АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Бала жолдасы (плацента)

Бояуы: гематоксилин- эозин. Үлкейтуі об.8, ок. 10.

 

 

І-плацентаның балалық бөлімі; 1-амниотикалық қабық: а-эпителий; б-дәнекер тін; 2-қан тамыры (кіндік тамырының тармағы); 3-хориальді пластинка; 4-хорионның екіншілік сорғыштары; в-трофобласт; г-дәнекер тін; д-қан тамыры; 5-ана қанына тола гемохориальді кеңістік; ІІ-жатырдың аналық бөлімі; 6-базальді пластинка; 7-фибриноидпен қоршалған

цитотрофобласттың шеткі және децидуальді жасушалары

(И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).

 

Жолдас екі бөлімнен тұрады: 1) placenta foctalis – нәрестелік бөлімі 2) placenta uterina – аналық бөлімі.

Нәрестенің жолдасы хориальді пластинка көрінісінде болады. Оның аналық жолдасына қараған беткейінде көптеген емізікшелері бар. Емізікшелердің негізін борпылдақ дәнекер тін құрайды. Оның құрамында кіндік артериясы мен венасы болады. Емізікшелер сыртынан екі қабат эпителиймен қапталған. Шұңқырлау қабатында куб пішінді эпителий – бұл цитотрофобласттар. Оның үстіндегі қабат симпласттық негізде құралған, яғни ядролары бар, бірақ жасушалары бөлінбеген – бұл синцитотрофобласт.

Сондықтан, кіші үлкейткіште түрлі деңгейде кесілген және түрлі бағытталған хорионның емізікшелері көрінеді.

Үлкен үлкейткішпен қарағанда сорғыштардың ішінде түрлі қан тамырлары бар дәнекер тіні көрінеді. Сорғыштар сыртынан хориальді эпителиймен қапталған.

Сорғыштардың арасында қанға тола лакуналар (қуыстар) орналасқан. Бұл кеңістіктер жолдастың аналық және балалық бөлімдерінің шекарасында орналасқан, бір-бірінен дәнекер тінді тосқаулдармен (septa placentae) шекараланған. Препараттың бір шетінде жолдастың аналық бөлімін (deciduas basalis) көреміз. Ол дәнекер тіннен құралған, құрамында кіші үлкейткішпенде көрінетін ірі децидуальді жасушалары бар. Кесіндіге аналық бөлімнен шыққан септаларда түсуі мүмкін. Олардың құрылысы дәл осындай.

Жолдастың негізгі құрылымдық бірлігі – хорион сорғыштары болып есептеледі, олар хорионмен жанасып тарамдаланады. Сорғыштың жоғарғы ұшы децидуалды қабықпен байланысқан. Ворсинканың кейбір бос ұштары өзара құйылып кеуекті тін құрайды. Тола қалыптасқан адам жолдасында 8-15 үлкен емізікшелері болып, олардың әрқайсысы көптеген өсінді (тармақталып) құрайды, әрбір бөлік котиледон деп аталады. Сорғыштар аралығында ана қаны болады, сол үшін жолдастық тосқауылды құраушы тіндер қабатына көңіл бөлу керек, олар шақалақты, ана қанынан бөліп тұрады.

Жолдастық тосқауылда - әрбір сорғыштардан нәрестенің қан капиллярлары өтеді, олар эндотелиймен қапталған.

Капиллярлар сирек талшықты дәнекер тіндерге сорғыштар орталығында орналасқан, ол жерде аздаған тегіс бұлшық етті талшықтары және домалақ ядролы ірі жасушалар (Хофбауер) бар (олар фагоциттер). Әрбір сорғышты қаптаушы трофобласттар екі қабаттан: цито және синцитотрофобласттардан құралған. 10- шы аптада цитотрофобласт (Ланганс қабаты), ядросы ірілеу, ірі көмескі жасушалардан құралған, анық көрінуші базал мембранада – орналасқандығын байқаймыз.

Цитоплазмасында гликоген, вакуолдер бар, май қосындылары жоқ. Электронды микроскопта: гликоген, митохондрия, рибосомалар жақсы байқалады.

