Препарат № 62
Ұрық шығарушы түтік
Бояуы: гематоксилин- эозин. Үлкейтуі об.40, ок. 7.
1а-стереоцилилі эпителиоциттер; 1б-куб тәрізді эпителиоциттер; 2-талшықты - бұлшықетті қабат; 3-талшықты дәнекер тін (В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский бойынша).
Шығарушы түтік-ductus deferens күшті дамыған аппарат, ол өзінің көлемімен аталық жыныс безінің басқа шығарушы түтіктерінен ажыралып тұрады.
Көлденең кесіндіде шығарушы түтіктің қуысы жұлдызша тәрізді болады. Бұл түтіктің кілегей қабатында жақсы дамыған бірнеше қатпарлардың болуына байланысты.
Ductus deferens- тің қабырғасында үш қабатты ажыратамыз:
1) t. mucosa - кілегей қабық; 2) t. Muscularis - бұлшықет қабығы; 3) t. adventitia - сыртқы дәнекер тінді қабық.
Кілегей қабатта 1) екі қатарлы цилиндр тәрізді эпителий және 2) t. propria яғни меншікті қабаттың дәнекер тінін ажыратамыз. Екі қатарлы эпителий екі қатар жасушадан құралған, оның қуысына жақын үлкен, сопақша ядролы, цилиндр тәрізді жасушалардың қатары орналасқан. Ал апикальды бөлімінде кутикулалы жасушалар орналасқан. Осы жасушалардың арқасында орынбасар-жасушалар орналасқан. Бұл базальді мембранада жатқан кіші қара ядросы бар, түбі кең және ұшы сығыңқы, ұсақ жасушалар. Эпителийден кейін эластикалық талшықтары көп, жақсы дамыған t. propria орналасқан, оларды айқындау үшін арнайы бояу қажет.
Кілегей асты қабатында шығару түтігі болмайды. Кілегей қабаттан кейін үш қабаттан тұратын жақсы дамыған бұлшықет қабаты орналасқан. Оның ішкі және сыртқы қабаты бойлық, ал олардың арасында жақсы дамыған оралымды бұлшықет қабаты орналасқан.
Бұлшықет қабатынан кейін борпылдақ дәнекер тіннен түзілген t. adventitia жатыр. Оның құрамында көптеген қан тамырлар және май жасушаларының жиынтығы болады.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 831 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |
|