АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Гипофиз. Бояуы: Доминичи әдісі бойынша

Прочитайте:
  1. A) гипофизе
  2. II. Вторичный (центральный, гипофизарный) гиперкортизолизм.
  3. II. Вторичный (центральный, гипофизарный) гиперкортизолизм.
  4. III Центральная форма аменореи с преимущественным поражением гипофиза.
  5. III. Гипофизэктомированной лягушке ввели меланофорный гормон. Через 30мин началось поступление пигмента в отростки, через 2,5 ч кожа лягушки потемнела.
  6. А) Аденоциты средней доли аденогипофиза.
  7. А. Болезни аденогипофиза
  8. А. Оценка состояния гипоталамо-гипофизарно-надпочечниковой системы
  9. Аденома гипофиза.
  10. Аденомы гипофиза

Бояуы: Доминичи әдісі бойынша. Ұлғайтқыш лупа 15.

 

 

1-гипофиздің қабығы; 2-алдыңғы бөлім; 3- аралық бөлімнің жалған фолликуласы;

4-артқы бөлім (В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский бойынша).

 

Гипофиздің көлденеңінен кесіп алынған препаратын микроскоппен қарағанда, онда үш бөлімді ажыратуға болады: алдыңғы, ортаңғы және артқы. Бөлімдердің ең үлкені алдыңғы бөлім болып табылады. Бұл бөлім қанға толы көптеген капиллярлардан тұрады, сондықтан ақшыл қызыл түсті болып келеді. Ал кішкентай бөлімі ортаңғы бөлімі болып табылады. Онда саңылаулары бар эпителиальды жасушалар орналасқан. Саңылаулар арасы коллоидтарға толы болады, олар қалқанша безінің фолликулаларына ұқсас. Ал артқы бөлімі өзінің аз жасушалы толқынды құрылысымен және күлгін түсімен ерекшеленеді.

Гипофиздің алдыңғы бөлімінің үлкейтілген көрінісінде әр түрлі кеңістікке бағытталған, әр түрлі биіктіктегі жасушалар тізбегін көруге болады. Сондықтан да гипофиздің көлденең кесіндісінде тізбектер созылыңқы, ал ұзына кесіндісінде дұрыс емес көпбұрышты пішінді немесе тосқауылпішінді болып келеді. Тізбектер аралығынан қанға толы көптеген синусоидты капиллярлар өтеді.

Гипофиздің алдыңғы бөлімінің жасушалары 3 түрге бөлінеді: 1) негізгі немесе хромофобты жасушалар, 50-60 %. 2) Оксифильді немесе эозинофильді – альфа жасушалары 35-40%. 3) Базальды немесе бета, дельта жасушалары 5-10%.

Оксифильді және базофильді жасушалар бірігіп, хромофильді жасушалар тобын құрайды. Негізгі жасушалар полигональды пішінді, кіші мөлшерлі болып келеді, оның шекаралары анық емес. Жасуша базофильді және тұзды бояулармен әлсіз боялады. Цитоплазмасында секретті гранулалары болады. Базофильді жасушалар сопақ пішінді, оларда үлкен мөлшерлі, бірақ оксифилдерге қарағанда кішкене болып келеді. Цитоплазмасында секретті гранулалар көптеп кездеседі. Олар базальды бояулармен боялады, ал бұл препаратта көк түске боялған.

Гипофиздің ортаңғы бөлімі эпителиальды жасушалардан тұрады. Оның жасушалары алдыңғы бөлімдегіге ұқсас. Жасушалардың көп бөлігі негізгі жасушалар тәрізді ашық болып келеді. Олардың арасында базофильді жасушалар да кездеседі. Ортаңғы бөлімде әр түрлі пішінді және көлемді саңылаулар кездеседі. Олар созылыңқы, жазық жасушалардан түзіледі. Гипофиздің артқы бөлімі күлгін түсті болып келеді. Артқы бөлімі бірнеше нейроглия жасушаларынан және көптеген талшықтардан түзіледі. Бұл жерден көптеген капиллярлар өтеді. Артқы бөлімде жүйкелер болмайды. Гипоталамустан келетін жүйке талшықтары артқы бөлімге жеткілікті мөлшерде кіреді.


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1068 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)