АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Препарат № 22

Прочитайте:
  1. A) введение антигистаминных препаратов
  2. E Немедленно ввести в/м антигистаминный препарат и в/в лазикс.
  3. F) Ноотропные препараты
  4. II. 4. ХАРАКТЕРИСТИКА АНТИРЕТРОВИРУСНЫХ ПРЕПАРАТОВ И ПРИНЦИПЫ КОМБИНАЦИИ ГРУПП ПРЕПАРАТОВ ДЛЯ ВААРТ
  5. II. Препараты гормонов щитовидной железы
  6. III). Сосудорасширяющие препараты прямого миотропного действия (миотропные средства).
  7. IV. Отравления психотропными препаратами
  8. IX. Препараты мужских половых гормонов (андрогены)
  9. V. Отравления отдельными психотропными препаратами
  10. V. Препараты гормона поджелудочной железы инсулина

Қалқанша без

Бояуы: Гематоксилин-эозин. Үлкейтуі об.40, ок. 10.

 

 

1-фоликулланың тиреоидты жасушалары; 2- коллоид; 3-қан тамырлы талшықты дәнекер тін; 4-қалқанша бездің фолликуласы

(И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).

 

Қалқанша без басқа да бездер сияқты 1) қаңқадан және 2) паренхимадан тұрады. Бездің қаңқасы талшықты дәнекер тінінен құралған. Қаңқа қапшық және одан бездің ішіне қарай өтетін қапшық қалқаларына бөлінеді. Бұл қалқалар безді көптеген бөліктерге бөледі. Қалқалар жұқа болып келеді. Олардың ішіндегі дәнекер тінінің арасынан көптеген қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтеді.

Препаратта бездің паренхимасы көптеген көпіршіктер мен фолликулалар болып табылады. Бұл көпіршіктердің пішіні әр түрлі – үлкен, орташа және кіші. Негізінен көпіршіктердің пішіні домалақ немесе сопақша. Кейде көпіршіктер бұрыс (дұрыс емес) пішінді болып келеді. Көпіршік қуысы коллоидпен (коллоидты ерітінділермен) толтырылған. Препаратта коллоидтардың көпіршік қабырғасында қалып қоюы жиі кездеседі.

Фолликулдардың қабырғасы бір қабатты куб тәрізді эпителийден құралған. Функциональды жағдайына байланысты эпителий жасушалары өздерінің формасын өзгертеді. Қалыпты функциональды жағдайда көпіршік эпителиі куб тәрізді. Күшейтілген функциональды жағдайда эпителий ұзын цилиндр тәрізді

бола бастайды, ал көпіршіктегі коллоидтар саны азаяды. Әлсіз функциональды жағдайда эпителий тегіс болады, ал коллоидтар саны көбейеді және көпіршіктер үлкен болады. Көпіршіктер жиынтықтарының арасында интрафолликулярлы эпителийдің жинақталуы байқалады. Бұл жинақталулар әр түрлі көлемді болып келеді.

Интрафолликулярлы эпителийдің жасушалары майда, үлкен қара түсті ядролары бар. Осыған байланысты препаратта эпителийдің жиынтықтары алқызыл (фиолетовый) түсті болып көрінеді. Интрафолликулярлы эпителий қалқанша безінің камбиі қызметін атқарады.

Кейбір көпіршіктерде Сандерсон жастықшаларын көруге болады. Бұл – майда, домалақ пішінді құрылымдар, көпіршік қабырғасында орналасқан және көпіршіктердің жаңа құрылымдары сияқты көрінеді.

Бездің паренхимасында көптеген қылтамырлары өтеді. Олар әрбір фолликулдардың маңайында орналасады. Препаратта олардың барлығы анық көріне бермейді.

 


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 851 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)