 

Адам эмбриологиясы бойынша сұрақтар:

 

1. Бала жолдасы қандай бөліктерден құралған?

2. Бала жолдасының құрылымдық-қызметтік бірлігі не?

3. Гематожолдастық тосқауылдың құрылысы және қызметі қандай?

4. Бала жолдасының балалық бөлігін не құрайды?

5. Бала жолдасының аналық бөлігін не құрайды?

6. Ядроның бөлшекке бөлінуі дегеніміз не?

7. Кариолизис дегеніміз не?

8. Адам зиготасының бөлшектенуі қандай?

9. Адам жұмыртқа клеткасының ұрықтануы қайда жүреді?

10. Ұрықтанған күннен кейін адам ұрығының имплантациясы қалай басталады?

11. Ұрықтың гистиотрофты қоректенуі қалай жүреді?

12. Адамда гаструляция қандай жолмен өтеді?

13. Адам плацентасы үшін тиісті емес функция қалай аталады?

14. Жұмыртқа жасушасына сперматозоидтың енуі қалай аталады?

15. Акросомада қандай ферменттер бар?

16. Деляминация нәтижесінде не түзіледі?

17. Гаструляцияның қай фазасында амниондық көпіршік қалыптасады?

18. Онтогенездің эмбриональдық кезеңі деп нені атайды?

19. Жұмыртқа жасушасындағы қандай полюстар?

20. Эмбриогенездің алғашқы сатылары қандай?

21. Эндодерманың дифференциялануынан не түзіледі?

 

22. Дифференциялану этаптарының кезектесіп келуі қандай?

23. Жұмыртқа жасушасы овуляциядан кейін неге өтеді?

24. Ұрықтану қай жерде жүреді?

25. Эмбрион эктодермасынан не дамымайды?

26. Плацентарлы тосқауылда болмайтын элемент?

27. Хорионның дәнекер тіні қай құрылымнан түзіледі?

28. Сары уызы аз жұмыртқалық қай жасуша?

29. Иммиграция дегеніміз не?

30. Эмбриогенез қай кезеңдерді қамтиды?

31. Кортикальды реакция дегеніміз не?

32. Аталған эмбриональдық бастамалардың ішіндегі эктодерманың туындысы қандай?

 

Адам эмбриологиясы бойынша тестілер:

 

1. Жұмыртқа жасушасындағы сары уыз қажет:

А. қоректену үшін

B. ұрықтану үшін

C. бөлшектену үшін

D. эмбрион дамуының жалғасуы үшін

Е. гаструляция үшін

2. Сары уызы аз жұмыртқалық жасуша:

А. олиголецитальды

B. телолецитальды

C. дискоидальды

D. центролецитальды

E. полилецитальды

3. Гаструляцияда пайда болады:

А. ұрық жапырақшалары

B. трофобласт

C. эмбрион

D. бластодерма

Е. эмбриобласт

4. Сары уыздың қызметі:

А. трофикалық

B. эндоцитоз

C. тыныс алу

D. фагоцитоз

E. пиноцитоз

5. Сүт қоректілерде болмайтын провизорлы ағза:

А. сіре қабық

B. хорион

C. амнион

D. аллонтоис

E. плацента

6. Иммиграция дегеніміз:

А. ығысу, орын алмасу

B. ыдырау

C. өсу

D. бөрту

E. синтездеу

7. Эмбриогенез мына кезеңдерді қамтиды:

А. жыныс жасушаларының қосылуынан ұрықтың туғанына дейін

В. жыныс жасушаларының дамуынан ұрықтануға дейін

С. ұрықтанудан имплантацияға дейін

D. жыныс жасушаларының дамуынан жыныстық жетілудің басталуына дейін

Е. ұрықтану сәтінен жыныстық жетілу сатысына дейін

8. кортикальды реакция бұл:

А. ұрықтану қабығының қалыптасуы

В. фолликуляр жасушалардың ыдырауы

С. жұмыртқа жасушасы қабығының ыдырауы

D. сперматозоидтың жұмыртқа клеткасымен қосылуы

Е. синкарионның түзілуі

9. Аталған эмбриональдық бастамалардың ішіндегі эктодерманың туындысы:

