Препарат № 36
Өңештің асқазанға өтуі.
Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об.8, ок.5.
1- асқазанның цилиндр пішінді эпителиі; 2- асқазанның шұңқырлары; 3-кардиальді без; 4- өңештің көп қабатты эпителиі; 5- кілегей қабатының меншікті пластинкасы; 6-кілегей қабатының бұлшық ет пластинкасы; 7-кілегей асты негізі; 8- бұлшықет қабаты; 9- сірлі қабат (И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).
Препарат асқазан ішек жүйесі өңешінің төменгі бөлігі және асқазанның жоғарғы кіреберіс деңгейінде тік кесіндісімен сипатталады. Бұл жерде 4 қабатты ажыратамыз;
1) кілегейлі қабат- t. mucosa
2) кілегейасты қабат-t. submucosa
3) Бұлшықетті қабат- t. muscularis externa
4) Сірлі қабат- t. serosa-асқазан үшін, өңеш үшін- t. adventitia
Өңештің асқазанға өтетін жеріндегі негізгі ерекшелік t.mucosa -да байқалады. Бұл жерде өңеш жақсы дамыған көп қабатты полиморфты эпителиймен қапталған. Асқазанға өтетін шекарада көп қабатты эпителий үзіледі де, оның орнына асқазанның барлық кілегейлі қабатының беткейін төсеп жататын бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий басталады. Асқазанның кілегейлі қабатына цилиндр тәрізді эпителиймен қапталған көптеген шұңқырланулар тән.
Ал өңештің көпқабатты эпителий беткейінде керісінше ешқандай шұңқырлар болмайды. Эпителийден кейін әдеттегідей t.propria орналасады. Өңеште бұл қабат айтарлықтай жалпақ емес. Ал асқазанда t propria жалпақтау және құрамында асқазан бездері болады. Бездік қабаттың бұлшықетті қабығы (t. muscularis mucosa) өңештен асқазан қабырғасына жалғасады.
Өңештің кілегейасты қабатының (t. submucosa) құрамында ашық түтікшелі кілегейлі бездер болады.
Сыртқы бұлшықеттік қабат (t.muscularis externa) өңештен асқазанға кедергісіз ауысады.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 843 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|