Препарат № 24
Қалқанша маңы безі
Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об.8, ок.5.
1-қалқанша маңы безінің қабығы; 2-қалқанша маңы безі: а-қалқанша маңы безінің қан тамырлар орналасқан стромасы; 3-қалқанша безінің фолликулалары: б-коллоид; 4- қан тамырлары (В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский, А.Н.Янковский бойынша).
Қалқанша маңы безі препаратта жеке ағза ретінде көрсетілмейді. Ол көбінесе қалқанша безі препаратының жарты бөлігінде орналасады. Қалқанша маңы безі қалқанша безінің жоғары бөлігінде, кейде қалқанша без тінінде орналасады. Гематоксилин-эозин бояуымен бояу арқылы екі безді бір-бірінен ажыратуға болады: бұл кезде қалқанша без тіні қызыл түске, қалқанша маңы безі көк түске боялады.
Препараттан бездің пішіні сопақ және дәнекер тінді капсуламен қоршалғанын көруге болады. Капсула жіңішке болып келеді және одан ішке қарай көптеген капиллярларға бай дәнекер тіндерден тұратын бөгеттер шығып, безді бөліктерге бөледі. Егер капиллярлар қанға тола болса, онда қызыл торды көруге болады. Ал капиллярлар мен дәнекер тінді бөгеттердің арасында эпителиальды жасушалар орналасқан. Микроскопта эпителиальды жасушалар полигональды пішінді болып, түрлі кеңістікке бағытталған жіңішке тізбектер тәрізді көрінеді. Егер тізбектер орнын ұзынынан кесетін болсақ, онда олар дұрыс емес пішінді кішкене жиынтық түрінде көрінеді.
Гематоксилин-эозин бояуымен бояғанда қалқанша маңы безі ашық және қара түске боялады, және бір жасушалары басқаларына қарағанда үлкен болып келеді. Бірақ қалқанша маңы безі жасушасының құрылымын көру мүмкін емес.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1251 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|