А. нерв түтігі

В. сомиттер

С. нефротом

D. спланхнотом

Е. дерматом

10. Адамдарда бөлшектену нәтижесінде пайда болады:

А. бластоциста

В. бластомер

С. бластула

D. морула

Е. гипобласт

11. Ұрық жапырақшалары пайда болады:

А. гаструляцияда

В. бөлшектенуде

С. гистогенезде

D. органогенезде

Е. ұрықтануда

12. Адамдағы бөлшектену әдістері:

А. толық, асинхронды

В. гопобластикалық, біркелкі емес, толық

С. асинхронды, толық емес

D. біркелкі, толық

Е. дискоидальды

13. Зиготаның бөлшектену түрі мынаған байланысты:

А. жұмыртқа жасушаның түріне

В. сперматозоидтың құрылысына

С. адам дамуының деңгейіне

D. жұмыртқа жасушаның түріне және сперматозоидтың құрылысына

Е. зиготадағы хромосоманың санына

14. Сперматогенезде акросоманың қалыптасуы бұзылғанда өзгереді:

А. сперматозоидтың жұмыртқа жасушаға енуі

В. бастаманың имплантациясы

С. сперматозоидтың қозғалуы

D. сперматозоидтың пішіні

Е. сперматозоидтың адгезиясы байқалады

15. Адам плацентасының даму көзі:

А. эндометрий және хорион

В. аллантоис

С. сары уыз қапшығы

D. амнион

Е. аллантоис және сары уыз қапшығы

16. Сары уыз қапшығының негізгі қызметі:

А. қан жасау

В. секреторлық

С. қҚорғаныстық

D. Тыныс алу

Е. экскреторлық

17. Мезенхиманы қалыптастыратын негізгі жапырақша:

А. мезодерма

В. эктодерма

С. энтодерма

D. ұрықтың барлық үш қабығы

Е. мезодерма және эктодерма

18. Адам ұрығының болашақ хорда құрамына кіреді:

А. эктодерма

В. эпибласт

С. гипобласт

D. энтодерма

Е. мезодерма

19.Адамның жұмыртқа жасушасы:

А. екіншілік изолецитальды

В. біріншілік изолецитальды

С. центролецитальды

D. қалыпты мөлшерде телолецитальды

Е. телолецитальды

20.Трофобласт дифференцияланғанда пайда болады:

А. цитотрофобласт және симпластотрофобласт

В. эпибласт және цитотрофобласт

С. эпибласт және гипобласт

D. эктодерма және энтодерма

Е. ұрық қалқаншасы

21. Алғашқы кезде ұрық қоректенеді:

А. сары уыздан және ана тінінің ыдырауынан

В. анасының тінінің ыдырауынан және қаннан

С. ана қанынан

D. сары уызбен лимфадан

Е. қаннан және сары уыздан

22. Эмбриогенездегі алғашқы қауіпті кезең:

А. имплантация

В. органдардың дамуы

С. бас миының даму кезі

D. ұрықтану

Е. бөлшектену

23. Имплантация кезінде жатырда тез пайда болатын жасушалар:

А. дециуальды

В. дәнекер тін жасушалары

С. эпителиальды жасушалар

D. миометрийдің бұлшық етті жасушалары

Е. жатырдың эпителиальды жасушалары

24. Эмбриогенездің алғашқы сатысында жақсы дамитын орган:

А. хорион

В. аллантоис

С. кіндік жібі

D. амнион

Е. сары уыз қапшығы

25. Эмбриогенездің алғашқы кезеңінде қан жасаушы орган:

А. сары уыз қапшығы

В. хорион

С. аллантоис

D. амнион

Е. плацента

26. Имплантацияның фазалары:

А. адгезия және инвазия

В. деляминация

С. иммиграция

D. инвагинация

Е. адгезия және деляминация

27. Адам бластуласының аталуы:

А. бластоциста

В. амфибластула

С. целобластула

D. дискобластула

Е. бластодерма

28. Бластоцистаның бөлімдері:

