымен өңдейді.

Меншікті дәнекер қабаттың астында тілдің бұлшықеті орналасқан. Бұл көлденең жолақты бұлшықет. Талшықтары өзара перпендикуляр 3 жазықтықта бағытталған. Талшықтар тұтамда параллель бағытталған. Тұтамдар дәнекер тінмен бөлінген. Дәнекер тінде май жасушалары кездеседі. Арасында ірі, Эбнер сірелі бездері бар. Олардың түсі күлгін.

Одан басқа аздаған ашық көк түсті, кілегейлі Вебер бездері кездеседі. Бездерден крипталарға ашылатын шығару түтікшелері шығады.

 


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1317 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.002 сек.)