Препарат № 5
Мишық.
Бояуы: күміспен өңдеу. Үлкейтуі об.40, ок. 10.
1-молекулярлық қабат: а-жұлдыз тәрізді жасуша; б-себет тәрізді жасуша; в-ганглиозды жүйке жасушасының дендриті; 2-ганглиоздық жүйке жасушалары; г-ганглиоздық жүйке жасушалар денесі; д-себет тәрізді жасушаның нейритінің тармақтары; 3- дәнді қабат
(В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский бойынша).
Осы бояудың нәтижесінде препаратта мишықтың бөлек қатпарлары жақсы көрінеді. Мишықтың сырты жұқа, жұмсақ ми қабығымен қапталған. Бұл қабық дәнекер тіндердің тығыз орналасқан талшықтарынан құралған. Бұл жерден көптеген қан капиллярлары өтеді.
Қатпарлардың өзінде сұр және ақ затты ажыратуға болады. Сұр зат шеткісінде орналасқан, олар жүйке жасушаларынан түзілген. Ақ зат ішкі жағында орналасқан және жүйке талшықтарынан құралған. Сұр затта үш қабаты ерекшеленеді, яғни молекулярлық, ганглиялық және дәнді қабаттары.
Молекулярлық қабат кең болып келеді. Ол қызғылт түске боялған және аз мөлшерде көк ядролардан тұрады.
Ганглиозды қабат үлкен алмұрт тәрізді Пуркинье жасушаларының бір қатарлы қабаттарынан тұрады.
Дәнді қабат ұсақ көптеген көкшілдеу түсті ядролардың топтасуының нәтижесінде түзілген сызық түрінде болады.
Гематоксилин - эозинмен боялғанда мишықтың тек қана көрсетілген жалпы көрінісін көруге болады, қабаттарын анық көрінбейді. Сондықтан мишықтың құрылысын терең зерттеу үшін, оның кесіндісін дайындап, күмістің азотты қышқылымен бояу керек.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 859 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|