А. бластоцель, трофобласт, эмбриобласт

В. алғашқы жолақша, ұрық қалқаны

С. түбі, бластомерлер, бластоцель

D. эпибласт, ұрық қалқаншасы, түбі

Е. түбі, ұрық қалқаны, гипобласт

29. Сары уыз қапшығының негізгі қызметі:

А. қан жасаушы

В. тыныс алу

С. қорғаныс

D. трофикалық

Е. белок синтездеу

30. Имплантацияға тән процесс:

А. адгезия, инвазия

В. деляминация, адгезия

С. инвазия, деляминация

D. адгезия, акросомальдық реакция

Е. капацитация

 

Қысқартылған сөздердің мағынасы

ҰТҚФЖ – ұсақ түйіршікті қарқынды флюоресцирлеуші жасушалар

ЭПТ- эндоплазматикалық тор

КЛТ- көкбауырдың лимфа түйіні

КҚП- көкбауырдың қызыл пульпасы

АДГ- антидиуретикалық гормон

АҚЖ- ас қорыту жүйесі

ҚЖБ- құлақ жаны безі

ЖАБ-жақ асты безі

СПТ- садноплазматикалық торлар

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. Атлас гистология, цитология және эмбриология. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии. Алматы «Эффект» баспасы, 2006. – 411 б. 2006. 415 с.

2. С.Н. Жумашов. Практикум по гистологии. Шымкент, 2000. 108 с.

3. К.А. Зуфаров. Гистология. Ташкент, 1991. 597с.

4. П.Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов, С.Л. Кузнецов, Н.Н. Мушкамбаров, В.Л. Горячкина. Гистология, цитология және эмбриология атласы. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии. Астана-Москва, 2005. 399 с.

5. Цитология, жалпы эмбриология және гистология негіздері. Рысұлы М., Омаров К. /ҚР БМ Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті. – Алматы: Ғылым, 1996. – 224 б.

6. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О.Аяпова. Алматы: «Кітап» баспасы. – 2005. - 285 б.

7. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. - Астана, 2005. – 400 б.

8. Гистология және эмбриология негіздері (оқулық). Нұрышев М. – Алматы: Санат, 1998. – 160 б.

Орыс тіліндегі әдебиеттер:

9. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н. Гистология, цитология и эмбриология.

Учебник. Изд-во: МИА, 2007. 600 С.

10. Данилов Р.К. Гистология, эмбриология, цитология. Изд-во: «Медицинское информационное агентство», 2006. 500 С.

11. Гистология, цитология и эмбриология: атлас для студентов медицинских ВУЗов. / Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. – Алматы: издательство «Эффект», 2006. 416 С.

12. Лабораторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии, под редакцией проф. Ю.И.Афанасьева. – М.: «Высшая школа», 2004.

13. Пуликов А.С. Возрастная гистология. Изд-во «Феникс», 2006. 176 С.

14. Гистология, учебник под редакцией Афанасьева Ю.И., Юриной Н.А. Медицина, М. – 2004. 764 С.

15. Гистология человека в мультимедиа. Данилов Р.К., Клишов А.А., Боровая Т.Г. Учебник для студентов медицинских вузов. ЭЛБИ-СПб, 2004. 362 С.

16. Атлас по цитологии, гистологии и эмбриологии. Самусев Р.П., Пупышева Г.И., Смирнов А.В. М.: ОНИКС, XXI век, Мир и Образование, 2004. 400 С.

Ағылшын тіліндегі әдебиеттер:

17. Human Histology. A Stevens, J.S.Lowe– L.e.a.: Mosby, 1997.

18. Basic histology. Texts and atlases, published in Northern America, 2003, 512 p

19. Functional histology. Texts and colour atlas. Curchill Livingstone, International edition. Sidney. Toronto. 2000. 413 pp.

 

МАЗМҰНЫ

Екінші басылымға алғы сөз.................................................................................. 3

Микроскопиялық техника. Гистологиялық зерттеулер техникасы.

Аспаптар...............................................................................................................4

Жарық сәулелі микроскоп және микроскоптағысәуле жолы………………...7

Электронды микроскоптың жалпы көрінісі.......................................................7

Сәулелі жарық және электрондық микроскоптардағы сәуле жолы.(M.Ross және E.Reith бойынша)……..………...................................................................8

Микротом (кесінді жасауға арналған аспап)......................................................9

Жүйке жүйесі.........................................................................................................9

Препарат №1. Жұлын түйіні..............................................................................14

Препарат № 2. Құрсақ өрімі............................................................................... 15

Препарат № 3. Жұлын (мойын бөлігі)................................................................16

Препарат № 4. Жұлын (мойынның қалыңдаған бөлігі)....................................17

Препарат № 5. Мишық.........................................................................................18

Препарат № 6. Мишық қыртысы.......................................................................19

Препарат№7. Бас миының қыртысты қабаты.................................................. 21

Препарат№8. Бас миы үлкен жартышарларының қыртысының қабаттары...............................................................................................................22

Препарат № 9. Мидың жұмсақ қабығы.............................................................23

Жүйке жүйесі бойынша сұрақтар ……………..................................................24

Жүйке жүйесі бойынша есептер …………....................………………...…....25

Жүйке жүйесі бойынша тесттер …………………………....................……....26

Жүрек қан-тамыр жүйесі.....................................................................................30

Препарат № 10. Ұсақ қан тамырлары: капиллярлар, артериолалар және

Венлалар................................................................................................................35

Препарат № 11. Бұлшық етті типтегі артерия (орта калибрлі).......................32

Препарат № 12. Элластикалық типтегі артерия...............................................33

Препарат № 13. Вена............................................................................................35

Препарат № 14. Лимфатикалық тамыр............................................................. 37

Препарат № 15. Жүрек.........................................................................................41

Жүрек қан-тамыр жүйесі бойынша сұрақтар………........................................42

Жүрек қан-тамыр жүйесі бойынша есептер……….......................……….…..43

Жүрек қан-тамыр жүйесі бойынша тесттер.......................................................43

Қан түзу және иммунды қорғаныс ағзалары.....................................................48

Препарат № 16. Сүйектің қызыл кемігі.............................................................50

Шеткі қан түзу және иммунды қорғаныс ағзалары.......................................... 52

Препарат № 17. Лимфатикалық түйін............................................................... 55

Гемолимфатикалық түйіндер............................................................................. 56

Препарат № 18. Лимфатикалық түйіндердің ретикулярлы талшықтары.....57

Препарат № 19. Көк бауыр (талақ).................................................................. 60

Қан түзу және иммунды қорғаныс ағзалары бойынша сұрақтар................ 63

Қан түзу және иммунды қорғаныс ағзалары бойынша есептер................... 64

Қан түзу және иммунды қорғаныс ағзалары тестілер................................... 65

Эндокринді жүйе............................................................................................... 69

Препарат № 20. Гипофиз…………………………………………..….............71

Препарат № 21. Эпифиз………………………………………………............72

Препарат № 22. Қалқанша безі……………………….....................................73

Препарат № 23. Нәрестенің қалқанша безі.…………………….....................74

Препарат № 24. Қалқанша маңы безі.…………………..................................75

Препарат № 25. Бүйрек үсті безі.……… ……………….................................76

Эндокринді жүйелер бойынша сұрақтар ….................................................... 77

Эндокринді жүйелер бойынша есептер…...................................................... 78

Эндокринді жүйелер бойынша тесттер…....................................................... 79

Ас қорыту жүйесі................................................................................................83

Препарат № 26. Тіс дамуының алғашқы сатысы.............................................92

Препарат № 27.Тістің дамуының соңғы сатысы. Дентин және эмальдің бастамасы.Адам ұрығы жағының көлденең кесіндісі.....................................93

Препарат № 28. Тістің бойлық кесіндісі............................................................94

Препарат № 29. Тілдің жапырақ тәрізді сорғыштары.....................................95

Препарат № 30. Тілдің желбезек тәрізді сорғыштары......................................96

Препарат № 31. Жіпше және саңырауқұлақ тәрізді сорғыштары...................97

Препарат № 32. Бадамша....................................................................................98

Препарат № 33. Құлақ маңы безі........................................................................99

Препарат № 34. Жақ асты безі..........................................................................100

Препарат № 35. Өңеш........................................................................................102

Препарат № 36. Өңештің асқазанға өтуі..........................................................103

Препарат № 37. Асқазан түбі............................................................................104

Препарат № 38. Асқазанның пилорикалық бөлімі..........................................106

Препарат № 39. Он екі елі ішек........................................................................107

Препарат № 40. Аш ішек...................................................................................109

Препарат № 41. Адамның құрт тәрізді өсіндісі...............................................110

Препарат № 42. Адамның тоқ ішегі..................................................................111

Препарат № 43. Бауыр.......................................................................................112

Препарат № 44. Адам бауыры..........................................................................114

Препарат № 45. Бауырдың қан тамырлары.....................................................115

Препарат № 46. Бауырдың Купфер жасушалары...........................................116

Препарат № 47. Ұйқы безі................................................................................117

Препарат № 48. Өт қабының қабырғасы.........................................................118

Ас қорыту жүйесі бойынша сұрақтар …………….........................................119

Ас қорыту жүйесі бойынша есептер................................................................120

Ас қорыту жүйесі бойынша тесттер.................................................................121

Тыныс алу жүйесі...............................................................................................125

Препарат № 49. Кеңірдек.................................................................................. 126

Препарат № 50. Өкпе.........................................................................................127

Препарат № 51. Ұрық өкпесі............................................................................129

Тыныс алу жүйесібойынша сұрақтар мен есептер........................................130

Тыныс алу жүйесібойынша тесттер……………………................................131

Тері және оның туындылары............................................................................135

Препарат № 52. Тері және оның туындылары.................................................136

Препарат № 53. Апокринді тері бездері...........................................................138

Препарат № 54. Шаштың көлденең кесіндісі............................................... 139

Препарат № 55. Шаштың бойлық кесіндісі...................................................141

Препарат № 56. Тырнақ.....................................................................................143

Тері және оның туындылары бойынша сұрақтар мен есептер.....................144

Тері және оның туындылары бойынша тесттер………….............................145

Несеп шығару жүйесi.........................................................................................149

Препарат № 57. Бүйрек......................................................................................150

Препарат № 58. Несепағар................................................................................ 152

Препарат № 59. Қуық........................................................................................ 153

Несеп шығару жүйесi бойынша сұрақтар ………………...............................154

Несеп шығару жүйесi бойынша есептер…......................................................155

Несеп шығару жүйесi бойынша тесттер…......................................................155

Аталық жыныс жүйесі.......................................................................................160

Препарат № 60. Аталық без - Testis..................................................................160

Препарат № 61. Аталық без қосалқысы (epididymis)...................................162

Препарат № 62. Ұрық шығарушы түтік.......................................................... 163

Препарат № 63. Простата безі.........................................................................164

Аталық жыныс жүйесі бойынша сұрақтар.....................................................165

Аталық жыныс жүйесі бойынша есептер........................................................165

Аталық жыныс жүйесі бойынша тесттер........................................................166

Аналық жыныс жүйесі………………………………...…..…..........................170

Препарат № 64. Аналық без..............................................................................170

Препарат № 65. Аналық без - сары дене..........................................................171

Препарат № 66. Жатыр түтігі............................................................................172

Препарат № 67. Менструациядан алдыңғы жатыр.........................................173

Препарат № 68. Қынап......................................................................................174

Препарат № 69. Сүт безі (лактацияланбаған).................................................175

Препарат № 70. Сүт безі (лактацияланған)....................................................176

Аналық жыныс жүйесі бойынша сұрақтар......................................................177

Аналық жыныс жүйесі бойынша есептер мен тесттер...................................178

Адам эмбриологиясы.........................................................................................183

Препарат № 71. Бала жолдасы (плацента)..................................................... 184

Адам эмбриологиясы бойынша сұрақтар........................................................185

Адам эмбриологиясы бойынша тесттер..........................................................186

Қысқартылған сөздердің мағынасы..................................................................191

Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................ 192

Мазмұны............................................................................................................. 193

 


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 4202 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.071 сек.)